4 ќызметкерлер санын немесе ќызметкерлер штатын ќысќартќан кезде жеке ењбек шарттарын бірінші кезекте



жүктеу 239,1 Kb.
Pdf просмотр
бет9/12
Дата25.12.2019
өлшемі239,1 Kb.
#24950
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12

 

17 


5)  әлеуметтік  сипаттағы  жалпышаруашылық  баптары  бойынша  шығындарды  тиісті 

қаржы жылына бекітілген бюджет шеңберінде қаржыландыруға;   

6)  Қоғамның  өндірістік  қаржылық  көрсеткіштері  нашарлаған  жағдайда  Қоғамның 

қызметкерлеріне  арналған  әлеуметтік  жеңілдіктердің  шығыстар  сметасын  қарай  қайта 

қарауға міндетті. 

 

ІХ тарау. Кәсіподақтың міндеттері 



15. Кәсіподақ: 

1)  өзінің  өкілеттігі  шеңберінде  әлеуметтік-еңбек  дауларының  алдын  алу  бойынша 

шараларды қабылдауға; 

2)  кәсіподақ  мүшелерінің  Қазақстан  Республикасының  заңнамаларында  белгіленген, 

ереуілдерді,  бейбіт  жиналыстарды,  митингілерді,  шерулерді  ұйымдастыру  және  өткізу 

тәртібін сақтауды қамтамасыз етуге; 

3)  Кәсіподақ  мүшелеріне  олардың  құқықтық  сауаттылықтарын  арттыру,  сонымен 

қатар Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы  негізінде келіссөздер жүргізуді дамыту 

және еңбек дауларында пәтуаға келу бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізуге; 

4)  қызметкерлердің  ішкі  еңбек  тәртібінің  және  атқарушылық  тәртіп  қағидаларын, 

сондай-ақ еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қағидаларын сақтауға көмек көрсетуге; 

5)  кәсіподақ  мүшелеріне  Жарғыда  белгіленген  жағдайлар  мен  тәртіпте  келіп  түскен 

және жұмсалған ақшалай қаражат туралы ақпарат беруге;  

6)  кәсіподақ  мүшесі  емес,  бірақ  кәсіподақ  мүшелеріне  арналған  жағдайлар  туралы 

келісімшартқа қосылған қызметкерлердің мүдделерін қорғауға; 

7) Кәсіподақ мүшелерінің әлеуметтік-еңбек құқықтары мен мүдделерін:  

олардың өмір сүру деңгейін көтеру; 

жұмыстан босату және жұмыспен қамтуға жәрдемдесу; 

жұмыс уақыты және демалыс уақыты режімін сақтау мәселелері бойынша қорғауға; 

8)  саламатты  өмір  салтын  насихаттау  жөнінде  жұмыс  жүргізуге,  балалардың  

демалысы  мен  сауықтырылуын  ұйымдастыруға  атсалысуға,  сонымен  қатар  әлеуметтік 

әділеттілік пен Қоғамның барлық өңірін тең дәрежеде қамту қағидаттарын сақтауға; 

9)  өндірісте  қауіпсіз  және  саламатты  еңбек  жағдайларының  жасалуына  қоғамдық 

бақылауды жүзеге асыруға, өндірістегі жазатайым оқиғаларды тексеруге, оларды болдырмау 

жөніндегі шараларды әзірлеуге атсалысуға; 

10)  зардап  шеккен  қызметкерлерге  және  өндірісте  қаза  болғандардың  отбасыларына 

ақысыз  консультациялар  мен  Жұмыс  берушілердің  қызметкердің  мертігуіне  немесе  оның 

еңбек  міндеттемелерін  орындауына  байланысты  денсаулығына  келтірілген  зиянды  дер 

кезінде  және  толық  өтеу,  сондай-ақ  Қазақстан  Республикасының  заңнамасына  сәйкес 

біржолғы жәрдемақы төлеу мәселелерін шешуде құқықтық көмек көрсетуге; 

11)  Кәсіподақ  мүшелерінің  құқықтары  мен  мүдделерін  ұсынуға  және  қорғауға, 

сондай-ақ мемкелеттік органдармен, жұмыс берушілермен, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің 

бірлестіктерімен  (қауымдастыртармен,  одақтармен),  өзге  де  қоғамдық  ұйымдармен  өзіне 

берілген өкілеттіктер шегінде өзара әрекеттесу кезінде қызметкерлердің өкілдері болуға; 

Кәсіподақ мүшелерінің құқықтары мен мүдделерін қорғау кезінде сотқа шағымдануға, 

медиация  өткізу  кезінде,  сотта,  еңбек  арбитражында  немесе  арбитражда,  мемлекеттік 

органдарда олардың мүдделерін қорғауға, оларға өзге де құқықтық көмек көрсетуге;  

12)  Кәсіподақ  мүшелеріне  ұйымдастырушылық,  консультативтік,  құқықтық  және 

материалдық көмек көрсетуге; 

13) мемлекеттік органдарға теміржолшыларды экономикалық және әлеуметтік қорғау 

мәселелері бойынша ұсыныстар енгізуге; 



 

18 


14)  еңбекті  қорғау,  қауіпсіздік  техникасы,  өндірістік  санитария  мәселелері  бойынша 

актілерді,  қызметкерлердің  еңбегін,  өндірістік-тұрмыстық  жағдайлары  мен  денсаулығын 

қорғау жөніндегі бағдарламаларды әзірлеуге атсалысуға; 

15)  Кәсіподақ  мүшелерінің  жұмыс  орындарына  осы  Шарттың  орындалуын  бақылау 

үшін баруға; 

16) осы Шарттың жағдайлары орындалған кезде еңбек дауларының орын алуына және 

жұмыстың тоқтатылуына жол бермеуге;  

17) әлеуметтік серіктестік шеңберінде: 

Қоғам  қызметкерлерінің  балаларын  демалыстың  өткізілетін  орнына  және  кері  алып 

жүруді ұйымдастыруға; 

Жұмыс  беруші  мен  Кәсіподақ  арасында  жасалған  жеке  келісімшартта  белгіленген 

шарттарға  сәйкес  мәдени-бұқаралық  және  дене  шынықтыру-сауықтыру  жұмыстарының 

уақтылы және сапалы өткізіуін қамтамасыз етуге міндетті. 

Х тарау. Кәсіподақ қызметі үшін жағдай жасау және кепілдіктер  

 

16. Жұмыс беруші: 

1)  Кәсіподақтың  құқықтарын  сақтауға,  Қазақстан  Республикасының  заңнамасына 

сәйкес кәсіподақ құрылымдарының қалыпты жұмыс істеуі үшін қажетті жағдай жасауға; 

2)  кәсіподақ  органдарына  олардың  қызметі  үшін  қажетті  бөлмелер  мен  байланыс 

құралдарын, жиһаз бен ұйымдастыру техникасын пайдалануға ақысыз беруге; 

3)  Кәсіподақ  және  оның  филиалдары  шақыратын  кәсіподақ  съездеріне, 

конференцияларына,  кеңестеріне  жіберілген  және  өндірістік  жұмыстан  босатылмаған, 

сайланбалы  кәсіподақ  органдарының  мүшелеріне  купелік  вагонда  жол  жүру  құжаттарына 

төлем жасалуын қамтамасыз етуге және іссапарға байланысты шығыстарын өтеуге; 

Шығындарды  өтеу  Қоғам  қызметкерлерін  іссапарларға  жіберу  қағидаларына  сәйкес 

жүргізіледі. 

4)  Кәсіподақ  мүшелерінің  жазбаша  келісімі  бойынша  қызметкерлерге  еңбекақы 

берумен  бір  мезгілде  олардың  еңбекақысынан  мүшелік  жарналарды  ұстауға  және 

Кәсіподақтың есеп шотына аударуға; 

 

5)  Кәсіподақтың  негізгі  жұмысынан  босатылмай  өндірістегі  жазатайым  оқиғаларды 



тексеруге  және  еңбекті  қорғау  жағдайына,  оны  жақсарту  жөніндегі  іс-шаралардың 

орындалуын тексеруге қатысатын өкіліне теміржол көлігінің шығындарын  өтеуге; 

6)  негізгі  қызметінен  босатылмаған,  сайланбалы  кәсіподақ  органдарының  мүшелері 

болып табылатын қызметкерлерді орташа еңбекақысын сақтай отырып:  

Кәсіподақтың  бекітілген  жұмыс  жоспарына  сәйкес  олардың  қоғамдық  міндеттерін 

орындағандары үшін (айына 8 сағатқа дейін); 

Кәсіподақ және оның филиалдары шақыратын съездерге, конференцияларға, сондай-

ақ  олардың  кеңестерінің  жұмысына  делегаттар  ретінде  қатысу  үшін  еңбек  міндеттерін 

орындаудан босатуға; 

7)  Жұмыс  берушінің  осы  Шартта  көзделген  міндеттерін  орындауы  туралы 

Кәсіподаққа қажетті ақпарат беруге; 

8)  сайланбалы  кәсіподақ  органдарына  сайлануына  байланысты  өндірістік  жұмыстан 

босатылған  қызметкерлерге  олардың  сайланбалы  өкілеттіктері  аяқталған  соң  бұрынғы 

жұмысын  (лауазымын),  ал  ол  болмаған  жағдайда  –  сол  немесе  қызметкердің  келісімі 

бойынша басқа ұйымда соған тең жұмыс (лауазым) беруге; 

9)  егер  Қоғам  филиалдарындағы  сайланбалы  кәсіподақ  органдарынан  зейнеткерлікке 

шыққан  зейнеткерлер  бұрын  Қоғам  филиалдарында  жұмыс  істесе,  олардың  Қоғамға 

бекітілуін қамтамасыз етуге міндетті. 

 



жүктеу 239,1 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау