4 ќызметкерлер санын немесе ќызметкерлер штатын ќысќартќан кезде жеке ењбек шарттарын бірінші кезекте



жүктеу 239,1 Kb.
Pdf просмотр
бет7/12
Дата25.12.2019
өлшемі239,1 Kb.
#24950
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

 

13 


17)  еңбек  қауіпсіздігі  туралы  қағидалар  мен  типтік  нұсқаулықтардың  қайта  өңделуін 

кәсіподақ органымен келісе отырып қамтамасыз етуге; 

18)  қызметкерді  еңбек  (қызметтік)  міндеттерін  орындау  кезінде  жазатайым 

жағдайлардан сақтандыруға;  

19)  Қазақстан  Республикасының  заңнамаларында  және  жұмыс  берушінің  актілерінде 

көзделген жағдайларда, сондай-ақ еңбек жағдайларын өзгертусіз басқа жұмысқа ауыстырған 

немесе кәсіби аурулардың белгілері  пайда болған кезде қызметкерлерді  міндетті, мерзімдік 

(еңбек  қызметі  кезінде)  медициналық  тексеруден  және  ауысым  алды,  ауысымнан  кейінгі 

медициналық куәландырудан өз қаражаты есебінен жүргізуге;  

Қызметкерлерді Қазақстан республикасының заңнамаларында және жұмыс берушінің 

актілерінде  көзделген  жағдайларда  Қоғамның  қаражаты  есебінен  профилактикалық 

медициналық тексерулерге жіберуге.  

Ауыр  жұмыстарда,  еңбек  жағдайлары  зиянды  және  (немесе)  қауіпті  жұмыстарда 

істейтін  қызметкерлерге  Қазақстан  Республикасының  заңнамаларында  белгіленген  тәртіпте 

Қоғамның  қаражаты  есебінен  кезеңдік  медициналық  тексеруді  және  тексерілуді  жүргізуді 

ұйымдастыруға; 

20)  жылдың  суық  кезінде  ашық  ауада  жұмыс  істейтін  қызметкерлерге  әрбір  сағат 

сайын  жылынуға  он  минут  беруге,  бұл  уақытты  жұмыс  уақытына  кіргізуге,  аталған 

қызметкерлерді жылыну мен демалу үшін жабдықталған бөлмемен қамтамасыз етуге; 

21)  мүгедектердің  еңбекақыларын  уәкілетті  органдарда  қайта  куәландырудан  өту 

кезіндегі кезекті медициналық-әлеуметтік сараптамадан өту күндері сақтауға, сонымен қатар 

төлемді екі жұмыс күнінен бұрын жүргізуге;  

21) еңбекті қорғау жөніндегі қоғамдық инспекторларға негізгі жұмыс орны бойынша 

орташа  табысын  сақтау  арқылы  еңбекті  қорғаудың  сақталуына  қоғамдық  бақылау  жасау 

үшін айына 8 сағат беруге. 

Еңбекті  қорғау  жөніндегі  қоғамдық  инспекторлардың  арасынан  ерекше  көзге 

түскендерін  құрылымдық  бөлімше  басшысының  және  кәсіподақ  комитетінің  бірлесіп 

ұсынуы бойынша ақшалай сыйақымен ынталандыруға міндетті.  

 

VІІ тарау 

Қоғам қызметкерлерінің әлеуметтік пакеті 

 

13. Жұмыс беруші: 

1) қызметкерлерге:  

а)  І,  ІІ  топ  мүгедектігіне  байланысты  жұмыстан  босатылған,  Қоғам  ұйымдарындағы 

еңбек  өтілі  5  және  одан  да  көп  жыл  қызметкерлерге  лауазымдық  қызметақысы  (тарифтік 

мөлшерлемесі) көлемінде біржолғы жәрдемақы төлеуге; 

б)  еңбек  келісімшарты  Еңбек  кодексінің  52-бабы  1-тармағының  24)  тармақшасында 

көздерлен  негіздер  бойынша  бұзылған  кезде  бір  лауазымдық  қызметақысы  (тарифтік 

мөлшерлеме) көлемінде өтемақы төлеуге;  

2)  біржолғы  материалдық  көмек  көрсетуге  (отбасының  материалдық  көмек  алуға 

құқылы мүшелері Қоғам қызметкерлері болатын болса, онда материалдық көмек тек біреуіне 

ғана көрсетіледі): 

а)  қызметкердің  және  оның  отбасы  мүшелерінің,  сондай-ақ  қызметкердің  туған 

ағалары  және  туған  апалары  қайтыс  болуына  байланысты,  оларға  Қазақстан 

Республикасының заңнамаларында белгіленген қорғаншылық ресімделсе  35 АЕК көлемінде 

(материалдық  көмек  көрсетуге  негіз  болып  табылатын  өтінішке  қайтыс  болғаны  туралы 

куәлік қоса берілуі тиіс). Қоғамның қызметкері қайтыс болған жағдайда қызметкермен бірге 

туу  туралы  растаушы  құжатты  ұсынған  кезде  отбасы  мүшелерінің  біреуіне  төленеді. 

Қызметкер  және  оның  отбасының  барлық  мүшесі  қайтыс  болған  жағдайда  растаушы 



 

14 


құжатты  ұсынған  кезде  жақын  туысқанына  Қоғамның  қызметкері  мен  отбасының  қайтыс 

болған мүшелерінің біреуіне ғана төленеді; 

б)  Қоғам  қызметкерлеріне  отбасы  құруына  байланысты  бір  ең  төмен  еңбекақы 

көлемінде (материалдық көмек көрсетуге негіз болып табылатын өтінішке неке қию туралы 

куәлік қоса берілуі тиіс); 

в)  бала  тууына,  асырап  алуына  байланысты  –  екі  еселенген  ең  төмен  еңбекақы 

көлемінде,  ал  қызметкерде  екі  не  одан  көп  бала  туылған  кезде  үш  еселенген  ең  төмен 

еңбекақы көлемінде (материалдық көмек көрсетуге негіз болып табылатын өтінішке баланың 

туу туралы куәлігі қоса берілуі тиіс); 

г) Қоғам қызметкері Қазақстан Республикасының заңнамаларында беекітілген тізбеге 

сәйкес әлеуметтік маңызы бар аурулармен науқастануына байланысты медицина органының 

қорытындысы  негізінде  біржолғы  науқастану  фактісі  бойынша  жылына  бір  рет  20  АЕК 

көлемінде; 

д)  кәсіподақтың  келісімі  бойынша  жұмыс  берушінің  актісіне  сәйкес  Қоғамның  

18  жасқа  дейінгі  мүгедек  баласы  бар  қызметкерлеріне  жылына  бір  рет  10  еселенген  АЕК 

көлемінде жәрдемақы төлеуге; 

а),  б),  в)  тармақшаларында  сипатталған  оқиғалар  бойынша  материалдық  көмек 

көрсету туралы өтініш оқиға орын алғаннан кейін 90 күннен кешіктірілмей берілуі керек;  

Материалдық  көмек  оқиға  орын  алған  күнгі  АЕК/  ЕЕТК  белгіленген  көрсеткіштері 

көлемінде төленеді. 

3)  Қоғамның  қызметкеріне  кезекті  төленетін  еңбек  демалысын  берген  кезде 

Қоғамдағы  жұмыс  өтілі  кем  дегенде  5  жыл  және  лауазымдық  қызметақысының  көлемі  

50  еселенген  АЕК-тен  төмен,  сондай-ақ  медициналық  көрсеткіштері,  санаториялық 

карталары толтырылған, жолдама үшін шот төленген болса санаториялық курорттық емделу 

жолдамасын  сатып  алуға  кем  дегенде  3  (үш)  еселенген  ең  төменгі  еңбекақы  көлемінде 

материалдық көмек көрсетуге;  

4)    әйелдерді  8  наурыз  әйелдердің  халықаралық  күніне  орай  2  АЕК  көлемінде 

біржолғы ынталандыруды осы мақсаттарға бөлінген қаражат шеңберінде жүргізуге; 

5)  теміржол  көлігіндегі  жұмыс  өтілі  кем  дегенде  20  жыл  қызметкерлерге  тістерін 

протездеуге (қымбат металдарды қоспағанда) жиырма төрт айда бір рет төлем жасауға; 

Материалдық көмек  тістерді  протездеу бойынша қызмет  көрсету фактісін растайтын 

құжаттар (шот фактуралар, атқарылған жұмыстар актісі және фискалды чек) негізінде, бірақ 

20 еселенген АЕК-тен артық емес; 

6)  1 және 2-топ мүгедектігін алған  Қоғам қызметкерлерін мүгедектігіне байланысты 

еңбек  келісімшартын  бұзу  кезінде  жұмыс  істемейтін  зейнеткер  ретінде  жеңілдіктер  беріп,  

Қоғам филиалдарына есепке қоюға; 

7)  кәсіподақ  органдарымен  қызметкерлерді  үкіметтік  және  салалық  марапаттармен 

марапаттау  туралы  ұсыныстарды,  сондай-ақ  Жұмыс  берушінің  осы  мәселелер  бойынша 

әзірленген актілерін келісуге; 

8)  қызметкерге мерейтой жасына толуына байланысты: әйелдер 50 жас, ерлер 60 жас, 

адал  еңбегі  үшін  айлық  тарифтік  мөлшерлеме  (қызметақы)  көлемінде  біржолғы  сыйақы 

төлеуге; 

9)  «Құрметті  теміржолшы»  белгісімен  марапатталған  қызметкерлерге  Қазақстан 

Республикасының  аумағы  бойынша  және  Тәуелсіз  Мемлекеттер  Достастығының 

құрамындағы  мемлекеттерінің  темір  жол  көлігіне  жолаушылар/жүрдек  пойыздардың, 

сондай-ақ  «Бизнес»  класты  «Тальго»  вагондарынан  құралған  пойыздарының  купелік 

вагондарында  тура  бағыт  бойынша  (екі  бағытқа  да,  сонымен  қатар,  жөнелту  станциясынан 

жолда жүру құжатын (билетті) сатып алу мүмкіндігі болмаған жағдайда жолақысын сол жол 

бойынша басқа станциялардан сатып алынған жолда жүру құжаты (билетті) негізінде жүзеге 

асыруға болады) біржолғы билетпен жылына бір рет жол жүру ақысын төлеуге; 




жүктеу 239,1 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау