9
д) Жұмыс берушінің актілеріне сәйкес жекелеген жұмысшы мамандықтары,
мамандар мен қызметшілердің лауазымдары үшін мынадай жұмыс режімдерін қолдануға:
үйде немесе объектідегі арнайы жабдықталған бөлмеде белгіленген сағаттар нормасы
шегіндегі кезекшілік; жұмыстың икемді кестесі, толық емес жұмыс күнін қарауға;
6) қызметкерлер санын немесе қызметкерлер штатын қысқартқан кезде еңбек
келісімшарттарын бірінші кезекте:
а) сынақ мерзімінен өтуші;
б) Қоғамдағы жұмыс өтілі ең аз;
в) қолданылу мерзімдері аяқталмаған тәртіптік жазалары бар;
г) осы мамандық бойынша тиісті білімі және жұмыс тәжірибесі жоқ қызметкерлермен
бұзуға;
7) Жұмыс берушінің бастамасы бойынша Еңбек кодексінің 52-бабының 1-тармағының
1), 4) – 25) тармақшаларында көзделген жағдайларан басқа жағдайларда жүкті әйелдермен,
үш жасқа дейінгі балалары бар әйелдермен, он төрт жасқа дейінгі баланы (мүгедек баланы он
сегіз жасқа дейін) тәрбиелеп отырған жалғызбасты аналармен, аталған санатты балаларды
анасыз тәрбиелеп отырған басқа тұлғалармен жасалған еңбек келісімшартын бұзбауға;
8) Қоғамның құрылымдық бөлімшесі таратылған, штаты немесе қызметкерлер саны
қысқартылған кезде:
а) қызметкерді, онымен жеке еңбек келісімшартын бұзғанға дейін кем дегенде бір ай
бұрын жазбаша ескертуге;
б) қызметкерге өз бетімен жұмыс іздеуі үшін аптасына бір күн немесе әрбір жұмыс
күнінің екі сағатын беруге;
в) Жұмыс берушінің бастамасы бойынша жұмысынан айрылған қызметкерге Еңбек
кодексіне сәйкес өтемақы төлеуге.
г) қызметкерлер санының немесе штатының қысқартылуына, жұмыс берушінің
экономикалық жағдайының нашарлауына әкеліп соқтырған өндірістің, атқарылатын
жұмыстың және көрсетілетін қызметтің көлемінің төмендеуіне байланысты жұмыс беруші –
заңды тұлғаның немесе жұмыс беруші – жеке тұлғаның ісін тоқтатуына байланысты
жұмыстан босатылатын қызметкерлер, қызметкерлер санының немесе штатының
қысқартылуына байланысты қызметкерлердің жұмыстан босатылатыны, жұмыстан
босатылатын қызметкерлер саны мен санаттары туралы толыққанды ақпаратты олардың
лауазымдарын, кәсіптері мен мамандықтарын және олар босатылатын мерзімдерін көрсете
отырып жұмыстан босату басталардан кем дегенде бір ай бұрын жұмыспен қамту
орталықтарына беруге;
9) Қоғамның құрылымдық бөлімшелерінде жұмысқа:
- еңбек келісімшарттары Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 52-бабы
1-тармағының 4), 8) – 16), 18, 23, 25 тармақшаларында көзделген негіздер бойынша
бұзылатын қызметкерлерден басқа, теміржол көлігінде кем дегенде 20 жыл жұмыс істеген,
жасына байланысты зейнеткерлік демалысқа шығу құқығының басталуына дейін үш жыл
қалған қызметкерлерге;
- «Құрметті теміржолшы», «Үздік күзетші» белгілерімен марапатталғандарға кепілдік
беруге;
10) Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында зейнеткерлікпен
қамтамасыз ету туралы» Заңында белгіленген зейнеткерлік жасқа үш жыл қалған
қызметкерлермен Еңбек кодексінің 52-бабы 1-тармағының 2) және 4) тармақшаларында
көзделген негіздер бойынша қажеттілікке байланысты жұмыс беруші мен қызметкерлер
өкілдерінің тең санынан құралған комиссияның оң шешімінсіз еңбек келісімшартын бұзуға
жол бермеуге.
11) жұмыс көлемі төмендеген жағдайда, қызметкерлер саны бірінші кезекте:
а) кадрлардың табиғи кемуі және оларды қабылдауды уақытша шектеу;
10
б) жұмыстан босатылатын қызметкерлерді Жұмыс берушінің қаражаты есебінен қайта
оқыту, қайта даярлау жөніндегі іс-шаралар;
в) кадрларды бөлімшелердің ішінде босаған жұмыс орындарына ауыстыру;
г) қызметкерлерді уақытша және маусымдық жұмысқа пайдалану;
д) жұмыстан босатуға баламалы, уақытша шара ретінде толық емес жұмыс күнін
қолдану;
е) Қоғамның құрылымдық бөлімшелері ішінде ауыстыру;
ё) қызметкерді жаңа жұмыс орнына межеленген жеріне дейінгі жүру жолын
(автокөліктен басқасына) төлей отырып ауыстыру;
ж) қызметкердің келісімі бойынша (штат саны қысқарған кезде) еңбекақысы төмен
басқа тұрақты жұмысқа оның бұрынғы жұмысы бойынша орташа еңбекақысын оны
ауыстырған кезден бастап бір ай төлей отырып ауыстыру есебінен реттеуге;
12) қызметкерлер штаты ұлғайған кезде, соңғы алты ай ішінде штаттың
қысқартылуына байланысты жұмыстан босатылған қызметкерлерге бос жұмыс орындары
туралы жазбаша хабарлама жіберу арқылы хабарлауға, бұл ретте аталған қызметкердің бос
тұрған лауазымның біліктілік талаптарына сай келуін ескеру қажет (егер қызметкер жазбаша
хабарламаны алғаннан кейін он күн ішінде Жұмыс берушіге жауабын бермесе, ол жұмысқа
орналасудың артықшылық құқығынан айырылады);
13) жұмыстан босатылатын қызметкерлердің тиісті қайта даярлануы арқылы бос
жұмыс орындарына артықшылықпен орналастырылуын қамтамасыз етуге. Қызметкерлердің
қайта мамандануын Қоғамның қаражаты есебінен олардың орташа табысының 75 пайызын
төлеу арқылы жүзеге асыруға;
14) кәсіподақ мүшесі болып табылатын қызметкермен еңбек келісімшартын Еңбек
кодексінің 52-бабы 1-тармағының 2), 4) тармақшаларында, сондай-ақ Еңбек кодексінің
58-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында көзделген негіздер бойынша тоқтатуды Шарттың
5-қосымшасында қарастырылған тәртіп бойынша кәсіподақ комитетінің уәжді пікірін ескеріп
жүргізуге;
15) жұмыс орындарының қысқаруына немесе еңбек жағдайларының нашарлауына
алып келетін, Жұмыс берушінің бастамасы бойынша Қоғамның құрылымдық бөлімшелерін
тарату, меншік иесі формасын өзгерту, өндірісті толық немесе ішінара тоқтата тұру ниеті
туралы тиісті кәсіподақ органдарын кем дегенде екі ай бұрын хабардар етуге. Бұл ретте
Кәсіподақ өкілдерін тиісті комиссиялар мен жұмыс топтарының құрамына кіргізуге;
16) жұмыс берушінің аталуы, ведомостволық тәуелділігі өзгерген, заңды тұлғаның
меншік акцияларының (қатысу үлесі) ауысымы, жұмыс беруші – заңды тұлға қайта құрылуы
жағдайларында қызметкерлермен еңбек қатынастары өзгертусіз жалғастыруға;
17) әскери қызметке шұғыл шақырылғанға дейін Қоғамда жұмыс істеген
қызметкерлер әскери қызметін шұғыл өтегеннен кейін оларды екі ай ішінде Қоғамға
жұмысқа қабылдауға;
18) Жұмыс берушінің бастамасымен қызметкердің атқарып отырған лауазымына
немесе біліктілігі жетіспеушілігі салдарынан орындап отырған жұмысына сай келмеуіне
байланысты еңбек келісімшарты бұзылған жағдайда құрамында қызметкердің өкілі болуы
тиіс
аттестациялық
комиссияның
шешіміне
негізделуі
керек.
Қызметкерлерді
аттестациялаудың тәртібі, талаптары және оны жүргізудің кезеңділігі Қоғамның ішкі
құжатымен бекітілген, Аттестация өткізу қағидасында белгіленеді;
19) кызметкердің, Кәсіподақ мүшесінің еңбек тәртібін бұзу (лауазымдық міндеттерін
орындамау/тиісті түрде орындамау) бойынша талдау жұмыстарын жүргізген кезде
комиссияның құрамына кәсіби одақ органының өкілін қосуға;
20) жеке еңбек дауларын қарау үшін Қоғамның орталық аппараты мен
филиалдарында жұмыс беруші мен қызметкерлер өкілдерінің тең санынан тұратын келістіру
комиссияларын құруға.