3
2) мамандығы мен жұмыс өтілі жоқ қызметкерге мамандықты игеру кезеңінде
еңбекақыны ол мамандық үшін арнайы білім талап етілмеген жағдайда ол қабылданған
мамандық бойынша ең төменгі разряд бойынша белгілеуге;
Қызметшілердің еңбекақы төлеу бойынша разрядтарын тиісті лауазымдардың
біліктілік сипаттамаларының талаптарына және лауазымдық қызметақыларының белгіленген
схемасына сәйкес белгілеуге;
3) ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды және қауіпті жағдайлармен
байланысты жұмыстарда жұмыс істейтін қызметкерлерге өндірістік объектілерді жұмыс
жағдайлары бойынша аттестациялау нәтижелері бойынша тарифтік мөлшерлемелердің
(лауазымдық қызметақылардың) қосымша ақысын белгілеуге;
4) еңбек нормаларын (уақыт өндірімі, қызмет көрсету және қызметкерлер саны)
енгізуді және қайта қарауды Қазақстан Республикасының еңбек заңнамаларына сәйкес еңбек
өнімділігін арттыруды қамтамасыз ететін техника, технология, еңбекті ұйымдастыруда,
жұмыс орындарын ұтымды етуде, жаңа техниканы, технологияларды енгізуде және
ұйымдастырушылық-техникалық іс-шараларда қол жеткізген деңгейді ескере отырып
жүргізуге. Еңбек нормалары өзгертілетін қызметкерлерді өзгертулер қолданысқа енгізілгенге
дейін кем дегенде бір ай бұрын хабардар етуге. Қолданылатын нормативтік материалдарды
(салааралық, ведомстволық, салалық, жергілікті), сондай-ақ оларды енгізу, әзірлеу және
қайтадан қарау мерзімін тиісті сайланбалы кәсіподақ органымен келісім бойынша белгілеуге;
5)
тарифтік мөлшерлемелердің (лауазымдық қызметақылардың) мөлшерін
көбейту/азайту туралы шешімдерді Еңбек кодексінің талаптарын сақтай отырып, Қоғамның
қаржы-экономикалық мүмкіндіктеріне қарай қабылдауға;
6) Қоғамның қызметкерлеріне еңбекақы төлеуді есептік кезеңнен кейінгі айдың
10-ына дейін қамтамасыз етуге;
Еңбек келісімшартын бұзу кезінде қызметкерге тиесілі барлық соманың төленуін оны
тоқтатқаннан кейін үш жұмыс күнінен кешіктірмей жүргізуге;
7) міндетті зейнетақы жарналарының уақтылы аударылуын қамтамасыз етуге;
8) еңбекақыны есептеген кезде экологиялық қатерлі және радиациялық тәуекелді
аймақтарда жұмыс істейтін қызметкерлердің қосымша ақыларын (2-қосымша) қолдануға;
Арал маңындағы экологиялық аймақта тұрғаны үшін қосымша ақы қызметкердің
сағатты тарифтік мөлшерлемесіне (лауазымдық қызмет ақысына) сәйкес есептеледі;
9) қызметкерлерге Жұмыс берушінің актілеріне сәйкес тарифтік мөлшерлемелердің
(қызметақылардың) қосымша ақылары мен үстемеақылары:
а) қосымша ақылар:
кәсіптерді (лауазымдарды) қоса атқарғаны үшін – 30 пайызға дейін;
қызмет көрсету аймағын кеңейткені немесе жұмыс көлемін ұлғайтқаны үшін –
30 пайызға дейін;
уақытша болмаған қызметкердің міндеттерін өзінің негізгі қызметімен қоса тақарғаны
үшін – 30 пайызға дейін төлеуге. Басшылардың штаттық орынбасарларына жұмыс орнында
уақытша болмаған басшылардың міндеттерін атқарғандары үшін қосымша ақы төлеуді
жүргізбеуге;
Қызметкерлерге уақытша болмаған қызметкердің міндеттерін атқарғандары үшін
қосымша ақыны уақытша болмаған қызметкерді ауыстыру ауыстырған қызметкердің
лауазымдық міндеттеріне кірген жағдайларда төлемеуге;
Лауазымдарды қоса атқарғаны, қызмет көрсету аймағын кеңейткені, уақытша
болмаған қызметтерін атқарғаны үшін қосымша ақы негізгі жұмысы бойынша кем дегенде
тарифтік мөлшерлеменің (қызметақының) 30 пайызы көлемінде атқарған жұмысының
көлеміне қарай қызметкердің келісімі бойынша белгіленеді.
пойыздарда жүктерді алып жүру мен күзетумен тікелей байланысты күзетшілерге
тарифтік мөлшерлемеге (қызметақыға) 12 пайыз мөлшерінде төлеуге;
4
б) үстемеақылар:
аса маңызды жұмысты орындағаны үшін оны өткізу мерзімінде (басшыларға,
мамандар мен қызметшілерге) – 30 пайызға дейін;
«Құрметті теміржолшы» және «Үздік күзетші» белгілерімен марапатталған
қызметкерлерге тарифтік мөлшерлеменің (қызметақының)10 пайызын;
өндірістік
персонал қызметкерлеріне жұмыс тәжірибесі, жеке іскерлік сапасы,
даярлыққа қабілеттілігі, жұмыста оңтайлы шешімдерді негіздей және қабылдай алғаны үшін
негізгі қызметі бойынша тарифтік мөлшерлеменің (қызметақының) 30 %-ы көлемінде
,
сонымен қатар,
аталған үстемеақылар Қоғам филиалдарының өндірістік персоналының
(атқыштар командалары) Қоғамда 15 және одан да көп жыл жұмыс өтілісі (2012 жылғы
01 шілдедегі жағдай бойынша) бар, қызметкерлеріне Қоғам филиалы директорының
қызметтік хатына сәйкес Қоғам президентінің бұйрығы негізінде төленсін.
Еңбек тәртібін, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша қолданыстағы
қағидалар мен нұсқаулықтарды және күзетшінің қызметіне қатысты басқа да қағидаларды
бұзғаны үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылған жағдайда, сондай-ақ қызметкер басқа
лауазымға ауысқан немесе қызметкерді сол лауазымға қайта қабылдаған сәттен бастап
үстемеақы төлеу тоқтатылады;
в) өтемдік қосымша ақыны «Әскерилендірілген темір жол күзеті» АҚ филиалдарының
қызметкерлеріне еңбекақы төлеу туралы ережесіне сәйкес еңбекақыға белгіленген шығындар
жоспары шеңберінде және Қоғам филиалдары қызметкерлерінің нақты жұмыс істеген
уақытына арналған сағаттары нормаларының шеңберінде жүргізеді;
г) қызметкерге жыл сайынғы ақылы еңбек демалысын ұсынған кезде жылына бір рет
демалысқа бір айлық тарифтік мөлшерлемеден аспайтын (лауазымдық қызмет ақыдан)
көлемде үстемеақы төленеді.
Жұмысқа жаңадан қабылданған қызметкерге, ұзақтығы 6 ай және одан да ұзақ
еңбекақысы сақталмайтын демалыстан шыққан қызметкерге, бала үш жасқа толғанға дейін
оны күтуге берілетін демалыстан шыққан қызметкерге демалысқа үстемеақы демалыстан
жұмысқа қабылданған/шыққан күннен бастап 6 айдан кейін төленеді. Жыл сайынғы ақылы
еңбек демалысы бөліктерге бөлініп берілген жағдайда үстемеақы қызметкерге аударылған
демалыс сомасымен бір уақытта, толыққанды төленеді.
10) Жұмыс берушінің актілеріне сәйкес қызметкерлерді моральдық және материалдық
тұрғыдан ынталандыру түрлерін қолдануға;
11) Қоғамның барлық санатты қызметкеріне еңбекақы төлеуге бөлінген қаражатты
үнемдеу есебінен күнтізбелік кезең үшін сыйлықақының келесі түрлерін қарастыруға:
- тоқсандық жұмыс қорытындысы бойынша;
- жылдық.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне, сондай-ақ «Көлік
қызметкерлері күні» кәсіби мерекесіне орай Қазақстан Республикасының сәйкес жылға
арналған республикалық бюджеті туралы заңында белгіленген он еңбекақының ең төменгі
көлемінен (бұдан әрі – ЕЕТК) аспайтын, тиянақталған көлемде біржолғы сыйлықақы
төлеуге. Сыйлықақы сыйлықақы беру туралы бұйрық шыққан күні штатта болған, келесі
санатты қызметкерлерден басқа қызметкерлерге беріледі:
а) жүктілікке және босануға, сонымен қатар нәрестені перзентханадан тікелей асырап
алуға байланысты демалыста жүрген қызметкерлерге;
б) бала Қазақстан Республикасының қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерінде
белгіленген жасқа толғанға дейін еңбекақысы сақталмайтын демалыста жүрген
қызметкерлерге;
в) қызметкердің өтініші бойынша еңбек келісімшарты тараптарының келісімдері
бойынша еңбекақысы сақталмайтын демалыста жүрген қызметкерлерге;