4 ќызметкерлер санын немесе ќызметкерлер штатын ќысќартќан кезде жеке ењбек шарттарын бірінші кезекте



жүктеу 239,1 Kb.
Pdf просмотр
бет4/12
Дата25.12.2019
өлшемі239,1 Kb.
#24950
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

 

Қызметкерді  жыл  сайынғы  ақысы  төленетін  еңбек  демалысынан  шақыртып  алған 



жағдайда (оның келісімі бойынша) еңбек демалысының, оның ішінде қосымша демалыстың 

пайдаланылмаған күндерін ағымдағы жылдың басқа уақытында беруге немесе келесі жұмыс 

жылының  еңбек  демалысына  қосып  беруге  не  болмаса  өтемақы  төлеуге.  Шақыртуды 

еңбектің  зиянды  жағдайлары  үшін  қосымша  демалыстың  күндерін  пайдаланғаннан  кейін 

ғана жүргізуге. 

Жыл  сайынғы  еңбек  демалысына  ақы  төлеуді  оның  басталуынан  бұрын  үш  жұмыс 

күнінен кешіктірмей жүргізуге, еңбек демалысы демалыс кестесінен тыс  берілген жағдайда 

оның берілетін күнінен үш жұмыс күнінен кешіктірмей төлеуге;  

9) қосымша жыл сайынғы ақысы төленетін еңбек демалысын:  

а) кем дегенде күнтізбелік алты күн ауыр жұмыстарда, еңбектің зиянды және (немесе) 

қауіпті  жағдайлары  бар  жұмыстарда  істейтін  қызметкерлерге  Өндірістер,  цехтар, 

мамандықтар  мен  лауазымдар  тізіміне,  Ауыр  жұмыстар,  еңбектің  зиянды  және  (немесе) 

қауіпті жағдайлары бар жұмыстар, жұмыс уақытының ұзақтығын қысқартуға құқық беретін 

жұмыстар  тізбесіне  сәйкес  қосымша  төленетін  жыл  сайынғы  еңбек  демалысын  және   

Қазақстан  Республикасы  еңбек  заңнамасында    белгіленген,  еңбекақының  көбейтілген 

көлемін төлеуге; 

Қосымша  төленетін  жыл  сайынғы  еңбек  демалысы  еңбегінің  ауыр,  зиянды  және 

(немесе)  қауіпті  жағдайлары  өндірістік  объектілерді  еңбек  жағдайлары  бойынша 

аттаестациялау нәтижелерімен расталған қызметкерлерге беріледі.

 

Жұмыс беруші өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары, сондай-ақ аттестациялауға 



кірмейтін  жұмыс  орындары  бойынша  аттестациялау  жүргізбеген  жағдайларда  қосымша 

төленетін  жыл  сайынғы  еңбек  демалысы  Өндірістер,  цехтар,  мамандықтар  мен  лауазымдар 

тізіміне, Ауыр жұмыстар, еңбектің зиянды және (немесе) қауіпті жағдайлары бар жұмыстар, 

жұмыс уақытының ұзақтығын қысқартуға құқық беретін жұмыстар тізбесіне сәйкес қосымша 

төленетін жыл сайынғы еңбек демалысын және Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасында  

белгіленген, еңбекақының көбейтілген көлемін толыққанды төлеуге; 

б) бірінші және екінші топтағы мүгедектерге ұзақтығы кем дегенде күнтізбелік алты 

күн; 


в)  экологиялық  апат  аймақтарында  (Қазақстан  Республикасының  заңнамаларына 

сәйкес  жеңілдіктер  мен  өтемақыларға  құқықты  растайтын  құжаттары  болған  кезде 

радиациялық тәуекелдері бар аймақтар үшін) жұмыс істейтін және тұратын қызметкерлерге; 

Қосымша демалыстар ақысы төленетін кезекті төленетін еңбек демалысына кірмейді, 

олар  бойынша  есептеуді  және  ақы  төлеу  жыл  сайынғы  еңбек  демалысын  төлеуді  есептеу 

тәртібінде жүргізіледі; 

10) оқытуға, біліктілікті арттыруға, оның ішінде Қазақстан Республикасынан тысқары 

жерлерге де жіберген кезде қызметкерге купелік вагонда жол жүруге, тұруға (егер тұру құны 

оқыту  құнына  енгізілмесе)  қатысты  шығыстарын  және  оқу  орнына  жету  және  кері  қайту 

уақытына белгіленген мөлшерде тәуліктік ақы төлеуге. 

Оқыту,  біліктілікті  арттыру  кезеңінде  қызметкердің  бұрынғы  жұмыс  орнын 

(лауазымын) және еңбекақысын сақтауға. 

Қызметкер  оқыту,  біліктілікті  арттыру  аяқталғаннан  кейін  Жұмыс  берушіге, 

Тараптардың оқу келісімшартында келіскен мерзімде жұмыс істеуге міндетті.  

Оқыту  (біліктілікті  арттыру)  туралы  келісімшартта  көрсетілген  мерзімде  жұмыс 

істемеген қызметкермен жасалған еңбек келісімшартын бұзу кезінде Жұмыс берушіге оның 

оқытуына  (біліктілігін  арттыруына)  байланысты  шығындарды  Еңбек  кодексінің  

51-бабында, 52-бабы 1-тармағының  1), 2), 3), 6), 20), 23), 24) тармақшаларында, 55-бабында, 

57-бабы  1-тармағының  3),  4),  5),  6)  тармақшаларында  58,  59-баптарында  көзделген 

жағдайлардан  басқа  жағдайларда  еңбек  келісімшарты  бұзылған  күннен  бастап  оқыту 




 

(біліктілікті  арттыру)  туралы  келісімшартта  көрсетілген  мерзім  ішінде  жұмыс  істемеген 



мерзімге бара-бар өтейді; 

11)  қызметкерге  оның  жазбаша  өтініші  негізінде  Қазақстан  Республикасы  Еңбек 

кодексінің нормаларына сәйкес еңбекақысы сақталмайтын демалыс беруге;  

12) зейнеткерлік жасқа үш жыл қалған қызметкерге толық жұмыс күні (толық жұмыс 

аптасы) режімін сақтауға;  

13)  жүкті  әйелдерді  түнгі  уақыттағы  жұмысқа,  демалыс  және  мереке  күндердегі 

жұмысқа,  үстеме  жұмысқа  жұмылдырмауға  және  оларды  іссапарға  жібермеуге,  сондай-ақ 

оларды жыл сайынғы ақысы төленетін еңбек демалысынан шақыртып алмауға; 

Жүкті  әйелдерді  іссапарға  жіберуге  егер  мұндай  жұмыс  медициналық  көрсеткіштері 

бойынша  оларға  тыйым  салынбаса  жол  беріледі,  сонымен  қатар,  аталған  қызметкерлер 

іссапарға жіберуден бас тартуға құқылы.  

14)  Қазақстан  Республикасының  заңнамасында  өзгесі  белгіленбеген  жағдайларда 

әйелдерге босануға дейін ұзақтығы күнтізбелік жетпіс күн және босанғаннан кейін ұзақтығы 

күнтізбелік  елу  алты  (босануы  ауыр  болған  немесе  екі  не  одан  көп  бала  туған  жағдайда  – 

күнтізбелік жетпіс) күн жүктілік пен босануға байланысты демалыс беруге. 

Демалыстарды  есептеу  жиынтық  түрде  жүргізіледі  және  әйелге  демалыс  босануға 

дейін  пайдаланылған  нақты  күндер  санына  және  Жұмыс  берушінің  қол  астында  жұмыс 

істеген уақытының ұзақтығына қарамай беріледі. 

Жүктілік  пен  босануға  байланысты  демалыс  алдында  немесе  одан  кейін,  не  бала 

күтіміне байланысты демалыс аяқталғаннан кейін әйелге оның өтінуі бойынша жыл сайынғы 

ақысы төленетін еңбек демалысын беруге. 

Нәрестені  (нәрестелерді)  асырап  алған  қызметкерлерге  (ата-ананың  біреуіне) 

нәрестені  асырап  алған  күннен  және  бала  туған  күннен  кейін  елу  алты  күн  өткенге  дейін 

демалыс беруге;     

15) еңбектің аса қауіпті және аса зиянды жағдайлары бар жұмыстарда жұмыстан тыс 

сағаттарға жол бермеуге міндетті.  



 

V тарау. 

Жұмыстан босатылатын қызметкерлерді жұмыспен қамту, әлеуметтік қорғау

кәсіби даярлау және қайта даярлау 

 

11. Жұмыс беруші: 

1)  жұмысқа  қабылдауды  Қазақстан  Республикасының  қолданыстағы  еңбек 

заңнамасына  сәйкес,  еңбек  жағдайларымен,  Жұмыс  берушінің    қызметкердің  жұмысына 

(еңбек  міндеттеріне)  тікелей  қатысы  бар  өзге  де  актілерімен  және  осы  Шартпен  міндетті 

түрде таныстыру арқылы жүзеге асыруға; 

2)  жұмысқа  қабылдаған  кезде  қызметкерлермен  еңбек  келісімшарттарының  олардың 

мамандығы, біліктілігі немесе лауазымы (еңбек міндеттері) бойынша жасалуын және еңбек 

жағдайлары өзгерген жағдайда оларға толықтырулардың енгізілуін қамтамасыз етуге; 

3) жұмысқа қабылдаған кезде Қоғамның ішкі құжаттарына сәйкес толық материалдық 

жауапкершілік туралы келісімшартқа отыруды қарастыруға; 

4) қызметкерлермен еңбек келісімшарттарын жасаған кезде: 

а)  еңбек  жағдайының  сипатына,  жұмыс  орнындағы  зиянды  және  қауіпті  факторлар 

тізбесіне;  

б) белгілі бір жұмысты істеу үшін қажетті арнайы киіммен, арнайы аяқкиіммен, жеке 

қорғаныс құралдарымен, жуу құралдарымен қамтамасыз ету нормаларына; 

в) пайдаланылмаған демалыс үшін демалыс беру немесе өтеу тәртібін; 

г) материалдық және моральдық тұрғыда ынталандыру ережесін



жүктеу 239,1 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау