31. Физиология ұғымы,бөлімдері


Жүректің өткізгіш жүйесінің маңызы



жүктеу 223,32 Kb.
бет8/57
Дата16.05.2020
өлшемі223,32 Kb.
#30475
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   57
Физиология жауаптар экзамен

Жүректің өткізгіш жүйесінің маңызы.

Миокарда ет талшықтарының екі түрі болады: жүрек етінің негізін құрайтын миоциттер – жүрек өткізгіш жүйесін құратын миоциттер. Бейарнамалы миоциттер саркоплазмаға бай, миофибрилдері аз, өте қозғыш. Жүректің өткізгіш жүйесі осы миоциттерден құралады. Олар топталып әр түрлі түйіндер құрайды, олардың шоғырлары тарамданып жеке жіпшелерге айналады.

Өткізгіш жүйесі екі түйіннен тұрады. Бірі оң жүрекшенің қабырғасында, жоғарғы қуыс венасы мен оң құлақша аралығында орналасқан синоатриалдық. Кис – Флек түйіні, екіншісі – оң қарынша аралығында жүрекшеаралық пердеге жақын орналасқан атриовентрикулярлық Ашшов – Тавар түйіні. Осы екі түйінді бір-бірімен жалғастыратын жіпшелер – Бахман талшықтары.

Атриовентрикулярлық түйіннің төменгі жағында орналасқан, қарыншааралық пердеге қарай жақындаған жерде Гис шоғыры басталады. Одан екі- оң және сол аяқшалар шығады. Бұл аяқшалар қарыншааралық перденің эндокардың астымен төмен қарай түседі де, жүрек ұшындағы қалың етке жетеді. Одан әрі иіліп жоғары қарай көтеріледі, жеке Пуркинье талшықтарына айналады: Пуркинье талшықтары жүректің негізгі миоциттеріне жақындап онымен өзара түйіседі. Сонымен жүректің өткізгіш жүйесі синоатриалдық түйінне басталып, жеке Пуркинье талшықтаымен бітеді.

Жүректің өткізгіш жүйесі құрамындағы бөліктердің қайсысында болмасын өздігінен қозатын автоматиялық қасиет болады. Бірақ олар бірдей емес, жүрек автоматиясында айырмашылық – градиент болады.

42.Жүрек циклі және оның фазалары

Жүректіңциклі- жүректің бip рет жиырылып және бip рет босаңсуының алатын кезеңі. Ол жалпы ұзақтығы шамамен 0,8 секунд және үш фазадан тұрады: I фаза - жүрекшелердің жиырылуы (0,1 сек), II фаза - қарыншалардың жиырылуы (0,3 сек) және III фаза -жүректің жалпы босаңсуы (0,4). Жиырылу аралығындағы мұндай тынығу жүрек бұлшық еттерінің жұмысын толыққалпына келтіруге жеткілікті болады. Салыстырмалы тыныштық күйінде жүрек минутына шамамен 60-80 рет жиырылады.

Жүрек минутына 70-72 рет соқса,жүрек циклі 0,8-0,9 сек қа тең .Жүрек соғуы жиілесе не сиресе оған орай айналым уақыты не ұзарады,не қысқарады.Айналым уақыты көбінесе диастоланың ұзақтығына байланысты яғни жүрек соғысы жиілесе оның демалысы қысқарады.Систолаға қажет уақыт мөлшері көбінесе өзгермейді.Жүрек оралымы 0,1 сек срозылатын жүрекше систоласынан басталады. Оң жүрекше жиырылуы 0,01 сек ерте басталады.Өйткені оны онда жүректі қоздыратын синоатриалдық түйін орналасқан.Қозу осы түйінде туады да,оң қарыншаға бұрынырақ жайылады. Систола кезінде жүрекшелерде қан қысымы сынап б,б 5-8 мм дейін жетеді .Бұл уақытта қарыншалар диастолада болады. Ал атриовентрикулярлық қақпақшалар ашық болғандықтан қан жүрекшеден қарыншаға құйылады.Жүрекше жиырылған сәтте оған қан жеткізетін веналардың өзегі қысылып жабылып қалады.Сондықтан қан жүрекшелерден веналарға қарай кері қайтпайды, веналарда қысым төмен болғанменде қан өтпейді. Систоладан кейін жүрекше диастоласы және қарынша систоласы бір мезгілде басаталады.Қарынша систоласы 0,33 сек созылады,ол ширығу және қан айдау кездеңдері болып 2ге бөлінедіүШирығу - 0,08,қан айлау 0,05сек созылады.Ширығудың өзі 2 кезеңнен тұрады:0,05 сек созылатын асинхрондық жиырылу мен 0,03 сек созылатын изометрлік жиырылу.Асинхрондық кезеңде қарынша еттерінің бәрі ірдей жиырылмайды.Жиырылу қозуға сәйкес ет талшықтарын біріндеп қамтиды.Қарынша қуысында қысым өзгермейді,сондықтан атриовентрикулярлық қақпақшалар ашық қалпында қалады.



43. Гемодинамика түсінігі.Қан тамырлары бойынша қозғалысын қамтамасыз ететін факторлар (қан тамырларындағы қан қысымы,қан қозғалысындағы жылдамдығы,толық айналым уақыты)Гемодинамика (грек. Һаіма –қан және динамика)- қан тамырлары жүйесіндегі гидростатикалық қысым айырымы нәтижесінде тамырдағы қанның жылжуы. Қан қысымы деп қанның тамырлар қабырғасына түсіретін қысымын айтамыз.Ол қантамырларда бірдей болмайды. Қанқысымы артерияларда,әсіресе қолқада барынша жоғары болады. Қан жүректен алыстаған сайын қысым да азаяды. Қан қысымы капиллярларға жеткенше төмендеп, веналарда, әcipece жоғары және төменгi қуысты веналарда, ең төмен болады.Қан қысымы тонометр арқылы иық артериясында өлшенеді.Ең жоғары қысым (с.б.б.110-120мм)-систоликалық, ол қарыншалардың систоласы (жиырылуы) кезінде байқалады.Ең төменгі қысым (с.б.б.60-80мм) -диастоликалық, ол қарыншалардың диастоласы (босаңсуы) кезінде байқалады. Лүпілдік (пульс) қысымы деп систоли­калық және диастоликалық қан қысымының айырмашылығы айтамыз. Ол сынап бағанасы бойынша 40мм-ге тең. Лүпіл (пульс) сол жақ қарынша жиырылған сайын қан қолқаның қабырғасына күшпен соғылып, оны кереді.Осыкезде пайда болған тербелістер толқыны артерия қабырғаларының бойымен тез таралады. Дене бетіне жақын орналасқан ipi артериялардан, мысалы, білезіктіңiшкіжағы, самай, мойынның екі жағынан басқа жерлерден тамырлар қабырғасының ырғақтытербелісін, тамырдың соғуын сипап сезуге болады. Тамыр соққан сайын жүрек бip рет жиырылады.Жүректің 1 минутта жиырылу мөлшері тамырдың соғуын санау арқылы анықталады.Қан қысымының жоғарылауы гипертония, ал төмендеуі гипотония деп аталатын ауруды тудырады.Қан кету. Қан кетудің 4 түpi бар: қылтамырлық, көктамырлық (веноздық), артериялық және ішке қан кету.Қан айналымның гемодинамикалық көрсеткіштері жүрек қан тамырлар жүйесінің негізгі сипаттамаларымен (қанның соққылық көлемі), тамырлардың құрылымдық ерекшеліктерімен (олардың радиусы және созылғыштығы), қанның физикалық қасиеттерімен (тұтқырлығы) анықталады. Қан ағысының жылдамдығы 1. Көлемдік жылдамдық – бірлік уақыт ішінде қантамырының көлденең кесіндісі арқылы өтетін қаннның мөлшері (мл/с). 2. Сызықтық жылдамдық – қан түйіршігінің бірлік уақыт ішінде өтетін жолы (мм/с). – Аортада – 30 -50 см/с. – Қуыс венада – 20 -25 см/с. – Капиллярларда – 0, 03 -0, 05 см/с. 3. Қан айналымының толық уақыты – бір тамшы қанның үлкен және кіші қанайналымы шеңберлерінен бір айналып шығатын уақыты. Қалыпты жағдайда - 23 с немесе 27 систола.

44. Тыныс алудың ағза үшін маңызы.Тыныс алу деп ауадан оттегін сіңіріп, көмірқышқыл газын шығаруын қамтамасыз ететін өзара байланысты көптеген процесстерді айтады. Оттегінің қатысуымен ағзада тотығу процесі өтеді. Құрамындағы органикалық заттардың тотығуы нәтижесінде клеткалар мен тканьдерде тіршілікке қажет энергия пайда болады. Мұнымен қатар тотығу барысында көмірқышқыл газы түзіледі. Бұл газ уақытында сыртқа шығарылып тұрмаса көптеген тіршілікке қажет процестер тоқтап денеде су тұрақтылығы, жылу тұрақтылығы бұзылады.Тыныс алу негізінен бес кезеңнен тұрады:

  1. Сыртқы тыныс алу – ауадағы газдарды өкпеге әкеліп, өкпеден қайтадан атмосфераға шығарып тұру.

  2. Өкпе көпіршіктеріндегі газдар мен қан құрамындағы газдардың алмасуы;

  3. Газдардың өкпеден тканьге, тканьнен өкпеге қан ағынымен тасымалдануы;

  4. Ткань мен қан арасындағы газ алмасуы;

Ішкі тыныс алу – клетка құрамындағы органикалық заттардың тотығуы. Бұл – биохимиялық процесс. Тыныс алудың алғашқы төрт кезеңін физиология, соңғысын биохимия зерттейді

  1. Дем алу және дем шығару механизміДем алу және дем шығару механизмі. Сыртқа тыныс алу, яғни газдардың ауадан өкпеге өтуі, өкпеден қайта атмосфераға шығарылуы екі кезеңнен: дем алу (инспирация) және дем шығарудан (экспирация) тұрады. Инспирация мен экспирация бірінен соң бірі кезкпен келіп алмасып отырады. Ауаны өкпеге тартып алып, ондағы газ алмасуына қатысқан ауаны тысқа шығару үшін өкпе біресе ұлғайып, біресе тарылып тұруға тиіс. Бірақ альвеола қабырғасында ет талшықтары болмағандықтан өкпе кеңейіп не тарылып көлемін өзі өзгерте алмайды, бұл процесс көкірек қуысының ұлғайып-тарылуына байланысты. Өкпе көкірек қуысында орналасқан. Сырт жағынан өкпе висцералдық (ішкі) және париеталдық(сыртқы) плевралық екі қабықпен қоршалған. Плевра қабықтарының арасында плевралық қуыс деп аталатын саңылау тәрізді өте тар кеңістік бар. Онда шырышты сұйықтық болады. Плевралық кеңістік бітеу, оның ішінде ауа болмайды. Көкірек қуысы кеңейген кезде париеталдық плевра висцералдық плевраны өзіне тартып өкпені созады. Сол кезде оның ішіндегі қысым азаяды. Дем шығарған сәтте көкірек қуысы тарылады да өкпе қысымы жоғарлағандықтан ауа сыртқа шығада, өкпе кішерейеді. Сонымен өкпенің кеңейіп – тарылуы көкірек аумағының өзгеруіне, яғни тыныс алу еттерінің жиырылып босауына байланысты


жүктеу 223,32 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   57




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау