Лейкоцит түрлері. Лейкограмма (%)
Гранулоциттер
|
Агронулоциттер
|
Базофилдер
|
Эозинофилдер
|
Нейтрофильдер - 70
|
|
|
|
Мета-
миело-
цит
|
Таяқша
ядролы
|
Сегмент
ядролы
|
Лимфо-циттер
|
Моно-циттер
|
0-1
|
1-5
|
0-1
|
1-5
|
45-65
|
20-40
|
2-10
|
Гранулоциттер немесе түйіршікті лейкоциттерге нейтрофильдер, эозинофильдер, базофилъдер жатады. Цитоплазмасы түйіршікті, ядросы сегменттелген.
Агранулоциттер немесе түйіршіксіз лейкоциттерге моноциттер, лимфоциттер жатады. Олардың цитоплазмасында түйіршіктер кездеспейді және ядролары сегменттелмеген. Нейтрофильдер микроорганизмдерді фагоцитоз арқылы жоя алады. Лейкоциттердіңәр түрлі микроорганизмдерді қорытып жіберуін И.И.Мечников фагоцитоз (қарбу) деп, ал обыр жасушаларды "фагоциттер" деп атаған. Ол 1883 жылы иммунитеттің жасушалық теориясын құрды және фагоцитоздың қорғаныштық ролін ашып Нобель сыйлығына ие болды. Олар лизосомалардағы өзінің ферменттері арқылы қорытып отырады. Мұндай жағдайда көптеген лейкоциттер тіршілігін жояды. Бұзылған лейкоциттер ipiң болып жарадан бөлініп шығады.
Эозинофильдер саны аллергиялық реакцияларда және ішек құрттарын жұқтырғанда көбейеді. Базофилъдер биологиялық белсенді заттар - гепаринді (қанныңұюына жол бермейді)
және гистаминді (қантамырларын кеңейтеді) түзеді.
Иммунитетте лимфоциттер мен моноциттердіңмаңызы көбірек. Моноциттер лейкоциттердіңішіндегі еңipici.Олар барлық лейкоциттердің 4-8%-ын құрайды. Олар фагоцитарлық белсенділікпен сипатталады. Бip моноцит 100 микробты жояды. Моноциттер макрофагтарға айналып отырады.
Лейкоциттердің 25%-ын лимфоциттер құрайды. Олардың басым бөлігі лимфада. Олар жіліктің кемігінде пайда болады, әрі қарай дамитын мүшеге байланысты Т-лимфоциттері және В-лимфоциттері болып бөлінеді. Лимфоциттер - арнайы иммундық жүйенің элементтері
38. Тромбоциттердің қасиеті мен функциясыТромбоцит – қан пластинкасы, екі жағы дөңес дөғңгелек не сопақша құраылым, диаметрі 0,5-4 мкм.Сау адамның 1л қанында 180-320*109 тромбоцит болады.Орта есеппен тромбоцит 8-10 тәулік жасайды.Ол сүйек кемігінде мегакариоциттен тузіледі, 1 мегакариоциттен 3000-4000 қан пластинкасы бөлініп шығады.
Тромбоциттің химиялық құрамы өте күрделі.Ол көптеген ферменттерден, олардың ішіндне АТФ және лизоцим,адреналин,норадреналин гармондарынан,11-шақты қанды ұйытатын факторлардан тұрады.Бұлармен бірге тромбоцит құрамына жиырылатын қабілеті бар белок тромбостенин кіреді.
Тромбоциттің саны қанда кешке қарай күндіздегіден көбірек,ол қуаныш,реніш,қайғы-қасірет,шаттану т.б. себептерден де тамақ ішкеннен кейін де көбейеді.
Тромбоциттердің қызметі (функциясы).
1).Ангиотрофикалық қан тамырды қоректендіру функциясы.Қан тамырының эндотелиі ағып жатқан қаннан қажет мөлшерде қоректік заттарды ала-алмайды.Оны тромбоциттер қаннан сорып алады да әлсін-әлсін,эндотелиймен түйіскен кезде оған беріп отырады. Қоректік функциясын барлық тромбоциттердің 15% -і ғана атқарады.
2).Адгезивті агрегациялық (жабысып үйінді құру) функциясы.Қан тамыры жарақаттанса. Тромбоциттің пішіні өзгереді.Оның протоплазмасында өсіктер /жалған аяқтар/ пайда болады.Бұл процесс агрегация деп аталады.
3).Ангиотензивтік (қан тамырын тарылту) функциясы қан тамыры саңылауын тарылтады.Бұл жарылған тромбоциттерден босап шыққан серотониннің әсері
4).Қан ұйыту қызметі (гемокоагуляция) Тромбоцит құрамында қан ұюын тездететін заттар болады.Олар қан ұюының тромбоциттік факторлары деп аталады:
1-фактор –тромбоциттердің бетіне адсорбцияланған плазмалық проакцелерин.Протромбиннңн тромбинге айналуын тездетеді.
2-фибриногеннің фибринге айналуын тездететін фактор.
3-фактор-тромбоциттік тромбопластин.
4-гепаринге қарсы тұратын фактор.
5-фактор-фибриноген тәрізді зат, тромбоциттерді бір-бірімен жабыстырып,үйінді жасалуына
әсер етеді
6-фактор-тромбостенин-ұйылған қанды тығыздайды,
7-фактор-антифибирнолизин, фибринолиз жасайтын ферменттің әсерін төмендетеді.
8-фактор-серотонин қан тамырларын тарылтады.
9-фактро-фибриннің сақталуын қамтамасыз етеді
10-қан тамырларын тарылтатын фактор
11-агрегация факторы,тромбоциттерді бір-бірімен жабыстырып, ұйынды құруды тездететін тромбоксин деген зат.
39. АВО жүйесі бойынша қан топтары және резус-фактор.Қанның топтық және резус-фактор туралы түсінік.
Достарыңызбен бөлісу: |