31. Физиология ұғымы,бөлімдері


Өкпе көлемі. Өкпе вентиляциясы



жүктеу 223,32 Kb.
бет9/57
Дата16.05.2020
өлшемі223,32 Kb.
#30475
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   57
Физиология жауаптар экзамен

Өкпе көлемі. Өкпе вентиляциясы

Өкпеге дейін кіріп-шығатын ауаның мөлшері дем алу мен дем шығарудың тереңдігіне байланысты. Жай дем алғанда тыныс ағзаларына еніп қайта шығатын ауаның мөлшерін қалыпты тыныс ауасы деп атайды(ҚТА). ҚТА тұтасынан өкпе көпірщігіне барып жетпейді, оның 150 мл тыныс жолын толтырады да, газ алмасу процесіне қатыспайды. Сондықтан тыныс жолы толтырған ауаны «өлі» кеңістік ауасы д.а. Демді жай ғана ішке тартып қоймай, одан әрі демді әлі келгенше тереңдете түссе, адам қосымша 1500-200 мл ауаны жұта алады. Қатты дем алғанда қосымша жұтылатын ауа көлемін резервтік(қосымша) дем алу ауасы д.а.(РДАА) Демді қатты ішке тартса тыныс жолдарын толтырып өкпеге жететін ауа мөлшері ҚТА мен РДАА-нан тұрады. Мұны дем алу мөлшері д.а. Ол 2000-2500 мл-ге тең. Қалыпты тыныс алу кезінде әдеттегідей дем шығарып, дем алмастан күшпен дем шығарса, тағы да сыртқа 1000-1500 мл ауа шығаруға болады. Мұны резервтік дем шығару ауасы д.а.(РДША). Бұл ауа қалыпты жағжайда өкпеде сақталады, тек демді қатты шығарғанда сыртқа шығады. Сонымен, үш түрлі ауа – қалыпты тыныс ауасы және резрвтік дем шығару ауасы бірігіп өкпенің тіршілік сыйымдылығын құрады.(ӨТС).

ӨТС = ҚТА+РДАА+РДША

ӨТС =500мл+2000мл+1500мл= 4000мл



ӨТС-терең дем алып, іле-шала терең дем шығарған кезде сыртқа шығатын ауаның көлемі. ӨТС ересек адамда 3500-5500 мл-дей. Адмның жасына, жынысына, бойына, дене еттерінің күшіне байланысты болады. ӨТС қарт адамда аз, әйелдерде төменірек болады. Спортшы адамның тыныс еттері ширақ, күштірек келеді де, дем алған кезде көкірек қаттырақ керіледі, ӨТС-і жоғары болады. ӨТС-ті, оның құрамындағы ауа түрлерінің көлемін спирометрмен өлшеп немесе спирографпен жазып, олардың мөлшерін спирограмма арқылы табуға болады.Күш салып терең дем шығарған сәтте 1000-1500 мл ауа сыртқа шықпай өкпеде қалып қояды. Мұндай ауа қалдық ауа(ҚА) д.а. Қалдық ауа мен резервтік дем шығару ауасы әрдайым өкпеде қалып отырады. Мұндай екі түрлі ауаның қосындысы функциялық қалдық ауа д.а.(ФҚА)

ФҚА= ҚА+РШДАДемді ішке тартқан кездегі өкпені толтырған ауаның жалпы мөлшері өкпенің жалпы сыйымдылығы (ӨЖС) д.а. ӨЖС өкпенің тіршілік сыйымдылығы (ӨТС) мен қалдық ауадан (ҚА) тұрады.



ӨЖС =ӨТС+ҚА

46. Ас қорыту жүйесінің қызметі:

  1. Сөл шығару функциясы. Оны асқорыту, сілекей, ішек-қарын бездері, ұйқы безі, бауыр атқарады.

  2. Қимыл функциясын біріңғай салалы еттер құрайды.

Өңеш, қарын, ішектер қабырғасының ортаңғы қабаты біріңғай салалы еттерден тұрады. Салалы ет талшықтары сақина тәрізді және бойлай тартылған талшықтан құралған. Өңеш, ішек-қарынның қимылы еттердің біресе тартылып, біресе жазылап алма-кезек қимылға келуіне байланысты. Ішек-қарын біресе жиырылып, біресе жазылып қимылдар жасайды, мұның нәтижесінде ішектегі заттар жоғарыдан төмен тоқ ішекке қарай жылжиды, қорытылмаған заттар ысырылып, артқы тесікке жақындай түседі, сөйтіп қажетсіз заттар біртіндеп сыртқа шығарылып тасталады.

  1. Қоректік заттарды сіңіру функциясы. Ішек-қарын түтігінде болады. Сіңу ішектің әр бөлігінде әр түрлі. Ас ішекте ұзақ кідіріп, сіңу сатысына жетеді. Жалпы қоректік заттар негізінен ащы ішекте сіңеді.

  2. Сыртқа шығару функциясы(экскреция). Қорытылмай қалған ас қалдықтары, ас қорыту барысында, қанға, лимфаға сіңіп үлгермеген түрлі өнімдер, қаннан ас қорыту түтігіне өткен заттар, өт құрамындағы заттар нәжіске ілесіп сыртқа шығады.

  3. Эндокриндік функция. Ішек-қарынның кілегейлі қабығында қарын пилорусы мен он екі елі ішекте көптеген гармондар түзіледі. Олар қанға енеді де, ас қорыту процесін зат алмасу, өсіп-өну, есею процестерін реттеп, басқарып отырады. Қарын мен ішекте түзілетін мұндай гармондар гастро-интестинальдық гармондар д.а. Ішек қарын шырышты қабығынан шамамен осындай 25 гармон бөлініп шығады. Олардың көбі пептидтер, ал бірқатары ежелден белгілі. Ішек- қарын гастоинтестинальдық гармондары:

  1. Ас қорыту бездерінің сөл шығару қабілетін күшейтіп, қоректік заттардың қорытылуын үдетеді.

  2. Арэнтерин деп аталатын гармон жас өспірім денесінде ассимиляция процесін күшейтеді.

  3. Түрлі ағзаларда қан айналысын қалпына келтіріп, биологиялық мембраналардың өткізгіштік дәрежесін реттеп отырады, трофикалық әсер етеді.

47. Ауыздағы ас қорытылу.Ас қорыту ауыздан басталады. Ауызға келіп түскен тағам 15-30 секундай кідіреді. Осы уақыттың ішінде тағам шайналып, ұсатылады, сілекеймен шыланып, жұмсарады. Көмірсулы заттар ыдырай бастайды. Ұсатылған ас жұтқыншаққа жетіп жұтылады.Ауыз ішінде дәм рецепторлары бар. Рецепторлар ас кесегімен жанасып тітіркенеді, бұдан пайда болған қозу сигналдары үшкіл жүйкелер мен кезеген жүйке арқылы орталық жүйке жүйесіндегі рефлекстер орталығына барып жетеді.

Сілекей дегеніміз – сілекей өзегі арқылы келіп құйылатын жұптасқан үш сілекей безінің, шықшыт, жақасты, тіл бездерінің, ауыздың шырышты қабығында бытырай орналасқан ұсақ бездердің сөлі. Жан-жануарда, адамда сілекей көбінесе тамақ ішкен сәтте шығады. Бір тәулік ішінде бөлініп шығатын сілекей көлемі әр түлікте әр түрлі. Ит сілекейінің аз-көптігі ауа-райына, оның ыстық салқындығына байланысты. Итте тер бездері болмайды.

Адамда сілекей әсіресе тамақ ішкен кезде көбірек шығады, іші үнемі дымқылданып тұрады, онсыз адам дыбыс шығара алмайды. Сілекей қоймалжың, сұйық зат. Оның құрамында 0,5-1,5% құрғақ зат бар, қалғаны су. Құрғақ зат органикалық және бейорганикалық заттардан тұрады. Бейорганикалық заттардан сілекейде натрий, калий, кальций, магний хлоридтері, сульфатары, карбонаттары, иодит, бромид, фторидтер және аз мөлшерде роданит тұздары, микроэлементтер бар. Сілекейдің қышқылдық дәрежесі муциннің мөлшеріне байланысты. Әдетте рН-5,8 – 7,4 аралығында болады.

Сілекей құрамында органикалық заттар бейорганикалық заттардан 2-3 есе көп. Амин қышқылы, мочевина, несеп қышқылы, креатин, креатин қалдықтары бар. Бұлар сілекейге қаннан өтеді. Сілекейдегі негізгі фермент - амилаза. Амилаза сәл сілтілік жерде полисахаридтерді декстрон сатысынан дисахарид сатысына дейін ыдыратады.

Сілекей құрамында микроағзаларды өлтіретін лизоцим ферменті болады. Ит пен мысық сілекейінде көбірек, сондықтан да олар жарасын жалап, дертінен тез айығып кетеді. Адам сілекейінде лизоцим өте аз.Муцин – гликопротеид, шырышты сілтілі зат, ол шайналып ұсатылған ас кесегін жұмсартып, шырышпен қоршайды, жұтқыншақты ауыртпайтындай сырғанақ күйге келтіреді.

Сілекей құрамындағы заттардың мөлшері әр безде әр түрлі. Мәселен, шықшыт безінің сілекейінде бейорганикалық заттар көп, муцин ферменттері аз, ал сілекейдің өзі сұйық, көлемді, реакциясы қышқылдау рН – 5,81. Жақасты безі шырынында органикалық заттар көп. Тіласты безі сілекейінде муцин көп.

48. Асқазандағы ас қорытуҚарын дегеніміз – ішек-қарын түтігінің кеңейген жері. Сыйыдылығы 2-4 литрдей. Қарын бірнеше бөліктен тұрады. Өңешпен қарынның қосылған жері кардиалық бөлік д.а. Қарын мен он екі елі ішектің қосылған жері пилорус (қақпаша) деп, ал қарынның қақпашаға жалғасқан бөлігі пилорустік бөлік болып саналады.

Қарын құрсақ қуысының жоғары жағында орналасқан. Қабырғасы үш қабаттан: ішкі-шырышты, ортаңғы – біріңғай салалы ет, сыртқы – серозды қабаттан тұрады.

Шырышты қабығында ойық және жазық жерлер бар. Онда қарын бездері орналасқан. Безде түрлі гландулоциттер бар. Негізгі гландулоциттер сөл ферменттерін, айнала қоршаған гландулоциттер тұз қышқылын, қосымша клеткалар шырышты зат – муцин шығарады. Қарынның пилорус бөлігінде айнала қоршалған гландулоциттер болмайды, сондықтан сөл реакциясы қышқылды емес, сілтілі не бейтарапты болады

Қарын бездері тәулігіне 2,-2,5 литрдей сөл шығарады. Ол түссіз, реакциясы қышқыл (рН – 0,9 – 1,5) зат. Меншікті салмағы 1,008, құрамында 0,5 – 3,5 % құрғақ зат бар. Қарын сөлінде Na, K, Ca хлоридтері, сульфаттары, фосфоттары бар. Тұз қышқылы көп.

Сөлде – ферменттер мен муцин бар. Бездерінің негізгі гландулоциттері пепсиноген ферментін бөліп шығарады. Пепсин өте қышқыл ортада қоректік заттарды гидролиздік жолмен ыдырататын фермент, рН 3,2 – 3,5-ке тең жерде әсер ететін пепсин – гастриксин д.а. Бала қарны сөліндегі сүт ірітетін фермент – химозин д.а.

Қарын сөлінде көмірсуды гидролиздейтін фермент болмайды. Қарын сөлінде шырышты әрі сілтілі зат – муцин бар. Ол қарынның шырышты қабығын жауып тұрады, тұз қышқылын бейтараптайды. Қарын қабырғасын пепсиннің зиянды әсерінен қоғайды.

Сөл қарыннан, тамақ ішкен сәтте көп болып шығады. Оның мөлшері, ондағы ферменттердің сапасы мен құрамы тағамдағы қоректік заттардың түріне ас кесегінің физикалық қасиеттеріне қарай ұдайы өзгеріп отырады.

Рационды ет көп болса, қарыннан сөл көп шығады, реакциясы қышқыл келеді, ал нан көп болса, сөл шығару ұзаққа созылады, сөлдің ыдырату күші мол болады. Ал сүт көп болса, сөл аз шығады, оның қышқылдығы орташа. Нан мен сүтке қарағанда белогі көп асқа пепсин әлдеқайда көп мөлшерде шығады.

Әдетте кезеген жүйке қарын бездерінің сөл шығару қабілетін күшейтеді, ал симпатикалық жүйке сөл шығуын тежейді. Қарынның сөл шығару қабілетін күшейтетін не тежейтін химиялық заттар бар, олар қан арқылы әсер етеді.

49.Он екі елі ішектің ас қорыту процесі.Ұйқы безі құрамы мен қасиеттері Он екі елі ішектегі ас қорытылу.

Он екі елі ішекке келіп түсісімен асқа үш түрлі сөл әсер етеді. Ең күрделісі ұйқы безінің сөлі: оның құрамында органикалық қоректік заттарды ыдырататын ферменттері бар. Өтте ас қорытатын ферменттер жоқ, күрделі қоректік заттарды гидролиздеу үшін өт қажет. Онсыз ұйқы безі ферменттері әсер ете алмайды, өт ас қорыту сөлдері қатарына жатқызылған. Он екі елі ішектің шырышты қабығында бруннер бездері бар. Он екі елі ішек сөлі сәл сілтілі, құрамында пепсин ферменті бар. Пепсин химусқа сіңген қарын сөлі пепсинімен бірлесіп, ішекте біраз уақыт белоктарды ыдыратуы мүмкін. Он екі елі ішек сөлінің айтарлықтай мәні жоқ, бірақ науқастанған жағдайда, әсіресе қарын сөлінде тұз қышқылы көбейіп кетсе пепсиндердің әсері күшейіп, ұйқы безінің ферменттерінің ыдыратуы, мұның салдарынан ішекте ас қорытылуы нашарлап кетуі мүмкін.




жүктеу 223,32 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   57




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау