Интернет-ресурста жарияланған 04



жүктеу 169,19 Kb.
Дата17.01.2018
өлшемі169,19 Kb.
#7622
түріКонкурс

Интернет-ресурста жарияланған 23.12.2016

«Солтүстiк Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкiмiнiң аппараты» ММ


«Б» корпусының бос мемлекеттiк әкiмшiлiк төменгi лауазымына орналасу үшiн жалпы конкурс жариялайды:

  1. «Солтүстiк Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімінің аппараты» ММ Мемлекеттік-құқықтық бөлімнің бас маманы-заңгер, 1 бiрлiк.

Әкiмшiлiк мемлекеттiк қызметші санаты Е-4.

Лауазымдық айлықақысы еңбек еткен жылына қарай 77452 теңгеден 104935 теңгеге дейiн.



Негiзгi функциялық мiндеттерi:

Құқықтық түрдегі құжаттар, әкімнің және әкімдіктің актілері жобаларын дайындауға қатысу, аудан әкімі мен әкімдіктің заңға сәйкес келмейтін заңға сәйкес келмейтін актілерін өзгерту, тоқтату, жою туралы ұсыныстарды дайындайды, нормативтік-құқықтық актілер тіркелімін жүргізеді. Заңды жалпы құқықтық оқу мәселелері бойынша семинарларды, кеңестерді дайындауды іске асырады. Алқабилер тізімімен жұмыс жасау. Сыбайласқан жемқорлықпен күрес жөніндегі ведомствоаралық комиссия, құқық бұзушылықты алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырыстарына материалдарды дайындайды.

Белгіленген тәртіпте әкімнің, әкімдіктің, аудан әкімі аппаратының мүдделерін құқықтық мәселелерді қарастыруда сотта, құқық қорғау органдарында, басқа мемлекеттік органдарда ұсынады.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын негiзгi талаптар:

Жоғары білім: «Құқық» бейіні бойынша, орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік: «Құқық» бейіні бойынша білімі барларға рұқсат етіледі.

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі;

жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.


  1. «Солтүстiк Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімінің аппараты» ММ Мемлекеттік-құқықтық бөлімнің азаматтық хал актілерін тіркеу жөніндегі бас маманы- негізгі қызметкердің бала күті бойынша демалыс уақытына - 29.04.2019 дейін, 1 бiрлiк.

Әкiмшiлiк мемлекеттiк қызметші санаты Е-4.

Лауазымдық айлықақысы еңбек еткен жылына қарай 77452 теңгеден 104935 теңгеге дейiн.



Негiзгi функциялық мiндеттерi:

Азаматтық хал актілерін тіркеу туралы және азаматтық хал актілерін тіркеу куәліктерінің бланкілерін белгіленген тәртіпте қолдану туралы есепті сәйкес органдарға ұсыну.

Куәліктерді қайтадан, азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу туралы анықтамаларды, азаматтық хал актілерін жазу жоқ екендігі туралы ескертулер береді.

Азаматтар өтініш білдіргенде азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеудің тәртібі туралы қолданыстағы заңнаманы түсіндіру және бұқаралық ақпарат құралдары арқылы түсіндіруді жүзеге асыру;

Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуге байланысты өзге өкілеттікті орындау.

«АХАЖ тіркеу орны» Ақпараттық жүйесіне азаматтық хал актілерін тіркеу туралы енгізілетін мәліметтердің сапасын қамтамасыз ету; азаматтық хал актілерін мемлекеттік стандарттармен белгіленген мерзімдерде тіркеуді жүзеге асыру және оларды бұзғаны үшін жауапкершілік тартады.

Міндетті мемлекеттік тіркеуге жататын азаматтық хал актілері құжаттарын жинауды жүзеге асыру.

Азаматтық хал актілері жазуларына түзетулер және өзгерістер енгізу жөніндегі істерді, акт жазуларын қалпына келтіру және жою жөніндегі істерді рәсімдеу үшін құжаттар жинауды жүзеге асыру, істерді рәсімдеу, олар бойынша қорытындыларды орындау.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес азаматтық хал актілері жазуларына түзетулер және өзгерістер енгізу.

Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу кітабын және басқа құжаттаманы сақтаудың белгіленген мерзімі бойы қалыптастыру, есеп жүргізу және сақтауды қамтамасыз ету.



Конкурсқа қатысушыларға қойылатын негiзгi талаптар:

Жоғары білім: «Құқық» немесе «Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес» (экономика, есеп және аудит, қаржы, менеджмент, маркетинг, мемлекеттік және жергілікті басқару) бейіндері бойынша, орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік: «Құқық» немесе «Қызмет көрсету, экономика және басқару» (экономика (салалар бойынша), есеп және аудит (салалар бойынша), қаржы (салалар бойынша), менеджмент (салалар және қолдану аясы бойынша), маркетинг (салалар бойынша)) бейіндері бойынша білімі барларға рұқсат етіледі.



Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі;

жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

3. «Солтүстiк Қазақстан облысы Мамлют ауданының жер қатынастары бөлімі» ММ Бас маман-бухгалтер, 1 бiрлiк.

Әкiмшiлiк мемлекеттiк қызметші санаты Е-R-4.

Лауазымдық айлықақысы еңбек еткен жылына қарай 73288 теңгеден 99105 теңгеге дейiн.

Негiзгi функциялық мiндеттерi:

Басшылықтың тапсырмаларын орындау. Мемлекеттік бюджет бойынша кредиторлық қарыздарды жабу. Ақша қаражатына, тауарлы-материалдық құндылықтар мен негізгі қаражатқа толық есеп жүргізу негізінде Бухгалтерлік есепті ұйымдастыруды жүзеге асыру және олардың қозғалысына байланысты операцияларды бухгалтерлік есепте көрсету. Жер қатынастары бөлімінің шығындар сметасын орындау бойынша нақты есептеулерді жүргізу. Қаражатты уақытында есептеу және аудару, әлеуметтік сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру. Нақты бухгалтерлік есепті қамтамасыз ету, бухгалтерлік құжаттарды сақтау, тауарлы-материалдық құндылықтарды түгендеу және қабылдау ережелерін сақтау, ақша қаражатын түгендеу, тауарлы-материалдық құндылықтарды, негізгі қаражаттарды, еңбекақы қорын дұрыс ұстау, қызметкерлердің еңбекақы мөлшерін, штаттық, қаржылық және кассалық тәртіпті сақтау.



Конкурсқа қатысушыларға қойылатын негiзгi талаптар:

Жоғары білім: «Әлеуметтік ғылымдар немесе экономика және бизнес» (экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару) бейіні бойынша, орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік: «Қызмет көрсету, экономика және басқару» (менеджмент (салалар және қолдану аясы бойынша), қаржы (салалар бойынша), есеп және аудит (салалар бойынша), экономика (салалар бойынша)) бейіндері бойынша білімі барларға рұқсат етіледі.



Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі;

жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

4. «Солтүстiк Қазақстан облысы Мамлют ауданының білім бөлімі» ММ Заңгер - жетекші маман, 1 бiрлiк.

Әкiмшiлiк мемлекеттiк қызметші санаты Е-R-5.

Лауазымдық айлықақысы еңбек еткен жылына қарай 64960 теңгеден 88279 теңгеге дейiн.

Негiзгi функциялық мiндеттерi:

Білім беру бөлімінің қызметінде заңдылықты сақтау бойынша және оның құқықтық мүдделерін қорғау жұмыстарын орындайды.

Бұйрық жобаларының құқықтық сараптамасын, бөлімде даярланатын нұсқаулықтардың, ережелер мен басқа құқықтық сипаттағы актілерді жүзеге асырады, оларға бұрыштама қояды, сондай-ақ қажет болған жағдайда осы құжаттарды дайындауға қатысады.

Кәмелетке толмаған балаларды, сондай-ақ қорғаншылықта және патронатта тұрған балаларды есепке алуды жүргізеді.

Бала асырап алуды ресімдейді, бала асырап алу немесе бас тарту үшін оған қажетті құжаттар мен қорытындылар негізділігін сотқа жолдайды.

Ата-аналық құқығынан айыру үшін материалдар дайындайды.

Балаларды тәрбиелеуге байланысты ата-аналық құқығынан айыру, ата-аналық құқығын қалпына келтіруді қарастыру бойынша сот процестеріне қатысады, Балаларынан бөлек тұратын ата-аналардың құқығын, олардың балаларымен қарым-қатынасын, бала тәрбиесіне араласуын қамтамасыз етеді, бала асырап алу күшін жою немесе жарамсыз деп тану, кәмелеттік жасқа толмағандармен некені жарамсыз деп тану, сондай-ақ ҚР "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Кодексіне сәйкес басқа да істерге қатысады.

Қамқоршылық және қорғаншылық мәселелері бойынша мемлекеттік қызмет көрсетеді.

Наразылық, сот істері, сондай-ақ шаруашылық шарттарын жасау және орындауды талдау және қорыту нәтижелерін қарау бойынша жұмыс жүргізеді, өнімдерді жеткізу бойынша анықталған кемшіліктерді жою, шаруашылық шарттары сақталуының бақылауын жақсарту бойынша ұсыныстар жасайды.

Шарттық, қаржылық және еңбек тәртібін, бөлім мүлкінің сақталу бойынша іс-шараларды күшейтуді әзірлеу мен жүзеге асыруға қатысады.

Білім беру қызметкерлерін тәртіптік және материалдық жауапкершілікке тарту бойынша ұсыныстар қорытындылар дайындайды.

Білім бөліміне түскен, сондай-ақ оның басшысымен шығарылған заңнамалық және нормативтік актілерді жүйеленген есепке алу, сақтау, өзгерістер енгізуді, оларға қол жеткізуді қамтамасыз етеді.

Білім беру қызметкерлерін қолданыстағы заңнама туралы, лауазымды тұлғалардың қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілерді зерделеу бойынша жұмысты ұйымдастырады, хабарлаумен қамтамасыз етеді.

«Сенім телефоны» бойынша өтініштерді есепке алу және тіркеу.



Конкурсқа қатысушыларға қойылатын негiзгi талаптар:

Жоғары білім: «Құқық» бейіні бойынша, орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік: «Құқық» бейіні бойынша білімі барларға рұқсат етіледі.

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

5.«Солтүстiк Қазақстан облысы Мамлют ауданының білім бөлімі» ММ Мектепке дейінгі білім беру жөніндегі жетекші маман, 1 бiрлiк.

Әкiмшiлiк мемлекеттiк қызметші санаты Е-R-5.

Лауазымдық айлықақысы еңбек еткен жылына қарай 64960 теңгеден 88279 теңгеге дейiн.

Негiзгi функциялық мiндеттерi:

Мектепке дейінгі білім мекемелер қызметін бақылауды жүзеге асырады. Мектепке дейінгі білім мекеме басшыларына, педагогикалық қызметкерлеріне оқу-әдістемелік және тәрбие жұмысын ұйымдастыруда консультациялық және тәжірибелік көмек көрсетеді. Оқыту және тәрбиелеу бойынша озық технологияларды қорытындылайды, таратады. Мектепке дейінгі ұйым басшылары мен педагогтардың аса нәтижелі тәжірибесін зерттейді,қорытындылайды, жүйелейді және мониторинг жүргізеді. Өз бағыттарында қажетті құжаттаманы ұйымдастырады және әзірлейді. Қызметкерлерді аттестау кезеңінде консультациялық көмек көрсетеді. Өз бағыты бойынша курстық қайта даярлауды есепке алады және мониторинг жүргізеді. Мектепке дейінгі ұйымдарға кезектілік және жолдама беру мәселелері бойынша мемлекеттік қызмет көрсетеді.



Конкурсқа қатысушыларға қойылатын негiзгi талаптар:

Жоғары білім: «Білім» бейіні бойынша, орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік: «Білім» бейіні бойынша білімі барларға рұқсат етіледі.

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

6.«Солтүстiк Қазақстан облысы Мамлют ауданы Қызыләскер ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ Бас маман - бухгалтер, 1 бiрлiк.

Әкiмшiлiк мемлекеттiк қызметші санаты Е-G-3.

Лауазымдық айлықақысы еңбек еткен жылына қарай 69957 теңгеден 94109 теңгеге дейiн.

Негiзгi функциялық мiндеттерi:

Негізгі қаражаттарды және тауарлы-материалдық құндылықтарда және ақша қаражаттарды толық есептеу жүргізу негізінде бухгалтерлік есепті ұйымдастыруды жүзеге асырады. Олардың қозғалысымен байланысты операцияларды бухгалтерлік есепте көрсету. Ауылдық округ әкімі аппаратының шығын сметаларын орындау бойынша дұрыс есеп жүргізеді. Бюджетке төлемдерді, Әлеуметтік сақтандыруға жарналарды, бюджетке төлемдерді аударады және есептеуді дер кезінде жүзеге асырады. Штаттық, қаржылық және кассалық тәртіпті, лауазымдық жалақыны орнатуды, еңбекақы қорын дұрыс шығындауды, бухгалтерлік құжаттардың сақтауын және мұрағатқа тапсыруды, дұрыстық бухгалтерлік есепті құруды жүзеге асырайды. Ауылдық округ әкімінің аппараты үшін мемлекеттік сатып алуларды өткізуді жүзеге асырайды. Жер, мүлік салықтарын жинауды және есептеуді жүзеге асыру. Заңмен белгіленген мерзімдерде салықтарды жинау және тапсыру. Ауылдық округ әкімінің басқа тапсырмаларын орындайды.



Конкурсқа қатысушыларға қойылатын негiзгi талаптар:

Жоғары білім: «Әлеуметтік ғылымдар немесе экономика және бизнес» (экономика немесе есеп және аудит немесе қаржы) бейіні бойынша, орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік: «Қызмет көрсету, экономика және басқару» (қаржы (салалар бойынша) немесе есеп және аудит (салалар бойынша) немесе экономика (салалар бойынша)) бейіндері бойынша білімі барларға рұқсат етіледі.



Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі;

жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

7.Солтүстiк Қазақстан облысы Мамлют ауданы Становое ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ Іс жүргізу жөніндегі бас маман, 1 бiрлiк.

Әкiмшiлiк мемлекеттiк қызметші санаты Е-G-3.

Лауазымдық айлықақысы еңбек еткен жылына қарай 69957 теңгеден 94109 теңгеге дейiн.

Негiзгi функциялық мiндеттерi:

Іс жүргізуді ұйымдастыру және жүргізу. Құжаттарды жіберу, тіркеу және қабылдау; келіп түскен құжаттарды бөліп орындау үшін тапсыру, аппарат мамандарын шешімдермен, өкімдермен және басқа да жоғары орындардан түскен құжаттармен таныстыру; құжаттардың орындалуын бақылау; құжаттарға анықтамаларды жетелеу; Аппараттың құжаттамалық қызметін мемлекеттік тілде ұйымдастыру. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне құжаттарды дайындауды, тіркеуді және қабылдауды жүргізеді. Азаматтардың өтініштерін мерзімді орындалуын бақылайды. 1-ОЛ есптерін даярлайды және тапсырады. Кадр, сайлау құжаттары мен жұмыс. Заңмен белгіленген анықтамаларды азаматтарға рәсімдеу. Аппарат пен әкімінің бланктер пен мөртабандарды дұрыс пайдалануы мен сақтауы. Азаматтар жиындарының хаттамаларын рәсімдеу. Заңмен белгіленген нотариалдық істерді жүргізу. Азаматтық хал актілердің жазбаларын рәсімдеу. Істер номенклатурасын жасайды. Жоюға жататын құжаттарды дайындау және іріктеуді қамтамасыз етеді. Істер номенклатурасына сәйкес құжаттарды мұрағатқа дайындайды және тапсырады. Шаруашылық кітаптарды электрондық және жазбаша түрде жүргізу. Дер кезінде тіркеуге тұрмаған әскерге шақырушыларды, әскери міндеттілерді айқындау. Әскери есепке әскери міндеттілерді тіркеу, аудандық қорғаныс іс бөлімінің талабы бойынша әскери міндеттілер мен әскери шақырушыларды құлақтандыру. Ауылдық округ аумағындағы кәсіпорындардың барлығына есеп жүргізу. Есепке алынған әскерге шақырушылардың тізімін, әскери міндеттілердің бастапқы есепке алу карточкаларындағы мәліметтердің үй кітабы мен салыстырып тексеру. Азаматтарға әскери есеп жөніндегі міндеттерін түсіндіру, және олардың белгіленген әскери есеп ережелерін қадағалап орындауларына бақылауды жасау.Әкімшілік құқық бұзушылықтартуралы хаттама толтыру. Ауылдық округ округ әкімінің басқа тапсырмаларын орындау.



Конкурсқа қатысушыларға қойылатын негiзгi талаптар:

Жоғары білім: «Білім» немесе «Құқық» немесе «Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес» (экономика, есеп және аудит, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару) бейіндері бойынша, орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік: «Білім» немесе «Құқық» немесе «Қызмет көрсету, экономика және басқару» (экономика (салалар бойынша), есеп және аудит (салалар бойынша), қаржы (салалар бойынша)) бейіндері бойынша білімі барларға рұқсат етіледі.



Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі;

жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

8.«Солтүстiк Қазақстан облысы Мамлютка қаласы әкімінің аппараты» ММ Бас маман-заңгер, 1 бiрлiк.

Әкiмшiлiк мемлекеттiк қызметші санаты Е-G-3.

Лауазымдық айлықақысы еңбек еткен жылына қарай 69957 теңгеден 94109 теңгеге дейiн.



Негiзгi функциялық мiндеттерi:

«Солтүстік Қазақстан облысы Мамлютка қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің және Мамлютка қаласы әкімінің мүдделерін сотта, сонымен қатар басқа ұйымдарда «Солтүстік Қазақстан облысы Мамлютка қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі және Мамлютка қаласы әкімінің қызметі жөнінде құқықтық мәселелерді қарастырғанда, белгіленген тәртіпте ұсыну. Құқықтық және нормативтік актілердің, шарттардың, процессуалдық құжаттардың жобаларын, сонымен қатар «Солтүстік Қазақстан облысы Мамлютка қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің және Мамлютка қаласы әкімімен әзірленетін басқа заңды түрдегі құжаттарды әзірлеуге қатысады, Солтүстік Қазақстан облысы Мамлютка қаласы әкімінің нормативтік-құқықтық актілерін дайындайды және оларды жүзеге асыру жөнінде шаралар қабылдайды, нормативтік-құқықтық актілерге, соның ішінде олар басқа ұйымдармен дайындалғанда келісу жолымен мониторнг жүргізеді. Қазақстан Республикасының заңнамасын насихаттау жөніндегі жыл сайынғы іс-шараларды әзірлейді және жүзеге асырады, Мамлютка қаласы әкімінің аппаратында ққықтық оқуды ұйымдастыру. Шарттарды өз уақытында жасауға, олардың заң талаптарына сай келуін, шарттар бойынша міндеттемелер орындалмағанда және тиісті орындамағанда әсер етідің экономикалық шараларын қолдануға үйлестіруді қамтамасыз етеді. Талап арыздармен жұмыс, сәйкес сот қарастыруына әкеп соққан негізгі себептер мен шарттарды айқындау мақсатында Солтүстік Қазақстан облысы Мамлютка қаласы әкімінің қатысуымен даулар бойынша сот тәжірибесі жағдайын талдау және кінәлы лауазымды тұлғаларды жауапкершілікке тарту жөнінде ұсыныстар енгізу. Заңмен қарастырылған негіздер болған жағдайда, Мамлютка қаласы әкімінің аппараты пайдасына қабылданбаған сот актілерін шағымдану жөнінде өз уақытында шаралар қабылдайды, сонымен қатар қадағалау тәртібінде наразылық білдіру туралы қолдаухатпен прокуратура органдарына шағымданады. Мамлютка қаласы әкімінің актілерін дайындағанда, қолданыстағы заңнаманың сақталуына бақылауды жүзеге асыру. Жеке және заңды тұлғалардың менішігіндегі жер учаскелерін және өзге мүлікті мәжбүрлеп оқшаулау бойынша жұмыстардың орындаулын бақылау. Аппатты жағдайда тұрған үйлерді және объекттерді құлату жұмыстарын ұйымдастыру бойынша құқықтық құжаттарға жауапты. Жарнамалық қызмет және заңды және жеке тұлғалардың салық салынатын (жер, мүлік, және көлік) және төлеу көзіндегі салық салынатын кірістің жеке табыс салығы бойынша келісім жасау бойынша мәселелерді шешеді. Кәсіби емес медиаторлардың реестірін жүргізеді. Сыбайлас жемқорлықты анықтау және жолын кесу, алдын алу бойынша шаралар қолдану. Сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылық және қылмыс жасауға жағдай жасайтын себептер мен жағдайларды айқындат, олардың алдын-алу шараларын жасайды.



Конкурсқа қатысушыларға қойылатын негiзгi талаптар:

Жоғары білім: «Құқық» бейіні бойынша, орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік: «Құқық» бейіні бойынша білімі барларға рұқсат етіледі.



Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі;

жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

«Б» корпусы мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарына орналасуға кандидаттарға тестiлеу бағдарламасындағы «Е-4», «Е-R-4», «Е-R-5», «Е-G-3» санатарты үшiн мемлекеттiк тiлдi бiлу, Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызметi туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы», «Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын бiлу тестілер, сонымен қоса бастамалық, адамдармен тiл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептiлiк, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушiлiк құзыреттілігін анықтауға арналған тестiлер белгiленедi.

«Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттiң жаңа саяси бағыты стратегиясын бiлу.

Осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтiн Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн бiлу.

Жалпы конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері Министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 12 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу Қағидалары (әрі қарай - Қағида) негізінде өткізіледі.

Конкурсқа қатысу үшiн қажеттi құжаттар:


  1. осы Қағидаларға белгiленген нысандағы өтiнiш;

  2. 3х4 үлгiдегi суретпен белгiленген нысанда толтырылған сауалнама;

  3. бiлiмi туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;

  4. еңбек қызметiн растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшiрмесi;

  5. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрiнiң мiндетiн атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекiтiлген (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде 2010 жылы 21 желтоқсанда № 6697 болып тiркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама;

  6. Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi;

  7. құжаттарды тапсыру сәтiнде заңнаманы бiлуiне тестiлеуден өткенi туралы шектi мәннен төмен емес нәтижелерi бар қолданыстағы сертификат (немесе нотариалдық куәландырылған көшiрмесi);

  8. конкурсқа қатысу үшiн құжаттарды тапсыру сәтiнде уәкiлеттi органда жеке қасиеттерiн бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшiрмесi).

3), 4), 7) және 8) тармақшаларында көрсетiлген құжаттардың көшiрмелерiн ұсынуға рұқсат етiледi. Бұл ретте, персоналды басқару қызмет құжаттардың көшiрмелерiн түпнұсқалармен салыстырып тексередi.

Егер азамат еңбек қызметiн жүзеге асырмаған және конкурс жарияланған бос лауазым бойынша жұмыс өтiлi талап етiлмейтiн жағдайларда еңбек қызметiн растайтын құжаттардың көшiрмелерiн ұсыну талап етiлмейдi.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейiне және беделiне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсiби қызметiн, бiлiктiлiгiн сипаттайтын мәлiметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Конкурсқа қатысу үшiн құжаттарды электронды түрде «Солтүстiк Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкiмiнiң аппараты» ММ-нің электрондық почтасына не «Е-gov» электронды Үкiмет порталы арқылы берiлген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгiмелесу басталғанға дейiн бір күн бұрын кешiктерiлмей бередi. Оларды бермеген жағдайда тұлға Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органдар үшін құрылған бірыңғай конкурстық комиссиямен (әрі қарай - Бірыңғай конкурстық комиссия) әңгiмелесуден өтуге жiберiлмейдi.

Әңгiмелесуге жiберiлген үмiткерлер оны «Солтүстiк Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкiмiнiң аппараты» ММ-де әңгiмелесуге жiберу туралы хабарлама алған күннен бастап 3 жұмыс күнi iшiнде өтедi. Әңгiмелесу өткiзу кезiнде кандидаттардың Бірыңғай конкурс комиссиясымен айқындалған тақырыпқа эссе жазуларына жол берiледi.

Бірыңғай конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтiлiгiн қамтамасыз ету үшiн оның отырысына байқаушылар және сарапшылар шақырылады. Байқаушы ретiнде Бірыңғай конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшiн тұлғалар әңгiмелесу басталғанға дейiн бiр жұмыс күнiнен кешiктiрмей персоналды басқару қызметiне тiркеледi. Тiркелу үшiн тұлғалар персоналды басқару қызметiне жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесiн, Қағидаларының 30-тармағында көрсетiлген ұйымдарға тиесiлiлiгiн растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе көшiрмелерiн ұсынады.

Конкурсқа қатысуға қажеттi құжаттар жалпы конкурс өткiзу туралы «Солтүстiк Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкiмiнiң аппараты» ММ және Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызмет iстерi және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің интернет-ресурстарында соңғы жарияланған күннен бастап 7 жұмыс күнi iшiнде қолма-қол, пошта арқылы мына мекен-жайға ұсынылуы тиiс: 150900, СҚО, Мамлютка қаласы, Сәбит Мұқанов көшесi-12, 3-кабинет, «Солтүстiк Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкiмiнiң аппараты» ММ немесе maml-sup@sko.gov.kz электрондық пошта арқылы немесе «Е-gov» электронды Үкiмет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзiмiнде.

Анықтамаларды мына телефон 8(71541)22007, факс 8(71541)21788 арқылы алуға болады.



Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызмет iстерi және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде Бірыңғай конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.
жүктеу 169,19 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау