Ұйқы безінің сөлі.
Ұйқы безі екі түрлі ткаьнен: а) асқорыту сөлін бөлетін ацинус;
б) қанға гормондар бөліп шығаратын және β клеткаларынан құрылған шашыранда ленгерганс аралшықтарынан тұрады. Ацинус тканінің сөлі түтікше арқылы он екі елі ішекке құйылады. Лангерганс аралшықтарында түтік болмайды, ол сөлін қанға құяды.
Ұйқы безі латынша панкреас д.а.
Ұйқы безінен (панкреастан) сөл алу.
Ұйқы безінің сөл шығару қызметін, білу үшін иттің панкреас түтігіне фистула қойылады. Он екі елі ішек қабырғасын ұйқы безінің түтігі ашылған ромба тәрізді етіп, айналдыра тіліп, түтіктің аузы он екі елі ішек бөлігімен бірге сыртқа шығарылады. Ұйқы безі қос түтікті. Осы екі түтіктің біреуі сыртқа шығарылса, онда он екі елі ішекте ас қорытылу процесі бұзылмайды. Сыртқа шығарылған түтіктің аузына зонд кіргізіп, сөл шығару тәртібіне тигізетін әсерін зерттеуге болады. Адамға жіңішке зонд жұтқызып оны қарыннан он екі елі ішекке өткізіп одан сөл жинауға болады. Сөл шығаруын күшейту үшін түрлі интестинальдық гормондар қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: |