88. Жүрек жеткіліксіздігі.Этиологиясы, түрлері және ықтимал нәтижелері.
Жүрек жетіспеушілігі
Жүрек жетіспеушілігі – бұл синдром, көптеген ауруларда дамиды, әртүрлі ағзалар мен тіндердің жарақаттарында болады. Онда жүрек олардың қызметтеріне сай қанмен қамтамасыз ете алмайды. Жүрек жетіспеушілігінің дамуы негізінен 2 топ себептермен байланысты:
Жүректің тікелей жарақаттануынан (зақым, жүрек қабықтарының қабынулары, МИ және т.б);
Жүрекке функциялық артық күш түсуі. Ол жүрекке келген қанның көлемінің үлкеюі нәтижесінде оның қарыншаларында қысым жоғарылайды ( мысалы, жүрек кемістіктерінде) немесе қанның қарыншалардан қолқаға және өкпе артериясына шығуына кедергілердің көбеюі (мысалы, кез келген артериялық гипертензиялар және кейбір және кейбір жүрек кемістіктері) .
Жүрек жетіспеушілігі түрлері
Жүрек бөлшектерінің қайсысының зақымдануына байланысты болады :
Сол жақ қарыншалық жетіспеушілік, сол жақ қарынша миокардының зақымдануы немесе артық күш түсуі салдарынан дамиды;
Оң жақ қарыншалық жетіспеушілік, әлбетте ол оң жақ қарынша миокардына артық күш түсуі нәтижесінде дамиды, мысалы, өкпенің созылмалы обструктивтік дерттерінде.
Даму жылдамдығына қарай бөлінеді:
Жіті жүректік жетіспеушілік, ол бірнеше минут немесе сағат ішінде дамиды және жарақат салдарынан болады, жіті ми , өкпе артериясының негізгі бағанының эмболиясында, гипертониялық криз және т.б
Созылмалы жүрек жетіспеушілігі, айлар және жылдар бойы жүреді әлбетте ол созылмалы артериялық гипертензияда, созылмалы тыныс жетіспеушілігінде, ұзаққа созылған анемияда, жүрек кемістіктерінде.
Жүрек жетіспеушілігінде миокард қызметінің және орталықтық гемодинамиканың бұзылуы. Жиырылу күшінің және жылдамдығының төмендеуі, сондай-ақ миокардтың босаңсуы жүрек жетіспеушілігінде жүрек функциясының көрсеткіштерінің ортақтық және перефериялық гемодинамикасының өзгерістерімен көрінеді. Олардың санына жатады.
Жүректің соғуы және минуттық лақтырудың кішіреюі, ол миокардтың жиырылғыштық функциясының депрессиясы нәтижесінде дамиды.
Жүрек қарыншалары ішінде қанның систолдық көлемінің қалдығы көбейеді, ол толық емес систолдың нәтижесі болып табылады.
Жүрек қарыншаларында соңғы диастолдық қысымның жоғарылауы. Ол қарыншалар ішінде қан санының көбеюімен, миокард босаңсуының бұзылуынан, оларда аяққы қанның дисталдық көлемінің жоғарылауы болады, сондықтан жүрек қуыстары созылады.
Веналық тамырларда және жүрек қуыстарында қанның қысымы жоғарылайды, сол жерлерден қан жүректің жарақаттанған бөліктеріне түседі. Мысалы, сол жақ қарыншалық жүрек жетіспеушілігінде сол жақ жүрекше қысым көтеріледі, одан әрі кіші қанайналым шеңберінде және оң жақ қарыншада. Оң жақ қарыншалық жүрек жетіспеушілігінде, қысым оң жақ жүрекшеде көтеріледі және үлкен қан айналым шеңбері веналарда жоғарылайды.
Миокардтың систолдық жиырылуында және диастолдық босаңсуында жылдамдық төмендейді, изометриялық кернеу кезеңінің ұзақтығы көбейеді және тірідей жүрек систолы артады, негізінен осымен көрінеді.
Достарыңызбен бөлісу: |