63. Қалқанша безінің патологиясының айқын бұзылуы. Гипотериоз және гипертиреоз.
Қалқанша без (glandula thyroidea, лат. glandula - без, гр. thyreos —қалқан) - шеткі ішкі секреция безі. Қалқанша без сырты дәнекер ұлпалық қапшықпен қапталған. Қапшықтан қалқанша без ішіне таралатын дәнекер ұлпалы перделіктер без паренхимасын бөлікшелерге бөледі. Бөлікшелер көптеген көпіршіктерден (фолликулдардан) тұрады. Фолликул қуысын құрамында күрделі протеин — тироглобулин болатын қоймалжың зат — коллоид толтырып тұрады. Фолликул қабырғасын екі түрлі клеткалар құрайды. Тироциттер және парафолликулалы немесе К-жасушалар. Тироциттер ұлпалардың дамуына, өсуіне, протеиндердің, көмірсулардың, майлардың, йодтың алмасуына әсер ететін, құрамында йод болатын тироксин және трийодтиронин гормондарын бөліп шығарады. Азық құрамында йод жетіспесе, онда жануарлар организмінде эндомиялық зоб ауруы өршиді. Парафолликулалы клеткалар қандағы кальцийдің мөлшерін азайтатын, құрамында йод болмайтын кальцитонин гормонын бөледі.
Қалқанша бездің құрылысы мен қызметі
Қалқанша без барлық омыртқалы жануарларда болатын ішкі секреция бездерінің ішіндегі ең ірісі. Қалқанша без көмекейдің алдыңғы жағына орналаскан. Ересек адамдарда оның салмағы шамамен 30-60 г, пішіні таға тәрізді, бірімен-бірі өзара байланысқан екі бөліктен тұрады. Қалқанша безде іші шырышты затқа толы қуыстар бар. Шырышты заттан тироксин гормоны бөлінеді, ал оның құрамында йод болады. 50 жастан әрі қарай калқанша бездің салмағы мен мөлшері кішірейеді. Жаңа туған баланың қалқанша безінің салмағы 1-2 г.
Қызметі:
1) тироксин гормоны барлық зат алмасуға (нәруыз бен май) қатысады;
2) ағзаның өсуі мен дамуына әсер етеді;
3) жүйке жүйесі мен жүрек жұмысының қозуын арттырады. Қалқанша бездің қызметі бұзылғанда пайда болатын ауытқулар. Қалқанша безден бөлінетін гормондар жетіспесе, адам микседема (грекше «myxa» - шырыш және «oidema» - ісіну) ауруына шалдығады.
Аурудың белгілері:
1) ағзада зат алмасу 30-40%-ға дейін бәсеңдейді, әсіресе нәруыз алмасуы бұзылады;
2) терінің астына су жиналады, тері құрғап, дене ісінеді;
3) дене температурасы төмендейді;
4) жүрек соғысы баяулайды;
5) қозғалысы бәсеңдеп, ойлау қабілеті нашарлайды; шашы түсіп, сирейді.
Ауруды тироксин гормонымен емдейді. Тироксин гормонының синтезделуі ағзада йодтың болуына байланысты. Адам йодты, йодты калий, йодты натрий түрінде тағаммен қабылдайды. Адам денесінде 30-50 мг йод болса, соның, шамамен 15 мг қалқанша безде кездеседі.
Гипертиреоз – қалқанша безінің гармонын әдеттегіге қарағанда көп бөле бастауы. Басқаша айтқанда, гипертиреоз гипотиреозға қарама-қарсы ауру. Қалқанша безі гармондарының төмендеуі ағза жұмысын баяулатса, гипертиреоз кезінде ағза жұмысының қарқыны қатты артады.
Гипертиреоз ауруына шалдықтыратын әрекеттер:
Йодты мөлшерден тыс қолдану; Гипотиреозды емдеу; Гипофиз ауруы. Қалқанша безінің гармондарды шектен тыс көп бөлуі ағзаның барлық жұмысын қарқынды түрде жүргізетіндіктен, жүректен бастап, барлық ағзаға кері әсерін тигізеді.
Гипертиреоздың үш деңгейі бар:
Бастапқы деңгейлі гипертиреоз – қалқанша безінің ауруынан туындайды;
Екінші деңгейлі – түрлі гипофиза патологиясының кесірінен туады;
Үшінші деңгейлі – гипоталамус ауруынан пайда болады.
Науқас адам осының қай деңгейімен ауырса, соған сәйкес ем қолданылады.
Гипертиреоз белгілері:
Жүйке жүйесіндегі өзгерістер: ұйқысыздық, көңіл-күйдің аумалы-төкпелілігі; Тершеңдік; Әлсіздік; Жүректің қатты соғысы; Дірілдеу, әсіресе, саусақтар қатты дірілдейді; Көздің күп болып ісіп кетуі, көзді бір орынға қадай алмау; Арықтау; Іш өту. Жоғарыдағы белгілер біліне бастаса, міндетті түрде эндокринолог-дәрігерге қаралу керек. Бұл ауру қатты асқынбаған болса, емделуге болады.
Бүгінде гипертиреозды емдеудің үш түрі бар:
Консервативті емдеу түрі: препараттар көмегімен емдеу; Радиойодты терапия: радиоактивті йод көмегімен емдеу; Хирургиялық емдеу: наркоз негізінде операция жасау. Көбіне бұл ауруға әйел адамдар шалдығады. Ал аяғы ауыр және бала емізіп жүрген әйелдерді гипертиреоздан емдеу өте қауіпті.
Гипотиреоз – қалқанша без гормондарының жеткіліксіз өндірілуімен сипатталатын ауру. Бұл ауруды, сондай-ақ, қалқанша бездің гипофункциясы деп те атайды. Гипотиреоз –қалқанша бездің белсенділігінің төмендеуімен сипатталатын жағдай, бұл организмнің барлық қызметіне әсер етуі мүмкін. Гипотиреоз кезінде метаболизмнің жылдамдығы төмендейді, бұл ақыл-ой және дене қызметін баяулатады. Гипотиреоздың аса ауыр түрі – микседема,ол шұғыл медициналық көмекті қажет етеді. Себептері Қалқанша без эндокриндік жүйенің маңызды ағзасы. Ол мойынның алдыңғы бетінде, бұғаналардың қосылған жерінен сәл жоғарыда орналасқан. Без организмнің әр жасушасының энергиясын қолдану үрдісін реттейтін гормондарды өндіреді. Бұл үрдіс метаболизм аталады. Гипотиреоз 50 жастан асқан адамдарда, көбінесе, әйелдерде жиі кездеседі. Гипотиреоздың жиі себебі – тиреоидит (қалқанша бездің қабынуы). Тиреодитте ісіну мен қабыну қалқанша бездің жасушаларын зақымдайды. Аурудың мүмкін себептері: Қалқанша бездің аутоиммундық зақымдануы Вирустық инфекциялар (суық тию) немесе басқа респираторлық инфекциялар Жүктілік (босанудан кейінгі тиреоидит) Гипотиреоздың басқа себептері: литий және амиодарон секілді дәрілік препараттар туа біткен ауытқулар мойын немесе ми аумағындағы ісіктердің сәулелік емдеуі қалқанша бездің гиперфункциясын емдеуде радиоактивті йодты қолдану қалқанша бездің бөлігін немесе тұтастай хирургиялық алып тастау Шихан синдромы – гипофиздің бұзылысын туындататын, әйелдердің жүктілік немесе босану кезіндегі мол қан кетуі түрінде болатын жағдай. Гипофиздің ісіктері немесе гипофизде жасалатын операциялар Симптомдары Ерте симптомдары: Қатты нәжіс немесе іштің қатуы Төмен температураға асқан сезімталдық Шаршау немесе тежелу сезімі Ауыр және ұдайы емес етеккір Буындағы немесе бұлшық еттегі ауырсыну Терінің солғындығы немесе құрғақтығы Тұнжырау немесе депрессия Жұқа сынғыш шаш пен тырнақ Әлсіздік Салмақтың артуы Емдеу болмағанда дамитын кеш симптомдар: Дәм мен иісті сезінудің нашарлауы Қарлығу Беттің, қолың және аяқтың ісіңкілігі Сөйлеудің баяулығы Терінің қалыңдауы Қастың жұқаруы Диагностика Тексеру кезінде дәрігер қалқанша бездің өлшемдерінің ұлғайғандығын байқайды. Без қалыпты немесе одан сәл кіші де болуы мүмкін. Тексеру кезінде анықталады: Тырнақтың сынғыштығы Бет пішінінің өзгеруі Солғын немесе құрғақ тері, ұстағанда салқын көрінеді Қол-аяқтың ісінуі Жұқа және сынғыш шаш Қан талдауы қалқанша бездің гормондары ТТГ және Т4 анықтау үшін қажет. Сондай-ақ, анықтауға болады: Қандағы холестерин деңгейі Қанның жалпы талдауы (ҚЖТ) Бауыр ферменттері Пролактин Натрий Емдеу Емдеу қалқанша бездің гормондарының жеткіліксіздігін толықтыруға бағытталған. Көбінесе, левотироксин препараты тағайындалады. Аурудың симптомдарын жоятын және гормон деңгейін қалыпқа келтіретін төмен мөлшерлеме тағайындалады. Егер жүрек аурулары болса, немесе науқастың жасы үлкен болса, дәрігер өте аз мөлшерлемеден бастайды. қалқанша бездің белсенділігі төмен адамдардың көпшілігіне бұл дәріні өмір бойы қабылдау қажет болады. Бастапқы кезеңде дәрігер гормон деңгейін 2-3 ай бойы анықтауды ұсынады. Кейінірек, кемінде, жылына бір рет бақылауға болады. Егер қалқанша без гормонын қабылдайтын болсаңыз, келесі ережелерді ұстаныңыз: өзіңізді жақсы сезінгенмен, дәрі қабылдауды тоқтатпаңыз. Дәрігердің тағайындауына сай қабылдауды жалғастырыңыз. Дәрінің таңбасы өзгерсе дәрігерге хабарлау қажет. Қалқанша без гормонының деңгейін анықтау қажет болуы мүмкін. Тұтынатын тағам өнімдері препараттың организмге сіңуіне әсер етуі мүмкін. Соя өнімдерін көп тұтынсаңыз немесе талшығы мол емдәм ұстанатын болсаңыз, дәрігермен кеңесіңіз. Қалқанша без препараттары аш қарынға және басқа дәрілерден 1 сағат бұрын қабылдаса, жақсы әрекет етеді. Препаратты ұйқы алдында қабылдайтын болсаңыз, дәрігермен кеңесіңіз. Зерттеулерге сай препаратты ұйқы алдында қабылдау күндізгіге қарағанда организмге дәріні жақсы көтеруге мүмкіндік береді. Қалқанша без гормондарын қабылдағаннан кейін өт қышқылдарын байланыстыратын, құрамында тағамдық талшықтар, кальций, темір, полидәрумендер, алюминий гидроксиді антацидтері, холестипол бар дәрілер немесе тағамдық қоспаларды қабылдау үшін 4 сағат күтіңіз. Қалқанша бездің препараттармен алмастыру емдеуі кезінде келесі симптомдар пайда болса, дәрігерге қабылдаңыз, бұл препараттың мөлшерлемесінің тым жоғары екендігін көрсетеді: Жүрек соғуының жиілігі Тез салмақ жоғалту Мазасыздық немесе дірілдеу Тершеңдік Болжамы Көптеген жағдайда дұрыс емдеуде тиреоидты гормондардың деңгейі қалпына келеді. Науқас өмір бойы қалқанша бездің препараттармен алмастыру емдеуін қабылдауы мүмкін. Мүмкін асқынулары Микседематоздық кома – гипотиреоздың аса ауыр түрі, ол сирек кездеседі, тиреоидты гормондардың деңгейі өте төмен мәнге төмендегенде дамиды. Емделмеген гипотиреозы бар адамдарда бұл инфекцияның, басқа да аурудың, суықтың немесе кейбір дәрілердің әсерінің салдарынан туындауы мүмкін. Микседематоздық кома шұғыл медициналық жәрдемді және аурухана жағдайында емделуді қажет етеді. Кейбір науқастарға оттегі, тыныс алу қызметін қолдау (вентиляция), көктамыр арқылы сұйықтық енгізу, қарқынды күтім жасау қажет болады. Микседематоздық команың симптомдары: Дене температурасының төмендеуі Тыныс алудың бәсеңдеуі Төмен артериалдық қысым Қандағы қант деңгейінің төмендігі Тітіркендіргіштерге серпіннің болмауы Орынсыз немесе тән емес көңіл-күй Емделмеген гипотиреозы бар адамдарда келесі қауіптер артады: Инфекциялар, бедеулік, жүктіліктің үзілуі, туа біткен ақаулары бар сәбилердің дүниеге келуі Төмен тығыздықты липопротеидтердің («нашар» холестерин) жоғары деңгейінің салдарынан жүрек-қантамыр аурулары Жүрек қызметінің жеткіліксіздігі
Достарыңызбен бөлісу: |