31. Физиология ұғымы,бөлімдері


Гастрит кезіндегі морфологиялық сипаттама. Этиология. Жіктелуі



жүктеу 223,32 Kb.
бет34/57
Дата16.05.2020
өлшемі223,32 Kb.
#30475
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   57
Физиология жауаптар экзамен

62. Гастрит кезіндегі морфологиялық сипаттама. Этиология. Жіктелуі.

Асқазан алуан түрлі қызмет атқарады:асты механикалық және химиялық жолмен өңдейді,оны жинақтайды(эвакуация),ферменттер,тұз қышқылы мен шырыш және В12 дәруменнің сіңірілуіне қажетті Каслдің ішкі факторын бөледі.

Асқазанның негізгі жасушалары пепсиннің із ашары – пепсиногенді түзсе , қоршама жасушалар -тұз қышқылын,қосымша жасушалар-шырыш(муцин) бөледі. Олардың жиынтығы асқазан сөлі деп аталады.

Асқазан сөлінің ферменті -пепсин.

Тұз қышқылы бар жерде пепсиногенпепсинге айналып , астағы нәруыздарды пептондар мен альбумозаға дейін ыдыратады.

Асқазанның сөл бөлу әректінің бұзылу түрлері –гиперсекреция және гипосекреция.

Гиперсекреция – асты қорыту қуатының артуы. Ол ойық жаралы ауруда , АКТГ көп бөлінгенде орын алады. Нәтижесінде ,эрозялар қалыптасып ,эвакуация тежеледі.Клиникалық бейнесіне лоқсық құсу,қыжыл тән.

Гипосекреция – асқазан сөлінің қышқылдылығы мен асты қорыту қуаты төмендейді ; асқазанның кілегейлі қабықшасында атрофия орын алғанда байқалады.

Асқазанның бездері азайып ,кілегейлі қабықшасы жұқарады.

Ахилия- сөл бөлінуінің толық тоқтауы. Ол атрофиялы гастритте ,асқазан обырында және эндокриндік ауруларда орын алады.

Асқазан ауруларымен сырқаттардың көбінің тәбеті мен дәмді сезуі бұзылып ,кекірік ,қыжыл байқалады, лоқсып (жүрегі айнып), құсады,эпигастрилік аймақ ауырып қан кетеді. Бұл өзгерістер жиынтығы диспепсия деп аталады. Кекірік ,қыжыл ,лоқсу -асқазанның қозғалыс әрекетінің бұзылуымен байланысты симптомдар.

Қыжыл-асқазанның қышқыл сөлі кері айдалғандықтан , өңештің төменгі бөлімінде пайда болатын, оны күйдіргендей сезім.

Кекірік – жұтылған ауа немесе асқазандағы ас ашығанда немесе шірігенде түзілген газдардың шығуы.Әдетте , сөлдің қышқылдылығы төмендегенде байқалады.

Лоқсу- жиырылу толқыны асқазан ішіндегіні өңеке қарай кері жылжытқандағы (антиперистальдика) сезім. Бұл гастритпен , асқазан ісігімен сырқаттанатындарда кезбе жүйке тітіркенгендіктен , көбіне ас ішкеннен кейін туындайтын рефлекстік әрекет.

Құсу – асқазаның қабырғасындағы және басқа бұлшықеттер қуатты жиырылып , асқазандағы ас жентегінің ауыз арқылы шығарылуы . Құсу әрекеті асқазандағы рецепторларды уытты заттар, алкоголь , т.б себептер тітіркенгендіргендіктен дамиды. Құсу әрекетінің орталығы мидың тіні су сіңіп ісінгенде, шайқалғанда немесе уланғанда қозады.Асқазан ауруына тән басты симптом-ауыру сезімі.

АСҚАЗАН АУРУЛАРЫ

Асқазан ауруларының ішіндегі ең маңыздылары-гастрит ойық жаралы ауру және обыр.

Гастрит-асқазанның кілегейлі қабықшасының қабынуы .Ол жедел және созылмалы нысандарға бөлінеді.

Жедел гастрит асқазанның кілегейлі қабықшасына уытты факторлар әсер еткенде дамиды.

Жедел гастрит төмендегідей нысандарға жіктеледі:

Катарлы (жай )гастрит – ұйымалы – шырышты экссудат түзіліп ,эпителии сыдырылып , эрозиялар қалыптасады;

Фибринді гастрит – қабынған кілегейлі қабықшаның үстін фибринді қабыршық басады;

Іріңді (флегмоналы) гастрит – оның дамуына жарақат ,ойық ,жара ,обыр себеп болады.Асқазан қабырғасының барлық қабаттары мен оның айналасындағы тіндер қабынады;

Некрозды (коррозиялы) гастрит -асқазанның кілегейлі қабықшасын химиялық заттар күйдіргенде дамып , кілегейлі қабықша мен оның астындағы тіндерді некроз шарпиды.

Жедел гастриттің ақыры -айығу немесе аурудың созылмалы нысанына ұласу.

Созылмалы гастриттің дамуын қоректенудің мерзімдік ретінің бұзылуы, уыттану ,гипоксия , аллергия себеп болады. Созылмалы гастриттің даму механизмі ретінде қабыну үрдісінен гөрі- асқазанның кілегейлі қабықшасының жасушаларына қатысты регенерациялық үрдістің қалпынан таюы басты рөл атқарады.

Созылмалы гастриттің екі нысаны бар:

Беткейлік гастрит – беткейлік эпителий жаңғырып (регенерация ),текше пішінді эпителийге айналады.

Атрофиялы гастрит – кілегейлі қабықшаның құрамындағы бездер азайып , ол жұқарады.Оған құрылымдық өзгеріс – метаплазия тән; ішек бүрінің эпителиі пайда болады.Дисплазиялы ошақтар жиі қалыптасып, асқазанда обыр дамуы мүмкін.


жүктеу 223,32 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   57




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау