Иіс сезу анализаторы
Иiс сезу рецепторлары газ тәрізді химиялық қосылыстардан тітіркенеді. Keңсірік қуысының кілегейлі қабыкшасында көптеген иіс сезу рецепторлары бар. Олар газ тәрізді заттың иісінен тітіркенеді. Рецепторларда тітіркеністер әсерінен туындайтын қозу иіс сезу жүйкесі арқылы үлкен ми сыңарларының иіс сезу аймағына барады.
Патологиялық анатомия жөне патологиялықфизиология бойынша сұрақтардың жауаптары
61. Асқазан мен ұлтабар жарасы кезіндегі морфологиялық сипаттама. Асқынулар.
Жара ауруы – созылмалы рецидивті ауру, негізгі белгісі асқазан мен 12 елі ішек қабатында жараның түзілуі болып табылады.
12 елі ішек жарасы, асқазан жарасына қарағанда 4 есе жиі кездеседі. Жаралардың дуоденалды орналасуының басым болуы жас адамдарда, әсіресе ер адамдарға тән.
Асқазан жарасы бар науқастар арасында әйелдер мен еректер қатынасы 1:2, 12 елі ішек жарасы кезінде ол 1:4-1:7болады.
Асқынуы
Жара ауруының асқынуына жарадан қансырау перфорациясы және пенотарациясы, перевисцерит қылтаның тыртықты – жаралы стенозы жараның малигинизациясы жатады.
Қансырау. Клиникалық кофе тұнбасына ұқсас құраммен құсу асқазан жарасында және қора нәжіс – малина түсті 12 елі ішек жарасында байқалады. Кейде жара аурунда қансырау асқазан ішектің қансырауының жалпы сиптомдарының көрініс табады: әлсідік, бас айналу, артериады қан қысымының төмендеуі тері бозғылттығы тура белгілері мысалы милена түсті нежіс бірнеше сағаттан кейін пайда болады.
Пенетрация – асқазан қабаттары тұсынан немесе 12 елі ішек қабаты тұсынан қоршаған ағзаларға жараның өтуі (ұйқы без, кіші сальник, бауыр және өт жолдары және т.б) ауырсынудың кезеңділіге жоғалып, ауырсыну тұрақты, болады, бір аймаққа иррадацияланады(мысалы : бел аймағында ұйқы безге жара пенетрацияланғанда) және дене температурасы - субфибрилді , лейкоцитоз, ЭТЖ інің жоғарлауы байқалады.
Перивицерит – перигастрит, перидуоденит, асқазан немесе 12 елі ішек және көрші ағазармен жабысқақ үрдісі нәтижесінде дамиды. Ауыру интенсивтілігі, әсіресе тойып тамақ ішкеннен кейін, физикалық күш түскеннен кейін, дене температурасының жоғарлауымен: ЭТЖ нің жоғарлауымен байқалады.
Қылтаның тарылуы пилорикалық каналдар немесе 12 елі ішектің бастапқы бөлігінде орналасқан жаралардың тыртықтануы нәтижесінде, сондай – ақ осы аймақтың өтпелі жарасынан операция жасалынған науқастарда дамиды.
Достарыңызбен бөлісу: |