66. Пиелонефрит. Жедел және созылмалы пиелонефрит, асқынулар мен аяқталуы.
Бүйрек ауруы - Пиелонефрит
Пиелонефрит – бүйректің аралық тіндері мен қуысты құрылымдарының инфекциялық себептен қабынуы.
Этиологиясы. Пиелонефритті әр түрлі микроорганизмдер, көбіне ішек таяқшасы дамытады. Қоздырушылар бүйрекке қан арнасы немесе несеп жолдары арқылы түседі.
Пиелонефрттің дамуына иммунитеттің әлсіреуі, зәр жолдарының бітелуі (тас, ісік қысып, т.б.), зәр жолдарына өткізген катетер, жыныстық органдардың аурулары қолайлы жағдай туғызады.
Бұл ауру әйелдерде жиірек байқалады; өйткені уретрасы қысқалау. Қарттарда пиелонефриттің даму қаупі қуық асты безінің гиперплазиясымен байланысты.
Пиелонефрит жедел және созылмалы болады.
Жедел пиелонефрит – іріңді қабыну тән ауру. Инфекция бүйрекке гематогендік немесе уретра мен қуықтан өрлемелі жолмен түседі.
Бүйректің астаушалары мен түбегі фибринді қабынып, толыққанды аралық тініне жасушалар шоғырланады, микроабсцестер мен қан құйылған ошақтар пайда болуы мүмкін. Қуыстарына ірің жиналады. Ауру ұзаққа созылса, өзекшелері атрофия мен дистрофияға ұшырап, сыдырылған эпителий олардың саңылауын бітейді. Бүйрек ұлғайып, тілімі шұбар реңді болады.
Қабынулық үдеріс аяқталса, науқас айығады, ал асқынған жағдайда, қаза болуы да мүмкін.
Пиелонефриттің асқынулық зардаптары: абсцестер бірігіп, бүйректе карбункул қалыптасады; пионефроз дамып, іріңді қалтаға айналады, үдеріс айналасындағы клеткачаға жайылып, паранефроз дамиды.
Зәрді зерттегенде бактериурия, лейкоциттер (пиурия), шамалы протеинурия анықталып, бірен-саран эритроциттер байқалады.
Созылмалы пиелонефрит. Созылмалы пиелонефритке ошақты зақымдар тән. Бүйрек тінінде склероз ошақтары, қабықпен шектелген абсцестер, сонымен қоса, экссудантты қабынған және некрозды ошақтар болады.
Клиникалық бейнесіне уыттыну (интоксикация), қызба, лейкоцитоз тән.
Аурудың ақырында науқас айығады немесе бүйректер асимметриялы бүрісіп, олардың қуыстарының сиқы бұзылады (деформация). Ауру асқынған жағдайда, науқас қаза болады.
67. Жүректің қабыну аурулары. Миокардит, Эндокардит. Этиология Аяқталуы.
Жүректің қабынулық аурулары
Жүректің қабынуының себептері әрр түрлі инфекциялар және интоксикациялар.Эндокардтың қабынуы эндокардит деп аталады,перикардтың-перикардит,барлық қабықтарының қабынуы-панкардит деп аталады. Қабынулық процесс жүректің бір қабатын зақымдауы немесе барлық қабатын қамтуы мүмкін.
Эндокардит
Эндокардтың қабынуы әлбетте оның белгілі бір бөлігіне жайылады – жүрек қақпақшаларына немесе хордаларына немесе жүрек қуыстарының қабырғаларына. Клиникада маңызды болатын,көбірек кездесетін қақпақтық эндокардит.Кейбірде қақпақ альтерациясы оның ойық жарасына одан әрі тесілуіне әкелуі мүмкін. Қақпақшаның диструкциясы болған жерде тромбалық масса жасалады ол сүйел пішіндес немесе полип пішіндес болады. Қабынулық жарақат склерозбен,қалыңдаумен,деформациялармен аяқталады, қақпақшалар жарақаттарының бір-біріне жабысуы да мүмкін,осылардың бәрі ақыр соңында жүрек кемістігіне әкеледі.
Эндокардит өзіне себеп болған аурудың асқынуына әкеледі,яғни ол жүрек қызметінің бұзылуына себеп болады. Сонымен қатар қақпақшаларға жабысқан тромбалық қатпарлар, тромбоэмболия пайда болу көзі болуы мүмкін.
Аяқталуы. Қақпақтық эндокардиттердің аяқталуы жүрек кемістіктері, сонымен бірге жүрек жетіспеушілігі (жедел,әлбетте ол жиі созылмалы) болып табылады.
Миокардит
Жүрек бұлшықетінің қабынуы әр түрлі дерттерді асқындыруға әкеледі.Өзі өз бетінше дара дерт бола алмайды.Миокардиттің пайда болуында жүрек бұлшықетін инфекциялық жарақаттар, вирустармен,реакциялармен,бактериямен болады,олар миокардитқа дейін қанағысы арқылы жетеді. Қай түрінің басым болуына байланысты миокардит фазалары альтеротивтік , эксудативтік және продуктивтік деп аталады.
Миокардиттердің соңы. Жіті ағымдық экссудативті және продуктивті миокардиттер, жіті жүрек жетіспеушілігі дамуының себебі болады. Созылмалы ағымдық болғанда олар диффуздың кардиосклерозға әкеледі, ал ол, өз кезегінде созылмалы жүрек жетіспеушілігіне әкеледі.
Осы ақаулардың нәтижесінде жүректің лақтруы бұзылады,жүректің бір немесе басқа бөліктерінде қанның іркілуі пайда болады, осыған байланысты жетіспеушіліктің орнын толтыру мақсатында жүрекше және қарынша миокардының жиырылу күші жоғарылайды және миокардтың компенсаторлық ниперторфиясы дамиды.
Достарыңызбен бөлісу: |