31. Физиология ұғымы,бөлімдері



жүктеу 223,32 Kb.
бет29/57
Дата16.05.2020
өлшемі223,32 Kb.
#30475
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   57
Физиология жауаптар экзамен

Көру анализаторы

Адамның көру мүшесі - көз. Ол арқылы адам сыртқы ортадан ақпарат қабылдайды. Сыртқы ортадан қабылданатын ақпараттың 80-90%-ы көру мүшесі арқылы жүзеге асады. Көз арқылы адам өзін қоршаған заттарды, әр түрлі денелерді, олардың пішінін, түрін, түсін, қимылын, құрылысын қабылдайды.Көру анализаторының рецепторлары жарық кванттары әсерінен қозады. Көру орталығы үлкен ми сыңарлары қыртысының шүйде аймағында орналасқан. Көру мүшесі көз алмасы және қосалқы мүшелерден тұрады.Көз алмасы - шар тәрізді мүше. Ол бас сүйектегі көз шарасында орналасады. Көздің қосалқы мүшелеріне көзді қозғалтатын бұлшық еттер, қабақ, кірпік, қас, жас безі жатады. Көз бip жағынан бас сүйектегі көз шарасына бекініп, екінші жағынан көз алмасындағы ақ қабықтың үстіңгі бетіне орналасқан бұлшық еттің көмегімен қимылдайды. Көздің алдыңғы екі жағын екі қатпардан тұратын тері қабықпен қоршайды. Мұның ішкі бетін сілемейлеген көздің дәнекер қабығы астарлайды. Көздің қиығында орналасқан бездің өзекшесі арқылы шыққан жас көз алмасының бетін ылғалдандырып тұрады және көзге түскен бөгде заттарды жуып шығарып, көздің ішкі бұрышындағы жас ағатын өзекшенің бойымен кеңсірікке ағады. Кірпік, қас көздi шаң-тозаңнан, терден қорғайды.

Көз алмасы, негізінен, үш қабаттан тұрады:


  1. сыртқы - ақ қабық

  2. ортаңғы - тамырлы қабық

  3. iшкi - торлы қабық.

Ақ қабықша тығыз дәнекер ұлпадан тұрады. Ақ қабықтың алдыңғы сыртқа қарап тұрған бөлiгi қасаң қабық деп аталады. Ол – мөлдір қабық, жарықты еркін жақсы өткізеді.

Тамырлы қабықта көздi қоректендіретін көптеген қан тамырлары орын алады. Қабықтың iшкi бетінде жарық сәулесін сіңіріп алатын бояғыш зат қабаты пигмент бар. Көздің алдыңғы жағында ол қалыңдап, кірпікті дене құрайды. Мұнда кірпікті бұлшық ет болады. Бұлшық еттің жиырылуы әсерінен көз бұршағының түрі өзгеріп отырады. Кірпікті дене нұрлы қабықпен жалғасады. Нұрлы қабықтың аралығында бояу жасушалары болады. Осы бояу жасушаларының әсерінен көздер түрлі түсті (ашық көк, көгілдір, күңгірт қызыл, қоңыр, қара) болып келеді. Нұрлы қабықтың ортасында жарық ететін тесік орналасады. Оны көздің қарашығы деп атайды. Қарашықты айнала сақиналы бұлшық еттер орналасады. Бұлшық еттер жиырылғанда, қарашық тарылады. Нұрлы қабықтың бұлшық eттерi созылғанда, қарашықты кеңейтеді. Қарашық рефлексті түрде жарық көзінде кеңейеді.Қасаң қабық пен нұрлы қабықтың арасында көздің алдыңғы қуысы бар. Қарашықтың артқы жағында линза тәpiздi көз бұршағы орналасқан. Оның қызметі cәyлeлepдi жинақтап торлы қабықтың арнайы бip орнына бағыттау.

Торлы қабықта жарық сезгіш жасушалар - таяқшалар мен сауытшалар орналасады. Адамның көзiндe шамамен 130 млн таяқша мен 7 млн сауытша болады. Таяқша тәpiздi жасушалардың көмегімен адам түнде заттардың пішінін көріп ажыратады, бipaқ заттардың түстерін ажырата алмайды. Ал сауытшалардың көмегімен адам күндiз заттарды анық көріп, олардың түстерін ажыратады. Бұл қабылдағыштардағы аралық нейрондармен жалғасқан жүйке талшықтары көз жүйкесін түзeдi. Көз жүйкесінің көзден шығатын жepiндe қабылдағыштар жоқ, сондықтан ол жарыққа сезімталдық қасиетінен айырылған. Бұл жерді соқыр дақ деп атайды. Қозу көз жүйкесі арқылы мидың шүйде бөлігіне бағытталады.


жүктеу 223,32 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   57




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау