Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
№86 жалпы білім беретін орта мектеп
Шопаева Саяш Дуанбековна
қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
тақырыбы: Мәтінмен жұмысты ұйымдастыру арқылы оқушылардың
танымдық қабілетін арттыру.
Бастауыш мектеп – оқушыны тұлға етіп қалыптастырудың алғашқы баспалдағы.
Бүгінде тек сауатты, белсенді, жақсы оқушыларды оқытып шығару жеткіліксіз. Мектеп қабырғасынан өз бетінше өмір сүре алатын шығармашыл – азаматтар шығару басты мақсат. Мұндай мақсатты орындауда үздіксіз білім беру ісінің алғашқы сатыларының бірі болып саналатын бастауыш мектептің алатын орыны ерекше.
Жас ұрпаққа саналы тәрбие беруде үлкен рөль атқаратын қуатты тәрбие құралының бірі – көркем шығарма, оның ішінде мәтінмен жұмыс.
Бастауыш сыныптардағы оқыту мазмұнында ерекше орын алатын пән – ана тілі.
Ана тілін оқытудың негізгі мақсаттарының бірі – оқушылардың сөздік қорын, ауызша және жазбаша сөйлеу тілін, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру болып табылады.
Бағдарламада мәтінмен жүйелі түрде жұмыс жүргізу көзделген. Мәтінмен жұмыс бір жағынан оқушылардың сөйлеу дағдысымен машығын қалыптастырудың негізі болса, екінші жағыныан, тілдік лексикалық және грамматикалық жақтарының алуан түрлі қыр – сырларын жан – жақты талдап, жинақтай білуге, олардың өзара бірлікте болатынын байқауға мүмкіндік береді.
Бастауыш сыныпта оқушылар әр алуан мәтін түрлерімен (әңгімелсу, сипаттау, талқылау) танысады., оларды дұрыс құрастырып айтуға және әдеби ғылыми танымдық мәтіндерінің ерекшеліктерін үйренеді. Мәтінмен жұмыс жүргізу барысында көбінесе дамытушылық оқытуды жүзеге асыру үшін « топтық жұмыс » түрін қолданамын. Топтарға мынандай тапсырма түрлерін беремін.
1 – тапсырма
Мәтінді түсініп оқып, негізгі ойды анықта.
Мұнда оқушылардың мәтіндегі басты оқиға туралы баяндау дағдыларын қалыптастырады. Мәтіндегі негізгі ой мен оның тақырыбын таба білуге үйрету, яғни « Ойлау болған жерде – тіл де болады ».
2 – тапсырма
Мәтінді бөліктерге бөліп, әр өлімге ат қою немесе жоспар құр.
Жоспар құру, мәтіндегі негізгі ойды өрнектейтін сөздерді табу жұмыстары оқушылардың логикалық қабілеттерін дамытады, оларды болашақта физика, география, тарих сияқты пәндерді меңгеруге дайындайды.
3 – тапсырма
Мәтіннен зат есім, сын есім, етістік түрлерін тауып жаз. Мұндағы мақсатым кіріктірілген әдісін қолдану барысында қазақ тілі пәнінен алған білімдерін ұштастыру.
4 – тапсырма
Осы мәтінге байланысты мақал – мәтелдер, нақыл сөздер немесе өз пікіріңді айт.
Берілген тапсырманың тәрбиелік мәніне көбірек көңіл бөлемін. Мәтіндердің тәрбиелк маңызы орасан зор. Ана тілі сабақтарында педагогиканың түбегейлі мақсатын шешуге болады: «оқытып тәрбиелеу, тәрбиелеп оқыту».
5 – тапсырма
Мәтінді өзін жалғастырып айт.
Аяқталмаған мәтінді логикалық ойды бұзбай жалғастырып айту оқушының шеберлігін байқатады, қиялын дамытады.
6 – тапсырама
Жүз деген сөзді пайдаланып зат есім, сан есім, етістік болатындай етіп сөйлем құра.
7 – тапсырма
Сөздік жұмысы
Мысалы: а) Қос тебіннің орталау тұсына тігіледі. Қос деген сөздің мағынасы басқа сөздердің мағынасына байланысты табылады. Оқушылар «тігіледі»деген сөзге сүйеніп, қос киіз үй сияқты үй деп шешеді. Оқушылар бірден сөз тізбегін жасайды, яғни синоним тізбегін құрады.
ә) Күшейтпелі мәнде қолданылатын кейбір тұрақты сөз тіркестерін мәтіннен тауып, мағынасын түсіндіреді.
Тап – таза - айнадай, тілмен жалағандай.
Қатты ұялу – жерге кіріп кете жаздау.
Шап – шақ – құйып қойғандай.
Бұл тапсырмада оқушылар өздері тақырыпты белгілі бір топтарға бөлу, сөздің мағынасын түсіндіру, оны мағыналас сөзбен алмастыру жұмыстары оқушының іс – әрекет үстінде жаңа сабақты өз бетімен түсінуге жеңілдік жасайды. Осындай жұмыс түрлерін оқушылар жиі қолданады. Бұл жұмыс түрлерін оқушыларға шығармаларды талдауға, түсінуге көмегі көп.
Осы технологияны сабақта қолдана отырып мынандай тиімді жақтарының барын байқадым.
әр оқушы өздігінен жұмыс істеуге дағдыланады
оқушының жеке қабілеті айқындалады
іштей бір – бірінен қалмауға тырысады
тапсырманың күрделену деңгейіне сәйкес оқушының ойлау қабілеті артады
әр бала өз деңгейіне, қабілетіне қарай бағаланады
сынып оқушылары толық бағаланады және әр оқушы өзінің алатын бағасын біліп отырады
жұмыс дәптерлерінің соңына әр деңгейде орындағаны жайлы белгі қойып, жинаған ұпай санын оқушылар өздері жазып отырады
даму мониторингін құрып, оқушының дамуынн қадағалауға және ата – анасымен байланыс жасауға жеңілдік туғызады
бір ғана сабақта бернеше түрлі тапсырмалар орындалады.
Қорыта айтқанда «Мәтін – сөйлеу процесінің жеңісі». Ол тілді жүйелі қолданудың барысында ғана пайда болады. Мәтінмен жұмыс кезінде «Диалогтық технологиялар» сандар көп кездеседі.
Диалогтық тенологиялар - субъект - субъект деңгейінде: « оқушы – оқытушы » , «оқытушы – автор », « оқушы – автор » дидактикалық жүйелерде әрекет ететін диалогтық ойлауға негізделетін оқытудың әдісі мен ұйымдастыру әдісі болып табылады.
Ана тілі сабақтарында балалардың оқу әрекетін жоспарлағанда олардың орта буында мәтінді талдау жұмысында дайын болуын көздеймін. Л. С. Выготскийдің ойынша «Тәрбиелеу оқушыны емес , оқушы өзін тәрбиелейтіндей етіп ұйымдастыру керек». Сондықтан оқушыларға білім берумен шектелмей, өз бетімен білім алу әдісін беру қажеттілігіне көзім жетті.
Достарыңызбен бөлісу: |