Дәннің. Мәдени дақылдардың эколого-географиялық сисТақырыптикасы.
3.1 Ботаникалық сисТақырыптика және өсімдік формаларының өсу ерекшеліктері
3.2 Н.И.Вавиловтың эколого-географиялық сисТақырыптикасының схемасы
3.1 Ботаникалық сисТақырыптика және өсімдік формаларының өсу ерекшеліктері
СисТақырыптикалық бірліктің негізгісі - түр болып табылады. Бір түрге жататын дербес өсімдіктер ұқсас касиеттерге ие болып, өзара жеңіл будандасып, жемісті тұқым береді. Нақты жағдайда олар тіршілікке тез икемделіп, мұның нәтижесінде егіс себілетін ауданға жерсініп кетеді.
Ботаникалық сисТақырыптика түрлі таксономиялық бірліктің ұқсастығы, өзгешелігі және шығу тегі туралы мәлімет бергенмен, бұл тәжірибелік селекция үшін жеткіліксіз. Ботаникалык әр түрлілікке жататын бір өсімдіктің өзі түрлі геофафиялык жағдайда бейімделуіне байланысты: құрғақшылыққа, төмен температураға төзімділігі, ауруларға шалдығуы мен зиянкестерге бой алдыруы мен биохимиялық қасиеттері жағынан бір біріне ұқсамайды. Сонымен бірге екі формадағы өсімдік әр түрліге жатқанымен, биологиялық ерекшеліктерінің ұқсастығымен сипатталады.
Бір түрге жататын осімдік формаларыньщ биологиялық қасиеттері бойынша ерекшеленуіне байланысты селекцияда өте маңызды ұғым - экологиялық тип немесе экотип ұғымы қалыптасқан. ЭКО -ТИП (грекше eikos - үй, тұрғын жай, tipos - орын) өсімдіктің ұрпақ куалау тұрақтылығынан, топырақ-климат жағдайына және қалыптасқан тіршілікке бейімделген формасы.
Өсімдіктің өзара байланысын және қоршаған орта, экотиптердің қалыптасуы зандылығын зерттейтін ғылым - экология деп аталады.
Экология өсімдіктің үш экотипін анықгайды: ксерофит, гигрофит және мезофит, құрғақшылық жерлерде өсіп-өнуге бейімделген өсімдік - ксерофильді, ылғалы мол жерлерде өсетіңдер - гигрофильді, орташа (жеткілікті) ылғалды жерде өсетіндер - мезофильді деп аталады.
Селекциялық жұмыста табысқа жету үшін бір өсімдік формаларының түрлі топырақ-климат жағдайда өсу ерекшеліктерін білу аса кажет. Оған мынадай маңызды көрсеткіштер катысты:
вегетациялык кезеңнің ұзақтығы;
дамудың жеке кезендерінің өтуі - вегетациялық кезеңнің құрылымы;
өнімді анықтайтын сандық белгілер, өнім құрылымы (дәннің саны мен салмағы және баскалары);
вегетациялык, белгілері (сабақ ұзындығы, жапырағы түрлі зиянкестерге бейімділігі);
құрғақшьшықтың түрлі формадағы көрінісіне төзімділігі (топыратағы, атмосферадағы көктемгі және жазғы төзімділігі);
төмен температура әсеріне қатысы(күздік өсімдік үшін қысқа төзімділігі);
гүлдену ерекшеліктері (ашық, жабық түрде, температура және ылғалдылығы бірдей емес жағдайда гүлдену түрлерінің өзгеруі);
8) зиянкес құрамының тегіне қарай аурулардың түрлеріне қоздырушыларға төзімділігі;
9) зиянкестерге төзімділігі;
өнімді механикалық жинауға икемін анықтайтын: жатып қалмау, шашылмау белгілері бойынша төзімділігі;
өнімнің биохимиялық құрамы (белок, кант, крахмал, май құрамының өзгергіштігі);
ылғалды жағдайга қатысты дамудың ксерофильді, гигрофильді немесе мезофильді типтері.
Түрлі географиялык формадағы өсімдіктер әртүрлі жағдайда өсіп-өнуіне байланысты экологиялық форма ретінде сүрыпталу жолымен бейімделеді. Сондықтан географиялық формалар экологиялық формалар ретінде каралады.
Дарвин іліміне толык, сәйкес келген эколого-географиялық сисТақырыптика, мәдени өсімдіктердің түрлі географиялық жағдайда эволюциялық өсуі адамның өндірістік кызметімен: сұрыптау және өсіру ісімен байланысты.
Мәдени өсімдіктердің эколого-географиялық сисТақырыптикасы негізін қалаған - академик Н.И.Вавилов. Ол эколого-географиялық топтарға қарай түрлердің дифференциациялық заңдылығын анықтады. Әрбір эколого-географиялық топ барлық дақылдар үшін біріңғай табиғат-географиялық жағдайда сұрыпталу әсерінен қалыптасқан белгілердің ұқсастығымен сипатталады.
Достарыңызбен бөлісу: |