Силлабус Каримов Мухтарбек Карпыкович тарих ғылымдарының кандидаты



жүктеу 62,5 Kb.
Дата20.11.2018
өлшемі62,5 Kb.
#22253

Силлабус

Каримов Мухтарбек Карпыкович

тарих ғылымдарының кандидаты
0102 IZS

Қазақстан ресбупликасының мемлекет және құқық тарихы

3 кредит
Қазақстан ресбупликасының мемлекет және құқық тарихы

міндетті түрде оқытылатын пәндер курсына жатады. ҚР МҚТ-ың теориялық және практикалық тұрғыдан оқып зерделеудің маңызы өте зор. Олай болатын жөні бар. Бұл пәннің қарастыратыны халықтардың бұрынғы замандарда басынан кешкендерін яғни, тарихи зердесін ғылыми тұрғыдан екшеп, оқып барып зерттеуге жұмылдырады.

Қазақ халқының мемлекет және құқығы тарихы ежелгі уақыттан бүгінгі таңға дейін бүкіләлемдік тарихында маңызды рөл атқарады. Сондықтан бұл пәнді оқу жастар санасының тарихи қалыптастырылуына үлкен әсер етеді.

Солай болған себепті бұл ғылым мен оның пәні ХХІ-і ғасырда жұмыс атқаратын заңгер мамандарды, яғни мемлекеттік болашақ қызметкерлерді өмір сұраныстарына қажетті білімдермен қаруландырады. Сөйтіп экономикалық қайта құру (реформа) мен саяси болмыста азаматтар құқықтарын қорғау ісін демократияландырудың конституциялық идеяларын ҚР-сында жүзеге асырып орнықтыруға теориялық әрі практикалық көмегін көрсетеді.

Мемлекет пен құқықтағы кез келген құбылыстың дамуындағы болашақ өзгерістерін, олардың белгілерімен мәндерін, қалай, қандай факторлар туындатқандығын, қандай сатылардан өткендігін, қайсы бағытта дамып бара жатқандығын анықтап, түсініп алуға қажетті кілті тауып алмай тұрып ол құбылыстарды шынайы түрде толық түсініп ұғынудың сәті түсе қоюы сіра да мүмкін болмайды.

және «Саяси пән құқықтық ілімдер тарихы» курстары кіреді.

Пән курсын оқып зерделеудің мақсаттары мен міндеттері.


  • Әр түрлі халықтардың қилы кезеңдердегі ру-тайпалық ұйымдасуларының ыдырауынан бастап қазіргі кезге дейінгі мемлекеттік нысандары мен құқықтық институттары туралы салыстырмалы-тарихи тұрғыда зерде талқысынан екшелініп өткен ғылымда орныққан негізгі білімдерді студенттер назарына ұсыну;

  • Мемлекет және құқық мәселесін талдауға, нақты құқықты ұғып-түсінуге, қолданыстарда ол туралы заң аясына сыйымды айрықша ой-пікір түюге қажет дағдыларды студент санасында қалыптастыратын кең ауқымды даярлықтан өткізу мүддесіне қызмет ету;

Өз ықтиярымен, кездейсоқ себептердің салдарынан немесе мемлекеттік құқықтық қызмет субъектісі болғаны себебінен істі болған адамдар туралы жөнді (орынды) және ізгі (ізгілікті) ойлау, (ой түю) шеберлігін қалыптастыру, оны дамыту.

Студент білуге тиісті:

  1. Қазақстан аумағындағы алғашқы қауымдық құрылыстың жойылу себептері мен мемлекеттің пайда болуы.

  2. Қазақстандағы мемлекет және құқықтың даму процесі.

  3. Қазақ әдет-ғұрып құқығындағы құқықтың маңызды ескерткіштері.

  4. Аса маңызды мемлекеттік-құқықтық реформалар

Студент мыналарды атқарғанда іскерлік танытуы жөн:

  1. Қазақстанның мемлекет және саяси жүйесінің қалыптастырылу заңдылықтарын айқындауға.

  2. Қазақстан аумағына мекендеп келген көшпенді қоғамдағы мемлекеттік-құқықтық құбылыстардың дамуына ықпал еткен себептерді анықтау.



Пән курсына қойылатын талаптар

Студенттердің оқуға келіп қатысуы есепке алынып отырады. Кешіккен студенттер сабаққа жіберілмейді. Студенттің сабаққа келмей қалуы оның 1 балл жоғалтуына әкеп соғады. Ол оқытушы қатысуымен болатын өздігінше оқуына жіберіледі, бірақ 0,5 балл ол үшін алынып шегеріледі. Ауырғанына байланысты сабақты жіберіп қойған студент, ауырғандығы туралы анықтамасы болса (медицина мекемесімен расталған), жіберіп алған сабағын офис-сағаттар кезінде оқуын өтеуіне құқылы. Өтеу сабағын орындау нысанын ұстаз (оқытушы), яғни өзім белгілеймін. Сабақтар (дәрістер, СОӨЖ жүріп жатқанда сағыз шайнауына, ас-сусын ішуіне, тамақ жеуіне, телефонды қосуына-сөйлесуіне студенттерге қатаң тыйым салынған.

Студенттердің өз бетінше (оқытушының көмегімен) оқуы СОӨЖ әртүрлі нысында (іскерлік ойындар, ауызша пікір білдіру – УО, АПБ) СОӨЖ–ді өткізу нысанын әрбір жағдайға қарай белгілеймін, ол жөнінде алдын ала хабарлап ескертемін.

Пән курсын оқып үйрену барысында ең шағын көлемді сөздік (глоссарий) ұғым-атаулардан түсінік береді. Оларды игеріп меңгерудің дәрежесін семестрде екі қайтара білім тексерісі кезінде балл қою тәсілімен анықталады. Семестр бойы білім сапасын тексеру үш аралық бақылау жүргізіледі. Аралық бақылау болатын күн қосымша хабарланады. Аралық бақылау кезінде дәрістік жазба-сызбаларды және басқаша да дерек көздерін студенттердің пайдалануына тыйым салынады.



Студенттердің білім деңгейін бағалау саясаты
Бағалау белгілері
Лекцияға қатысу - 1 балл

СОӨЖ min 0 балл

max 5 балл

Аралық бақылау min 0 балл

max 10 балл

Сөздік min 0 балл

max 5 балл

Сабаққа кешігу 0,5 балл


Дәрістерге қатысу 15х1=15 балл


СОӨЖ 15х5 =75 балл
Аралық бақылау 3х10 =30 балл
Сөздік 2х5 =10балл
Семестрдегі барынша жоғары балл (МБ) – 15+75+30+10= 130 балл
Пән курсы бойынша ЖБ -130 балл (100%).

Бақылаудың қорытынды нысаны- емтихан. Емтихан тест түрінде жүргізіледі.

Студенттің рейтингісі - семестр кезінде тапсырмалардың барлық түрлерін орындаудан жинақталған баллдардың бүкіл жиынтығынан құралады. Ол баллдар пайыздарға, бұлар болса бағаларға айналдырады.


ЛЕкция жоспары
1 апта. Курстың пәні мен мақсаты. Қазақстан территориясындағы алғашқы қауымдық құрылыс және оның ыдырауы. Сақ тайпаларының қоғамдық – саяси құрылысы.


  1. Курстың пәні, әдістері мен маңызы.

  2. Қазақстандағы алғашқы қауымдық құрылыстың құрылымы мен ыдырауы.

  3. Әскери демократия.

2 апта. Ежелгі ғұндардың мемлекеті.

  1. Ежелгі ғұн империясының құрылуы.

  2. Ғұндардың басқару жүйесі

  3. Ғұндардың құқықтық жүйесі

3 апта. Үйсіндер мен қаңлылардың мемлекеті.

  1. Үйсін мемлекетінің пайда болуы.

  2. Мемлекеттегі басқару жүйесі

  3. Қаңлы мемлекетінің пайда болуы. Басқару жүйесі

4 апта. Түрік қағанаты.

  1. Түрік қағанатының құрылуы.

  2. Қаған билігі

  3. Әскери және сот жүйесі.

  4. Құқықтық жүйесі.

5 апта. Қарлұқ, Қимақ, Қыпшақ, Қарахан мемлекеттерінің, Найман және Керей ұлыстарының қоғамдық-саяси құрылысы

  1. Қарахан мемлекетіндегі саяси-құқықтық жүйесі.

  2. Қимақ мемлекетінің құрылуы мен әкімшілік-аумақтық бөлінісі

  3. Қыпшақ мемлекетінің құрылуы мен мемлекеттік басқару жүйесі

  4. Наймандар мен Керей ұлысының құрылуы мен басқару жүйесі

6 апта. Шыңғысхан империясының саяси жағдайы және ұлы жасақ заңдары

1. Шыңғысхан империясының қоғамдық және саяси жүйесіне сипаттама

2. Шыңғысханның саяси-құқықтық және әскери реформалар

3. Алтын Орданың әкімшілік-аумақтық жүйесі



7 апта. Моғолстан, Әбілқайыр хандығы және Ноғай ордасының саяси құрылысы.

  1. Моғолстанның саяси жүйесі мен салықтық және құқықтық жүйесі.

  2. Әбілқайыр хандығының құрылуы және басқару мен салық жүйесі

  3. Ноғай Ордасының құрылуы мен басқару құрылымы

8 апта. Қазақ Хандығы кезеңіндегі саяси-құқықтық жағдай

  1. Қоғамдық саяси-құрылысы.

  2. Қазақ хандығының әлеуметтік топтары

  3. Қазақ хандығының мемлекеттік құрылысының ерекшеліктері.

9 апта. Қазақ қоғамдық әдет -ғұрып құқығы.

  1. Қазақтың әдет-ғұрып құқығының бастаулары.

  2. Меншік құқығы.

  3. Міндеткерлік құқықтар.

10 апта Қазақстанның Ресейге қосылу барысындағы саяси-құқықтық жағдай

  1. Қазақстанның Ресейге қосылудың негізгі шарттары

  2. Игельстром реформасы

11 апта Қазақстанның Ресейге қосылу барысындағы саяси-құқықтық жағдай

1. Абылайханның ішкі және сыртқы саясаты

2. Орта жүздегі хандық биліктің ыдырауы

12 апта ХХ ғасырдың басындағы Қазақстандағы саяси жағдай.

1. Қазан төңкерісі және оның Қазақстан аумағына тигізген әсері



2. Алашорда Үкіметінің құқықтық шаралары

13 апта Қазақстанда Кеңес өкіметінің орнауы

  1. Қазақстандағы кеңес өкіметінің орнауы мен нығаюы.

  2. 1919жылы қырғыздарды (қазақтарды) басқару жөніндегі революциялық комитет.

14 апта Қазақстандағы Кеңестік мемлекет пен құқық (1946-1980 жылдарда)

  1. Мемлекеттік құрылыс пен мемлекеттік басқару.

  2. Кеңес дәуіріндегі Қазақстан территориясындағы кейбір өзгерістер

15 апта Тәуелсіз Қазасқтан мемлекеті мен құқығының қалыптасуы және дамуы

  1. Қазақ КСР-нің мемлекеттік егемендігі туралы Декларация.

  2. «ҚР мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» 1991 жылғы Конституциялық заңы

  3. 1995жылғы ҚР Конституциясы және оның тарихи-құқықтық маңызы.

жүктеу 62,5 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау