3.2 Н.И.Вавиловтың эколого-географиялық сисТақырыптикасының схемасы
Н.И.Вавилов эколого-географиялық принципке негізделген мөдени дақылдардың ішкі түрлі сисТақырыптикасының схемасын ұсынды:
Түр
Эколого-географиялық түр
Ботаникалық әр түрлілік
Формалар мен сорттар
Эколого-географиялық сисТақырыптика селекционерге мәдени өсімдіктердің орасан сан алуандарының ішінен қажетті формалар мен сорттарды іздеп табуга мүмкіндік береді.
Төртінші дәріс
Дәннің Мәдени өсімдіктерідің шығу орталығы және қалыптасуы
4.1 Н.И.Вавилов ашқан мәдени өсімдіктердің 8 негізгі орталыктары
4.2 ВАСХНИЛ академигі П.М. Жуковский ашқан мәдени өсімдіктердің 4 негізгі орталыктары
4.3 Генетикалық туыстас дақылдардың жабайы өсетін түрлерінің эндемдік географиялық микроорталықтары. (Кішіорталықтары).
4.1 Н.И.Вавилов ашқан мәдени өсімдіктердің 8 негізгі орталыктары
Н.И.Вавилов дүние жүзі өсімдік ресұрстарын зерттеу нәтижесіңде мәдени өсімдіктердің шығу орталығы туралы ілім жасады. Ол жер шарында мәдени өсімдіктердің әр түрлілігі мен шығуына байланысты 8 негізгі орталыкты: Кытай - Жапон, Үңдістан, Орта Азия, Азияның алдыңғы жағы, Жерорта теңізі, Абиссина, Орталық Америка, Оңтүстік Американы бөліп алды.
ВАСХНИЛ академигі П.М. Жуковский Н.И. Вавилов идеясын одан әрі дамытып, мәдени өсімдіктердің шығуы және калыптасуының 12 орталығын (Австралиялык, Африкандық, Еуропа - Сібірлік және Солтүстік Американдық) ашты.
1. Қытай-Жапон орталығы. Екі генетикалық орталықтың алғашқысы қытайлық болып саналады. Жапондық генетикалық
Орталык. қытайлықтың әсерінен кейін пайда болған. Қытай орталығы жеміс түрлері жөнінен бірінші орын алады. Жапоңдық күріш өзінің бастауын осы жерден алады. Бұл дүние жүзілік егіншілік және мәдени өсімдіктердің шығуының ірі орталығы. Мұнда тары, каракүмық, қытайбұршақ, кенеп, бүйракендір, көкөніс, эфирмайы, бояулы жөне дәрілік өсімдіктердің түрлері бар.
Индонезия - Үнді-қытай орталығы. Мұнда күріштің жабайы тетраплоидты түрі, сондайақ егістік япандық түр тармағы, кокос, саго пальмасы, манго және нандық ағаштың бастапкы генетикалық орталығы орналаскан.
Австралиялык орталық. Австралияда мақта өсімдігінің эндемиялық тоғыз түрі табылған. Мұнда табиғатта кездесетін әр эвкалиптің 605 түрінің 500-нің бастапқы шығу орталығы, қарақаттың көптеген түрі және шырын өсімдікті дақылдар, темекінің 21 түрі бар.
Үндістан орталығы. Бұл күріш пен кұрақ қантының отаны, осы жерден нүг, күнжіт, кенеп, үнділік зығыр, көптеген көкөніс, эфир май, бояу және дәрілік өсімдіктер өндіріліп шығарылған.
Ортаазиялық орталық. Бұнда жұмсақ бидайдың көп түрлері дәңді бұршақтылардың маңызды тұрлері - бұршақ, жасымық, ноғатық, нут және бадана өседі. Көптеген майлы өсімдіктер - қына, зығыр, кориандр осы орталыктан тараған. Осы орталықтардың бірінде жоғарыдағы көрсетілгеннен басқа мақсары, кұнжіт, сәбіз, пияз, сарымсақ сияктылар өседі.
Азияның ілгері орталык жағы. Күнгей Кавказда жер шарында бар бидайдың 28 түрінің 18-і табылған, оның ішінде 8 -зі еш жерде кездеспейді. Бидайдың белгілі 650 түр бөлігінің 200-ден астамы Армениядан ашылған.
Кіші Азия мен күнгей Кавказ - негізінен қара бидайдың отаны. Бұл жерде көк жоңышка, люпин, эспарцет, сиыржоңышка және кауынның бірнеше түрі өседі.
7. Жер орта теңіз орталығы. Мүнда қатты бидайдың бірқатар тұр тармақтары, полба, қияқ, сиыржоңышқа, қызылша
топтастырылган. Бұл аудан бидай мен дәнді бұршактылардың екінші орталыгы болып саналады.
8. Африкандык орталық. Мұнда бидайдың ботаникалық өзіндік ұлгілері топтастырылған. Қатты бидайдың бай үлгісі ерекше білінеді.
Бұл орталықтан абиссин сұлысы - табылған. Бұрын белгісіз болтан және баска жерде кездеспеген арпаның 16 түрі өседі, оның сары, көк, кара және көкшіп дәні табылған.
Осы өлкеде зығырдың көптеген үлгісінің шығуының автономды орталыгы бар, ол тек тұқымға пайдаланылады, олардан ұн дайыңдалады. Эфиопия көптеген баданалы дақылдардьщ бұршақ, нүг, жасымық, ноғаттық, люпин өсетін орталыктарының бірі.
Қонақ жүгерінің барлық түрлері Африкадан бастау алады.
Африкандық мақта, африкандық күріш, қарбыз, құрма пальмасы осы жерде шығады.
Достарыңызбен бөлісу: |