2014 жылы орындалған алдын ала болу қорытындылары бойынша ұлттық алдын алу тетігі қатысушыларының жинақталған баяндамасы



жүктеу 0,49 Mb.
Pdf просмотр
бет17/17
Дата20.05.2018
өлшемі0,49 Mb.
#14828
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17

қылмыстық іс қозғалды. Алайда,   кәмелетке толмағанға  қатысты  қатыгез  іс-

әрекет   үшін   мекеменің   күзетшісі   Н.   Құрманбеков   айыпталғандықтан,   оның

әрекеттерінде қылмыстық істің белгілері анықталмады, себебі ол ҚР ҚК 137-б.

көзделген қылмыстың субъектісі болыптабылмайды. Сонымен қатар, күзетші

Н.  Құрманбеков   Әкімшілік  құқық   бұзушылық   туралы  ҚР   Кодексінің   79-3-б.

көзделген   әкімшілік   құқық   бұзушылықтың   белгілері   (денсаулыққа   зиян

келтіру) көрініс тапты, жинақталған материалдар сотқа жолданды.

Кәмелетке   толмаған   Е.   Абдихаримовқа   білім   беру,   денсаулық   сақтау

басқармаларының   мамандары   және   облыстық   психоневорологиялық

аурухананың   психологтары   психологиялық   көмек   көрсетті.   Мамандар

жасөспірімнің өз-өзіне қол жұмсауға бейім екенін растады. Облыстың жетекші

психологтарына   жасөсөпіріммен  жеке  тәрбие   және   психологиялық  жұмысын

жүргізу бойынша міндеті жүктелді. 

6.3. Қорытынды және ұсынымдар

Алдын   ала   болулардың   нәтижесінде   көптеген   мекемелерде   (КБО   мен

арнаулы   мектептерде),   ҰАТ   қатысушыларының   мәлімдемелері   бойынша,

қызметкерлердің штат кестесі көп жағдайда тәрбиеленушілердің санынан асып

кететінін   атап   өту   қажет.   Мүмкін,   аталған   мекемелер   «тәуекел   топтағы»

балаларға немесе тұрмысы қолайсыз отбасылардың анағұрлым көбін қамтып,

оларға көмек көрсете алатындай реформалау керек. 

Барлық   мекемелерде   қызметкерлер   ҰАТ   сияқты   тетіктің   бар   болуы,

сондай-ақ қызметкерлерді балалармен жұмыс жасау дағдыларын тұрақты түрде

оқыту қажеттілігі туралы біле бермейді. Балалар мекемелерінің қызметкерлері

кәмелетке   толмағанның   дұрыс   жолға   тұруына   әділділік   сезімінің

қалыптасуына, әр адамның негігі құқықтарын құрметтеуге ықпалдасуы керек.

Мекемелердің   әкімшілігі   ҰАТ   қатысушыларының   әзірлеген

ұсынымдарына жауапты қарауына дайын екенін  атап өту қажет. Алайда кейбір

ұсынымдарды бар қаржыландыру шеңберінде орындау мүмкін емес.

Көптеген мекемелерде шағымдарды беру тетігі (жәшіктер орнатылмаған,

кәмелетке толмағандар жүгінуге болатын ұйымдар туралы білмейді және т.б.)

жоқ.


ҰАТ   қатысушыларының   болулалыр   нәтижесінде   ұсынымдарды

мекемелердің   басшылықтарына   тікелей   жолдаған   еді,   оларды   былай

жинақтауға болады:

-   балалар мекемелерінің қызметкерлері мекемелерде орналасқан балалар

тап   бола   алатындай   азаптау   және   қатыгез   немесе   адамның     ар-намысын

қорлайтын іс-әрекеттердің нақты оқиғаларын анықтап жауап қайтаруға дайын

болуы керек;

-   ҚР Білім және ғылым министрлігінің барлық мандатпен басқарылатын

мекемелердің   басшыларын   заң   деңгейінде   (немесе   заңға   тәуелді   актілер

деңгейінде) кәмелетке толмағандардың шағымдарды беру және оларды қарау

институтын қарау керек. Әр мекемеде бала құқықтары, ішкі тәртіп ережелері

туралы ақпараты бар ақпараттық стендтерді (плакаттарды) мемлекеттік және

орыс тілдерінде орналастыру; 

42



-     Кәмелетке   толмағандарды   бейімдеу   орталықтарында  балалардың

қадағалаусыз   және   панасыз   қалуын   алдын   алу   мақсатында,  сондай-ақ

мекемелердің   әлсіз   жұмысбастылығы   мен   балалардың   құжынуын   ескере

отырып, әрекет етіп отырған мекемелер әлеуетін нәтижелі пайдалану үшін әр

мекемеде   құрылған   тұрмысы   қолайсыз   отбасылармен,   «тәуекел   топтағы»

балалармен   жұмыс   жасау   бойынша   Отбасын   қолдау   орталықтарының

тиімділігін күшейту.

7. Қорытынды

Осы баяндаманың кіріспе бөлімі жаңадан құрылған азаптаулардың және

басқа да қатыгез, адамгершiлiкке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын iс-

әрекеттер   мен   жазалау   түрлерiн   алдын   алу   бойынша   Ұлттық   Алдын   алу

Тетігінің   құрылуы   мен   қалыптасуына   арналған.   Әрине,   «Қазақстан

Республикасының   кейбiр   заңнамалық   актiлерiне   азаптаудың   және   басқа   да

қатыгез, адамгершiлiкке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын iс-әрекеттер

мен   жазалау   түрлерiнің   алдын   алуға   бағытталған   ұлттық   алдын   алу   тетiгiн

жасау   мәселелерi   бойынша   өзгерiстер   мен   толықтырулар   енгiзу   туралы»

Қазақстан     Республикасы   Президенті   2013   жылғы   шілдеде   Қазақстан

Республикасының Заңына қол қойғанға дейін аса зор жұмыс атқарылған еді.

Адам құқықтары жөніндегі уәкіл осы жұмыс турады, сондай-ақ жаңадан

құрылған ұлттық алдын алу тетігінің қалыптасуы проблемалары, оның дамуы

преспективалары   туралы   Біріккен   Ұлттыр   Ұйымының   Азаптауға   қарсы

комитетіне мәлімдеді (2014 жылғы қыркүйек). Сонымен қатар, ҰАТ Қазақстан

Республикасында азаптауды алдын алу тетігінің бөлігі (немесе шағын комитет

қызметінің   құрамдас   бөлігі)   болып   табылады.   Сондықтан,   біз   өз   елдерінде

осындай   құқық   қорғау   институтын   қолданатын   шетел   әріптестерімізден

көмекті, соның ішінде әдістемелік көмекті анағұрлым ұзақ уақыт бойы алуға

құқылымыз. Сондай-ақ болуларды өткізу, проблемалық мәселелерді белгілеу,

ұсынымдарды   әзірлеу   және   бұдан   кейін   олардың   іске   асырылуын   қадағалау

мәселелерінде тәжірибе алмасуға да сүйенуге болады.

Заңға   сәйкес   ҚР-дағы   ҰАТ   «Омбудсмен   плюс»   үлгісінің   негізінде

құрылғанын   ұмытпау   қажет.   Адам   құқықтары   жөніндегі   уәкіл   (Омбудсме)

Қазақстан   Республикасы   Президентінің   2002   жылғы   19   қыркүйектегі   №   947

Жарғысымен құрылған ұлттық құқық қорғау мекемесі болып табылады, Ұлттық

құқық   қорғау   мекемелерінің   халықаралық   үйлестіруші   комитетте

аккредиттелген. Алайда институттың Париж қағидаттарына кей сәйкес келмеуі

ҰАТ – қа да тарады. Нәтижесінде екі ұлтық құқық қорғау институттары жалпы

адам құқықтарымен қалыптасқан жағдайға және атап айтқанда ҰАТ мандатпен

басқарылатын   мекемелердегі   адам   құқықтарымен   қалыптасқан   жағдайға

толықтай әсер ете алмайды. Бірінші кезекте, бұл Адам құқықтары жөніндегі

уәкілдің жауап беру актілеріне, оның атқарушы органының санына, өңірдегі

өкілдігіне қатысты. Қызметтің заңнамалық негізіне қатысты – ҰАТ бір саты

жоғары   тұр,   себебі   Адам   құқықтары   жөніндегі   уәкіл   ҚР   Президентінің

Жарғысымен құрылды, ҰАТ туралы заңнан гөрі оның заңды күші жоқ, мұндай

сәйкессіздікті жою қажет. 

43



7.1. Қорытынды

Бүгінгі   күні   Азаптауларды   және   басқа   да   қатыгез,   адамгершiлiкке

жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын iс-әрекеттер мен жазалау түрлерiн

алдын алу бойынша  Ұлттық Алдын алу Тетігінің дербестігін, ҰАТ көптеген

қатысушыларының   белгілі   бір   беделін   және   қажет   болған   жағдайда

құрылымдық   өзгерістерге   дайындығын   белгілеуге   болады.   Қызметтің

қалыптасқан құқықтық негіздері көкейтесті және күрделі оқиғаларға жағдайға

сай   жауап қайтаруына, сондай-ақ кезеңдік және аралық болулар шеңберінде

мандатпен басқарылатын мекемелерге жоспарлы баруға мүмкіндік беріп отыр

(3, 4 - қосымшалар).

ҰАТ   қатысушыларының   түрлі   ведомстволардың   мандатпен

басқарылатын   мекемелерінде   анықталған   негізгі   проблемалар,   нәтижесінде,

ғимараттар   мен   құрылыстарда   ағымдағы   және   күрделі   жөндеу   жұмыстарын

жүргізу қажеттілігімен, жаңаларын салумен байланысты. Қанағаттанарлықсыз

санитарлық-гигиеналық   жағдайлар,   қажетті   дәрі-дәрмектердің   жоқтығы   және

тамақтануды   қамтамасыз   етудегі   кемшіліктер,   ең   алдымен,   мемлекеттік

органдар тарапынан бақылау мен қадағалаумен жеткілікті деңгейде қамтамасыз

етілуімен байланысты. 

Сондай-ақ   мемлекеттік   органдардың,   мекемелер   әкімшілігінің   ҰАТ

қатысушыларының   ұсынымдарын,   сондай–ақ   мемлекеттік   органдарға,   оның

ішінде   Бас   прокуратураның  бөлімшелеріне  Адам   құқықтары   жөніндегі   уәкіл

мен   Адам   құқықтары   жөніндегі   ұлттық   орталықтың   басшысы   атынан

бағытталған жіберілген ұсынымдарды қабылдауға дайын екенін атап өту қажет.

Мұндай   жағдайды   мемлекеттік   органдармен   ҰАТ   қатысушыларының

есептерінде баяндалған ұсынымдардың мәнісі бойынша, сондай-ақ алдын ала

болуларды   ұйымдастыру,   жоспарлау   мен     жүргізу   мәселелері   бойынша

кеңейтілген хат алмасудың бар болуы растайды.

7.2. Ұсынымдар 

ҰАТ қатысушыларының көптеген ұсынымдарында тұрғын үйжайлардың,

санитарлық-гигиеналық   жағдайлардың,   медициналық   қызметтің,   тамақтану

жағдайларының, спортпен айналысу мен сыртқы дүниемен байланыс (БАҚқа

қолжетімділік,   кездесулер,   телефон   арқылы   сөйлесулер)   үшін   жағдайлардың

ведомстволық   нормативтер   мен   ЕСЕ   сәйкессіздігін   жою   бойынша

мекемелердің   әкімшілігіне   және   ведомстволардың   басшылығына   нақты

ұсыныстарды ұсынады.

Облыстар   бойынша   ҰАТ   қатысушыларының   ұсыныстарын

(ұсынымдарын)   жинақтауды   заңмен   көзделген   прокурорлық   жауап   қайтару

шараларын қабылдау үшін ҚР Бас прокуратурасының қызметкерлері бақылауға

алу қажет, себебі мұндай сәйкессіздіктер ҚР ІІМ, ҚР ҚМ, ҚР ҰҚК,  ҚР ДМ, ҚР

БҒМ   мекемелерінде   қамауда   ұсталған   тұлғалардың   адами   ар-намысы

мәселелерін   тікелей   немесе   жанама   қозғайды   (ҰАТ   қатысушыларының

ұсынымдары мекемелер мен ведомтволар бойынша жинақталған).

44



Одан басқа, орталық мемлекеттік органдардың деңгейінде келесіні

ұсынып отырмыз:

ҰАТ қызметінің нормативтік құқықтық базасын жетілдіру

мәселелері бойынша

Үйлестіру кеңесі ҰАТ-қа жататын мекемелер мен ұйымдар тізіліміне



мүгедектер  мен психоневрологиялық ақаулары бар мүгедек балаларға, тірек-

қозғалыс   аппаратының   бұзылуы   бар   мүгедек   балаларға,   қарттарға   арналған

медициналық-әлеуметтік   мекемелерді,   балалар   үйлерін,   арнаулы   интернатты

ұйымдар   мен   тәулік   бойы   тұру   жағдайларындағы   арнаулы   әлеуметтік

белгіленуі бар басқа ұйымдарды енгізу бойынша ҰАТ туралы Заңға өзгерістер

мен толықтырулар енгізу мүмкіндігі туралы мәселені әзірлеуді бастасын; 

Адам   құқықтары   жөніндегі   ұлттық   орталық   Әділет   министрлігіне



(бюджеттік   бағдарлама   әкімшісіне)   «Ұлттық   алдын   алу   тетiгi

қатысушыларының алдын ала болу бойынша шығыстарын өтеу қағидаларын

бекіту туралы»  ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 2 сәуірдегі № 301 қаулысына көлік

шығындарын,   үйжайды   жалға   алуды,   оқыту   тренингтерін   өткізуді   және   т.б.

өтеуге   қатысты   бөлігінде   өзгерістер   мен   толықтырулар   енгізу   бойынша

ұсыныстар енгізсін;

  Жазалауды   орындайтын  мекемелерде,  тергеу  изоляторларында  болу



ережесіне   (Қазақстан   Республикасы   Ішкі   істер   министрінің   2012   жылғы

29   наурыздағы   №   182   бұйрығына   2-қосымша)   жазалауды   орындайтын

мекемелерге, тергеу изоляторларына арнайы рұқсатнамасыз кіру құқығына ие

тұлғалардың тізілімін белгілейтін 4-тармаққа – өзгерістер енгізіп, ұлттық алдын

алу тетігі қатысушыларының тізіліміне қосу қажет (2015 жылғы 1 қаңтардан

бастап заңды күшіне енген өзгерістер (20.08.2014 жылғы № 535 бұйрық) ҰАТ

қатысушыларын судьялармен, прокурорлармен теңестірсе де, алайда ҚР ҚАК

32-б. нормасы бүгінгі күні қалыптасқан жағдайды өзгеріссіз қалдырып отыр -

алдын   ала   кіруге   арналған   рұқсатнама   қағазын   ресімдеу   міндетті   болып

табылады);

Адам   құқықтары   жөніндегі   уәкілдің   жанындағы   Үйлестіру   кеңесі



туралы ережесіне Үйлестіру кеңесінің Төрағасына заңнама мен заңға тәуелді

актілер нормаларының бұзушылықтарын жою туралы ҰАТ қатысушыларының

есептерінде қамтитын ұсынымдарды прокурорлық жауап қайтару шараларын

қабылдау және келесідей олардың орындарында орындалуын бақылау үшін ҚР

Бас   прокуратурасына   тікелей   жолдауға   мүмкіндік   беретін   өзгерістер   енгізу

қажет;


«Адамдарды   қоғамнан   уақытша   оқшаулауды   қамтамасыз   ететін

арнаулы   мекемелерде   ұстау   тәртібі   мен   шарттары   туралы»  ҚР   Заңына

тергеудегі қамауға алынғанға тергеушінің немесе судьяның рұқсатымен ұзақ

мерзімді   кездесулерді   ұсыну   бөлігінде   өзгерістер   енгізу   ұсынылсын,   бұл

тергеудегі   қай   кезеңде   екеніне   тәуелді   болады,   олардың   көбі   тергеу

изоляторларында бірнеше жыл бойы ұсталады, және өз жанұясымен кездесу

мүмкіндігінен   айрылған,   ал   бұл   жеке   және   отбасылық   өмірді   құрметтеуге

берілген құқықты пайдаланудағы кемсітушілік болып табылады;

45



қажетті әлеует пен кәсіби білімді қамтамасыз ету мәселелері

бойынша

Адам құқықтары жөніндегі уәкіл, ҰАТ Үйлестіру кеңесінің төрағасы



ретінде,   ҰАТ   қатысушыларының   әдістерді,   ведомстволық   нормативтік

құқықтық   актілердің,   сондай-ақ   ҰАТ   туралы   актілердің   дағдылары   мен

білімдерін,   қамауға   алынған   тұлғаларды,   мәжбүрлеп   емдеуде   орналасқан

тұлғаларды   ұстау   жағдайларының   халықаралық   және   ұлттық   стандарттарын,

сондай-ақ   азаптауды   алдын   алу   мен   адами   ар-қасиетінің

қолсұғылмаушылығына   қатысты   қылмыстық   заңның   нормаларын   тұрақты

негізде оқытылуын қамтамасыз ететін іс-шараларды жоспарлап өткізуі керек; 

Сыртқы   периметрді   қорғау   мен   қарауылдап   жүруді,   сондай-ақ



бақылаушылардың   міндеттерін   жүзеге   асыратын   ҚР   ІІМ   ішкі   әскердің   жеке

құрамымен,   жазалауды   орындайтын   мекемелердің,   және   тергеу

изоляторларының   қызметкерлерімен,   Арнайы   есеп   және   бақылау   бөлімінің

қызметкерлерімен жауынгерлік және қызметтік дайындық бойынша сабақтар

өткізу шеңберінде – бағдарламаға енгізіп, ҰАТ туралы нормативтік құқықтық

актілер, қамауға алынған тұлғаларды ұстау жағдайларының халықаралық және

ұлттық стандарттары, сондай-ақ қылмыстық заңның нормалары және азаптауды

алдын алу мен адами ар-намысының қолсұғылмаушылығына қатысты басқа да

мәселелер бойынша  тұрақты негізде сабақтар өткізілсін;

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік дамыту министрлігіне барлық



медициналық   ұйымдарды,   соның   ішінде   пенитенциарлық   мекемелерді

қосқанда,   азаптауға   тыйым   салуға   қатысты   ақпаратпен   қамтамасыз   етілуіне

мүмкіндік   беретін   бірқатар   іс-шаралар   өткізу   қажет.   Аталған   мекемелер

мамандарының дайындау бағдарламасына ҰАТ туралы нормативтік құқықтық

актілер, қамауға алынған тұлғаларды ұстау жағдайларының халықаралық және

ұлттық стандарттары, сондай-ақ қылмыстық заңның нормалары және азаптауды

алдын алу мен адами ар-қасиетінің қолсұғылмаушылығына қатысты басқа да

мәселелер бойынша  сабақтарды жасасын және енгізсін; 

(ҚР   Білім   және   ғылым   министрлігі   мекемелерінің   барлық



қызметкерлері   үшін)   Балалар   құқықтарын   қорғау   жөніндегі   комитетпен

бірлесіп   өз   функцияларын   толық   көлемде   жүзеге   асыру   үшін   ведомстволық

нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ ҰАТ туралы заңнама нормаларын,

қамауға алынған кәмелетке толмағандарды ұстау жағдайларының халықаралық

және   ұлттық   стандарттары,   сондай-ақ   қылмыстық   заңның   нормалары   және

азаптауды   алдын   алу   мен   адами   ар-намысының   қолсұғылмаушылығының

конституциялық қағидасына қатысты басқа да мәселелерді   қызметте қолдану

дағдылары   және   білу   бойынша   бірқатар   оқыту   іс-шараларын   жоспарлап

өткізсін.

институционалдық мекемелерде орналасқан тұлғаларды қорғау

тетіктеріне қолжетімділікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша

ҚР   ІІМ   Қылмыстық   атқару   жүйесі   комитетіне   ҰАТ   Үйлестіру



кеңесімен   бірлесіп   сотталушыларға   мадақтау   беру   мәселелеріне   ҰАТ

46



мүшелерінің   қатысу   мүмкіндігін   әзірлесін,   бұл   сотталушылардың   құқықты

тәртіпті   жүріс-тұрысқа,   кейіннен   әлеуметтік   бейімделу   мен   қоғамға   етене

араласуын ынталандыратынның маңызды құрамдас бөлігіне айналады;

Білім   және   ғылым   министрлігі,   Денсаулық   сақтау   және   әлеуметтік



даму   министрлігі,   Ішкі   істер   министрлігі   балалар   мекемелерінде   естілу

құқығын іске асыру мақсатымен төтенше байланысты орнату және балалар мен

жастардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша жедел ақпаратты алу үшін

#   150   балаларға   арналған     ұлттық   сенім   телефонына   қолжетімділікті

қамтамасыз етсін;

ҰАТ институционалдық қызметін жетілдіру мәселелері бойынша

2015 жылғы 1 қаңтардан бастап жаңа ҚР ҚК, ҚАК, ҚІжК әрекетке



енуіне, сондай- ақ ҰАТ топтарының жаңа қатысушыларға толуына  байланысты

– ҰАТ қатысушыларының республикалық және өңірлік деңгейде, соның ішінде

мемлекеттік   мекемелер   мен   ведомстволарды   басшылығын   шақыра   отырып

жұмыс   кезедесулері   өткізілсін.  Осындай   кездесулер   ҰАТ  қатысушыларының

тәжірибемен   алмасу,   біліктілікті   арттыру,   түрлі   ведомстволарының

мекемелеріне   алдағы   уақытта   баруына   дайын   болу   деңгейін   арттыру   үшін

ұйымдастыру қажет. 

Алдын ала болуға жататын мекемелердің материалдық-техникалық

базасын жетілдіру мәселелерін бойынша

ҚР   Білім   және   ғылым   министрлігі   жағдайды   жүйелі   түрде   бағалау



және   тұрғын   үйжайлардың   минималды   стандарттарын,   жарықтандыру

нормаларын,   санитария   мен   гигиена   талаптарын,   сондай-ақ   материалдық-

техникалық қамтамасыз ету нормаларын, кәмелетке толмаған балалардың бос

уақытын өткізуге заманауи талаптарын сақтай отыра, жаңа мекемелерді (үлгілік

жобалалардың негізінде) салу және бар болған мекемелерді қайта құрылымдау

үшін   тиісті   қаржыландырумен   үкіметтік   бағдарламаны   алдағы   уақытта

қалыптастыру үшін кешенді шараларды қолдану қажет.

(кідірмей)   қадағалау   органдарының   және   ҚР   Білім   және   ғылым



министрлігі өкілдерінің ерекше назары «Жамбыл облысы әкімдігінің білім беру

басқармасының   Кәмелетке   толмағандарды   бейімдеу   орталығы»   КММ

аударылсын,   себебі   онда   балаларды   ресми   түрде   апатты   деп   танылған

ғимаратқа   орналастырып   жатыр.   Ал   ведомствоның   жергілікті   бөлімшесі



жағдайды өзгерту бойынша еш шара қолданбады.  

47

Document Outline

  • Осы баяндама 2014 жылғы Қазақстан Республикасындағы ұлттық алдын алу тетігі қызметінің нәтижелері туралы алғашқы жыл сайынғы шоғырландырылған құжат болып табылады және Азаптауларға және басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын іс-әрекеттер мен жазалау түрлеріне қарсы конвенцияға Факультативтік хаттаманың 23-б., ҚР Қылмыстық-атқару кодексінің 47-б. сәйкес әзірленген.
  • Азаптауда алдын алуға Қазақстанда қабылданған бірқатар заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілер де ықпалдасады, осылайша, 2009 жылғы желтоқсанда Жоғарғы Сот «Қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу заңнамасының адамның жеке бас бостандығын сақтау және қадір-қасиетіне қол сұқпау, қинауға, зорлық-зомбылыққа, басқа да қатыгез немесе адамның ар-намысын қорлайтын әрекеттер мен жазалау түрлеріне қарсы мәселелер жөніндегі нормаларын қолдану туралы» нормативтік қаулыны қабылдады. Бұл нормативтік қаулыда азаптауды қолдану және қызметтік өкілеттіктерді асыра пайдалану үшін қылмыстық жауапкершіліктің құқықтық негіздемелері анық ажыратылған. Одан басқа, бұл нормативтік қаулыда прокурор мен соттың қамауға алынғандардан келіп түскен азаптауды қолдану туралы шағымдарын қараудың процессуалды тетіктері белгіленген. Сондай-ақ дәлелдерге баға беру, қылмыстарды дұрыс жіктеу, орындаушыларды ғана емес, сондай-ақ азаптауларға айдап салуымен немесе білуімен не үнсіз келісімімен болған басқа тұлғаларды да қылмыстық жауапкершілікке тарту, азаптау құрбандарына мүліктік және моралды зиянды өтеуге мәселелері бойынша түсініктемелер берілді.
  • Әділет министрлігі, Бас прокуратура, Ішкі істер министрлігі, Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі «Азаптаулар және анықтау мен тергеу жүргізудің өзге де тыйым салынған әдістері, сондай-ақ аталған фактілер бойынша қылмыстық қудалау туралы шағымдарды тексеруді жүзеге асыру кезінде құқық қорғау органдары мен азаматтық қоғам субъектілерінің өзара іс-қимыл жасасуы туралы» бірлескен бұйрықты бекітті. Бұйрық азаптау және өзге де анықтау жүргізудің тыйым салынған әдістері туралы шағымдарды азаматтық қоғамдастық өкілдерінің қатысуымен тиімді және объективті тексеруді көздейді.
  • Қарастырылып жатқан кезеңде ҚР ІІМ мекемелерінде болған ҰАТ қатысушыларының қорытындылары мен ұсынымдары Қазақстан Республикасының әрекеттегі заңнама нормаларына және белгіленген халықаралық нормалар мен стандарттарға негізделген. Сондай-ақ жағдайды бағалау үшін Қамаудағы адамдармен қарым-қатынастың ең төменгі стандарттық ережелері (бұдан әрі – ЕСЕ) және азаптаулар және басқа да қатыгез, адамгершiлiкке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын iс-әрекеттер мен жазалау түрлерi туралы мәселесі жөніндегі арнайы баяндамашының баяндамасы (Қазақстан Республикасына миссиясы, 2009 жылғы 5-13 мамыр) пайдаланылды.
    • Қарастырылып жатқан кезеңде денсаулық сақтау мекемелерінде болған ҰАТ қатысушыларының қорытындысы мен ұсынымдары Қазақстан Республикасының әрекеттегі заңнамасының нормалары мен халықаралық стандарттарға негізделеді.
    • ҰАТ қатысушыларының көптеген ұсынымдарында тұрғын үйжайлардың, санитарлық-гигиеналық жағдайлардың, медициналық қызметтің, тамақтану жағдайларының, спортпен айналысу мен сыртқы дүниемен байланыс (БАҚқа қолжетімділік, кездесулер, телефон арқылы сөйлесулер) үшін жағдайлардың лайықсыздығынжою бойынша облыс деңгейіндегі әкімшілікке, мекемелердің әкімшілігіне және ведомстволардың басшылығына нақты ұсыныстарды ұсынған еді.
    • ҰАТ қатысушыларының көптеген ұсынымдарында тұрғын үйжайлардың, санитарлық-гигиеналық жағдайлардың, медициналық қызметтің, тамақтану жағдайларының, спортпен айналысу мен сыртқы дүниемен байланыс (БАҚқа қолжетімділік, кездесулер, телефон арқылы сөйлесулер) үшін жағдайлардың ведомстволық нормативтер мен ЕСЕ сәйкессіздігін жою бойынша мекемелердің әкімшілігіне және ведомстволардың басшылығына нақты ұсыныстарды ұсынады.

жүктеу 0,49 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау