Астана
2015
ҮНДЕУ
Осы баяндама 2014 жылғы Қазақстан Республикасындағы ұлттық алдын
алу тетігі қызметінің нәтижелері туралы алғашқы жыл сайынғы
шоғырландырылған құжат болып табылады және Азаптауларға және басқа да
қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын іс-әрекеттер
мен жазалау түрлеріне қарсы конвенцияға Факультативтік хаттаманың 23-б., ҚР
Қылмыстық-атқару кодексінің 47-б. сәйкес әзірленген.
Қазақстан Республикасы азаптауды алдын алу саласындағы барлық
негізгі халықаралық-құқықтық келісімшарттық тетіктерге қатысушы болып
табылады. 2014 жылы елде іске қосылған Ұлттық алдын алу тетігі – осы
үдерістің маңызды оқиғаларының бірі.
ҰАТ шеңберінде Қазақстанда барлық жабық үлгідегі мекемелерде
азаптауды түбегейлі жоюға бағытталған, Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің
үйлестіруші ролі жанында мемлекеттік органдар мен азаматтық
қоғамдастықтың өзара әрекеттесуінің әмбебап үлгісі құрылды. Бұл еліміздің
анағұрлым маңызды жетістігі, негізгі құқық қорғау стандарттарына
бейілділігінің практикалық көрсетілімі, сонымен қатар – азаматтық
қоғамдастықтың кемелдену көрсеткіші мен оған деген сенім белгісі.
Бұл қызметке Адам құқықтары жөніндегі БҰҰ Кеңесі, Азаптауға қарсы
БҰҰ Комитеті, Адам құқықтары жөніндегі БҰҰ Жоғарғы комиссарының
Басқармасы, Омбудсмендердің халықаралық үйлестіру комитеті, адам
құқықтары саласындағы Қазақстан мен Еуроодақ арасындағы Диалог бойынша
әріптестер және басқа да шетел әріптестері тарапынан жағымды баға берілді.
Осы баяндама Қазақстанда ҰАТ қалыптасуы мәселелеріне, оның
қызметінің негізгі басымдылықтарына аса ерекше назарын аударуда,
2014 жылы ҰАТ жұмысын кешенді талдауды, уәкілетті мемлекеттік
органдардың ұсынымдарын, Қазақстан Республикасының заңнамасын
жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды қамтиды. Одан басқа, баяндамада
азаматтардың азаптаулардан және басқа да қатыгез, адамгершiлiкке жатпайтын
немесе ар-намысты қорлайтын iс-әрекеттер мен жазалау түрлерiнен
бостандыққа берілетін құқықтарының бұзылуы фактілері туралы мысалдарды
келтіре отырып азаптауды алдын алуға қатысты негізгі мәселелерді талдаудың
нәтижелері көрініс тапты.
Баяндама ҰАТ үдерісінің транспаренттігіне, оның есептілігін қоғамды
ақпараттандыру арқылы қамтамасыз етуге, азаптауды алдын алу саласында
жағдайды жетілдіруге, мемлекеттік органдармен, үкіметтік емес және
халықаралық ұйымдармен тұрақты негізде диалогты қолдауға
ықпалдасатынына үміттенемін.
Қазақстан Республикасындағы
Адам құқықтары жөніндегі уәкіл,
2
ҰАТ Үйлестіру кеңесінің төрағасы
А. Шәкіров
Кіріспе
Адамның ар-намысына қолсұқпаушылық қағидасы, азаптауларды,
зорлық-зомбылықты және басқа да қатыгез, адамгершiлiкке жатпайтын немесе
ар-намысты қорлайтын iс-әрекеттер мен жазалау түрлерiн қолдануға тыйым
салу 1995 жылғы Қазақстан Республикасы Конституциясының 17-бабында
бекітілген. Қазақстан да азаптауды алдын алу саласындағы барлық негізгі
халықаралық-құқықтық келісімшарттық тетіктерге қатысушы болып табылады.
Атап айтқанда, 1998 жылы Қазақстан Республикасы Азаптауға қарсы
конвенцияға қосылды. 2008 жылы аталған конвенцияға Факультативтік
хаттамасы ратификацияланды, оның талаптарының бірі азаптауды алдын алу
бойынша ұлттық алдын алу тетігін (ҰАТ) құру болып табылады.
ҰАТ қызмет етуі үшін барлық қажетті ресурстарды ұсыну бойынша
Факультативтік хаттаманың 18-бабының 3-тармағына сәйкес мемлекеттің
міндеттемесі мемлекеттік бюджеттен тиісті қаражатты бөлуді көздейтінін
назарға ала отырып, Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы
30 қарашадағы № 896 Жарлығымен Факультативтік хаттаманың 24-бабының
1-тармағы негізінде бұл міндеттеменің орындалуын үш жылға кейін шегеру
туралы шешімі қабылданды.
Осындай кейінге шегеру мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес
секторға ҰАТ әзірлеу мен құру бойынша анағұрлым тереңдетілген жұмыс
жүргізуге мүмкіндік берді. ҰАТ құру туралы заң жобасын әзірлеу үдерісіне
Үкімет, Парламент, Жоғарғы Сот, Конституциялық Кеңес, Қазақстан
Республикасының Президентінің Әкімшілігі және Бас прокуратура,
Омбудсмен, Әділет, Ішкі істер, Денсаулық сақтау министрліктерін қосқанда,
бірқатар атқарушы билік органдары, халықаралық және қазақстандық үкіметтік
емес ұйымдардың өкілдері тартылды.
ҰАТ-та Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің ролі туралы келісілген
пікірді есепке ала отырып, ұлттық құқық қорғау мекемесі алғашқы күндерінен
бастап ҰАТ туралы заң жобасын азаматтық қоғамдастық институттарымен
бірлесіп кең талқылауды қолдады. Үкімет жанындағы Заң жобасының мәтінін
әзірлеу жөніндегі жұмыс тобына 13 үкіметтік емес ұйым мен 4 халықаралық
ұйымның өкілдері кірді. Оның ішінде: Орталық Азиядағы Адам құқықтары
жөніндегі Жоғарғы комиссары Басқармасының Өңірлік өкілдігі, Астанадағы
ЕҚЫҰ Орталығы, Адам құқықтары жөніндегі және заңдылықты сақтау
жөніндегі қазақстандық халықаралық бюро, Азаптауға қарсы Қазақстанның
ҮЕҰ Коалициясы.
Азаптауға қарсы Қазақстанның ҮЕҰ Коалициясы ҰАТ туралы баламалы
заң жобасын әзірледі. Заң жобасына қатысты жұмысқа басқа да үкіметтік емес
ұйымдар тартылған еді, атап айтқанда, олар ҰАТ туралы баламалы заң
жобасын әзірлеген еді. Жұмыс топтардағы пікір-таластар нәтижелері бойынша
азаматтық сектор өкілдерінің көптеген ұсыныстары қорытынды құжатта
3