2014 жылы орындалған алдын ала болу қорытындылары бойынша ұлттық алдын алу тетігі қатысушыларының жинақталған баяндамасы



жүктеу 0,49 Mb.
Pdf просмотр
бет10/17
Дата20.05.2018
өлшемі0,49 Mb.
#14828
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   17

   

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД ЖД-158/7 мекемесінде арнаулы болған

кезде   ҰАТ   қатысушылары   сотталушылар  13-15  сағат   бойы   алаңда

орналасқанын, осы уақыт ішінде оларды жүресінен отыруға, пәрмен бойынша

қолдарын басының арт жағынан ұстап  тұрып отыруға мәжбүрлеткенін, табиғи

зәрулікті   жіберуге   тыйым   салғанын,   науқас   сотталушылар   аумақты

абаттандыру   бойынша   төленбейтін   жұмыстарға   тартылғанын   атап   өтті,

психологиялық және қол күшін жұмсау орын тапқан еді.

   

ҰАТ қатысушылары Астана қ. бойынша ҚАЖД түзеу мекемесінде болған



кезде   де   жаңадан   келген   тұлғалардың   Мекеменің   ішкі   тәртібі   ережелерімен

«тұрып» танысуы фактісіне тап болды. Сонымен бірге мұндай тұру күні бойы

тамақ ішу мен туалетке бару үшін үзіліс жасаумен қосқанда ұласатын. 

Сондай-ақ   қатыгез   және   ар-намысты   қорлайтын   іс-әрекеттер   фактілері

тергеу   изоляторлары   мен   түзеу   мекемелерінде   тінту   іс-шараларын   өткізу

кезінде де орын алды.

Пенитенциарлық   мекеменің   қызметкерлері   заңнаманың   нормаларын

басшылыққа   алып,   осындай   мекемелерде   орналасқан   тұлғалар   режимін,

қадағалау мен бақылауды қамтамасыз ету үшін тежейтін сипаттағы шараларды

қолдануға   құқылы.   Сонымен   қатар,   осындай   шаралар   қажеттілік   пен

үйлесімділік   қағидаларымен   шектелуі   қажет,   сондай-ақ   жазалау,   қорқыту,

22



зорлыққа бағытталған құралға айналмауы керек, ар-намысты қорлайтын және

жанға бататын сипатта болмауы керек.

Азаптау   мен   қатыгез   іс-әрекетті   қолдану   практикасына   қарсы   күресте

маңызды   рольді   медициналық   қызметкерлері   атқарады,   олар   уақытылы

медициналық   көмек   көрсетіп,   дене   жарақаттарын   белгілеп   қоюға   міндетті.

Мысалы,   осындай   уақытылы   көрсетілмеген   медициналық   көмек   пен   дене

жарақаттарын   тіркеу   фактілері   ҰАТ   қатысушылары   Жамбыл,   Солтүстік

Қазақстан облыстарындағы түзеу мекемелерінде арнаулы болған кезде, сондай-

ақ   Шығыс   Қазақстан,   Павлодар,   Солтүстік   Қазақстан   облыстарындағы

мекемелер   қызметкерлерінің   әрекеттеріне   сотталушылар   мен   олардың

туысқандарының шағымдарында белгіленген еді.

ҰАТ   қатысушыларының   арнаулы   болулары   кезінде   сотталушылардың

құқық қорғау ұйымдарына шағымдар мен өтініштермен жүгіну салдарларынан

қауіптенетіні байқалды.

ҰАТ   барлық   дерлік   топтары   ҚР   ІІМ   ҚАЖК   мекемелерінің   өскен

«милитарландыруын»   атап   өтті,   бұл   әрбір   сотталушының   Қазақстан

Республикасының әнұранын жатқа білуі, сап түзіп жүруі, алаңда және мекеме

аумағында   жүрген   кезде   саптық   өлеңдерді   айтуы   міндеттерімен   білдірілді.

Сотталушылардың   мекемелердің   қызметкерлеріне   баяндама   жасаған   кезде

«түзелу жолына нық тұрдым» деген міндетті сөздерін қосып айту міндеті кей

түсінбестікті туғызуда.

Мекемелер   әкімшілігінің   өкілдері   мен   ҰАТ   қатысушылары   арасында

тартысты   жағдай   оқиғалары   орын   алды,   олар   шынайылыққа   жанаспаудағы

өзара айыптаумен, сондай-ақ ҰАТ қатысушыларының тарапынан өкілеттіктерді

қасақана асыра пайдаланумен білдіріледі.

ҰАТ   іске   асырудағы   проблемалық   мәселелердің   бірі   есепті   жыл   бойы

мекемелердің   жекелеген   қызметкерлерінің   осы   тетіктің   қызметі,   оның

мақсаттары мен міндеттері туралы хабардар болмауы болып табылады.

ҰАТ   мүшелерін   ҚР   ІІМ   ҚАЖК   мекемелерінің   аумағына   тиісті   рұқсат

қағазын   ресімдеу   арқылы   кіруі   «бөгетсіз   кіру»   деген   заңнамамен   бекітілген

ұғымға толықтай сай келмей тұрғанын атап өту қажет.

2.2. Уақытша ұстау изоляторларында, қабылдау- тарату орындарында,

арнайы қабылдау орындарында 

Жалпы жағдай 

Уақытша ұстау изоляторы қылмысты жасауда күдік бойынша ұсталған

тұлғалардың қамауға алу үшін арналған. Қылмысты жасауда күдік бойынша

қамауға алынғандарды уақытша ұстау изоляторларына орналастыру тергеуші

немесе   анықтаушының   жасаған   қамауға   алу   хаттамасы   бойынша   жүзеге

асырылады.   Алдын   кесу   шарасы   ретінде   тұтқынға   алу   шарасы   қолданылған

күдіктілерді,   айыпталушыларды,   сотталушыларды   орналастыру   тергеу

изоляторына алыс жерде орналасқандықтан немесе тиісті қатынас жолдарының

жоқтығынан   жеткізу   мүмкіндігі   болмаған   жағдайда   судьяның   қаулысы

бойынша жүзеге асырылады.

23



Ішкі   істер   органдарының   арнайы   қабылдау   орындарында   әкімшілік

тұтқынға   алуға   ұшыраған   тұлғалар,     қабылдау-тарату   орындарыны4

әрекеттерінде  әкімшілік  құқық  бұзушылық  пен  қылмыс  белгілері   және  жеке

басын өзге тәсілдермен анықтау мүмкіндігі болмаған кезде белгілі тұрғылықты

орны   жоқ   және   (немесе)   жеке   басын   куәландыратын   құжаттары   болмаған

тұлғалар орналасқан.

Қамауға алу кезінде қамауға алынған тұлға құқықтарының бұзылу қаупі

қамау болудың алғашқы уақыты ішінде ерекше жоғары болып табылады, бұл

кезде ол анағұрлым осалдау  болып келеді. Негізінен, осындай орындар ұзақ

уақыт   орналасу   үшін   арналмаған,   сонымен   қатар   полиция   қызметкерлерінің

түсініктемелерді   алу   үшін   өз   өкілеттіктерін   асыра   пайдалану,   сондай-ақ

қамауда ұстаудың қанағаттанарлықсыз жағдайлар ықтималдығы бар.

 

Жағдайды бағалау

ҰАТ   қатысушылары   қарастырылып   отырған   кезеңде   барлығы   101

мекемеде болды, оның ішінде:

уақытша ұстау изоляторлары



– 73;

қабылдау–тарату орындары – 11;



арнайы қабылдау орындары – 17.

Мекемелер мен ұйымдарда алғашқы алдын ала болулардың нәтижелері

билік   органдары   қоғамнан   уақытша   оқшаулау   орындарында   адам

құқықтарымен қалыптасқан  жағдайды  жақсарту  бойынша шаралар қолданып

жатқаны, елдің көптеген өңірлерінде қамауға алынған тұлғаларды орналастыру

үшін   жаңа   ғимараттарды   пайдалануға   бергені,   ұстау   жағдалары   жақсарғаны

туралы қорытынды жасауға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, қамауда ұстау орындарында адам құқықтарын бұзу және

ар-намысты қорлайтын іс-әрекеттердің түрлеріне жол беру орын алып келеді. 

Солтүстік   Қазақстан   облысының   Мәмлүт   ІІАБ   УҰИ,   Батыс   Қазақстан

облысының   ІІД   Теректі   ІІАБ   УҰИ,   Атырау   облысының   Құлсары   қ.   ІІҚБ

жанындағы   ҮҰИ,   Павлодар   қ.   Солтүстік   ІІАБ   УҰИ,   Қостанай   қ.   ІІД   УҰИ,

Шығыс Қазақстан облысының Семей қ. ІІБ УҰИ, ОҚО Түлкібас ІІАБ УҰИ,

Маңғыстау   облысының   Қарақияң   ІІАБ   УҰИ   және   арнайы   қабылдау   орны,

Қостанай   қ.   ІІБ   арнайы   қабылдау   орны,   Алматы   қ.   ІІД  қабылдау–тарату

орындары  халықаралық   және   ұлттық   стандарттарға   сәйкес   келмейтін

ғимараттарда   орналасқан   (ескі   құрылыс   ғимаратында,   жертөле   немесе

жартылай   жертөле   үйжайларында,   үйжайларға   күрделі   жөндеу   жұмыстары

қажет) .    

24



жүктеу 0,49 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   17




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау