2014 жылы орындалған алдын ала болу қорытындылары бойынша ұлттық алдын алу тетігі қатысушыларының жинақталған баяндамасы



жүктеу 0,49 Mb.
Pdf просмотр
бет16/17
Дата20.05.2018
өлшемі0,49 Mb.
#14828
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17

Есепті  кезеңде  ҰАТ  қатысушылары  14  КБО-да  болды,   оның  төртеуіне

аралық болулармен екі мәрте.

Арнаулы  білім беру ұйымдарына 9 рет болды, оның 7 – алдын ала, 1 –

аралық және 1 – арнаулы.

Төмендегі диаграмма білім беру ұйымдарында болуын көрсетеді.   

 

Білім беру мекемелерінде алдын ала болу (2014)



 

Азаптауды алдын алу бойынша ҰАТ қатысушылары аталған мекемелерде

болған   кезде   осы   мекемелерде   балалардың   құқықтарын   сақтау   бойынша

қалыптасқан   жағдай   адамның   ар-намысын,   оған   конституциялық

қолсұқпаушылық   қағидасын   қолдау,   қатыгез   іс-әрекеттердің,   жазалаудың

немесе   азаптаудың   оқиғаларын,     салдарларын   немесе   жағдайларын   тіркеу

(қажет болған жағдайда) тарапынан зерттелінген еді.

Өкінішке   орай,   балалар   үйлері,   сәби   үйлері   мен   басқа   да   интернатты

мекемелер сияқты білім беру жүйесінің қалған мекемелері ҚР Заңына сәйкес

ҰАТ-қа жатпайтын объектілердің тізбесіне енбеді. 



6.2. Жағдайды бағалау 

ҰАТ қатысушылары болған Білім және ғылым министрлігіне бағынысты

мекемелердің жағдайы қанағаттанарлықтай деп бағаланды. 

Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтары

ҰАТ қатысушылары аталған мекемелерде азаптауларды және қатыгез іс-

әрекеттердің басқа да түрлерін қолданудың нақты фактілерін анықтамады.

Сонымен   қатар,   ҰАТ   қатысушылары   өз   шешімін   қажет   ететін

төмендегідей проблемаларды белгіледі.

Кәмелетке   толмағандарды   бейімдеу   орталықтарында   кәмелетке

толмағандардың   ерекше   мәртебесін   ұстау,   санитария   мен   гигиена

39



жағдайларына   қатысты   заманауи   талаптарына   сәйкес   жаңа   ғимараттар   салу

немесе бар болғанын қайта салу үшін әзірленген үлгілік жобалары жоқ.

Төтенше жағдайларда (өрт, табиғи апат) және кәмелетке толмағандарға

жедел медициналық көмек көрсетуге байланысты жағдайларда мекемеге кіру

қиын, соның ішінде алыста орналасуынан да.

Бірқатар   мекемелерде   кәмелетке   толмағандарды   алғаш   рет   қабылдауға

арналған изоляторлар тиісінше жабдықталмаған, тиісті жарықтандырусыз және

басқа   да   жағдайлардың   (кітаптардың,   теледидардың   және   т.б.)   болмауынсыз

жалғызілікке   арналған   қараңғы   комнаталар   (Оңтүстік   Қазақстан,   Қостанай

облыстары).

Жекелеген КБО тұрғын үй бөлмелерінде күңгірт жарықтандыру, іскі және

тозған   жиһаз   орын   алған,   ойнайтын   бөлмелер   жабдықталмаған,   ұйықтайтын

бөлмелердегі   тумбочкалар   саны   балалардың   санына   сәйкес   келмейді,  табиғи

вентиляция жоқ (Қызылорда, Алматы облыстары).

Санитарлық тораптардағы кейбір құрылғылар жарамсыз, есік орны аласа,

кейбір   КБО   қабаттардағы   сантораптар   жабық   немесе   жоқ,   балалар   өз

мұқтаждарын   жасау   үшін   далаға   баруға   мәжбүр,   өзгеше   иіс   бар   (Ақтөбе,

Жамбыл облыстары).

Бір ереже бойынша қызмет ететін аталған мекемелер іс жүзінде оларға

жүктелген қызметтерді бірдей атқаратыны екі талай.

Мысалы,     ҰАТ   қатысушылары   Шығыс   Қазақстан   облысының   КБО

балалар үшін тұру және орналасу жақсы жағдайлары туралы хабарлады, бұл

қаржыландырудың жеткіліктілігі туралы куәландырады. Бұл ретте мекеменің

қызметкерлері   балалармен   оларлың   дамуы,   психологиялық-педагогикалық

қолдау   бөлігінде   тиісті   жұмыс   істемейтіндігін   белгіледі,   ал   бұл   балалардың

мекемеге қайтадан түсуіне әкеледі. Осылайша, 2014 жылы 67 бала мекемеге

қайта түскен еді.

Келтірілген факт Ақмола облысының КБО қызметкерлерінің жұмысынан

өзгеше,   мұнда   балалармен   жүргізілетін   психологиялық   жұмыс   тек   мекемеде

ғана   емес,   сондай-ақ   нашар,   асырап   алушы   отбасылармен     де   жасалынады,

жетім балаларды алған отбасыларға жетекшілік етеді, көмектеседі. 2014 жылы

отбасыларға 24 бала берілген.

 

Ата-анасымен   және   туысқандарымен   бөтен   адамның   (күзетшілер   және



басқа   да   ересек   адамдар)   қатысуынсыз   телефон   арқылы   сөйлесу   мүмкіндігі

болмаған балаларға қатысты қалыптасқан жағдайлар ҰАТ қатысушыларының

сыни бағасына ұшырады.

Арнаулы  білім беру ұйымдары

Кейбір мекемелерде спорт құрылғылар жетіспейді, спорт алаңдар жоқ, ал

бар болған жағдайда, ол кішкентай балаларға жарамсыз (Қызылорда облысы).

Кітапхананың азшылығымен, құқықтар мен бостандықтар туралы ақпараттың

жетіспеуімен, сондай-ақ шағыммен жүгіну мүмкіндігінің болмауымен, соның

ішінде   құпиялылық   жағдайында   жүгіну   мүмкіндігінің   болмауымен

сипатталатын сыртқы дүниемен байланыс бойынша кемшіліктер белгіленді.

40



ҰАТ   қатысушылары   киім-кешекпен   қамтамасыз   ету   нормалары,   атап

айтқанда,   ішкі   киім   мен   шұлық   бұйымдарының   жеткіліксіздігін   атап   өтті,

себебі олар тез тозып, тәрбиеленушілердің шын мәнісіндегі қажеттіліктеріне

лайықсыз   болады   (мысалы,   шұлықтар   –   жылына   3   пар,   шолақ   дамбалдар,

ішкөйлектер   –   жылына   2   пардан   және   т.б.)   (Шығыс   Қазақстан,   Жамбыл

облыстары).

Шығыс   Қазақстан   облысының   ҰАТ   қатысушылары   «Жауапкершілікке

тартылу жасына толғанға дейін қылмыстық іс жасаған кәмелетке толмағандарға

арналған   облыстық   мамандандырылған   мектеп-интернат»   КММ  (ШҚО,

Белоусовка   ауылы)   оқытушылар   арасында   адамның   ар-қасиетін   қорлайтын

азаптауларға   қарсы   күрес   тақырыптары   бойынша   жұмыс   жүйелі   түрде

жүргізілетінін атап өтті.

Жамбыл облысының ҰАТ қатысушылары «Балалар мен жасөспірімдерге

арналған арнаулы мектеп» КММ (Тараз қ.) оң жұмысын атап өтті, мекеменің

басшылығы нәтижесінде мекемеде әумесерлік мінез-құлқы бар жасөспірімдерді

дұрыс   тәрбиелеуге   жақсы   әсерін   тигізетін   әмбебап   атмосфераны

қалыптастыратындай     кадрларды іріктеу, балалармен жұмыс жасау саясатын

жүзеге   асырады.   Одан   әрі,   тәрбиеленушілердің   жеке   сауалнамасы   мекемеде

орналасқан   балалар   мен   жасөспірімдерді   тәрбиелеу   үшін   шын   мәнісінде   де

достық және жағымды атмосфераның қалыптасқанын көрсетіп отыр. 

  

  

Алматы қ. Әумесерлік мінез-құлқы бар балаларға арналған арнаулы білім беру ұйымы 



Арнаулы болу 

ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 26 наурыздағы № 266 қаулысымен бекітілген

Ұлттық алдын алу тетігінің қатысушыларынан құралатын топтардың алдын ала

болу   қағидаларының    6-т.   сәйкес,   «Әумесерлік   мінез-құлқы   бар   балаларға

арналған   облыстық   мектеп-интернат»   ММ   5-сынып   оқушысы

Е.   Абдихаримовқа   қатысты   қатыгез   іс-әрекет   қолданғаны   туралы   түскен

мәлімдеме   негізінде   ҚР-   дағы   Адам   құқықтары   жөніндегі   уәкілдің   шешімі

бойынша Қызылорда облысы бойынша ҰАТ тобы арнаулы алдын ала болуын

өткізді. 

Аталған болу шеңберінде кәмелетке толмаған Е. Абдихаромовқа қатысты

қатыгез іс-әрекеттің қолдану фактісі расталды. Одан басқа, жасөспірім өзіне өзі

қол жұмсауға бейім екені анықталды.

  Аталған оқиға бойынша ішкі істер органдары ҚР ҚК 137-б. бойынша

(кәмелетке   толмағанды   тәрбиелеу   бойынша   міндеттерді   орындамау)

41



жүктеу 0,49 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау