2-шығарылым 1-бөлім



жүктеу 5,02 Mb.
бет26/26
Дата03.03.2018
өлшемі5,02 Mb.
#11013
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26
§ 81. ТЕРМИСТ

2-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Жалынды және электр пештерінде әрі әртүрлі салқындату ортасындағы термоқұдақтарда көміртекті және қоспаланған болаттан, түсті металдар мен оның қорытпаларынан жасалған әртүрлі дайындамаларды, қарапайым бөлшектерді, серіппелер мен құралдарды технологиялық процесс бойынша белгіленген режимде термиялық өңдеу (шыңдау, жұмсарту, күйдіру, нормалау). Автоматты қондырғыларды көміртекті, аз қоспаланған және арнайы қоспаланған болаттан жасалған қарапайым және орташа күрделі бөлшектерді термиялық өңдеу. Жәшіктер мен ыдыстарды айналдыра қалау және пештегі саңылауларды сылау. Пештерді, термоқұдықтарды дайындау және тиеу әрі термиялық өңдеуден кейін олардан пакеттерді, контейнерлерді, бөлшектерді түсіру. Отын беруді реттеу, пеш жұмысындағы ақауларды жою. Сутегі ортасында түсті металдар мен олардың қорытпаларын күйдіру. Жоғары білікті термистің басшылығымен күрделі бөлшектер мен құралдарды термиялық өңдеу. Әртүрлі конструкциялы қорғасын, цианид, селитрлы және тұзды ванналарда қарапайым кескінді бөлшектерді термиялық өңдеу. Ванналарға бөлшектерді тиеу және олардан түсіру. Еденнен көтергіш-көліктік жабдықтарды басқару. Оларды көтеру және ауыстыру үшін ілмектеу.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жалынды және электрлік пештердің (камералық, шахталық) және бір типтік ванналардың қосалқы механизмдерінің құрылғысын; термоөңдеу кезінде металлдық құрылымында болатын өзгерістерді; шыңдау, жұмсарту, нормалау және күйдіру тәсілдерінің жүйелілігін; өңделетін металдардың маркаларын және оның физикалық қасиетін; металдың температурасы мен қалыңдығын өлшеуге арналған аспаптарды қолдану ережесін; қызмет көрсетілетін пештердің сыйымдылығын; салқындататын сұйықтықтың құрамын және оны қолдану ережесін;пештерге бөлшектерді тиеу және оны түсіру ережесін; сутекті және сұйық және газ тәрізді азатты пайдалану және оларды сақтау ережесін; құмаларды күйдіруге арналған ыдысты айналдыра қалау үшін сылақтарды дайындау рецептурасы мен тәсілдерін; өзгеру түсін және оларға тиісті температураны; әртүрлі маркалы болатты салқындату тәсілдерін; шыңдаудан кейін металды жұмсарту тәсілін; көтергіш-көлік жабдықтарын басқару және ілмектеу жұмыстарының ережесін.

Жұмыс үлгілері.

1. Болттар, гайкалар, штифтер, шайбалар – шыңдау, жұмсарту, күйдіру.

2. Сағаттарға арналған қыл серіппелер және патефонды серіппелер – термиялық өңдеу.

3. Кондукторларға арналған төлкелер, шағын габаритті білікшелер, тегістеушілер, гайкалы кілттер, балғалар, шапқылар, ойғыштар, сызғыштар – шыңдау, жұмсарту.

4. Кескіштердің ұстағыштары, кескіштер, қашаулар, бұрауыштар – шыңдау және жұмсарту.

5. Қарапайым иілгіш штампылардың бөлшектері – шыңдау.

6. Салмағы 2 т дейін көміртекті және аз қоспаланған боолаттан жасалған қарапайым бөлшектер – шыңдау, жұмсарту.

7. Көміртекті және аз қоспаланған болаттан жасалған салмағы 5 т дейін дайындамалар – күйдіру, нормалау.

8. Айқастырмалар және бағыттамалы бұрмалардың өзектері, тұтас құйылған – термиялық өңдеу.

9. Станоктар патрондарының жұдырықшалары – шыңдау.

10. Жабын болат табақтары – күйдіру.

11. Ұзындығы 200 мм дейін бұрандаойығыштар, ұңғылағыштар, бұрғылар – шыңдау, жұмсарту, түзету.

12. Жұдырықша муфталар – нормалау.

13. Егеулер және түрпілер – сағаны жұмсарту.

14. Құрамдалған қысқаштар, үшкір тістеуіштер, тістеуіктер – шыңдау және жұмсарту.

15. Паровоздар қос доңғалақтарының тіркейтін саусақтарының соғылмалары, тепловоздар тарту моторларының моторлы-осьтік мойынтіректерінің тығыздағыш жартылай сақиналары, тепловоз рамасы табандарының және арбаша табан тіреулерінің сақиналары – нормалау.

16. Рельстер – шыңдау аппаратында ұштарды шыңдау.

17. Роликтер, трактор сақиналары – шыңдау.

18. Иінтіректер, ашалар – шыңдау және жұмсарту.

19. Жонғыш орталықтар – шыңдау.

20. Ұзындығы 100 мм дейін шаблондар – шыңдау.

21. Шарлар, мойынтірек роликтері – шыңдау, жұмсарту.

22. Шағын габаритті тістегершіктер – шыңдау, нормалау.

23. Әртүрлі бұрмасұқпалар – шыңдау, жұмсарту.

§ 82. ТЕРМИСТ

3-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Әртүрлі салқындату ортасында жалынды, электрлі пештерде және термоөңдеуқұдықтарында көміртекті және қоспалы болаттан, түсті металдар мен ацетиленді-оттекті жалынмен түсті қорытпалардың құймаларынан жасалған әртүрлі дайындамаларды, орташа күрделі бөлшектерді, серіппелер мен құралдарды технологиялық процес бойынша белгіленген режимде термиялық өңдеу (шыңдау, жұмсарту, күйдіру, нормалау). Автоматты қондырғыларда көміртекті, арнайы аз қоспаланған болаттан жасалған күрделі бөлшектерді термиялық өңдеу. Қарапайым және орташа күрделі бұйымдарды көміртектендіру, жоспарлау, жоспарлау және азоттау. Өздігінен жоғары вакуумға жеткізіп, вакуумды қондырғыда қарапайым және орташа күрделі бөлшектерді термиялық өңдеу. Күрделігі орташа бөлшектерді цианидты, қорғасынды, селитрлі, тұзды, хлорлы-барий және сілтілі әртүрлі конструкциядағы ванналарда термиялық өңдеу. Созылымды шойынды күйдіру бойынша термиялық пештерге қызмет көрсету. Қолмен және машиналарды қолдануымен әртүрлі карбюризаторларды дайындау. Термоөңдеуден кейін бөлшектерді түзету. Балғаларда оймалаудан бос жерлерді қажауқағазбен тазалау. Рецепт бойынша калийленген ерітіндіні жасау. Металдың қаттылығын және оны қыздыру температурасын айқындау.

Білуге тиіс: жалынды, газды, индукциялы, электрлі, вакуумды (камералық, шахталық, конвейерлік, агрегаттық және басқа да) пештерің, әртүрлі жүйелі ванналардың құрылғысын; вакуумды сору жүйесінің, сутек қондырғысының міндеті мен құрылғысын; салқындатын сұйықтықтарды және қызу температурасы мен болат маркасына қарай оларды қолдану ережесін; орындалатын жұмыс шегінде металды химиялық-термиялық өңдеу негіздерін; көміртекті және қоспаланған болаттан жасалған күрделілігі орташа бөлшектер мен құралдарды термиялық өңдеу режимін таңдау ережесін; әртүрлі маркалы болаттың, түсті металдар мен олардың қорытпаларының негізгі қасиеттерін; сутек ортада күйдіру процесінің технологиялық тәсімін және реттеудің тәсілдерін; хромды-никельді катализатордың физикалық-химиялық қасиетін және оларды қолдану тәсілдерін; бір типті шыңдау пештерінде, шыңдау машиналарында бөлшектерді шыңдау тәсілдерін; молеттерді шыңдау және салқындату тәсілдерін; қажетті қаттылықты алу үшін молеттерді шыңдау және салқындату кезіндегі температуралық режимді; молеттерді электр пештерінде шыңдау кезінде электр аспаптарын қолдану ережесін; термоөңдеу кезінде әртүрлі аспаптардың (механикалық, электрлік, оптикалық) міндетін, жұмыс қағидатын; бөлшектерді көміртектендіру, ережесін, көміртектендіруші заттарды және көмірткетендіру қабатының тереңдігін айқындау ережесін; шыңдаудан кейін бөлшектерді түзету әдісін.

Жұмыс үлгілері.

1. Баллондар - нормалау, жұмсарту.

2. Ұзындығы 1000 мм дейін борштангілер – шыңдау, жұмсарту, түзету.

3. Илек орнақтарының түзеткіш және жұмыс біліктері – шыңдау.

4. Диаметрі мен ұзындық сомасы 300 мм артық болған кездегі төлкелер – шыңдау, жұмсарту.

5. Салмағы 10 т дейін жоғары қоспаланған болаттан жасалған бөлшектер – күйдіру.

6. Салмағы 2-ден 5 т артық көміртекті және аз қоспаланған болаттан жасалған ұсақ және орташа штампылардың бөлшектері мен басқа да бөлшектер – шыңдау, жұмсарту.

7. Әртүрлі кескінді жартылай периметрі 0,5 м дейінгі бөлшектер – термоөңдеу.

8. Алюминий қорытпадан жасалған поршень бұқтырмалары – термоөңдеу.

9. Көміртекті және аз қоспаланған болаттан жасалған салмағы 5 т артық дайындамалар – күйдіру, нормалау.

10. Барлық типтегі шарикті мойынтіректі сақиналар – күйдіру.

11. Клапандар мен төлкелер – азоттау.

12. Кронштейндер, рессор сырғалары, клапанды итергіштер – шыңдау, циандау.

13. Күрделілігі орташа матрицалар, пуансондары - шыңдау, жұмсарту.

14. Ұзындығы 200-ден 400 мм дейін бұрандаойғыштар, ұңғылағышта, бұрғылар, ұңғуыштар – шыңдау, жұмсарту, түзету.

15. Молеттар болатты матрицалар – шыңдау.

16. Ұзындығы 250 мм дейін үшқырлы, квадратты, дөңгелек егеулер – шыңдау.

17. Вагон осьтері – нормалау.

18. Ротор осьтері – шыңдау.

19. Доңғалақ тоғыны – термоөңдеу.

20. Жұқа қабырғалы құймалар – шыңдау.

21. Диаметрі 150 мм мойынтіректер – термоөңдеу.

22. Болатты фасонды соғылмалар, салмағы 10 т дейін көміртекті және аз қоспаланған конструкциялы болаттан жасалған құймалар – күйдіру, нормалау.

23. Коррозиялық төзімді болаттан жасалған асхана құралдары - шыңдау, жұмсарту.

24. Орташа өлшемді бұранда калибрлі тығындар мен сақиналар – шыңдау, жұмсарту, тоздыру.

25. Ұзындығы 500 мм дейін дөңгелек шлицтік тартажонғыштар – шыңдау, жұмсарту, түзету.

26. Диаметрі 15 мм дейін шыбықтан жасалған спиральді серіппелер, диаметрі 10 мм дейін шыбықтан жасалған жоғары қоспаланған болаттан күрделі серіппелер – шыңдау және жұмсарту.

27. Фасонды кескіштер – шыңдау, жұмсарту.

28. Рельстер – пісіруден кейін нормалау.

29. Рессорлар – ұзындығы 1500 мм түпкі табақпен табақтарды шыңдау және жұмсарту.

30. Қапсырмалар – көміртектендіру.

31. Құбырлар – полимерлер..

32. Барлық өлшемдегі фитингтер - күйдіру

33. Барлық өлшемдегі цилиндрлік және дискілі фрездер – шыңдау, жұмсарту.

34. Шағын габаритті тістегершіктер – толықтай термоөңдеу.

§ 83. ТЕРМИСТ

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Әртүрлі салқындайтын ортада газбен жанатын, электрлік, камералық, муфельді айналамалы және басқа пештерде көміртекті, қоспалы болаттан және түсті қорытпалардан жасалған күрделі дайындамаларды, бөлшектер мен құралдарды химикалық-термиялық және термиялық өңдеу (шыңдау, жұмсарту, күйдіру, нормалау). Жоғары қоспаланған және термоөңдеудің арнайы режимін талап ететін басқа да болаттан жасалған күрделі бөлшектер мен құралдарды термиялық өңдеу. Вакуумды қондырғыда күрделі бөлшектер мен құралдарды термиялық өңдеу. Қатты карбюризатормен күрделі бөлшектерді циандау, көміртектендіру, борлау және азоттау. Термоөңдеудің үздіксіз процесі агрегатында конвейердің режимін және қозғалысы жылдамдығын баптау. Технологиялық процестің берілген режиміне жабдықтарды реттеу. Пирометриялық аспаптарды пайдалану және қажетті арнайы құрылғыларды қолдану. Нұсқаулық және технологиялық карта бойынша бөлшектер мен құралдарды термиялық өңдеу. әртүрлі жүйедегі цианидті, қорғасынды, селитрлі, тұзды, хлорлы-барийлі және сілтілі ванналарда күрделі бөлшектерді термиялық өңдеу. Қажетті шоғырланған ванналар ерітінділерінің жағдайын бақылау. Сынық бойынша шыңдау қабатының тереңдігін бақылау. Термиялық өңдеуден кейін күрделі бөлшектерді түзету. Иілту барабандарында рессор табақтарын иілту және шыңдау.

Білуге тиіс: әртүрлі типті газбен жанатын, жалынды, индукциялы және электрлі (камералық, шахталық, конвейерлік, агрегаттық және басқа да) пештердің құрылғысын; аспаптық және қоспаланған болаттан жасалған күрделі бөлшектер мен құралдарды термиялық өңдеу режимін таңдау ережесін; ауаның кемуін айқындау тәсілдерін және оларды бөлшектерді вакуумды өңдеу кезінде жою; ағынды іздеу типтерін; термоөңдеу және вакуумды айқындау кезінде әртүрлі механикалық, электрлік, оптикалық аспаптардың құрылғысын; бөлшектердің табиғи және жасанды тозу тәсілдерін; компоненттердің мөлшері бойынша ванналардың құрамын; әртүрлі салқындатқыш құралдарды қолдану қасиеті мен тәсілін.

Жұмыс үлгілері.

1. Диаметрі 1700 мм дейін бандаждар, диаметрі 3000 мм дейін сақиналар және диаметрі 1100 мм дейін доңғалақтар – күйдіру, шыңдау және жұмсарту.

2. Ұзындығы 1000-ден 1500 мм дейін борштангтар – шыңдау, жұмсарту және түзету.

3. Үрмелі музыкалық аспаптардың бөлшектері – термоөңдеу.

4. Ірі штампылардың бөлшектері және салмағы 5 т артық көміртекті және аз қоспаланған болаттан жасалған бөлшектерді – шыңдау, жұмсарту.

5. Люктер мен айналмалардың бөлшектері – термоөңдеу.

6. Әртүрлі кескінді жартылай периметрі 0,5 м артық бөлшектер – термоөңдеу.

7. Тік және майысқан бөлшектер (пішіннен) – термоөңдеу.

8. Тісқашау жұмыстарына арналған қашағыштар – шыңдау және жұмсарту.

9. Тіс дәрігерінің құралдары, қысқаштар, хирургиялық қашаулар және пинцеттер – толықтай термиялық өңдеу..

10. Ірі габаритті шарикті мойынтіректі сақиналар – шыңдау, нормалау, жұмсарту.

11. Күрделі кескінді матрицалар – толықтай термоөңдеу.

12. Салмағы 50 т дейін пісірілетін металл конструкциясы – жұмсарту.

13. Ұзындығы 400 мм артық бұрандаойығыштар, ұңғуыштар, бұрғылар – шыңдау, жұмсарту, түзету.

14. Мақта тазалайтын машиналардың пышақтарын қайрауға арналған дискілі егеулер – шыңдау.

15. Ұзындығы 250 мм артық үшқырлы, квадратты, дөңгелекті егеулер – шыңдау.

16. Металл кесуге арналған пышақтар – шыңдау, жұмсарту, түзету.

17. Диаметрі 150 мм артық мойынтіректер – термоөңдеу.

18. Салмағы 10-нан 20 т дейін күрделі кескінді соғылмалар мен болатты құймалар – күйдіру және нормалау.

19. Ұзындығы 500-ден 1000 мм дейін дөңгелек шлицтердің тартажонғыштар – шыңдау, жұмсарту, түзету.

20. Диаметрі 15-тен 40 мм шыбықтардан жасалған спиральді серіппелер, диаметрі 10-нан 30 мм дейін шыбықтардан жоғары қоспаланған болаттан жасалған күрделі серіппелер – шыңдау және жұмсарту.

21. Рессорлар – Түпкі табақтың ұзындығы 1500 мм артық табақтарды шыңдау және жұмсарту.

22. Иінтіректер, тежегіштер, ауыстырып-қосқыштар – шыңдау және жұмсарту.

23. Диаметрі 200 мм артық пішінді фрезалар – шыңдау, жұмсарту.

24. Бұрамдық шлицті фрезалар және лекалолар – шыңдау, жұмсарту.

25. Ұзындығы 400 мм артық шаблондар – толықтай термоөңдеу.

26. Ірі габаритті тістегершіктер – шыңдау, нормалау.

27. Ұзындығы 500 мм артық соташықтар – азоттау.

§ 84. ТЕРМИСТ

5-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Технологиялық процесте белгіленген режимде әртүрлі салқындататын ортада түрлі пештерде, агрегаттар мен муфельсіз қондырғыларда қоспаланған, жоғары қоспаланған және ерекше болаттан әрі түсті қорытпалардан жасалған күрделі бұйымдарды, кескіш және өлшеу құралдарын, сондай-ақ күрделі штампыларды, тартажонғыштар мен құрылғыларды химиялық-термиялық және термиялық өңдеу. Эксперименталды болат пен қорытпаларды арнайы термиялық өңдеу. Шыңдау процесінде арнайы штампыларда күрделі бөлшектерді термиялық өңдеу. Күрделі бөлшектерді вакуумды-термиялық өңдеу. Әртүрлі конструкциялы цианидті, қорғасынды, селитрлі, тұзды, хлорлы-барийлі және сілтілі ванналарда күрделі бөлшектер мен құралдарды термиялық өңдеу.

Білуге тиіс: бөлшектер мен тораптарды, домалату агрегаттары және металды термиялық өңдеуге қолданылатын басқа да жабдықтарды вакуумды термиялық өңдеуге арналған әртүрлі пештердің, машиналардың, арнайы стенділердің конструктивтік ерекшеліктері мен электрлік тәсімдерін; бақылау-өлшеу аспаптары мен құрылғыларының құрылғысын; көміртектендіру және нитрокөміртектендіру процесінің маңыздылығын; көміртектендіру және нитрокөміртектендіру кезінде қолданылатын газдардың химиялық құрамын; металдың құрылдық өзгеруін; әртүрлі химиялық элементтердің термоөңдеу режиміне әсерін; күрделі бөлшектер мен құралдарды термоөңдеу режимін таңдау ережесін; барлық типтегі электрлік пештерінің тәсімі мен басқару пульттерін.

Жұмыс үлгілері

1. Ұзындығы 1500 мм артық бортштангалар – толықтай термиялық өңдеу.

2. Жетек біліктері – шыңдау және жұмсарту.

3. Салмағы 10 т артық жоғары қоспаланған болаттан жасалған бөлшектер – шыңдау, жұмсарту.

4. Машиналардың бөлшектері – одан әрі шыңдау және жұмсартумен диффузиялық хромдау.

5. Коррозиялық төзімді болаттан жасалған перфорирленген табақтар.

6. Қоспаланған болаттан жасалған көп пуансонды матрицалар – деформациясыз шыңдау.

7. Салмағы 50 т артық пісірген металл конструкциялары – жұмсарту.

8. Зертханалық жағдайда термоөңдеуге тартылатын ірі соғылмалардың түрлері – термоөңдеу режимін моделдеу.

9. Салмағы 20 т артық жоғары қоспаланған болаттан жасалған ірі габаритті соғылмалар – күйдіру, нормалау.

10. Ұзындығы 100 мм артық ірі шлицті соғылмалар – шыңдау, жұмсарту, түзету.

11. Диаметрі 40 мм артық шыбықтан жасалған және диаметрі 30 мм артық шыбықтан жоғары қоспаланған болаттан жасалған аса күрделі спиральді серіппелер – шыңдау, жұмсарту.

12. Бұрамдық фрезалар және дискілі әрі арнайы кесетін құралдар – шыңдау, жұмсарту, түзету.

13. Ірі габаритті тістегершіктер – толықтай термиялық өңдеу.

§ 85. ТЕРМИСТ

6-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Қоспаланған, жоғары қоспаланған, коррозиялық төзімді және ерекше болаттан жасалған күрделі ірі габаритті теңдессіз бағалы бөлшектер мен тораптарды химиялық-термиялық және термиялық өңдеу. Берілген механикалық қасиеттерімен қоспаланған болаттан жасалған күрделі бөлшектерді Термиялық өңдеу.

Білуге тиіс: бөлшектер мен тораптарды, домалату агрегаттары және металды термиялық өңдеуге қолданылатын басқа да жабдықтарды вакуумды термиялық өңдеуге арналған әртүрлі пештердің, машиналардың, арнайы стенділердің конструкцияларын; қоспаланған, жоғары қоспаланған, коррозиялық төзімді және ерекше болаттан жасалған күрделі ірі габаритті теңдессіз бағалы бөлшектер мен тораптарды термиялық өңдеудің ережесін.

Жұмыс үлгілері

1. Ірі габаритті автоклавтар – шыңдау, жұмсарту, түзету.

2. Ротор біліктері ірі габаритті - шыңдау, жұмсарту, түзету.

3. Химиялық өңдеуге арналған колонна корпустары ірі габаритті – жұмсарта отырып, нормалау.

§ 86. ТВЧ ҚОНДЫРҒЫЛАРЫНДАҒЫ ТЕРМИСТ

2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Шыңдау қабатының бір қалыпты тереңдігін қамтамасыз ете отырып, белгіленген технологиялық процесс бойынша режимде ТВЧ қондырғыларында әртүрлі маркалы болаттан жасалған қарапайым бөлшектер мен құралдарды жоғары және өндірістік жиілікті токтармен беттік шынықтыру және жұмсарту. Шор және Роквелл аспаптары бойынша қаттылығын айқындау. Технологиялық карта бойынша термоөңдеу режимдерін белгілеу. Қарапайым бөлшектер мен бұйымдарды түзету. Шыңдау қондырғыларының жұмыс режимін реттеу және бақылау аспаптары мен сигналдық лампалар бойынша қызу температурасын айқындау.

Білуге тиіс: беттік шыңдау (электрмен шыңдау) үшін қолданылатын бір типтік аппараттар мен станоктардың, басқару пульттары мен реттеу аспаптары жабдықтарының құрылғысын; жоғары және өндірістік жиіліктегі токтармен шыңдау кезінде индукторлар мен құрылғылардың міндетін және қолдану шартын; металдың термоөңдеу кезінде қасиеті мен құрылымның өзгеруін; жоғары және өндірістік жиіліктегі токтар туралы негізгі түсініктерді; металл температурасы мен қаттылығының өлшеу үшін аспаптарды пайдалану ережесін; салқындатқыш сұйықтықтардың құрамын және оларды қолдану ережесін.

Жұмыс үлгілері.

1. Ұзындығы 250 мм дейін біліктер, шапқылар – шыңдау және түзету.

2. Токарлық станоктардың патрондарына арналған жұдырықшалы бұрамалар – шыңдау.

3. Ұзындығы 150 мм дейін шлицті төлкелер – шыңдау.

4. Слесарлық, ұсталық, пневматикалық кескіштер – шыңдау.

5. Клеймо – шыңдау.

6. Тік қойылған кілттер және арнайы гайкалар – шыңдау және жұмсарту.

7. Токарлық станоктар патрондарының жұдырықшалы – шыңдау.

8. Блемехтер және соқа үйіндісі – күйдіру.

9. Балқыту кішкене көпірлері – белгілі күште электрлік тогын жіберу жолымен.

10. Ұзындығы 500 дейін осьтер – шыңдау.

11. Жұдырықшалы және тісті жартылай муфталар – шыңдау.

12. Цилиндрлік пуансондар – шыңдау.

13. Иінтірек роликтері таратқыш – шыңдау және жұмсарту.

§ 87. ТВЧ ҚОНДЫРҒЫЛАРЫНДАҒЫ ТЕРМИСТ

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. ТВЧ қондырғыларында әртүрлі маркалы болаттан жасалған орташа күрделі бөлшектер мен құралдарды жоғары және өндірістік жиіліктегі токтармен беттік шыңдау және жұмсарту. Шыңдау қондырғыларын баптау. Жоғары білікті термистің басшылығымен индукторларды жөндеуге қатысу. Термоөңдеуден кейін әртүрлі бөлшектер мен құралдарды түзету. Бөлшектерді арнайы шыңдау құрылғыларына көлденең және тік орнату.

Білуге тиіс: жоғары жиілікті генераторлардың құрылғысын және қызмет принциптерін; индукторлардың құрылғысын және типтерін; қыздыруға арналған аспаптардың құрылғысын және қолдану шарттарын; бөлшектер мен құралдарды жоғары және өндірістік жиіліктегі токтармен беттік шыңдау ережесін; деформациялану және шыңдау кезінде жарықтардың пайда болу себептерін; бақылау-өлшеу аспаптарының міндеті мен қолдану шарттарын.

Жұмыс үлгілері.

1. Ұзындығы 250 мм дейін бугельдер фигуралық – шыңдау және жұмсарту.

2. Ұзындығы 250 мм артық біліктер, шапқылар – шыңдау.

3. Білікті-бұрамалы механизм бұрамдықтарының біліктері – шыңдау.

4. Ұзындығы 150 мм артық шлицті төлкелер – шыңдау.

5. Автомобиль біліктері, күрделі: маховик жиегі, шар саусақтары, тарату жетегінің тістегершігі және клапандар – беттік шыңдау және жоғары жұмсарту.

6. Бағыттамалы электр жетектерінің, штампылардың, тірек муфталарының, шиберлер мен олардың тістегершіктерінің бөлшектері – шыңдау және жұмсарту.

7. Жұлдызшалар, қырылдақтар – шыңдау.

8. Бұрандалы калибрлер – шыңдау.

9. Тірек каткалары – шыңдау және жұмсарту.

10. Орталықтан тебетін сорғылардың жұмыс доңғалақтары – шыңдау.

11. Поршень сақиналары – шыңдау.

12. Форсунка корпустары, қисық тікендер, серіппе жетектемелері – шыңдау және жұмсарту.

13. Дөңгелекті тістеуіктер, тістеуіктер, цементке арналған штапельдер – термиялық өңдеу.

14. Ұзындығы 500 мм артық осьтер - шыңдау.

15. Поршень саусақтары – шыңдау және жұмсарту.

16. Ұзындығы 350 мм дейін сатылы жетектемелер – шыңдау.

17. Сатылы табандар – шыңдау.

18. Ұзындығы 250 мм дейін қашаулар, бұрандаойығыштар – шыңдау және жұмсарту.

19. Рельстер – шыңдау.

20. Ұзындығы 250 мм дейін иінтіректер, фигуралық – шыңдау және жұмсарту.

21. Ауа үрлегіш жетектемелердің күпшектері – шыңдау және жұмсарту.

22. Барлық өлшемдегі фиксаторлар, фигуралық – шыңдау және жұмсарту.

23. Ұзындығы 150 мм дейін модульдық және бұрамдық фрезалар – шыңдау және жұмсарту.

24. Тарату біліктер жетектемелерінң цапфалары – шыңдау және жұмсарту.

25. Ұзындығы 300 мм дейін тістегершіктер – шыңдау және жұмсарту

26. Ұзындығы 300 мм дейін штоктар, жұдырықшалы муфталар - шыңдау.


§ 88. ТВЧ ҚОНДЫРҒЫЛАРЫНДАҒЫ ТЕРМИСТ

4-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Әртүрлі ТВЧ қондырғыларында күрделі бөлшектер мен құралдарды жоғары және өндірістік жиіліктегі токтармен беттік шыңдау. Әртүрлі типті шыңдау қондырғылары мен аппараттарын дайындау және баптау. Қондырғы жұмысындағы ақауларды жою және агрегаттардың жұмысқа даярлығын айқындау.

Білуге тиіс: жабық тарату құрылғылары мен цехті қосалқы станциялар аппаратураларының құрылғысын; жоғары жиілікті генераторлардың тәсімін, конструкциясын және басқару тәсілдерін; жоғары және өндірістік жиіліктегі токтарды тарату тәсімін; белгіленген трансформаторлар мен генераторлардың қуаттылығын; генераторлардың жұмысына жіберілетін режимдерді; қыздыру мен салқындатудың тиімді режимін таңдау ережесін; болаттағы құрылымдық өзгеріс туралы, қызу жылдамдығы мен температураға байланысты болат құрылымының өзгеруі туралы негізгі түсініктерді; термоөңдеу процесінде бөлшектердің деформациялану және жарылу себептерін және оларды болдырмау шараларын; Металдың қызу және салқындату ортасының температурасын айқындауға арналған аспаптардың құрылғысын; жоғары жиілікті ток қондырғыларында және термиялық пештерде болатты шыңдау, нормалау және жұмсарту температурасын; термиялық өңдеудің түрлері мен тәсілдерін.

Жұмыс үлгілері.

1. Ұзындығы 250 мм артық бугельдер фигуралық – шыңдау және жұмсарту.

2. Қуаты 60 кВт (80 л.с.) дейін қозғалтқыштардың иінді біліктері, тарату біліктері және олардың тістегершіктері, дизельдерге арналған маховик тәждері – шыңдау және жұмсарту.

3. Жетек – шыңдау және жұмсарту.

4. Трактор блоктарының гильзалары – шыңдау және жұмсарту.

5. Фигуралық корпустар – шыңдау және жұмсарту.

6. Паровоздардың доңғалақтары және оталғыш, реттығынды төлкелері, теңгерімдер, тепловоз бөлшектері, жылжымалы құрам сорғылары жетектерінің тістегершіктері мен біліктері – шыңдау.

7. Күрделі матрицалар, пуансондар – шыңдау.

8. Ұзындығы 600 мм дейін көлбеқайшы пышақтары – шыңдау.

9. Ұзындығы 500 мм артық осьтер – шыңдау.

10. Ұзындығы 350 мм артық сатылы жетектемелер – шыңдау және жұмсарту.

11. Ұзындығы 600 мм дейін қырнауышты транспортерлердің сырғанау жолақтары – шыңдау.

12. Ұзындығы 250 мм артық қашаулар, бұрандаойғыштар – шыңдау және жұмсарту.

13. Ұзындығы 250 мм артық иінтіректер фигуралық – шыңдау және жұмсарту.

14. Ұзындығы 2500 мм дейін станоктардың станиналары – шыңдау.

15. Диаметрі 150 мм артық модульдық және бұрамдық фрезалар – шыңдау және жұмсарту.

16. Диаметрі 300-ден 500 мм дейін тістегершіктер – шыңдау және жұмсарту.

17. Ұзындығы 300 мм артық штоктар – шыңдау және жұмсарту.

§ 89. ТВЧ ҚОНДЫРҒЫЛАРЫНДАҒЫ ТЕРМИСТ

5-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Одан әрі шыңдау және өздігінен жұмсарта отырып, күрделі конфигурациялы бөлшектердің бірнеше учаскесін бір уақытта қыздыру. Конструкциясы әртүрлі ТВЧ қондырғыларында жоғары және өндірістік жиіліктегі токпен әртүрлі маркалы болаттан жасалған бағалы және күрделі бөлшектерді, бұйымдар мен құралдарды термиялық өңдеу. Түйістіру әдісімен әртүрлі бөлшектерді шыңдау. Станоктар мен жоғары жиілікті агрегаттарды дайындау және баптау. Күрделі қондырғылар мен олардың құрылғыларындағы жұмыста кездесетін ақауларды жою. Генераторды жұмыстың оңтайлы режиміне баптау.

Білуге тиіс: лампалы генераторлардың, шыңдау күш беретін әртүрлі конструкциялы трансформаторлар мен конденсаторлардың құрылғысын; әмбебап және арнайы құрылғылардың конструкциясын; орнатылған трансформаторлар мен конденсаторлардың қуатын; темір көміртекті қорытпалар жағдайының диаграммасын; металдардың химиялық құрамы және қасиеті; арнайы құрамдардың қорыту кезінде термоөңдеу режиміне әсерін.

Жұмыс үлгілері.

1. Қуаты 60 кВт (80 л.с.) артық қозғалтқыштардың иінді біліктері, тарату біліктері, отын сорғысының білікшелері – шыңдау және жұмсарту.

2. Гайкаларды түсіретін автоматтардың итергіш жұдырықшалары – шыңдау.

3. Диаметром 320 мм және ұзындығы 700 мм пинольдер – шыңдау.

4. Ұзындығы 600 мм артық сатылы жетектемелер – шыңдау және жұмсарту.

5. Автомобильдердің, тракторлардың, комбайндардың жартылай осьтері – шыңдау және жұмсарту.

6. Гайкаларды түсіретін автоматтардың пуансондар – шыңдау.

7. Ұзындығы 600 мм артық көлбеқайшы пышақтары – шыңдау.

8. Ұзындығы 2500 мм артық станоктардың станиналары – шыңдау.

9. Дискілі фрезалар – шыңдау.

10. Диаметрі 500 мм артық тістегершіктер – шыңдау және жұмсарту.

§ 90. СУЫҚТА ЖҰМЫС ІСТЕЙТІН ТЕРМИСТ

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Белгіленген технологиялық процесс бойынша режимде бөлшектер мен құралды суықтай термиялық өңдеу. Жұмыс процесінде камерадағы температураны реттеу және аспаптар бойынша бұйымдардың салқындау дәрежесін айқындау. Берілген режим бойынша мұздатқыш камераны термоөңдеуге дайындау.

Білуге тиіс: мұздатқыш камераның құрылғысын және жұмыс қағидатын; бөлшектер мен бұйымдарды суықтай өңдеу процессін; салқындататын сұйық газдың қасиетін, оны тасымалдау шартын, сақтау және оны қолдану ережесін; суықтай өңделетін бөлшектер мен бұйымдардың номенклатурасын және техникалық шарттар бойынша оларға қойылатын талаптарды; төмен температураның бұйымға әсерін және ұзақтығын; суықтай өңделетін бөлшектердің негізі қасиетін.

§ 91. ОРАУШЫ-КӨМІРТЕКТЕНДІРУШІ

2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Бөлшектер мен бұйымдарды жәшіктерге, қораптарға, қыш құмыралар мен құбырларға, олардың арасындағы бекітілген кеңістікті сақтай отырып, салу. Көміртектендіруге жатпайтын бөлшектердің орнын оқшаулау. Жәшіктерге көміртектендіру массасын төгу, жабу және сылау.

Білуге тиіс: бөлшектер мен бұйымдарды салу және көміртектендіру массасын төгу ережесі мен тәсілдерін; көміртектендіру массасының құрамын; оқшаулау материалдарының қасиетін; өңделетін бөлшектер мен бұйымдарға қойылатын техникалық талаптарды.
§ 92. СҰЙЫҚ МЕТАЛДЫ ШТАМПЫЛАУШЫ

2-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Жоғары білікті штампылаушының басшылығымен гидравликалық және фрикциялық престерде сұйық түсті металдардан және қорытпалардан жасалған беті жазық қарапайым және күрделілігі орташа конфигурациялы бөлшектерді штампылау, түзету пештерін балқытуға даярлау, металдарды балқыту процессін жүргізу. Материалдарды өлшеу, қолмен немесе кранның көмегімен пештерді шихтамен бітеу. Сұйық металдар мен қорытпаларды штампыларға апару және құю. Штампыларды қыздыру және салқындату, престер мен штампылардың механизмдерін тазалау және майлау. Пештерді, престер мен штампыларды жөндеуге қатысу. Кесу престерінде құймаларды кесу. Дайын штампыларды ыдыстарға салу және буып-түю.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықтардың құрылғысын және жұмыс қағидатын; көтергіш-көлік механизмдерімен жұмыс істеу ережесін; материалдарды бөліп өлшеу ережесін; пресс және штампы механизмдерін тазалау және майлау ережесін; бақылау-өлшеу құралдарының міндеті мен шарттарын; дайын өнімді буып-түюге қойылатын талаптарды.

§ 93. СҰЙЫҚ МЕТАЛДЫ ШТАМПЫЛАУШЫ

3-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Гидравликалық және фрикциялық престерде сұйық түсті металдардан және қорытпалардан жасалған беті жазық қарапайым және күрделілігі орташа конфигурациялы бөлшектерді штампылау. Пресстер мен штампыларды баптау. Штампылау режимдерін реттеу. Берілген химиялық құрамды сақтай отырып, әртүрлі конструкциялы пештерде түсті металдар мен қорытпаларды балқыту процессін жүргізу. Балқыту пештерін балқытуға даярлау. Берілген рецептура бойынша шихталар құрастыру. Тұнатын материалдар мен флюстерді тиеу. Сұйық металл сынамаларын іріктеу және экспресс талдау деректері бойынша оны шығаруға дайындығын айқындау. Салу және қожды түсіру. Жоғары білікті штампылаушының басшылығымен сұйық металды тазалау. Қызмет көрсетілетін жабдықты жөндеуге қатысу.

Білуге тиіс: бір типті қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылғысын және жұмыс принципін; электр энергиясын, отын, ауа жүргізу және вакуумдау тәсімін; шихталар құрамы, түсті металдар мен қорытпалардың құю және штампылау қасиеттерін; түсті металдар мен қорытпаларды балқыту температурасы мен режимдерін; қолданылатын қышқылдансыздырғыштар мен флюстердің қасиеті мен міндетін; сұйықтай штампылау режимдерін; сұйық металды штампыда қысым қосылмағанда және қысым астында ұстау уақыты; бақылау-өлшеу құралдарының құрылғысын; штампыларды салқындату, қыздыру және майлау ережесін; штампыларды, бекіту және арнайы құрылғылардың орнату құрылғысын.

Жұмыс үлгілері.

Штампылау:

1. Қарапайым төлкелер және тығындар.

2. Грундбукстер.

3. Жазық бетті қорап тәрізді бөлшектер

4. Шұғыл өтпелер мен қабырғаларсыз қарапайым призматикалық бөлшектер..

5. Бұқтырмалар, ниппельдер.

6. Реттығындар, шлицті шайбалар, гайкалар.

7. Сақиналар, стакандар, сальниктер, жазық фланецтер.

8. Сервомотор корпустарының қақпалары.

9. Пісірімдер, табақшалар.

§ 94. СҰЙЫҚ МЕТАЛДЫ ШТАМПЫЛАУШЫ

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Гидравликалық және фрикциялық престерде дөңес, қабырғалы, бір екі қисық сызық беті бар сұйық түсті металдардан және қорытпалардан жасалған күрделі конфигурациялы бөлшектерді штампылау. Штампылау режимдерін айқындау. Әртүрлі металдарға шихталар жасау және оның дұрыстығын қамтамасыз ету. Конструкциясы әртүрлі пештерде химиялық құрамға қатаң талап қоя отырып, түсті металдар мен қорытпаларды балқыту процесін жүргізу. Балқытылатын металдың сапасын бақылау. Металды тазалау.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылғысын; престер мен шатмпыларды баптау тәсілдерін; жабдықтарға электр энергиясын, отынды, ауаны жүргізу және вакуумдау құрылғысын; балқытылатын қорытпалардың құю қасиетін және химиялық құрамын; балқытуда қолданылатын қышқылдансыздырғыштар мен флюстердің түрлерін, олардың қасиетін және метал сапасына әсерін; штампылардың, орнату және бекіту құрылғыларының конструктивтік ерекшеліктерін; түсті металдардың маркасына қарай сұйықтай штампылау режимдерін; дайын өнімге қойылатын техникалық шарттарды.

Жұмыс үлгілері.

Штампылау:

1. Фасонды төлкелер мен тығындар.

2. Фасонды қылталар, фланецтер.

3. Дөңес және қабырғалы айналмалы бөлшектер.

4. Қисық сызық бетті бөлшектер, фасонды.

5. Клапан корпустары.

6. Тесіктері бар корпус қақпақтары.

7. Фланецті үштіктер.

§ 95. СҰЙЫҚ МЕТАЛДЫ ШТАМПЫЛАУШЫ

5-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Гидравликалық және фрикциялық престерде қисық сызықты сыртқы және ішкі беті бар күрделі конфигурациялы бөлшектерді штампылау. Конструкциясы әртүрлі пештерде химиялық құрамға қатаң талап қоя отырып, арнайы қорытпалар мен түсті металдарды балқыту, сондай-ақ зертханалық жағдайда тәжірибелі және эксперименталды қорыту процесін жүргізу. Экспресс зертхананың талдаулары нәтижесінің негізінде қорытпаларды қажетті химиялық құрамға жеткізу.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықтың конструктивтік негіздерін және кинематикалық тәсімін; түсті қорытпаларды балқыту процесін; шихтаға кіретін компоненттердің химиялық құрамын, олардың қорытпалардың қасиетіне әсерін; балқыту және құю кезінде сұйық қорытпаның ауаға және пеш газдарына жанасуынан сақтау тәсілдерін; әрт.рлі типті престерді баптау және штампылауға даярлау ережесін; жабдықтарға, бақылау-өлшеу аспаптарына қызмет көрсету ережесін; технологиялық процестің әртүрлі параметрлерінің штампылау сапасына әсерін.

Жұмыс үлгілері.

Штампылау:

1. Қисық сызықты сыртқы және ішкі беті бар бөлшектер.

2. Көп клапанды қораптар.

3. Арматуралардың корпустары мен бөлшектері.

4. Фигуралық шеңберлер.

2002 ж. шығарылған БТБА-ның бұрын қолданыста болған бөлімдер бойынша атаулары көрсетілген, осы бөлімде көзделген жұмысшылар кәсіптері атауының тізбесі


Р/с№

Осы бөлімге орналастырылған жұмысшылар кәсіптерінің атауы

Разрядтар диапазо

ны


2002 жылы шығарылған БТБА-ның бұрын қолданыста болған шығарылымдары мен бөлімдері бойынша атаулар

Раз-рядтар диа-пазо-ны

БТ

БА шы-ғ.





Бөлімнің қысқартылған атауы




1

Құрсаушы

3-4

Құрсаушы

3-4

2

Ұсталық жұмыстар

2

Цементтеуге арналған қоспа дайындаушы

2

Цементтеуге арналған қоспа дайындаушы

2

-//-

-//-

3

Термоөңдеудегі оқшаулаушы

2-3

Термоөңдеудегі оқшаулаушы

2-3

-//-

-//-

4

Қыздырушы

2-4

Қыздырушы

2-4

-//-

-//-

5

Ұсталық-престтеу жұмыстарды бақылаушы

2-5

Ұсталық-престеу жұмыстарды бақылаушы

2-5

-//-

-//-

6

Термоөңдеу жөніндегі бақылаушы

2-5

Термоөңдеу жөніндегі бақылаушы

2-5

-//-

-//-

7

Балға және пресс ұстасы

2-6

Балға және пресс ұстасы

2-6

-//-

-//-

8

Қолмен соғатын ұста

2-5

Қолмен соғатын ұста

2-5

-//-

-//-

9

Штампылаушы ұста

2-6

Штампылаушы ұста

2-6

-//-

-//-

10

Ротациялық машиналарда штампылаушы ұста

3-5

Ротациялық машиналарда штампылаушы ұста

3-5

-//-

-//-

11

Балға, пресс және манипулятор машинисі

2-5

Балға, прессжәне манипулятор машинисі

2-5

-//-

-//-

12

Металды қыздыру (пісіруші)

1-5

Металды қыздыру (пісіруші)

1-5

-//-

-//-

13

Ұсталық-пресс жабдықтарын баптаушы

4-6

Ұсталық-пресс жабдықтарын баптаушы

4-6

-//-

-//-

14

Термоөңдеудегі жабдықтар мен агрегаттарды баптаушы

4-6

Термоөңдеудегі жабдықтар мен агрегаттарды баптаушы

4-6

-//-

-//-

15

Дәнекерлеуші

2-5

Дәнекерлеуші

2-5

-//-

-//-

16

Автоматты және жартылай автоматты желілердегі ұста-оператор

3-5

Автоматты және жартылай автоматты желілердегі ұста-оператор

3-5

-//-

-//-

17

Автоматты желілердегі оператор-термист

4-5

Автоматты желілердегі оператор-термист

4-5

-//-

-//-

18

Машиналарды түзетуші

1-5

Машиналарды түзетуші

1-5

-//-

-//-

19

Шпальт електеріне арналған дайындамаларды престеуші

4

Шпальт електеріне арналған дайындамаларды престеуші

4

-//-

-//-

20

Ыстықтай штампылаудағы престеуші

3-5

Ыстықтай штампылаудағы престеуші

3-5

-//-

-//-

21

Шарларды прокаттаушы

2-3

Шарларды прокаттаушы

2-3

-//-

-//-

22

Серіппеші

2-4

Серіппеші

2-4

-//-

-//-

23

Жаюшы

3-6

Жаюшы

3-6

-//-

-//-

24

Ыстық металды өңдеудегі рессоршы

2-5

Ыстық металды өңдеудегі рессоршы

2-5

-//-

-//-

25

Көгертуші

2

Көгертуші

2

-//-

-//-

26

Термист

2-6

Термист

2-6

-//-

-//-

27

ТВЧ қондырғыларындағы термист

2-5

ТВЧ қондырғыларындағы термист

2-5

-//-

-//-

28

Суықта жұмыс істейтін термист

4

Суықта жұмыс істейтін термист

4

-//-

-//-

29

Ораушы-көмір-тектендіруші

2

Ораушы-көміртектендіруші

2

-//-

-//-

30

Сұйық металды штампылаушы

2-5

Сұйық металды штампылаушы

2-5

-//-

-//-



Мазмұны

1-бөлім


Кіріспе . . . . . . . . . . .. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .

Құю жұмыстары…………………………………………………………………….

Осы бөлімде көзделген жұмысшы кәсіптерінің,

2002 жылғы БТБА қолданыстағы бөлімдері бойынша атаулары

көрсетілген тізбесі . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .

Дәнекерлеу жұмыстары………………………………………………………

Осы бөлімде көзделген жұмысшы кәсіптерінің,

2002 жылғы БТБА қолданыстағы бөлімдері бойынша атаулары

көрсетілген тізбесі . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .

Қазандық, суық қалыптау, созғылау және сығу жұмыстары……..........

Осы бөлімде көзделген жұмысшы кәсіптерінің,

2002 жылғы БТБА қолданыстағы бөлімдері бойынша атаулары

көрсетілген тізбесі . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .

Ұсталық-нығыздау және термиялық жұмыстар» тараулары………......

Осы бөлімде көзделген жұмысшы кәсіптерінің,

2002 жылғы БТБА қолданыстағы бөлімдері бойынша атаулары



көрсетілген тізбесі . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .




жүктеу 5,02 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау