2-шығарылым 1-бөлім



жүктеу 5,02 Mb.
бет19/26
Дата03.03.2018
өлшемі5,02 Mb.
#11013
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   26
§ 41. ҚАЗАНДЫҚШЫ

6-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Күрделі және бірегей қазандықтар мен қазандық агрегаттарын, аппараттарды, бақылау-өлшеу аспаптарын, жоғары қысымдағы арматура пульттерін жасау, құрастыру, монтаждау және жөндеу. Жоғары қысым жағдайында жұмыс істейтін күрделі, бірегей және тәжірибелік қазандықтарды, күрделі құрылымдағы жылу алмастыру аппараттарын техникалық шарттарға сәйкес сынау және тапсыру. Қазандық күрделі автоматикасын монтаждау, реттеу және тапсыру, күрделі және қуатты қазандықтар мен қазандық агрегаттардың орнатардан алдын тұғырларын тексеру. Агрегаттарды, тораптар мен арматураның орнатардан алдын орнату координаттарын айқындау. Қазандықтар мен механизмдерді тексеру және сынау кезіндегі ақаулықтарын айқындау.

Білуге тиіс: жоғары қысымдағы күрделі қазандықтардың, қазандық агрегаттары мен жылу алмастыру аппараттарының құрылымы мен конструкциясы; күрделі қазандықтардың, аппараттардың, өлшеу аспаптары мен пульттерді монтаждау, реттеу және сынаудың технологиялық кезектілігі мен технологиялық шарттары, қазандықтар мен қазандық агрегаттардың жиынтығын гидравликалық, бу және ауа сынамалаудың ықтимал тәсілдері; жылу техникасы мен механика негіздері, қазандықтар мен қазандық агрегаттарын құрастыруда, монтаждау және сынауда қолданылатын айлабұйымдар мен құрылғылардың үлгілері.

Жұмыс үлгілері

1. Қазандық арматурасы - қоректендіру автоматикасын реттеу.

2. Тәжірибелік қазандықтар – корпусты құрастыру және қаптауды монтаждау.

3. Тәжірибелік қазандық агрегаттары – құбыр жүйесін жасау және орнату, түпкілікті құрастыру, гидравликалық сынау, монтаждау және тапсыру.

4. Газ, шаң ауа құбыржолдарға, тұндырғыштарға, бойлерлер мен басқа да сферикалық және конусты түптері бар көлемді бұйымдарға арналған линзалық және сегіз қырлы және үлгілік бөлшектердің компенсаторлары – жасау және құрастыру.

5. Жоғары қысымдағы резервуарлар – құрастыру.

6. Жылыту қазандықтары мен қазандық агрегаттарының құрылымы – жану автоматикасын монтаждау және реттеу.

§ 42. СУЫҚТАЙ ҚАЛЫПТАУ ЖАБДЫҚТАРЫНЫҢ БАПТАУШЫСЫ

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Түрлі күрделіктегі бөлшектер мен бұйымдарды суықтай қалыптауға арналған 1 МН-ге дейінгі күшті эксцентрикті, фрикциялық және қосиінді сығымдағыштарды, сондай-ақ қарапайым және орташа күрделіктегі 1-ден жоғары 3 МН-ге дейінгі күшпен істейтін сығымдағыштарды баптау. Бір соққылы суықтай отырғызатын, гайка өткізетін, шегелік және әмбебап иетін автоматтар мен тығыздағыштарды, тойтарма шеге, бұрандалар, бұрандалы шегелер және басқа да бұйымдарды шығаратын автоматтарды баптау. Кесетін станоктарды, тығыздағыш қайшыларды, дірілмен кесетін қайшыларды және басқа да қайшыларды баптау. Кесетін қарапайым және тесетін қалыптарды құрастыру, бөлшектеу, орнату және баптау және бапталғаннан кейін сынамалау. Лактайтын машина конвейерлерінің жылдамдығын реттеу. Қалыптардың жұмысқа жарамдылығын айқындау. Қызмет көрсетілетін учаскенің штампылаушыларына нұсқаунама жүргізу. Жабдықты ағымдағы жөндеуге қатысу.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықтар мен қолданылатын қалыптар мен айлабұйымдардың құрылымы мен баптау ережесі; тығыздағыштар мен автоматтарды баптау жолдары мен қалыптарды орнату тәсілдері; жасалатын бұйымға қойылатын техникалық талаптар; бақылау-өлшеу аспабының, арнайы және әмбебап айлабұйымдардың қызметі мен қолдану шарттары; салқындататын және майлайтын материалдарды пайдалану ережесі; кедір-бұдырлықтың шегі мен отырғызу, квалитеттер мен параметрлері.

§ 43. СУЫҚТАЙ ҚАЛЫПТАУ ЖАБДЫҚТАРЫНЫҢ БАПТАУШЫСЫ

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Түрлі күрделіктегі бөлшектер мен бұйымдарды суықтай қалыптауға арналған 1-ден жоғары 3 МН-ге дейінгі эксцентрикті, фрикциялық және қосиінді сығымдағыштарды, сондай-ақ қарапайым және орташа күрделіктегі 3-тен жоғары 10 МН-ге дейінгі күшпен істейтін сығымдағыштарды баптау. Екі соққылы суықтай отырғызатын, гайка өткізетін, шегелік және әмбебап иетін автоматтар мен тығыздағыштарды, тойтарма шеге, бұрандалар, бұрандалы шегелер және басқа да цилиндр қалпағы бар, мұрты бар қалпақты немесе төрт бұрышты қалпағы бар бұйымдарды шығаратын автоматтарды баптау. Орташа күрделіктегі кесетін, соратын және иетін қалыптарды құрастыру, бөлшектеу, орнату және баптау және бапталғаннан кейін сынамалау. Лактайтын машина конвейерлерінің жылдамдығын реттеу. Түрлі кескіндегі металдан жасалған түрлі күрделіктегі бөлшектер мен бұйымдарды суықтай қалыптауға арналған автоматты, жартылай автоматты желілер мен тығыздағыш автоматтарды баптау. Желілердің үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету. Бағдарламалық басқарылатын өнеркәсіптік манипуляторлардың (роботтардың) қапсырғыштарын баптау.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылымы мен кинематикалық тәсімдері; автоматты, жартылай автоматты желілер мен тығыздағыш автоматтардың өзара әрекеті; қолданылатын қалыптардың, арнайы және әмбебап айлабұйымдар мен бақылау-өлшеу аспаптарының құрылымы; үлгілік өнеркәсіптік манипуляторлардың құрылымы; манипуляторлардың жұмысқа қабілеттілігін және позициялау дәлдігін тексеру ережесі; кедір-бұдырлықтың шегі мен отырғызу, квалитеттер мен параметрлері.
§ 44. СУЫҚТАЙ ҚАЛЫПТАУ ЖАБДЫҚТАРЫНЫҢ БАПТАУШЫСЫ

5-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Түрлі күрделіктегі бөлшектер мен бұйымдарды қалыптауға арналған 3-тен жоғары 10 МН-ге дейінгі эксцентрикті, фрикциялық және қосиінді сығымдағыштарды, сондай-ақ қарапайым және орташа күрделіктегі 10 МН-нен асатын күшпен істейтін сығымдағыштарды баптау. Көп соққылы суықтай отырғызатын және гайка өткізетін бағдарламалық басқарылатын автоматтарды баптау. Күрделі бұйымдарды отырғызатын көп позициялы, құрама, калибрлік суықтай отырғызатын автоматтарды баптау. Металл дайындамалардан жасалған бөлшектерді соруға арналған арнайы гидравликалық тығыздағыштарды баптау. Кесетін, соратын, өткізетін, қалыптайтын, құрама және иетін күрделі қалыптарды құрастыру, бөлшектеу және баптау және бапталғаннан кейін сынамалау. Калибрлейтін, түзу, ұшы бар және созғылайтын станоктар мен стандарды баптау. Түрлі кескіндегі металдан жасалған жай және орташа күрделіктегі бөлшектер мен бұйымдарды суықтай қалыптауға арналған автоматты, жартылай автоматты желілер мен бағдарламалық басқарылатын тығыздағыш автоматтарды баптау. Бөлшектерді сынап өңдеу және оларды ТББ-ға тапсыру. Бағдарламалық басқарылатын өнеркәсіптік манипуляторлардың жекелеген тораптарын баптау.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықтың конструкциясы, дәлдігін тексеру тәсілдері мен құрылымы; қызмет көрсетілетін тығыздағыштар мен автоматтарды баптау жолдары; ықтимал қалыптар мен айлабұйымдардың құрылымы мен орнату тәсілдері; қызмет көрсетілетін тығыздағыштарға қойылатын техникалық талаптар; жөнделетін қалыптардың құрылымдық ерекшеліктері; қызмет көрсетілетін жабдықтардың принципиалды электр тәсімдері, түрлі өнеркәсіптік манипуляторлардың құрылымы; автоматты бақылау құралдары мен желіге қосу тәсімдерінің жұмыс істеу қағидаты.

Орта кәсіптік білім талап етіледі.
§ 45. СУЫҚТАЙ ҚАЛЫПТАУ ЖАБДЫҚТАРЫНЫҢ БАПТАУШЫСЫ

6-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Түрлі күрделіктегі бөлшектер мен бұйымдарды қалыптауға арналған 10 МН-нен жоғары эксценртикті, фрикциялық және қосиінді сығымдағыштарды баптау. Жылжымалы құрамның дөңгелектерін тығыздауға арналған тығыздағыштарды баптау. Кесетін, қалыптайтын және құрама күрделі қалыптарды құрастыру, бөлшектеу және баптау және бапталғаннан кейін сынамалау. Күрделі бұйымдарды отырғызатын көп позициялы, құрама, калибрлік суықтай отырғызатын автоматтарды баптау. Түрлі кескіндегі металдан жасалған күрделі бөлшектер мен бұйымдарды суықтай қалыптауға арналған автоматты, жартылай автоматты желілер мен бағдарламалық басқарылатын тығыздағыш автоматтарды баптау. Бағдарламалық жүйелердің күрделі тораптары мен құрылғыларын бөлшектеу, реттеу және құрастыру. Қымбат бағалы металлдар мен қатайтылған рұқсат шегімен қорытпалардан жасалған бөлшектерді қалыптауға арналған тығыздағыштарды баптау. Бағдарламалық басқарылатын манипуляторларды баптау және реттеу.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылымы, дәлдігін тексеру тәсілдері мен орналасуы; қызмет көрсетілетін тығыздағыштарды баптау жолдары мен тәсілдері; қызмет көрсетілетін тығыздағыштарда жасалатын бөлшектерге қойылатын техникалық талаптар; автоматты, жартылай автоматты желілер мен тығыздағыш аппараттардың кинематикалық тәсімдері; жабдықты баптау, жөндеу және монтаждау тәсілдері.

Орта кәсіптік білім талап етіледі.
§ 46. СУЫҚТАЙ ҚАЛЫПТАУ ЖАБДЫҚТАРЫНЫҢ АВТОМАТТЫ ЖӘНЕ ЖАРТЫЛАЙ АВТОМАТТЫ ЖЕЛІЛЕРІНІҢ ОПЕРАТОРЫ

2-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Автоматты, жартылай автоматты желілер мен басқару пультті тығыздағыш автоматта түрлі кескінді металлдан жасалған орташа күрделіктегі бөлшектер мен бұйымдарды кесу және қалыптау. Орама жұмысын реттеу. Тығыздағышқа таспа жіберу және толтыру. Дүкендер мен бункерлерге дайындамалар мен бөлшектерді қалау және толтыру. Бөлшектерді конвейерге, транспортерге және басқа да механизмдерге ілу. Бөлшектерді контейнерлер мен штабельдерден шешу және қалау.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін автоматты, жартылай автоматты желілер мен тығыздағыш автоматтардың жұмыс істеу қағидаты, таспаларды тығыздағыштарға жіберу және толтыру, дайындамалар мен бөлшектерді дүкендерге, контейнерлерге, штабельдерге толтыру және қалау ережесі; бөлшектер мен бұйымдарды ілу және шешу ережесі.

Жұмыс үлгілері. Қалыптау:

1. Кузов қаптау қысқаштары.

2. Әйнек көтергіш корпустары.

3. Кронштейндер.

4. Жапсырмалар.

5. Қапсырмалар.

6. Тыстары.

7. Шайбалар.


§ 47. СУЫҚТАЙ ҚАЛЫПТАУ ЖАБДЫҚТАРЫНЫҢ АВТОМАТТЫ ЖӘНЕ ЖАРТЫЛАЙ АВТОМАТТЫ ЖЕЛІЛЕРІНІҢ ОПЕРАТОРЫ

3-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Автоматты, жартылай автоматты желілер мен басқару пультті тығыздағыш автоматта түрлі кескінді металлдан жасалған орташа күрделіктегі бөлшектер мен бұйымдарды кесу және қалыптау процесін жүргізу. Орташа күрделіктегі бөлшектердің қалыптарын орнату және шешу. Майлау және салқындату жүйесінің жұмысын қадағалау. Жұмыс процесінде көлік құралдары элементтерін реттеу. Бөлшектерді үлгілер, шаблондар және арнайы бақылау-өлшеу аспаптары бойынша жасау сапасын тексеру. Жоғарылау білікті оператордың басқаруымен автоматты және жартылай автоматты желілерде түсті металдан және олардың қорытпаларынан жасалған дайындамаларын, бөлшектері мен жапсарларын кесу.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін автоматты, жартылай автоматты желілер мен тығыздағыш автоматтардың құрылымы, орташа күрделіктегі бақылау-өлшеу аспабын қызметі мен пайдалану шарттары; қалыптарды орнату және шешу жолдары; қалыптау материалдарының негізгі механикалық қасиеттері; кедір-бұдырлықтың шегі мен отырғызу, квалитеттер мен параметрлері; майлайтын және салқындататын сұйықтықтардың қызметі мен қасиеті.

Жұмыс үлгілері. Қалыптау:

1. Бампер тістері.

2. Шар тіректердің, бітегіштер мен фаралардың қаптары.

3. Есік жалғамалары.

4. Картер түптері.

5. Май тығыздағыштар.

6. Кузов күшейткіштер.

§ 48. СУЫҚТАЙ ҚАЛЫПТАУ ЖАБДЫҚТАРЫНЫҢ АВТОМАТТЫ ЖӘНЕ ЖАРТЫЛАЙ АВТОМАТТЫ ЖЕЛІЛЕРІНІҢ ОПЕРАТОРЫ

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Автоматты, жартылай автоматты желілерде және тығыздағыш автоматтарда, оның ішінде бағдарламалық басқарылатын, пультпен басқарылатын автоматтарда түрлі кескіндегі металлдан жасалған күрделі бөлшектерді, бұйымдарды кесу және қалыптау процесін жүргізу. Күрделі бөлшектердің қалыптарын орнату және шешу және аспапты ауыстыру. Жұмыс процесінде қажеттігіне қарай көлік құралдары элементтерін ауыстыру. Желілердің, тығыздағыш автоматтардың үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету. Жұмыс процесінде қызмет көрсетілетін жабдықты баптау. Қызмет көрсетілетін жабдықты ағымдағы жөндеуге қатысу, автоматты, жартылай автоматты желілерде және тығыздағыш, оның ішінде бағдарламалық басқарылатын автоматтарда түсті металдардан және олардың қорытпаларынан жасалған дайындамаларды, бөлшектер мен құймаларды кесу.

Білуге тиіс: автоматты, жартылай автоматты желілер мен тығыздағыш автоматтардың құрылысы, жабдықтардың принципиалды тәсімдері мен өзара әрекетесуі және оларды жұмыс процесінде баптау ережесі, қалыптарды орнату және шешу ережесі; арнайы әмбебап бақылау-өлшеу аспаптары мен айлабұйымдардың құрылысы; кедір-бұдырлықтың шегі мен отырғызу, квалитеттер мен параметрлері.

Жұмыс үлгілері. Қалыптау:

1. Радиаторлардың бачоктары мен торлары.

2. Бензобактар.

3. Шашқыштар.

4. Лонжерондар.

5. Аспап панельдері.

6. Багажник едендері.

7. Әйнек көтергіштердің роликтері.

8. Капоттар мен багажниктердің күшейткіштері.


§ 49. СУЫҚТАЙ ҚАЛЫПТАУ ЖАБДЫҚТАРЫНЫҢ АВТОМАТТЫ ЖӘНЕ ЖАРТЫЛАЙ АВТОМАТТЫ ЖЕЛІЛЕРІНІҢ ОПЕРАТОРЫ

5-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Автоматты, жартылай автоматты желілерде және тығыздағыш автоматтарда, оның ішінде бағдарламалық басқарылатын, пультпен басқарылатын автоматтарда түрлі кескіндегі металлдан жасалған күрделі бөлшектерді, бұйымдарды кесу және қалыптау процесін жүргізу. Күрделі бөлшектердің қалыптарын орнату және шешу. Жұмыс процесінде қызмет көрсетілетін жабдықты баптау. Жабдықтың жұмысындағы ақаулықтарды анықтау және жою.

Білуге тиіс: автоматты, жартылай автоматты желілер мен тығыздағыш автоматтардың құрылысы; қалыптардың рұқсат етілген шегі; қалыптанатын материалдардың механикалық қасиеттері; қызмет көрсетілетін жабдықты баптау ережесі; түрлі күрделіктегі қалыптар мен айлабұйымдардың құрылысы және орнату тәсілдері; бөлшектерді жасауға қойылатын техникалық талаптар.

Жұмыс үлгілері

Қалыптау:

1. Жақтаулары.

2. Ішкі және сыртқы есіктері.

3. Дөңгелек дискілері.

4. Капоттар, багажниктер.

5. Алдыңғы, артқы қанаттары.

6. Шатырлары.

7. Цилиндр блоктың қалпағы.

8. Кузов едендері.

9. Көлденең бөлшектері.

10. Аспалы рычагтар.

11. Тежегіш қалқаншалары.

§ 50. ҚОЛМЕН ТҮЗЕТУШІ

1-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Қарапайым ұсақ бөлшектерді суықтай және қызған күйі аспаптың көмегімен қолмен түзету. Ұзындығы 1 м шекті саңылауы 2 мм-ден асатын жай бөлшектерді плитада қол балғалары арқылы түзету. Алюминийден және болат шыбықтардан жасалған үлгілік кескіндерді сызғыш, бұрыштық және шаблон бойынша түзету. Жоғарылау білікті түзетушінің басқаруымен жайма және шыбықты металдан жасалған ірі бөлшектерді түзету.

Білуге тиіс: түрлі сұрыпты металлды және жай бұйымдарды түзетудің негізгі жолдары мен тәсілдері; түзету кезінде білінетін металдың қасиеттері, кеңінен таралған қарапайым айлабұйымдар мен бақылау-өлшеу аспаптарын қызметі мен пайдалану шарттары.

Жұмыс үлгілері

1. Косынкалар, шайбалар – түзету.

2. Планкалар, төсемдер, фланецтер - түзету.

3. Тегіс және цилиндр ыдыс - эмальдеуге дейін түзету.

4. Айыр түтіктері – түзету.

§ 51. ҚОЛМЕН ТҮЗЕТУШІ

2-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Илемделген және басқа металлдан жасалған құйылған, қалыпталған бөлшектер мен бұйымдарды суықтай және қызған күйі шаблон, бұрыштық және сызғыш бойынша қолмен плитада түзету. Ұзындығы 1 м шекті саңылауы 2 мм-ден асатын жай бөлшектерді плитада қол балғалары арқылы түзету.

Білуге тиіс: орташа күрделіктегі жайма, жолақты және кескінді металлды және қалыпталған бұйымдарды қолмен плитада түзетудің түрлі жолдары мен тәсілдері, түзетілген металлды түзетудің және қалаудың технологиялық кезектілігі; анағұрлым кеңірек тараған әмбебап және арнайы айлабұйымдардың қызметі мен пайдалану шарттары; құймаларды қыздыру және түзету ережесі мен режимдері.

Жұмыс үлгілері

1. Ұзындығы 500 мм-ге дейінгі білікшелер - түзету.

2. Тегіс түптер - түзету.

3. Егеулердің, рашпиль мен надфиль дайындамалары күйдіргеннен кейін түзету.

4. Шатырлар мен қораптар – түзету.

5. Түрлі аяқ педальдар – түзету.

6. Ыдыс – термоөңдегеннен кейін түзету.

7. Сальник пружиналары (корпусты) – түзету.

8. Диаметрі 20 мм-ге дейінгі түтіктер – түзету.

9. Түсті металдардан және қорытпалардан жасалған құбырлар мен шыбықтар – түзету.

10. Штангенциркуль штангілері – түзету.

§ 51. ҚОЛМЕН ТҮЗЕТУШІ

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Жайма және кескінді металлдан жасалған орташа күрделіктегі суықтай және қыздырылған күйінде плитада бақылау сызғышы бойынша ұзындығы 1 м рұқсат етілген 1 мм-ге дейінгі саңылауы бар қалыпталған бөлшектерді қолмен түзету. Ыстыққа төзімді болаттан, титан және магний қорытпалардан жасалған өңделген қарапайым бөлшектерді түзету. Күрделі үлгілік қорытпалар құймаларының жекелеген бөліктерін қыздыру және түзету. Қозғалтқыштың және машинаның су, май және отын жүйесі құбыржолдарын және жаншылған жерлерін түзету. Гофрланған бөлшектер мен бұйымдарды түзету. Пружиналарды суықтай және қыздырылған күйінде түзету.

Білуге тиіс: түзету режимі; әмбебап және арнайы айлабұйымдар мен бақылау-өлшеу аспаптарының құрылымы, металл құрылымының қыздырған және суыған кезіндегі қасиеті мен өзгеру сипаты; металлдың созылғанда және игенде білінетін физикалық және механикалық қасиеті.

Жұмыс үлгілері

1. Ұзындығы 500 мм-ден асатын білікшелер – түзету.

2. Қозғалтқыштардың тарату біліктері – түзету.

3. Пианино және рояльдардың металл бөлшектері – оларды жасауға арналған сымдарды түзету.

4. Мойындарының диаметрі 500 мм-ге дейін дәнекер сферикалық түптер – түзету.

5. Ротор турбогенераторларының, қозғалтқыштардың соратын және шығаратын келте құбырлары мен құбыржолдары коллекторларының катушкалары – түзету.

6. Асхана пышақтары – термоөңдегеннен кейін түзету.

7. Магний плиталар – түзету.

8. Тоңазытқыш, компрессор клапандарының пружиналары – түзету.

9. Рамкалар - әйнек пен плитаның өлшемі бойынша түзету.

10. Бойлап бөлетін машинаның тіректері – түзету.

11. Ұзындығы 5 м-ге дейінгі құбырлар – түзету.

12. Қыздырылған шпиндельдер – түзету.

§ 53. ҚОЛМЕН ТҮЗЕТУШІ

4-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Суықтай қалыпталған күрделі бөлшектер мен тораптарды, үлкен жаймаларды, түрлі құбырлар мен құймаларды қыздырылған және суықтай күйде, ыстыққа төзімді болаттан жасалған сұрыптық металл мен бөлшектерді, титан және магний қорытпаларды сызғыш және калибр бойынша тексере отырып плитада термоөңдегеннен кейін және дейін, сондай-ақ жұқа жаймалық болаттан жасалған күрделі қалыпталған бөлшектерді сферикалық бетіне жеткізе отырып қолмен түзету. Бөлшектерді түзету және қыздыру режимін орнату. Термиялық өңделген күрделі бөлшектерді түзету.

Білуге тиіс: түрлі металлдарды қолмен плитада және түзу жабдықта түзетудің жолдары мен тәсілдері; айлабұйымдарда күрделі дәнекерленген кешендер мен құрылымдарды шаблондарды пайдалана отырып және сызба бойынша түзету тәсілдері; бөлшектердің сферикалық бетінің ақаулары және оларды түзетудің жолдары; арнайы және әмбебап айлабұйымдар мен бақылау-өлшеу аспаптарының құрылымы; түрлі түзетуге арналған қыздыру температурасы.

Жұмыс үлгілері

1. Мойындары 500 мм-ден асатын сферикалық дәнекерленген түптер – түзету.

2. Дәнекер құрылымдар – түзету.

3. Рессорлық жаймалар – түзету.

4. Екі және одан да көп бөліктерден тұратын дәнекерленген лонжерондар – түзету.

5. Ірі көлемді фюзеляжды қаптау – дәнекерлегеннен кейін түзету.

6. Фюзеляж панельдері, қанаттары, қауырсындары – түзету.

7. Кескінді қанат панельдері – дәнекерлегеннен кейін түзету.

8. Созбалар – түзету.

9. Ұзындығы 5 м-ден асатын құбырлар – түзету.

10. Тоңазытқыш шкафтар - түзету.

§ 54. ҚОЛМЕН ТҮЗЕТУШІ

5-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Ыстыққа төзімді болаттан, титан және магний қорытпаларынан жасалған ірі көлемді және тәжірибелік бөлшектер мен тораптардың стапельдерін қыздырылған күйі және суықтай плитада, түзу жабдықта немесе шаблон бойынша қолмен түзету. Күрделі металл дәнекер құрылымдарды түзету және бақылау.

Білуге тиіс: ірі көлемді бөлшектер мен тораптарды плитада және түзу жабдықта түзету технологиясының ерекшеліктері, қолданылатын айлабұйымдардың, жарақтар мен бақылау-өлшеу аспаптары мен құралдарының құрылымы; металл технологиясы негіздері, рұқсат шегі мен отырғызу; жасалатын бұйымдардың қызметі мен олардың жұмыс істеу шарттары.

Жұмыс үлгілері

1. Фюзелаж, қанаттарының каркастары – термоөңдегеннен кейін түзету.

2. Көлемі 3...3,5 м және қалыңдығы 1,5...8 мм нервюр жиынтығы қанаттарының панельдері – дәнекерлегеннен кейін түзету.

3. Көлемі 1,5...3 м және қалыңдығы 1,5...4 мм стрингер жиынтығы қанаттарының панельдері – дәнекерлегеннен кейін түзету.

4. Түрлі қалыңдықтағы кескіндер, науалар – термоөңдегеннен кейін түзету.

§ 55. КЕСКІНДЕУШІ

1-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Қалыңдығы 0,45 мм-ге дейінгі көміртекті болаттан, түсті металлдардан және қорытпалардан жасалған жолақтарды, таспаларды және жаймаларды және қарапайым кескінді бұйымдарды бапталған арнайы кескіндейтін станоктар мен біліктерде кескіндеу. Кескінделген дайындамаларды штабельге таңбалау және қалау. Кескіндеуші роликтер мен бағыттарды орнату.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылысы туралы негізгі мәліметтер; өңделетін металлдың атауы және таңбалануы; кеңінен таралған қарапайым айлабұйымдар мен бақылау-өлшеу аспаптарының қызметі мен пайдалану шарттары.


56. КЕСКІНДЕУШІ

2-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Қалыңдығы 0,45 мм-ден жоғары көміртекті болаттан, түсті металлдардан және қорытпалардан жасалған жолақтарды, таспаларды және жаймаларды және қарапайым кескінді бұйымдарды бапталған арнайы кескіндейтін станоктар мен біліктерде кескіндеу.

Білуге тиіс: үлгілік кескіндегіш станоктардың жұмыс принципі; кеңінен таралған әмбебап және арнайы айлабұйымдар мен бақылау-өлшеу аспаптарының қызметі мен пайдалану шарттары; орындалатын жұмыс шегінде өңделетін металлдың негізгі механикалық қасиеттері.

§ 57. КЕСКІНДЕУШІ

3-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Жүк және жеңіл автомобиль дөңгелектерінің дәнекерленген жиектерін, жеңіл автомобиль терезелерінің тіреулерін және басқа да орташа күрделіктегі кескінді бұйымдарды үлгілік арнайы кескіндегіш станоктарда кескіндеу. Станокты баптау.

Білуге тиіс: кескіндегіш үлгілік станоктардың құрылымы мен жұмыс істеу қағидаты; арнайы және әмбебап айлабұйымдар мен бақылау-өлшеу аспаптарының құрылысы; өңделетін материалдардың негізгі қасиеттері.


§ 58. КЕСКІНДЕУШІ

4-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Жел рамаларын, капоттар мен жел рамаларының ілмектерін, автомобиль капоттарының жиектерін және да басқа күрделі кескіндегі бұйымдарды түрлі құрылымдағы арнайы кескіндегіш станоктарда кескіндеу. Станоктарды жұмыс істеу процесінде баптау.

Білуге тиіс: түрлі үлгідегі кескіндегіш станоктардың құрылымы, кинематикалық тәсімдері мен баптау ережесі; арнайы айлабұйымдардың құрылысы; бақылау-өлшеу аспаптарының қызметі мен пайдалану шарттары.

§ 59. МЕТАЛДЫ ҚАЙШЫМЕН ЖӘНЕ СЫҒЫМДАҒЫШПЕН КЕСУШІ

1-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Қалыңдығы 3 мм-ге дейінгі жайма металдан жасалған қарапайым дайындамалар мен бөлшектерді бапталған сығымдағышпен, сығымдағыш қайшылармен, гильотинді қайшылармен тірек, шаблон және белгі бойынша берілген мөлшерлерді және шектерді сақтай отырып тік сызықпен кесу. Жоғарылау білікті кесушінің басшылығымен қалыңдығы 3 мм-ден асатын жайма металдан жасалған тік сызықты контур және түрлі кесілетін түрлі маркалы сұрыптық металл бөлшектерін кесу. Металлды қолмен қайшымен кесу. Түрлі металл емес материалдардан (мата, картон, гетинакс және т.б.) жасалған дайындамалар мен бөлшектерді тік сызықты кесу. Металлды қайшыға қолмен немесе рольганг бойынша жіберу. Металлды кескеннен кейін жинау, оны көрсетілген жерге тасымалдау және сұрыптары мен маркалары бойынша қалау. Сығымдағыштар мен қайшыларды майлау. Көтергіш-көлік механизмдерін басқару.

Білуге тиіс: сығымдағыш және қайшылардың жұмыс істеу қағидаты, қайшымен металл кесу жолдары; пышақ және тіректерді орнату және бекіту ережесі; бақылау-өлшеу аспаптары мен кеңінен таралған айлабұйымдардың қызметі мен пайдалану шарттары, жоғарылау білікті кесушінің жұмысындағы шартты дабыл қаққыштар; жүк қарпитын және жүк көтеретін механизмдердің жұмыс қағидаты; жүктерді ілмектеу, көтеру және жылжыту негіздері.

Жұмыс үлгілері

1. Баллонның мойындары – кесу.

2. Дөңгелек, төрт бұрышты және алты қырлы кесілетін сұрыптық металлдан жасалған дайындама – шыбықтан немесе штангіден бұрыш бойынша және ықтимал кесу.

3. Рентген торларына арналған тұтас металлды растр дайындамалары – кесу.

4. Жаймадан жасалған жапсырмалар, косынкалар, планкалар мен басқа да бөлшектер – белгілеу бойынша тік сызықты кесу.

5. Егеулер және рашпильдер – эксцентрикті сығымдағыштарда тіс пайда болғаннан кейін және дейін кесу.

6. Айыр мүйіздері – ұштарын кесу.

7. Түтіктер – кесу.

§ 60. МЕТАЛДЫ ҚАЙШЫМЕН ЖӘНЕ СЫҒЫМДАҒЫШПЕН КЕСУШІ

2-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Қалыңдығы 3 мм-ге дейінгі жайма металдан жасалған дайындамалар мен орташа күрделіктегі бөлшектерді, қалыңдығы 3-тен жоғары 16 мм-ге дейінгі жайма металлдан жасалған қарапайым және орташа күрделіктегі дайындамалар мен бөлшектерді, 20 кв. см-ге дейінгі кесілетін берілген бұрышта түрлі маркадағы сұрыптық металдан жасалған дайындамалар мен бөлшектерді бапталған сығымдағышпен, сығымдағыш қайшылармен, гильотинді қайшылармен тірек, шаблон және белгі бойынша берілген мөлшерлерді және шектерді сақтай отырып тік сызықпен кесу. Қалыңдығы 16 мм-ге дейінгі жайма металлдан жасалған қарапайым және орташа күрделіктегі дайындамалар мен бөлшектерді қисық сызықты кесу. Жоғарылау білікті кесушінің басшылығымен қалыңдығы 16 мм-ден асатын жайма металдан жасалған тік сызықты контур бөлшектерін кесу, түсті металлдар мен қорытпалардан жасалған жаймаларды, жолақтар мен таспаларды гильотинді және көп дискілі қайшылармен кесу. Металл емес түрлі материалдардан (мата, картон, гетинакс және т.б.) жасалған дайындамалар мен бөлшектерді қисық сызықты кесу. Қарапайым және орташа күрделіктегі бөлшектерді белгілеу. Сығымдағыштарды, сығымдағыш қайшыларды және гильотинді қайшыларды жұмыс процесінде баптау.

Білуге тиіс: үлгілік сығымдағыштарды және сығымдағыш қайшылардың құрылымы; арнайы және әмбебап айлабұйымдар мен бақылау-өлшеу аспаптарының қызметі мен пайдалану шарттары; дайындамалар мен бөлшектерді кесу шектері.

Жұмыс үлгілері

1. 20 кв. см-ге дейін көлденең қималы түрлі маркадағы кескінді металлдан жасалған ұзындығы 4 м-ге дейінгі бөлшектер – берілген бұрыш бойынша кесу.

2. Жаймадан жасалған қисық сызықты контур бөлшектері – белгілеу және кесу.

3. Резервуарлардың дөңгелек, жартылай дөңгелек және эллипс тәрізді түптері мен қақпақтары – белгілеу және кесу.

4. Трансформаторлы және сұрыпты болаттан жасалған қалыптар мен сығымдағыштарға арналған дайындамалар – бұрыштықпен тірек және сызғыш бойынша кесу.

5. Штангалар, баллондар дайындамалары мен автомобиль дөңгелектері – кесу.

6. Қалыңдығы 0,1…0,7 мм жайма болаттан жасалған металл ыдыс дайындамалары – кесу.

7. Алюминий негіздегі қорытпалардан жасалған жаймалар – жолақтарды бекітілген шекте кесу.

8. Рельсті бекітпелер – сығымдағышпен кесу.

9. Қимасы 50х50 кв. мм-ге дейінгі кескінді бұрыштықтар – кесу.

10. № 10 үлгілік өлшемге дейін швеллерлер мен зет тәрізді болат – бұрыштықпен белгілеп кесу.

11. Диаметрі 120 мм-ге дейінгі дөңгелек қималы штангілер – кесу.

§ 61. МЕТАЛДЫ ҚАЙШЫМЕН ЖӘНЕ СЫҒЫМДАҒЫШПЕН КЕСУШІ

3-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Қалыңдығы 3 мм-ге дейінгі жайма металдан жасалған дайындамалар мен күрделі бөлшектерді, қалыңдығы 3-тен жоғары 16 мм-ге дейінгі жайма металлдан жасалған күрделі дайындамалар мен бөлшектерді, қалыңдығы 16 мм-ден жоғары жайма металлдан жасалған қарапайым және орташа күрделіктегі дайындамалар мен бөлшектерді, 20 кв. см-ден жоғары кесілетін берілген бұрышта түрлі маркадағы сұрыптық металдан жасалған дайындамалар мен бөлшектерді бапталған сығымдағышпен, сығымдағыш қайшылармен, гильотинді қайшылармен тірек, шаблон және белгі бойынша берілген мөлшерлерді және шектерді сақтай отырып тік сызықпен кесу. Қалыңдығы 16 мм-ге дейінгі жайма металлдан жасалған күрделі дайындамалар мен бөлшектерді және 16 мм-ден асатын қалыңдықтағы қарапайым және орташа күрделіктегі қисық сызықты кесу. Түсті металлдар мен қорытпалардан жасалған жаймаларды, жолақтар мен таспаларды гильотинді және көп дискілі қайшымен кесу. Түсті металлдар мен қорытпалардан жасалған ротапринт пен фольга жаймаларын кесу. Капсюль өндірісі бұйымдарына арналған дайындама металын дискілі немесе рычаг қайшымен кесу. Қалыңдығы 100 мм-ге дейін ірі кескінді металды ыстықтай және суықтай сығымдағышпен және түрлі құрылымдағы сығымдағыш қайшымен кесу. Қажетті аспапты пайдалана отырып жайма дайындамалары мен бөлшектерді сызба бойынша белгілеу. Пышақтарын ауыстыру және дайындаманың берілген өлшеміне қарай тіректі реттеу. Жұмыс барысында кезеңімен дайындамалар мен бөлшектердің кесу сапасын тексеру. Барлық жүйедегі сығымдағыштарды, сығымдағыш қайшылар мен дірілмен істейтін қайшыларды баптау. Түрлі кескіндегі және маркадағы металлдарды сығымдағышта өлшемімен сындыру. Абградмашинада металл бүршіктерін кесу.

Білуге тиіс: түрлі үлгідегі сығымдағыштардың, дірілмен істейтін қайшылардың, рычагты, дискілі, гильотинді және сығымдағыш қайшылардың құрылымы мен жұмыс істеу қағидаты; арнайы және әмбебап айлабұйымдар мен бақылау-өлшеу аспаптарының құрылымы; жайма металлын белгілеу және оңтайлы пішу ережесі мен әдістері; рұқсат шегі жүйесі; қолданылатын металлдың маркалары, талшық бағыттарын ескере отырып иленетін металды пішу ережесі.

Жұмыс үлгілері

1. Айналымдар, иірімдер, циклондар – белгілеу және жаймадан жасалған әшекейлі кесу.

2. 20 кв. см.– дан қиялай кесетін түрлі маркадағы кескінді металлдан жасалған 4 м-ге дейін ұзындықтағы бөлшектер – берілген бұрышпен кесу.

3. Көміртекті және төмен колегирленген болаттан жасалған бөлшектер – дискілі қайшымен кесу.

4. Перфорациялы станоктарға арналған жаймалы қаңылтыр – пішу, кесу.

5. Сферикалық нысан бұйымдарына болат дайындамалар – пішу картасы бойынша кесу.

6. Үрмелі аспаптар иіндері – белгілеу және кесу.

7. Ұзындығы 4 м-ге дейін түрлі ендегі жолақтар – тірек бойынша қайшымен кесу.

8. Кескінді қимасы 50х50-ден жоғары 100х100 кв. мм-ге дейінгі бұрыштықтар – кесу.

9. Фаскалар – СКС-25 сындыратын станоктар және гильотинді қайшымен шешу.

10. Фланецтер – сығымдағышпен сындыру.

11. №10-нан жоғары №18-ге дейін үлгі өлшемдегі швеллерлер мен зетотәріздес болат – бұрыштықпен белгі бойынша кесу.



жүктеу 5,02 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   26




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау