2-шығарылым 1-бөлім



жүктеу 5,02 Mb.
бет21/26
Дата03.03.2018
өлшемі5,02 Mb.
#11013
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26
§ 78. ШТАМПЫЛАУШЫ

3-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Түрлі кескіндегі металдан жасалған күрделі бөлшектерді эксцентрикті, фрикционды және қисық тиекті сығымдағыштарда 3 МН-ге (300 тс) дейінгі күшпен күрделі құрама, кесетін, соратын, иетін, тазартатын және координатты қалыптарды пайдалана отырып суықтай қалыптау. Қарапайым және орташа күрделіктегі бөлшектерді 3 МН-ден 10 МН-ге дейінгі (300 тс-дан асатын 1000 тс-ге дейін) күшпен суықтай қалыптау. Түсті металдар мен қорытпалардан жасалған бұйымдарды қалыптау. Өлшеу аспабымен жасалған бөлшектерді тексеру. Жұмсартылған целлулоидтан, органикалық әйнектен, слюдадан, линолеумнен және поливинилхлоридті дайындамалардан жасалған бұйымдарды сығымдағыштар мен қалыптарда қалыптау немесе кесу. Қалыпты орнату, шешу және аспапты ауыстыру. Сығымдағыш механизмін басқару және өз бетінше реттеу.

Білуге тиіс: түрлі үлгідегі сығымдағыштардың құрылысы мен жұмыс істеу қағидатын; бұйымдардың маркасына және талап етілетін бетінің тазалығына байланысты қалыптау тәсілдерін; капсюль өндірісі метал таспалары мен кесілген бөлшектердің өлшемдерін; қалыптарды және пайдаланылатын аспапты орнату, шешу және бекіту тәсілдерін, саңылау тәріздес сүзгілерді жасауға техникалық шарттарын; бақылау-өлшеу аспаптарының құрылысын; кедір-бұдырлықтың шегі мен отырғызу, квалитеттер мен параметрлер жүйесін.

Жұмыс үлгілері

1. Дәнекер арқалықтар – 3 МН-ге дейінгі (300 тс) күшпен гидросығымдағыштарда түзету.

2. Қабақ көтергіштер, тісі бар зондылар – қалыптау.

3. Анкер сағат ашалары – паздарды тесіп кесу.

4. Газ баллонның ернеулері – саңылау тесу.

5. Қорытпалардан жасалған бөлшектер мен қапсырмалар – алдын ала қыздырып ию.

6. Электр вакуумды аспаптардың бөлшектері: анодтар, катодтар, ұстағыштар, цилиндрлер – қалыптау.

7. Баллонның ауа түптері – созу және кесу.

8. Газ баллондарға арналған түптер – созу.

9. Қоспалайтын егеуге арналған дайындамалар – сығымдағышпен ию.

10. Дәнекер кассеталарға арналған құлыптар – ию.

11. Белгілер, жетондар – қалыптау.

12. Радиусты инелер – ию.

13. Капсюльді өндірісі бұйымдары (қалпақтар, шыны аяқтар) – саңылауларды кесу, қалыптау, тарту, дәнекерлеу және тесу.

14. Сағат қаптар – қалыптау.

15. Желдеткіш иіндері – тарту.

16. Баяу балқитын металдан жасалған контактілер – қалыптау.

17. Сепараторларға арналған конустар – тарту.

18. Конустар, қораптар, цилиндрлер – шаблон бойынша тексеріп ию.

19. Жапсырмалы құлыптың корпусы – тарту.

20. Газ плиталардың корпустары – саңылауларын тарту, кесу, жиектеу және планкаларын ию.

21. Жалғасу муфталарының корпустары – қалыптау.

22. Металл кесетін станоктарға арналған астаулар, қаптары, каркастар – қалыптау, ию.

23. Желдеткіш қиыспалары – қалақ тесу және ию.

24. Су қаптардың қақпақтары – тарту және қалыптау.

25. Мойындарының қақпақтары – сәуле бойынша саңылау тесу.

26. Қақпақтар мен есіктер – тарту және қалыптау.

27. Өшіргіш, қабылдау келте құбырларының жаймалары – перфосығымдағышта перфорациялау.

28. Ағынша жаймалары – сәуленің көмегімен өлшемі бойынша саңылауларын тесу.

29. Электр машиналарына арналған статор, ротор, зәкір жаймалары – қалыптау.

30. Табақтар – тарту.

31. Тіс техникалық балғалар – калибрлеу.

32. Монеталар – қалыптау.

33. Сағат көпірлері, платиналар – керндеу, координатты саңылауларды тазарту.

34. Сағат жиектеу – құйманы контур бойынша бір уақытта тазартып кесу.

35. Ауыр автомобиль дөңгелектерінің айналдыру – сығу.

36. Гетинакс және шыны текстолитті жұқа жаймада саңылаулар, паздар, терезелер – 0,5 т-ға дейін пневмосығымдағыштарда кесу және қалыптау.

37. Аша иіндері – қалыптау.

38. Кабельді ілмелер – таспаны жартылай автоматта бір уақытта саңылау және кесім төсеп кескіндеу, ию.

39. Қуыршақ шаналардың табандары, тірегі, арқасы – саңылау ию және тесу.

40. Түсті металл мен қорытпалардан жасалған ыдыс – терең тарту.

41. Тотқа төзімді болат пен түсті металдар мен қорытпалардан жасалған асханалық аспаптар – сурет салып қалыптау.

42. Қызыл мыс төсем – жолақтарды қалыптау және калибрлеу.

43. Кереует рамалары – бұрышта саңылау тесу.

44. Жалюзьді торлар – саңылауды ресімдеп тесікті қалыптау.

45. Торлар – көп пуансонды қалыпта саңылау тесу.

46. Жиһаз ұстағыштары – қалыптау.

47. Сағат рычагтары – штифтер тарту.

48. Қалдықсыз торшалар – қалыптау.

49. Элемент жүйесінің тіректері – айлабұйымдардағы тікбұрышты түтікшелерде паздарды тесу.

50. Өшіргіш сферасы – тарту.

51. Аша түтіктері – қалыптау.

52. Кереует бөлшектеріне арналған түтікшелер – қалыптау.

53. Бензобак құятын құбырлар – тесу және ию.

54. Жұдырықша валиктердің тірек фланецтері мен шайбалары – тесу.

55. Фланецтер – саңылауды бір уақытта тесіп контурын қалыптау.

56. Қамыттар – саңылау ию, тесу.

57. Шынжырлар – автоматта жасау.

58. Сағат циферблаттары – сандарды бедерлеу және отырғызу.

59. Гидрогенератор табар тіреу шайбалары – қалыптау.

60. Шайбалар, айылбастар мен басқа бөлшектер – құламалы құрылғыны кезеңімен баптап, таспаны автоматты түрде беретін сығымдағышта қалыптау.

61. Зергерлік бұйымдардың шинкалары мен галеркалары және басқа да бөлшектері – қалыптау, кесу.


§ 79. ШТАМПЫЛАУШЫ

4-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Түрлі кескіндегі металдан жасалған күрделі бөлшектерді эксцентрикті, фрикционды және қисық тиекті сығымдағыштарда 3 МН-ден 10 МН-ге дейінгі (300 тс-ден 1000 тс-ге дейінгі) күшпен соратын, қалыптайтын, құрама, кесетін және компаунды қалыптарды пайдалана отырып суықтай қалыптау. Ірі қарапайым және орташа күрделіктегі бөлшектерді 1000 тс-дан жоғары күшпен суықтай қалыптау. Дайындамалар мен арнайы (магний, титан) қорытпалардың қыздырылған қалыптарда қалыптау, ию және тарту. Бөлшектерді роликті және валикті сығымдағыштарда, бұрандалы тегістеу және илемдеу машиналарымен жапсарлас көп шпиндельді сығымдағыш автоматтарда, және револьвер, ілмек, тістеуін және білікті қалыптарда суықтай қалыптау. Дорнмен тегістейтін тістеуікті гидравликалық сығымдағышта калибрлеу. Құнды металдар мен олардың қорытпаларынан жасалған күрделі конфигурациялы бөлшектерді автоматты жіберетін қалыпта суықтай қалыптау. Қалыптар мен аспаптарды теңшеу. Сығымдағыш механизмдерін басқару және оны өз бетінше реттеу.

Білуге тиіс: түрлі үлгідегі сығымдағыштардың құрылысы мен кинематикалық тәсімдерін; металды қалыптауда қолданылатын маркалар мен сұрыптар; ірі бөлшектерді қалыптау жолдары; арнайы, әмбебап және бақылау-өлшеу аспаптарының құрылымы; кедір-бұдырлықтың шегі мен отырғызу, квалитеттер мен параметрлер жүйесін.

Жұмыс үлгілері

1. Автомобиль бамперлері – қалыптау.

2. Бензин бактері – тарту және қалыптау.

3. Радиатор қаптамаларының қақпақтары – тарту.

4. Зергерлік бұйымдардың жұқа және кесілген бөлшектері - әшекейлеп қалыптау және тарту.

5. Щетка ұстағыш бөлшектері – қалыптау.

6. Тежеуіш дискілері – қалыптау.

7. Автомобиль қанаттары – тарту және қалыптау.

8. Жаймалар – автоматты түрде білік беретін станоктарда (Аида) (жұмыстан алдын станокты және жұмыс процесінде баптап) перфорациялау.

9. Электр машина полюстерінің жаймалары – қалыптау.

10. Лонжерондар – ию, тарту.

11. Ордендер, медальдар және омырау белгілері – қалыптау.

12. Жартылай бұрыштық вагон люктары мен тіректері – қалыптау.

13. Жолақтан тұратын бөлшектерді қалыптауға арналған құламалы құрылғы – орнату және баптау.

14. Жуатын ыдыстар – қалыптау, жиектеу.

15. Алдыңғы қалқандары мен панелі – қалыптау.

16. Аспаптарға арналған қалқандар – түрлі конфигурациялы саңылауларды белгісі бойынша кесу.

§ 80. ШТАМПЫЛАУШЫ

5-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Ірі және күрделі бөлшектер мен бұйымдарды эксцентрикті, фрикционды және қисық тиекті сығымдағыштарда бір жақты және екі жақты істейтін 10 МН-ден жоғары (1000 тс) күшпен соратын, қалыптайтын, құрама, кесетін және компаунды бір уақытта кесуді және қалыптауды орындайтын қалыптарды пайдалана отырып суықтай қалыптау. Құнды металдар мен олардың қорытпаларынан жасалған күрделі конфигурациялы бөлшектерді көп позициялы қалыпта суықтай қалыптау.

Білуге тиіс: түрлі үлгідегі сығымдағыштардың құрылымы; қалыпқа арналған рұқсат шегі; қалыпталатын металлдардың механикалық қасиеті.

Жұмыс үлгілері

1. Цистерна түптері – қалыптау.

2. Сферикалық және коникалық қалпақтары бар құнды металдар мен қорытпалардан жасалған контактілер – қалыптау және тесу.

3. Ірі электр машинаға арналған желдеткіш қанаттары – қалыптау.

4. Автомобильдің төбелері - қалыптау.

5. Жартылай вагон люктерінің төбелері – саңылау тесіп қалыптау.

6. Автомобиль рамаларының лонжерондары, көлденең және күшейткіш бөлшектері – тесу және қалыптау.

7. Тұғыр панелі, арты, жаны – қалыптау.

8. Ротор және генератор жиектерінің сегменттері – қалыптау.

9. Турбогенераторлар мен гидрогенераторларға арналған статор сегменттері – қалыптау.

10. Жиектемелерін бекітуге арналған қаптар – қалыптау.

§ 81. ҚОПАРУ ӘДІСІМЕН ШТАМПЫЛАУШЫ

3-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Бос бөлшектерді қалыптау және тарту; үзілу шегінің мықтылығы 500 МПа-ға дейін (50 кгс/кв. мм) жайма материалдан жасалған тарту коэффициенті K < 1/4 (K = fd, бұл жерде f бүгілу көрсеткіші; d – бөлшек диаметрі) және қалыңдығы 4 мм –ге дейінгі қарапайым бөлшектердің саңылауларын жинақы энергожеткізгіш ретінде оқ-дәріні, газ тәріздес қопарғыш қоспаларды, бризантты қопарғыш заттарды қолданатын қопарғыш аппаратура құрылғыларында тарту, қалыптау, калибрлеу, тесу және жиектеу. Матрицаларды орнату, шешу, тазарту және майлау. Бөлшектерді орнату, бекіту, шешу.

Білуге тиіс: қопарғыш заттардың қасиеті; қопарғыш материалдарды ұстау ережесі; бақылау-өлшеу аспаптарының қызметі және пайдалану шарттары; қолданылатын жайма материалын термиялық өңдеу режимі; қолданылатын материалдың қасиеттері мен олардың бұзылу ерекшеліктері.

Жұмыс үлгілері

Саңылауларды созу, қалыптау, калибрлеу, тесу және жиектеу:

1. Қарапайым ернеушелер.

2. Ағыншалар, конустар, сфералар.

§ 82. ҚОПАРУ ӘДІСІМЕН ШТАМПЫЛАУШЫ

4-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Бос бөлшектерді қалыптау және созу; үзілу шегінің мықтылығы 500 МПа-дан жоғары (50 кгс/кв. мм) жайма материалдан жасалған тарту коэффициенті K < 1/2 және қалыңдығы 4 мм–ге дейінгі қарапайым бөлшектердің саңылауларын жинақы энергожеткізгіш ретінде оқ-дәріні, газ тәріздес қопарғыш қоспаларды, бризантты қопарғыш заттарды қолданатын қопарғыш аппаратура құрылғыларында тарту, қалыптау, калибрлеу, тесу және жиектеу. Матрицаларды орнату.

Білуге тиіс: қопарғыш аппаратураның, көтергіштердің, су және вакуум сорғылардың, қолданылатын конструкциялардың құрылысы және жұмыс істеу қағидаты; жайма металлдар мен қоспалардың түрлі маркаларын термиялық өңдеу режимдері; олардың қасиеттері мен бұзылу ерекшеліктері; матрицаларды баптау тәсілдері.

Жұмыс үлгілері

1. Түптері – созу, қалыптау, калибрлеу, топтастырып тесу және саңылауларды жиектеу.

2. Жоғары төзімді материалдардан жасалған жабық пішіндегі ернеушелер – түтік дайындамалардан қалыптау және калибрлеу және саңылауларды топтастырып тесу.

3. Тегіс қалқалар – саңылауларды топтастырып тесу.

§ 83. ҚОПАРУ ӘДІСІМЕН ШТАМПЫЛАУШЫ

5-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Жоғары төзімді жайма материалдар мен қоспалардан жасалған ұзындығы 2500 мм-ге дейінгі ірі көлемді бөлшектерді қалыптау. Орташа күрделіктегі бөлшектерді қалыптау, созу және калибрлеу. Түрлі периметрдегі терең қалыпталған бөлшектерді қалыптау; жайма материалындағы, оның ішінде қалыңдығы 4-тен 10 мм-ге дейінгі алюминий, титан қоспалардан, бөлшектерден және басқалардан олардың жасауда жоғары дәлдікті қамтамасыз ете отырып, саңылауларды тесу және жиектеу. Зарядты есептеу және дайындау және қопарғыш өндіру.

Білуге тиіс: қопару әдісімен қалыптау кезінде қолданылатын керек-жарақтар мен қопарғыш аппаратурасының негізгі құрылымдық ерекшеліктері; зарядтау шеберханаларындағы жұмыс ережесі; дайындамаларға әсер ететін сыртқы жүктемені айқындау ережесі; технологиялық параметрлерін есептеу; зарядтау пішіні және массасы, қопару ара қашықтығы және зарядтың сұйықтықтың бетінде еркін орналасу тереңдігі; газ қоспаның құрамы және оны детонациялауға қажетті шарттар; зарядтауға және қопару тізбегін дайындау ережесі; топтық зарядтар жасау және оларды қопару тәсілдері; қопарғыш заттарды сақтау ережесі мен оларды тасымалдау тәсілдері.

Жұмыс үлгілері

1. Диффузорлар – қалыптау, созу және калибрлеу.

2. Цилиндр белдікті сферикалық, эллипс пішінді ірі көлемді түптер – қалыптау, созу және калибрлеу.

3. Ірі көлемді ернеушелер – қалыптау, созу және калибрлеу.

4. Қаттылық қабырғалары – қалыптау, созу және калибрлеу.

§ 84. ҚОПАРУ ӘДІСІМЕН ШТАМПЫЛАУШЫ

6-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Жоғары төзімді жайма материалдар мен қоспалардан жасалған ұзындығы 2500 мм-ден жоғары ірі көлемді бөлшектерді қалыптау. Топтастырып және пішінді зарядтауды пайдалана отырып бірнеше қопаруда күрделі конфигурациядағы бөлшектерді қалыптау, созу және калибрлеу. Белгілі бір учаскедегі құбырларды көлденең сақиналы ирек түрінде олардың қаттылығын сақтай отырып ұзындықтарын қысқару есебінен кеңейту. Рифталы және қабырғасы қатты панельдерді пішіндеу. Түрлі периметрдегі терең қалыпталған бөлшектерді қалыптау, жайма материалындағы, оның ішінде қалыңдығы 10 мм-ден жоғары алюминий және титан қорытпалардан, болаттан оларды жасағанда жоғары дәлдікті қамтамасыз ете отырып тесу және жиектеу.

Білуге тиіс: қопару әдісімен қалыптау кезінде пайдаланылатын керек-жарақтар мен құрылғылардың конструкциясы; топтық және пішінді зарядтарды жасау және оларды қопару тәсілдері; зарядтарды қайта қопару кезінде орнату ерекшеліктері.

Жұмыс үлгілері

1. Иректі ернеушелер - белгілі бір учаскедегі құбырларды ұзындықтарын қысқару есебінен кеңейту.

2. Жану камераларының қаптары –қалыптау, созу және калибрлеу.

3. Қозғалтқыш арнасы–қалыптау, созу және калибрлеу.

§ 85. ҚҰЛАП ТҰРАТЫН БАЛҒАМЕН ШТАМПЫЛАУШЫ

2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Қалыптауға берілетін түрлі жайма материалдан: дюральді қорытпалар, бола, магний, титан және басқа да арнайы қорытпалардан жасалған құлап тұратын балғамен қарапайым бөлшектерді қалыптау, калибрлеу, ию, созу және түзету. Құлап тұратын балғаларға қалып орнату және оларды шешу; сақтандыру арқандарын бекіту. Пуансон беттерін қорғасынмен нивелирлеу. Құлап тұратын балғаларды реттеу. Пуансондарды тазарту. Қалыптарды тазарту және майлау.

Білуге тиіс: түр үлгідегі құлап тұратын балғалардың құрылысы мен жұмыс істеу қағидаты, бір соққылы қалыптау жолдары; қорғасын мырыш және аспапты қалыптардың құрылысы; бақылау-өлшеу аспаптарының қызметі мен пайдалану шарттары, жайма материалын термиялық өңдеу режимі, арқан жинау тәсілдері; кедір-бұдырлықтың рұқсат шегі және отырғызу, квалитеттер мен параметрлер жүйесі.

Жұмыс үлгілері

Қалыптау, калибрлеу, ию және түзету:

1. Шасси тіректерінің бекітпелері.

2. Ауа қораптарының люктері.

3. Су бактарының қаптамалары.

4. Шығару құбырларын қаптау.

5. Пилон қаптау.

6. Ағызатын бактарды жиектеу.

7. Ауа құбыржолдарының келте құбырлары.

8. Фюзелаждың ішкі жиынтық кескіндері.
§ 86. ҚҰЛАП ТҰРАТЫН БАЛҒАМЕН ШТАМПЫЛАУШЫ

3-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Қалыптауға суықтай және қыздырылған күйінде түсетін түрлі жайма материалдан жасалған құлап тұратын балғамен орташа күрделіктегі бөлшектерді қалыптау, калибрлеу, ию, созу және түзету. Дайындаманы оттекті ацетиленді пісіру (ОАП) жанарғысымен қыздыру; қорғасын бұлауда дайындаманы күйдіру. Материалдарды арнайы станоктарда отырғызу. Дірілді және роликті қайшымен құйманы кесу. Құлап тұратын балғаларды баптау.

Білуге тиіс: түрлі үлгідегі құлап тұратын балғалардың, отырғызу станоктарының, дірілді және роликті қайшылардың құрылысы, жұмыс істеу қағидаты мен баптау ережесі; қорғасын-мырыш және аспапты қалыптар мен оттекті-ацетиленді пісіру жанарғыларының құрылысы; жайма материалдарының механикалық қасиеті; бақылау-өлшеу аспаптарының құрылысы; дайындамаларды электр пештерде қыздыру тәсілдері мен жолдары; кедір-бұдырлықтың рұқсат шегі және отырғызу, квалитеттер мен параметрлер жүйесі.

Жұмыс үлгілері

Қалыптау, калибрлеу, ию және түзету:

1. Люк бактарын.

2. Саңылау қанаттары тігістерін.

3. Орташа жармалы таспалар.

4. Шасси жармалары қаптамаларын.

5. Шамдардың қыздырма рамаларын.

6. Фюзеляждардың ішкі қаттылық қабырғалары.

7. Алдыңғы жармалардың тостағандары.
§ 87. ҚҰЛАП ТҰРАТЫН БАЛҒАМЕН ШТАМПЫЛАУШЫ

4-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Қалыптауға суықтай және қыздырылған күйінде түсетін түрлі жайма материалдан жасалған құлап тұратын балғамен күрделі конфигурациялы бөлшектерді қалыптау, калибрлеу, ию, созу және түзету. Резина, фанер сақина төсемді материалды 0,5 мм-ге дейінгі дәлдікте отырғыза отырып ірі көлемді бөлшектерді қалыптау және созу. Шағын бөгетшелі, қисық сызықты қабырғалы, бір, екі жазықтықта тегіс немесе дөңгеленген дөңес бөлшектерді қалыптау. Отырғызу станоктарында материалды ажырататын және қағатын балғамен ажыратып және түзетіп, гофрды отырғыза отырып қалыптау. Түрлі периметрде терең қалыпталған бөлшектерді қалыптау. Матрицаларды қорғасынмен құйып қалыптарды орнату, шешу және нивелирлеу. Құлап тұратын балғаларды баптау.

Білуге тиіс: түрлі құлап тұратын және қағатын балғалардың, көп өтпелі қалыптардың, отырғызу станоктары және қыздырғыш аппаратурасының (электр пештер, электр плиталар) құрылысы, кинематикалық тәсімдері, баптау және басқару ережесі; бөлшектерді қыздыру кезінде термоқарындаштарды пайдалану ережесі; қағатын және ажырататын балға шаппаларының құрылысы және қызметі; түрлі жүйедегі құлап тұратын балғалармен және түрлі массадағы құлап тұратын балғалармен қалыптаудың күрделі жолдары; қалыптауға берілетін түрлі материалдардың механикалық қасиеті мен қыздыру режимдері; қалыпталатын бөлшектерді термиялық өңдеу; ұстап тұратын және көтергіш айлабұйымдар мен түрлі конструкциядағы (көп тұтқалы, құрамалы және т.б.) қалыптардың конструкциясы; кедір-бұдырлықтың рұқсат шегі және отырғызу, квалитеттер мен параметрлер жүйесі.

Жұмыс үлгілері

Қалыптау және созу:

1. Жоғары қысымдағы қабырғалары қалың баллондар.

2. Фюзеляждың кіретін есіктері, багаж люктері.

3. Түрлі өлшемдегі қораптар мен қаптары.

4. Өтпелі радиустағы өлшемі 400х600 мм және одан да көп ағыншалар.

5. Мөлшері 500х800 мм және одан да көп түрлі бүктелу радиусындағы борттарының малкасы ауыспалы жиектемелер.

6. Үш жазықтықта бүктемесі бар мөлшері 500х600 мм-ден және одан да жоғары үлкен қисықты жартылай келте құбырлар.

7. Екі және үш жазықтықта бүктемесі бар ұзындығы 1000 мм-ден жоғары кескіндер мен бұрыштықтар.

8. Бір жақты және екі жақты қисық қаттылықтағы, үш және одан да көп қалыптамасы бар барлық өлшемдегі қабырғалар.


§ 88. ҚҰЛАП ТҰРАТЫН БАЛҒАМЕН ШТАМПЫЛАУШЫ

5-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Құлап тұратын балғамен суықтай және қыздырылған күйде күрделі, сондай-ақ тәжірибелік бөлшектерді қалыптау, калибрлеу, созу, ию және түзету. Қалыпталатын материалдардың маркасы мен қалыңдығын ескере отырып қыздыру температурасын қалыптау. Радиациялық қыздыруды пайдалана отырып титан қорытпалардан жасалған бөлшектерді қалыптау.

Білуге тиіс: құлап тұратын балғамен радиациялық қыздырылатын бөлшектерді қалыптау технологиясының ерекешеліктері; қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылымы және пайдалану ерекшеліктері; қалыпталатын материалдардың механикалық және термиялық қасиеттері.

Жұмыс үлгілері

1. Колонкалары бар аспапты қорытпалардан жасалған бөлшектер – қалыптау.

2. Ерекше төзімді материалдардан жасалған аса күрделі конфигурациялы бөлшектер – түрлі контейнерлерде қалыптау.

§ 89. ЭЛЕКТР ИМПУЛЬСТІ ӘДІСПЕН ШТАМПЫЛАУШЫ

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Жаймалық немесе үлгілік металдан жасалған жай бөлшектерді қалыптау, құбырларды кеңейту, жайма дайындамаларын тарту, саңылауларды кесу және тесу процесін электромагнитті және электрогидравликалық құрылғыларда басқару пультімен жүргізу. Бөлшектерді үлгі немесе шаблон бойынша тексеру. Бөлшектерді, индукторлар мен матрицаларды орнату және шешу. Қызмет көрсетілетін құрылғыларды баптау.

Білуге тиіс: бөлшектер мен қорғау құрылғыларын қалыптауға арналған электромагнитті және электрогидравликалық құрылымдардың жұмыс істеу қағидаты; қарапайым және орташа күрделіктегі бақылау-өлшеу аспаптар мен айлабұйымдардың қызметі және пайдалану шарттары; жоғары вольтті жабдыққа қызмет көрсету ережесі; гидравлика, механика, электротехника негіздері; кедір-бұдырлықтың рұқсат шегі және отырғызу, квалитеттер мен параметрлер жүйесі.

Жұмыс үлгілері

1. Мембраналар, диафрагмалар - жаймалық дайындаманы тарту.

2. Келте құбырлар - кесу.

3. Құбырлар - кеңейту.

§ 90. ЭЛЕКТР ИМПУЛЬСТІ ӘДІСПЕН ШТАМПЫЛАУШЫ

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Түрлі кескіндегі металдан жасалған орташа күрделіктегі бөлшектерді қалыптау, құбырларды кеңейту, саңылауларды кесу және тесу, су ортада қиын бұзылатын қорытпалардан жасалған цилиндрлі және коникалық нысандағы бөлшектерді тарту, нақыштау, сондай-ақ қалыптау процесін электромагнитті және электрогидравликалық құрылғыларда басқару пультімен жүргізу. Алынбайтын бірікпе алу мақсатында дайындаманы сығу. Қызмет көрсетілетін құрылғыларды баптау.

Білуге тиіс: бөлшектер мен қорғау құрылғыларын қалыптауға арналған электромагнитті және электрогидравликалық құрылымдардың құрылысы; қызмет көрсетілетін құрылғыларды баптау ережесі; индукторлар жұмысының принципі; процесті басқару пультінің құрылысы; орындалатын жұмыстың шеңберіндегі гидравлика, механика, электротехника негіздері; бақылау-өлшеу аспаптары мен құралдарының қызметі және пайдалану ережесі, электромагнитті қалыптау процесінің негізгі физикалық және электрлік параметрлері; қолданылатын материалдарды қалыптаудың технологиялық кезектілігі; өңделетін материалдардың механикалық қасиеті; кедір-бұдырлықтың рұқсат шегі және отырғызу, квалитеттер мен параметрлер жүйесі.

Жұмыс үлгілері

1. Түптері, ағыншалары – тарту.

2. Металл ұштамалар – оқшаулағышты сығымдау.

3. Болат құбырлар – алтықырлы құралмен сығымдау.

4. Басқару жетегі – болат ұштамаларға қысу.


§ 91. ЭЛЕКТР ИМПУЛЬСТІ ӘДІСПЕН ШТАМПЫЛАУШЫ

5-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Түрлі кескіндегі металдан жасалған күрделі бөлшектерді өңдеу, кесу және тесу, тарту, нақыштау, құрастыру процесін электромагнитті және электрогидравликалық құрылғыларда басқару пультімен жүргізу. Ішкі бұрандадан құралған цилиндрлі бос бөлшектерді сығу. Біріктірілетін элементті сығымдау арқылы екі және одан да көп бөлшектерді біріктіру. Отырғызатын орындарды калибрлеу.

Білуге тиіс: электромагнитті және электрогидравликалық құрылғылардың құрылымдық ерекшеліктері мен оларды баптау ережесі; процесс параметрлерін болжамды есептеу әдісі; бақылау-өлшеу аспаптары мен құралдарының құрылымы.

Жұмыс үлгілері

1. Жоғары төзімді материалдан жасалған жабық пішіндегі ернеушелер – қалыптау.

2. Металл құбырлар – ішкі бұранданы жасай отырып сығу.

ОСЫ БӨЛІМДЕ КӨЗДЕЛГЕН ЖҰМЫСШЫ КӘСІПТЕРІ АТАУЛАРЫНЫҢ, ОЛАРДЫҢ 2002 ЖЫЛЫ ШЫҒАРЫЛҒАН ҚОЛДАНЫСТАҒЫ БТБА БОЙЫНША АТАУЛАРЫ КӨРСЕТІЛГЕН ТІЗБЕСІ




р/с№

БТБА қолданыстағы шығарылымдары мен бөлімдерінде орналастырылған кәсіптердің атаулары

Раз-ряд диапазоны

2002 жылы шығарылған БТБА қолданыстағы шығарылы-

мы мен бөлімі бойынша кәсіптің атауы



Разряд диапазоны

БТ

БА шығ.




Бөлім-нің қысқартылған атауы

1

2

3

4

5

6

7

1

Суықтай түсіру автоматтарының автоматшысы

2-5

Суықтай түсіру автоматтарының автоматшысы

2-5

2

Қазандық жұмыстары

2

Біліктеуші

2-5

Біліктеуші

2-5

2

-*-

3

Ине тәрізді роликтер және шариктермен біліктеуші

4

Ине тәрізді роликтер және шариктермен біліктеуші

4

2

-*-

4

Созушы

2-5

Созушы

2-5

2

- *-

5

Құбыр июші

1-5

Құбыр июші

1-5

2

-*-

6

Бастырмалатушы

1-4

Бастырмалатушы

1-4


2





7

Сильфонды компенсатор және шланг жасаушы

2-5

Сильфонды компенсатор және шланг жасаушы

2-5

2

-*-

8

Шегендеуші

1-6

Шегендеуші

1-6

2

-*-

9

Қазандық, суықтай қалыптау және қысымдау жұмыстарының бақылаушысы

2-5

Қазандық, суықтау қалыптау және қысымдау жұмыстарының бақылаушысы

2-5

2

-*-

10

Қазандықшы

2-6

Қазандықшы

2-6

2

Қазандық жұмыстары

11

Суықтай қалыптау жабдықтарының баптаушысы

3-6

Суықтай қалыптау жабдықтарының баптаушысы

3-6

2

-*-

12

Суықтай қалыптау жабдықтарының автоматты және жартылай автоматты желілерінің операторы

2-5

Суықтау қалыптау жабдықтарының автоматты және жартылай автоматты желілерінің операторы

2-5

2

-*-

13

Қолмен түзетуші

1-5

Қолмен түзетуші

1-5

2

-*-

14

Кескіндеуші

1-4

Кескіндеуші

1-4

2

-*-

15

Металлды қайшымен және сығымдағышпен кесуші

1-4

Металлды қайшымен және сығымдағышпен кесуші

1-4

2

-*-

16

Арамен, қол арамен және станокпен кесуші

2-3

Арамен, қол арамен және станокпен кесуші

2-3

2

-*-

17

Кузовтарды тегістеуші

3-5

Кузовтарды тегістеуші

3-5

2

-*-

18

Токарлық сығатын станоктардың токары

2-5

Токарлық сығатын станоктардың токары

2-5

2

-*-

19

Нақыштаушы

1-5

Нақыштаушы

1-5

2

-*-

20

Штампылаушы

2-5

Штампылаушы

2-5

2

-*-

21

Қопару әдісімен штампылаушы

3-6

Қопару әдісімен штампылаушы

3-6

2

Қазандық жұмыстары

22

Құлап тұратын балғамен штампылаушы

2-5

Құлап тұратын балғамен штампылаушы

2-5

2

-*-

23

Электр импульсті әдіспен штампылаушы

3-5

Электр импульсті әдіспен штампылаушы

3-5

2

-*-


«ҰСТАЛЫҚ ПРЕСТЕУ ЖӘНЕ ТЕРМИЯЛЫҚ ЖҰМЫСТАР»

бөлімі


жүктеу 5,02 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау