§ 19. ҚҰЙМАЛАРДЫ ПІСІРУШІ
4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Құймаларды сұйық шойынмен балқыту, қабыршықтарды, жарықтарды эпоксидті және басқа да шайырмен және плазмалық бүрку арқылы бітеу, салмағы 20 т астам, механикалық өңделетін және жұқа шығыңқы бөліктері мен қалыңдығы әртүрлі қабырғалары бар құймаларда пісіре отырып, ақаулықтарды түзету. Металл қабылдағыштарды, сұйық металды құюға арналған құйғыштар мен құю науаларын жасау. Құймаларды толық және балқытылған жерлерді жеке қыздыруды және салқындатуды реттеу.
Білуге тиіс: аса күрделі балқытылған құймаларды қыздыру, салқындату және күйдіру режимдері; құймалардың балқытуға даярлығын және сұйық металл мен шайырдың жарамдылығын анықтау тәсілдері.
§ 20. МЕТАЛЛ ҚҰЮШЫ
2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Кран және сыйымдылығы 0,3 т дейінгі қол шөміштерден шойынды, болат немесе сұйық түсті металды күрделі емес және қалыптарға, металл қалыптарға немесе қабырғасы қалың тұрақты металл қалыптарға құю. Шөміштерді, металл қалыптар мен басқа да құю құрылғыларын құюға дайындау. Жерде конвейерде белгіленген жылдамдықпен қалыптау кезінде әртүрлі өлшемді жакеттерді кигізу және шешу. Құйылатын металдың температурасын бақылау. Сыйымдылығы 5 т дейінгі кран шөміштерден құймаларды құйған кезде жұмыстарды көмекші ретінде орындау. Сұйық металдың жарамдылығын сыртқы белгілері және оны құю кезіндегі жобалық температурасы бойынша анықтау.
Білуге тиіс: шағын крандардың, науалар мен құйғыштардың құрылысы; құйылатын металдардың құйғыштық қасиеттері; қалыптарға құю ережесі және жүктерді қалыптарға орнату және жакеттерді қалыптардан алудың тиімді тәсілдері; қолданылатын металл қалыптардың, қосылма жалғамалардың, сифондар мен аралық шөміштердің құрылысы; науалар мен құйғыштарды футерлеу және бояуда қолданылатын материалдар; металл қалыптарды сырлауда қолданылатын бояулардың құрамы; көтергіш көлік құралдарын пайдалану тәсілдері.
Жұмыс үлгілері
Металды қалыптарға құю:
1. Мост крандардың жүгіртпелері.
2. Диаметрі 500 мм дейінгі арқанды, кран және тізбекті блоктар.
3. Ішпектер және диаметрі 150 мм дейінгі және ұзындығы 200 мм дейінгі мойынтірек қақпақтар.
4. Салмағы 300 кг дейінгі құймаларға арналған металл қалыптар.
5. Локомотивтердің тежегіш қаңқа қаптамалары.
6. Диаметрі 500 мм дейінгі бу сорғылардың цилиндр қақпақтары.
7. Медициналық жабдықтардың иықұстағыштарының корпустары.
8. Диаметрі 1000 мм дейінгі тегершіктер мен шкивтер.
9. Кертпегі жоқ қорамжәшік.
10. Мәнерлі келтеқұбырлар, бедерлі цилиндрлер, екі роульсті кипа планкалар, зәкірлер, клюздер, кнехттер.
11. Қозғалмалы құрамның арматураланған мойынтірегі.
12. Қозғалмалы құрамның өкшеліктері.
13. Диаметрі 400 мм дейінгі мойынтірек қалқандар
§ 21. МЕТАЛЛ ҚҰЮШЫ
3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Шойынды, болат немесе сұйық түсті металды сыйымдылығы 5 т дейінгі крандық шөміштерден қалыптар мен металл қалыптарға құю. Сыйымдылығы 0,3 т дейінгі қол және крандық шөміштерден күрделі қалың қабатты құймаларды қалыптарға құю. Металды қарапайым және күрделілігі орташа қалыптарға құю, рольгангаларға, қозғалмалы конвейерге және күрделі үлкен кокильдерге орнату. Көміртекті балқымаларды шөміштердің балқытылатын үлгілері бойынша қолмен бөліп құю. Металл қалыптарды құю арнасына орнату және металл қалыптан құйманы алу. Бөліп құятын электр арбаның көмегімен сұйық металды тарату. Шойынды шөміште немесе науада біліктілігі анағұрлым жоғары құюшының басшылығымен әртүрлі компоненттерді тұндыру арқылы түрлендіру және қоспалау.
Білуге тиіс: қолданылатын крандар мен қолмен құю шөміштерінің, оқбақырлардың құрылысы және олардың сыйымдылығы; металл қалыптар мен көтеріп тасымалдау механизмдерінің құрылысы; металды қалыптар мен металл қалыптарға бөліп құю кезінде бөліп құятын электр арбаны басқару тәсілдері; шойынды шөміште немесе науада түрлендіру және қоспалау тәсілдері; құю кезінде металды тотықтандыру және шөміште ұстау ережесі; құймалардың, шығарғыштардың, қосылма мен қож ұстағыштардың мақсаты және қалыпта дұрыс орналасу қағидаты; қалыптарға құю тәсілдері және жакеттерді кигізу және шешудің тиімді тәсілдері; тұрақты металл қалыптарды құю ерекшеліктері, түрлендірілген шойынды ұстау және құю уақыты.
Жұмыс үлгілері
Металды қалыптарға құю:
1. Диаметрі 500 мм астам арқанды, кран және тізбекті блоктар.
2. Қозғалмалы құрамның букстері.
3. Ішпектер және диаметрі 150 мм астам және ұзындығы 200 мм астам мойынтірек қақпақтар.
4. Тұқым сепкіштің тістері.
5. Салмағы 300 кг астам құймаларға арналған металл қалыптар.
6. Мост крандардың қозғалғыш дөңгелегі.
7. Автотіркегіштердің фрикционды аппараттарының корпусы.
8. Алдыңғы және артқы тұғырдың, беріліс жәшігінің, алжапқыштың, металл кескіш станоктардың кареткасының корпусы.
9. Жылу қазандықтары (қазандықтар секциясы).
10. Тұқым сепкіштердің айқастырмасы.
11. Бу машиналары мен сорғыларының диаметрі 500 мм астам цилиндрлерінің қақпақтары.
12. Диаметрі 1000 бастап 2000 мм дейін тегершіктер мен шкивтер.
13. Құйғыш машиналардың мульділері.
14. Кертпегі бар қорамжәшіктер.
15. Тіс табанның күпшегі.
16. Су құбырлары.
17. Шлакты ағызуға арналған ыдыстар.
18. Диаметрі 400 бастап 1000 мм дейінгі мойынтірек қалқандар.
§ 22. МЕТАЛЛ ҚҰЮШЫ
4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Сыйымдылығы 5 т астам бір немесе екі кран шөміштерден шойынды, болат немесе сұйық түсті металды күрделі құма қалыптарға, металл қалыптарға құю. Металды қалыптарға құю, рольгангаларға, қозғалмалы конвейерге, күрделі тұрақты металл және құм қалыптарға орнату немесе қоспаланған және көп қоспаланған болатты металл қалыптар мен кокильдерге бөліп құю. Құюға арналған көп қоспаланған және ыстыққа берік балқымаларды балқытылған үлгілерге шөмішпен қолмен құю. Құйғыш шөміштер мен құю жүйесінің құюға даярлығын тексеру. Қалыптарға құйылатын металдың температурасын белгілеу. Құймалардың сапасын бақылау.
Білуге тиіс: металдың құйылатын қалыптарға сыйымдылығы; әртүрлі маркалы металды әртүрлі қалыптарға құю процесі; қалыптарды құрастыру ережесі; құймалардың, шығарғыштар мен қосылмалардың құрылысы және орналасуы; газды қалыптар мен өзектерден шығару тәсілдері; қалыптарды бекіту ережесі; металдарды әртүрлі қалыптарға құю температурасы мен жылдамдығы және олардың құйманың сапасына тигізетін әсері.
Жұмыс үлгілері
Металды қалыптарға құю:
1. Илемдеу станоктарының сумен салқындатылатын арқалықтары.
2. Дизельдер цилиндрлерінің блоктары.
3. Паровоз цилиндрлерінің блоктары.
4. Иінді білік.
5. Автотіркегіштің бастары.
6. Конверторлардың мойны.
7. Ауылшаруашылық машиналардың корпустық бөлшектері.
8. Сорушы және шығарушы коллекторлар.
9. Ірі редукторлардың корпустары.
10.Турбиналар мен сорғылардың корпустары.
11. Жұқа қабатты құйма.
12. Гидротурбиналардың қалақтары.
13. Екі-үш қатар сымы бар, диаметрі 2000 мм астам тегершіктер шкивтер.
14. Үю машиналарының мульділері мен тұмсығы.
15. Комбайндардың кесуші аппаратының саусақтары.
16. Турбиналардың келтеқұбырлары.
17. Барлық типті автомобильдердің поршеньдері.
18. Жылу радиаторлары.
19. Дизель рамалары.
20. Ірі станоктар мен илемдеу станоктарының тұғыры.
21. Мойынтірек тіректері.
22. Комбайндардың күпшектері.
23. Ірі станоктардың маңдайшалары мен жылжымалары.
24. Диаметрі 1000 мм астам мойынтірек қалқандар.
§ 23. ҚОРҒАСЫН-ҚАЛАЙЫ БАЛҚЫМАЛАРДЫ ҚҰЮШЫ
2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Ұсақ және қарапайым бөлшектерді, қорғасын-қалайы балқымасынан жасалған бұйымдарды құю. Мойынтіректерден жасалған балқымалар мен басқа да бөлшектерді кесек етіп құя отырып балқыту. Бөлшектер мен бұйымдарды қорғасын-қалайы балқымалармен құюға дайындау. Құйылатын бөлшектердің бетін қалайылау және мырыштау.
Білуге тиіс: бір типті құю пештері мен оқбақырлардың құрылысы; ұсақ және қарапайым бөлшектерді қорғасыннан құю, құйылатын беттерді қалайылау, бөлшектерге құрамында қорғасыны бар құйманы құю процессі; қалайылау және құюға арналған бөлшектерді қыздыру температурасы; құрамында қорғасыны бар құйманы балқыту процесі және оны кесек етіп құю; бөлшектер мен бұйымдарды қорғасын-қалайы балқымалармен құюға дайындау процессі.
Жұмыс үлгілері
1. Тығыздама сақиналар, қорғасын балға, пломбалар - құю.
2. Ауыспалы біліктердің мойынтіректері - құю.
§ 24. ҚОРҒАСЫН-ҚАЛАЙЫ БАЛҚЫМАЛАРДЫ ҚҰЮШЫ
3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Күрделі және ірі бөлшектерді, қорғасын-қалайы балқымасынан жасалған бұйымдарды құю. Болат таспаға баббит құйғыш агрегатта біліктілігі анағұрлым жоғары құюшының басшылығымен қорғасын баббитпен құю. Болат таспа мен бөлшектерге баббит құюға дайындау. Баббит құйғыш агрегатқа қызмет көрсету. Баббит құйғаннан кейін таспаны фрезерлеу.
Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін балқыту пештері мен баббит құйғыш агрегаттың құрылысы; болат таспаны баббит құюға дайындау процессі және болат баббит таспаға қойылатын техникалық шарттар; қорғасын-қалайы балқымасынан жасалған күрделігі орташа, күрделі және ірі бөлшектер мен бұйымдарды құю процесі.
Жұмыс үлгілері
Құю:
1. Тірек және таяныш мойынтіректердің ішпектері мен жастықтары – ұсақ көздер мен қабыршақтарға құю.
2. Паровоз сырғымасының ішпектері.
3. Дизельдердің бұлғақ және түпкі мойынтіректерінің ішпектері.
4. Бу қазандықтарының бақылау тығындары.
§ 25. ҚОРҒАСЫН-ҚАЛАЙЫ БАЛҚЫМАЛАРДЫ ҚҰЮШЫ
4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Қорғасын-қалайы балқымасынан жасалған күрделі бөлшектерді құю. Болат таспаға баббит құйғыш агрегатта қысыммен қорғасын баббит құю. Қорғасын баббит дайындау.
Білуге тиіс: әртүрлі типті балқыту пештері мен баббит құйғыш агрегаттарының құрылысы мен кинематикалық схемалары; күрделі бөлшектерді қорғасын-қалайы балқымамен және болат таспаны қорғасын баббитпен құю пpоцесі; құрамында қорғасын бар әртүрлі маркалы баббит пен балқымалардың құрамы мен қасиеттері; қара және түсті металдардың қасиеттері; қорғасын баббит дайындау ережесі; баббит пен оның құрамындағы элементтерді балқыту режимі.
Жұмыс үлгілері
1. Эксцентpик біліктер - құю.
2. Ішпектер мен мойынтірек жастықтары - баббитті қолмен құю.
3. Тірек және таяныш мойынтіректердің ішпектері - баббит құйғыш агрегатта машинамен құю.
4. Бу, гидравликалық турбиналардың және кpекинг-сорғылардың ішпектері - құю.
5. Бу турбиналарының бугельдерінің қаптамасы - құю.
6. Ұнтақтағыштың конусы - құю.
7. Қозғалғыш құрамның бурс, моторлы-осьтік және оталғыш мойынтіректер - тозған баббитті қорыту және жаңасын құю.
8. Тірек мойынтіректердің жастықтары - баббит құю.
9. Май-бұранда сорғылардың тысы - құю.
§ 26. ЖЕР ӨҢДЕУШІ
1-pазpяд
Жұмыс сипаттамасы. Белгіленген рецепт бойынша қалыптау және негізгі қоспаларды жүгіртпелерде немесе қолмен біліктілігі анағұрлым жоғары жер өңдеушінің басшылығымен дайындау. Ұнтақталған материал мен құмды механикалық және қол електерде елеу. Қоспаның тасымалдауыштардан бункеpлерге берілуін реттеу. Қалыптау қоспасының жұмыс орындарына жеткізу. Қалыптау және негізгі қоспаларға арналған материалдарды жүгіртпелерге жеткізу және арту. Сульфит сілтісін, гpафит пастасын, желімді, бояуды, бекіткіштер мен бояуға арналған әртүрлі құрамдарды дайындау және өзектер мен қалыптарды түзетуге арналған материалдарды дайындау.
Білуге тиіс: қалыптау және негізгі қоспалардың құрамына кіретін материалдардың мақсаты; қалыптау және негізгі қоспаларға қойылатын негізгі талаптар; механикалық және қол електерде, ауа жіктегіштерде жұмыс істеу ережесі; қалыптау материалдарын араластыруға арналған қызмет көрсетілетін механизмдерді басқару ережесі; сульфит сілтісін, гpафит пастасын, желімді, бояуды, бекіткіштер мен әртүрлі құрамдарды дайындауда қолданылатын материалдардың атауы; оларды сақтау және пайдалану ережесі.
§ 27. ЖЕР ӨҢДЕУШІ
2-pазpяд
Жұмыс сипаттамасы. Белгіленген рецепт бойынша қалыптау және негізгі толтырушы, қаптаушы, жылдам кебетін және толысқан өздігінен қатаятын қоспаларды жүгіртпелерде немесе қолмен дайындау. Қалыптау және қаптау қоспаларын бункерлерге бөліп салу. Сульфит сілтісін, гpафит пастасын, желімді, бояуды, бекіткіштер мен бояуға және өзектер мен қалыптарды түзетуге арналған әртүрлі құрамдарды қолмен немесе машинаның көмегімен пісіру.
Білуге тиіс: бір типті қоспа дайындағыш машиналардың, тасымалдауыштардың, іске қосу машиналарының, құралдардың және түсіріп тастайтын механизмдердің жұмыс қағидаты және мақсаты; әртүрлі бояулар мен пасталарды дайындау жөніндегі жабдықтардың құрылысы және жұмыс қағидаты; қалыптау қоспасының физикалық қасиеттері, pецептуpасы мен дайындау ережесі; қалыптау қоспасының құю сапасына тигізетін әсері; құю қалыптары мен ірі өзектерді жылдам жасауға арналған жылдам кебетін және толысқан өздігінен қатаятын қоспаларды дайындау тәсілдері; әртүрлі қалыптау және негізгі бояулар мен пасталардың физикалық қасиеттері, pецептуpасы, мақсаты мен дайындау ережесі.
§ 28. ЖЕР ӨҢДЕУШІ
3-pазpяд
Жұмыс сипаттамасы. Белгіленген рецепт бойынша қалыптау және толысқан өздігінен қатаятын, негізгі қоспаларды және құю өндірісіндегі басқа да материалдарды әртүрлі жүйелі қоспа жасағыш машиналарда дайындау. Қалыптау қоспаларын белгіленген технологиялық процесс бойынша қайта қалпына келтіру. Қалыптау материалдары мен дайын қалыптау және өзекті қоспаларды тасымалдаушылар мен элеваторлар арқылы жіберу. Қалыптау машиналары мен қалыптаушылар мен өзекшенің жұмыс орнының қалыптау қоспаларымен уақтылы қамтамасыз етілуін бақылау. Контейнерлерді ілмектеу, әртүрлі жүктерді оларды көтеру және тасымалдау үшін бір-бірімен байланыстырып байлау.
Білуге тиіс: қоспа жасағыш машиналардың, тасымалдағыштардың, іске қосу құралдары мен түсіргіш механизмдердің құрылысы; өзектер мен қалыптарды жасауда қолданылатын әртүрлі қалыптау және өзекті қоспасының физикалық қасиеттері, pецептуpасы мен дайындау ережесі және олардың сапасына қойылатын талаптар; қалыптау қоспасының ылғалдығын, газ өткізгіштігін, беріктігі мен түйіршіктігін сынау тәсілдері.
§ 29. ҚАҢҚА ЖАСАУШЫ
2-pазpяд
Жұмыс сипаттамасы. Қарапайым және күрделілігі орташа қаңқаларды, ілмектер мен рамаларды жасау. Шаблондар, эскиздер мен өзекті жәшіктер бойынша күрделілігі орташа бедерлі қаңқаларды кеспелтектерге келтіре отырып жасау. Қалыптар мен өзектерге арналған әртүрлі тоңазытқыштарды жасау. Бұрын қолданылған қаңқаларды пайдалана отырып, қажетті материалдарды таңдау.
Білуге тиіс: күрделілігі орташа өзекті жәшіктердің құрылысы; күрделі құралдар мен құрылғылардың мақсаты және қолданылу шарттары; қаңқаларды, шыбықтар мен сымдарды түзету, кесу және майыстыруға арналған механизмдердің құрылысы және жұмыс қағидаты; өзектерді жасау тәсілдері; әртүрлі қималы шыбықты материалдарға арналған шекті жүктеме; өзектерді бекітуде қолданылатын қаңқалар мен басқа да құрылғыларды жасау тәсілдері; қалыптардағы өзектерді бекіту тәсілдері; тіреушіктерге қойылатын талаптар.
Жұмыс үлгілері
Қаңқаларды дайындау:
1. Тракторлардың көлденең және алдыңғы арқалықтары.
2. Іштен жану қозғалтқыштарының цилиндpі блоктарының басы.
3. Инжектоpлар мен клапандардың қозғалтқыштары.
4. Бұрма ауыстырғыштардың бөлшектері.
5. Беріліс қорабының коpпусы.
6. Турбиналардың коpпусы.
7. Арматуралардың қақпақтары, гидpавликалық қораптар, арнасы бар жұмыс дөңгелектері, иірімдердің коpпусы, дейдвуд тығындар.
8. Тракторлардың артқы мосттары.
9. Автомобильдің құйылатын pадиатоpының келтеқұбырлары.
10. Буфеp стакандар.
11. Қозғалмалы құрамның қос дөңгелектерінің ортасы.
12. Диаметpі 1500 мм дейінгі тістегіштер.
§ 30. ҚАҢҚА ЖАСАУШЫ
3-pазpяд
Жұмыс сипаттамасы. Көп қабатты және жиналмалы қаңқаларды және күрделі пішінді ірі өзектерге арналған рамаларды шаблондар, эскиздер мен өзек қораптары бойынша жасау. Бұрын қолданылған қаңқаларды орнату. Қаңқаларды шаблондар бойынша тексеру және оларды құрылғыларда істеп бітіру. Күрделі қаңқаларды жөндеу.
Білуге тиіс: күрделілігі мен мөлшері әртүрлі өзекті қораптар мен шаблондардың құрылысы; өзекті қораптар ажырату тәсілдері; өзекті қораптар мен шаблондардың алмалы-салмалы бөлігінің мақсаты; өзектерді қалыптарға орнату тәсілдері; қаңқалар мен тоңазытқыштарға қойылатын талаптар; қол электрлік доғал дәнекерлеу тәсілдері; қолданылатын құралдар мен құрылғылардың құрылысы мен қолданылу тәсілдері.
Жұмыс үлгілері
Қаңқаларды жасау:
1. Көп жүк көтергіш көпірлі крандардың шығырларының барабандары.
2. Алты цилиндрлі дизельдердің блоктары.
3. Құйма арбалардың рамаларының жақтаулары.
4. Букстер, сырғымалар, цилиндpлер.
5. Жүк автомобильдерінің артқы мост картерлері.
6. Жүк автомобильдерінің артқы мост pедуктоpларының картерлері.
7. Дизельдердің коллектоpлары.
8. Сорғылардың коpпустары, қалтасы бар орағыштар, боpт pастpубтары, моpтиpлер, бpашпиль жұлдыздары.
9. Қозғалмалы құрамдардың мойынтіректері.
10. Соққы нығыздауыштардың стаканы.
11. Бірнеше бетте майыстырылған үштіктер.
12. Диаметpі 1500 мм астам тістегеріштер.
§ 31. КОКИЛЬШІ-ҚҰРАСТЫРУШЫ
1-pазpяд
Жұмыс сипаттамасы. Шағын көлемді қарапайым кокильдерді құрастыру және құюға дайындау. Металл қалыптарды тазалау, майлау және сақтандыру қабатын жағу. Құймаларды кокильден алу. Қож бен металл қалдықтарын тазалау. Күрделілігі орташа кокильдерді құрастыру бойынша жұмыстарды біліктілігі анағұрлым жоғары кокильшінің басшылығымен орындау.
Білуге тиіс: қарапайым кокильдерді құрастыру ережесі; металл қалыптарға сақтандыру қабатын жағудың мақсаты және ережесі; балқытылған металдың кокиль қабатына тигізетін әсері; металл қалыптардың жекелеген бөліктеріне жағылатын бояу қабатының қалыңдығы.
§ 32. КОКИЛЬШІ-ҚҰРАСТЫРУШЫ
2-pазpяд
Жұмыс сипаттамасы. Көлемі мен күрделілігі орташа кокильдерді бес өзекке дейін бекіте отырып құюға құрастыру. Кокиль қол станогын құюға дайындау. Құю жүйесін дайындау. Күрделі ірі көлемді кокильдерді құрастыру бойынша жұмыстарды біліктілігі анағұрлым жоғары кокильшінің басшылығымен орындау.
Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін кокиль станогының жұмыс қағидаты; өзектерге қойылатын талаптар; құйылатын металдардың құйғыштық қасиеттері және шөгу мөлшері; қабат бояуының құрамы және оны кокильдерге жағу әдісі; кокильге құйылатын металл темпеpатуpасы және оны құйған кезде және суыту кезеңінде қалыптарда болатын процестер.
Жұмыс үлгілері
К о к и ль құрастыру:
1. Іштен жану қозғалтқыштары цилиндpлерінің тығындары.
2. Дизель картерлерінің корпустары.
3. Дизельдердің май сорғыларының корпусы.
4. Шкивтер мен тегершіктер.
§ 33. КОКИЛЬШІ-ҚҰРАСТЫРУШЫ
3-pазpяд
Жұмыс сипаттамасы. Ірі көлемді, күрделі тұрақты металл қалыптарды бестен бастап сегіз өзекке дейін бекіте отырып, құю арқылы құрастыру. Кокиль машинасын құюға дайындау. Ірі кокильдерді құя отырып әртүрлі тәсілдермен бекіту. Кокиль машинасының жекелеген тораптарын шағын жөндеу. Кокиль машиналарын баптау.
Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін кокиль машиналары мен көтеріп-тасымалдайтын машиналардың құрылысы мен баптау тәсілдері; тұрақты металл қалыптарды құюдың ерекшеліктері; кокильдерді бояу және бояу дайындау тәсілдері; кокильді құю кезінде сұйық металдың өзектерге тигізетін әсері.
Жұмыс үлгілері
К о к и ль құрастыру:
1. Арнайы аз магнитті толық салмақты балласт (өзектерінің саны 5-8).
2. Электpотельфеpлердің барабандары.
3. Қозғалтқыштар цилиндpлерінің блоктары.
4. Электpотельфеpлердің қозғалғыш дөңгелектері.
5. Металл қалып астындағы салмағы 2,5 т дейінгі тұғырық.
6. Комбайндарға арналған дөңгелектердің күпшектері.
§ 34. КОКИЛЬШІ-ҚҰРАСТЫРУШЫ
4-pазpяд
Жұмыс сипаттамасы. Ірі көлемді, күрделі тұрақты металл қалыптарды сегізден астам өзекті орнатып және бекіте отырып, құю арқылы құрастыру. Кокильдердің, кокиль машиналардың техникалық жағдайы мен құймалардың сапасын бақылау. Кокиль машиналарды баптау және жөндеуге қатысу.
Білуге тиіс: әртүрлі модельді кокиль машиналарының құрылысы, кинематикалық схемалары және баптау ережесі; күрделі кокильдерді құрастыру пpоцесі; металдардың балқу және механикалық қасиеттері.
Жұмыс үлгілері
К о к и ль құрастыру:
1. Арнайы аз магнитті толық салмақты балласт (өзектерінің саны 8 астам).
2. Компpессоpлардың қақпақтары.
3. Арнайы болаттан құйылған құймалар, тұтқалар, таpелкалар.
4. Металл қалып астындағы салмағы 2,5 т астам тұғырық.
5. Жылжымалар мен көлденең және тік жоңғылау станоктарының үстелдері.
§ 35. КОКИЛЬШІ-ҚҰРАСТЫРУШЫ
5-pазpяд
Жұмыс сипаттамасы. Пневматикалық және гидравликалық сынаққа түсетін немесе дефектоскоп әдісімен бақыланатын жұқа қабатты құймаларды құю үшін күрделі және ірі кокильдерді құрастыру. Алмалы-салмалы бөліктерінің саны көп кокильдерді күрделі жер және металл өзектерді орната отырып құрастыру және құрастырылған кокильдерді әртүрлі тәсілдермен тексеру. Аса күрделі кокильдерді қыздырудың жылу режимін әртүрлі жылытқыш құралдардың көмегімен сақтау.
Білуге тиіс: кокильдерде күрделі құймаларды жасау процессі; қабырғаларының қалыңдығы әртүрлі күрделі пішінді құймаларды біркелкі салқындатуды қамтамасыз ететін кокильдерді қаптау қабатын жағу тәсілдері және қажетті қалыңдығы; күрделі кокильдерді қыздыру ережесі.
Жұмыс үлгілері
К о к и л ьдерді құрастыру:
1. Ауамен суытылатын моторлардың бастары.
2. Компpессоpлардың корпусы.
§ 36. ҮЛГІЛЕРДІ ЖИНАҚТАУШЫ
2-pазpяд
Жұмыс сипаттамасы. Шағын көлемді, қарапайым пішінді алмалы-салмалы бөліктерінің саны екіден аспайтын үлгілерді, өзекті қораптар мен өзектерді жинақтау. Жинақталатын үлгілердің жарамдылығын тексеру. Үлгілер мен өзекті қораптарды жинақтауға қатысты құжаттарды ресімдеу. Анағұрлым күрделі үлгілер мен өзекті қораптарды біліктілігі анағұрлым жоғары үлгілерді жинақтаушының басшылығымен жинақтау.
Білуге тиіс: қарапайым үлгілер мен өзекті қораптардың құрылысы; жинақтың құрамын кіретін үлгілердің, өзекті қораптар мен шаблондардың тізбесі; қарапайым бақылау-өлшеу құралының мақсаты мен қолданылу шарттары; үлгілердің жинақтарын орап салу және тасымалдау ережесі.
§ 37. ҮЛГІЛЕРДІ ЖИНАҚТАУШЫ
3-pазpяд
Жұмыс сипаттамасы. Орташа көлемді, күрделі пішінді үш-төрт алмалы-салмалы бөліктері бар үлгілерді, өзекті қораптар мен өзектерді жинақтау. Олардың мөлшерін сызбалар мен эскиздер бойынша тексеру. Жинақталатын үлгілердің жекелеген бөліктеріне жазуларды, нөмірлерді және басқа да белгілерді жазу. Үлгілерді, өзекті қораптар мен шаблондарды жинақтауға қатысты құжаттарды ресімдеу. Контейнерлерді ілмектеу, әртүрлі жіктерді оларды көтеру және тасымалдау үшін бір-бірімен байланыстырып байлау.
Білуге тиіс: орташа көлемді, күрделі пішінді үлгілер мен өзекті қораптардың және олардың алмалы-салмалы бөліктерінің құрылысы; жинақталатын үлгілерге қойылатын талаптар; үлгілер мен өзекті қораптардың түсі мен таңбалануының шартты белгіленуі; қарапайым және орташа күрделі бақылау-өлшеу құралының құрылысы; үлгілеу ісінің негіздері.
§ 38. ҮЛГІЛЕРДІ ЖИНАҚТАУШЫ
4-pазpяд
Жұмыс сипаттамасы. Күрделі және ірі, алмалы-салмалы бөліктерінің саны төрттен астам үлгілерді, өзекті қораптар мен өзектерді жинақтау және олардың мөлшерін сызбалар мен эскиздер бойынша тексеру. Үлгілерді жинақтау бойынша есеп жүргізу. Үлгілерді, өзекті қораптар мен шаблондарды жөндеу үшін іріктеу.
Білуге тиіс: жинаққа кіретін үлгілердің, өзекті қораптар мен өзектердің құрамдас бөліктері; үлгілерді, өзекті қораптар мен шаблондарды салу және тасымалдау ережесі; күрделі және нақты бақылау-өлшеу аспаптарының құрылысы, мақсаты мен қолданылу шарттары; үлгілерді, өзекті қораптар мен шаблондарды қоймалар мен жұмыс орындарында жіберу және қабылдау ережесі; орындалатын жұмыс ауқымындағы модель ісі.
§ 39. ҚҰЮ ӨНДІРІСІНДЕГІ БАҚЫЛАУШЫ
2-pазpяд
Жұмыс сипаттамасы. Құймаларды, құрастырылған қалыптарды өзектердің дұрыс орнатылғанын, құймалардың, шығарғыштардың қосылмалары, газ ұстағыштарды, сондай-ақ өзекті қораптарының саны аз, қарапайым пішінді, қарапайым ағаш және металл үлгілердің, қалыптау шаблондарының орны мен қимасын сызбалар мен эскиздер, үлгілер бойынша тексере отырып бақылау және қабылдау. Бастапқы қалыптау және өзекті материалдардың сынамаларын, балқымалардың үлгілерін талдау үшін алу. Металл қалыптардың, түптердің сапасын және таңбалауды ауыстырудың дұрыстығын бақылау; құймалардың бетіндегі ақаулықтарды жою. Оңай балқитын материалдардан жасалған қарапайым бұйымдарға арналған өзектер мен үлгілерді бақылау және қабылдау. Бастапқы қалыптау және өзекті материалдардың және тексерілетін үлгілердің қорамжәшікте және жерде қалыптау жұмысын орындау үшін жарамдылығы мен техникалық талаптарға сәйкестігін анықтау. Ағаштың кемшіліктері мен оның үлгілер мен өзекті қораптарды жасауға жарамдылық дәрежесін сыртқы түрі бойынша анықтау. Қалыптау және өзекті қоспаның газ өткізгіштігі мен ылғалдығын бақылау. Қарапайым үлгілер мен кокильдерді сызбасы бойынша белгілеу. Үлгілер мен өзекті қораптарды таңбалау.
Білуге тиіс: қолданылатын дайын өнімге және негізгі материалдарға қойылатын техникалық талаптар; моделі, тақташалары мен шаблондары бойынша, жерде құрғақтығы мен ылғалдығы бойынша, қос көп алмалы-салмалы қорамжәшіктерде қалыптау тәсілдері; металдың құйылатын маркаларының номенклатуpасы; қалыптарды толтыру тығыздығы және кептіру дәрежесі; қолданылатын металл қалыптардың түрлері; қарапайым үлгілер мен өзекті қораптарды жасау тәсілдері, сызбаларда желілі шөгуге, механикалық өңдеуге әдіптердің белгіленуі және әдіптердің мөлшері; шақтамалар мен квалитеттер туралы негізгі түсінік; таңбаланудың шартты белгіленуі; бақылау-өлшеу аспаптарының мақсаты және қолданылу шарттары.
Жұмыс үлгілері
Бақылау және қабылдау:
1. Диаметpі 1000 мм дейінгі және ұзындығы 1500 мм дейінгі кран барабандары және кран асты жүгіртпелері.
2. Тұрмыстық астаулар.
3. Диаметpі 500 мм дейінгі тығындар.
4. Кескіндерге, тұтқа саптарға арналған ұстағыштар және кілттер.
5. Салмағы 25 т дейінгі құймаларға арналған металл қалып.
6. Металл кескіш құрал – бұрғы, қашау, ұңғы.
7. Дөңгелектер мен жиегі тегіс тістегеріш.
8. Мойынтіректердің коpпусы.
9. Диаметpі 1500 мм дейін және диаметpі 300 мм дейінгі қисық сымы бар тегершіктер мен шкивтер.
10. Үйінді мульділер.
11. Қорамжәшіктер.
12.Үштіктер мен буын.
13. Диаметpі 500 мм дейінгі құйма тістері бар тістегершік.
Достарыңызбен бөлісу: |