§ 29. ШЕГЕНДЕУШІ
3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Диаметрі 12 мм-ге дейінгі тойтарма шегелермен қысымсыз жұмыс істейтін және диаметрі 12 мм-ге дейінгі металл құрылымдарды, ыдыстар мен 300-ден 800 кПа (3-тен 8 атм-ға дейінгі) аппараттарды қолмен, пневматикалық балғамен немесе шегендеу қапсырмаларымен шегендеу станоктарда, сығымдағыштарда ыстықтай және суықтай шегендеу. Күрделі металдарды түсті металлдан жасалған тойтармалармен қол жетпейтін және ыңғайсыз жерлерде шегендеу. Алюминий корпустың түрлі бөлшектерінің герметикалық жіктерін тікелей және кері тәсілмен шегендеу. Шаблон бойынша тықсырып жіктердің жиектерін кесу. Даяр өнімдерді гидравликалық қысымда сынау және оларды тапсыру. Шегендеу ақаулықтарын сынау кезінде анықтау және жою. Сығымдағыштарды, аспаптар мен айлабұйымдарды баптау және реттеу.
Білуге тиіс: гидравликалық тығыздағыштар мен түрлі үлгідегі пневматикалық аппараттардың құрылымы; шегендеу болатының механикалық қасиеті; қалпақшасымен және бетімен бірдей шегендеу кезінде шегендеу ұзындығы бойынша әдіптері; шегендеудің стандартты өлшемдері; пневматикалық құралдың қалыпты жұмыс істеуі үшін әуе желісіндегі шекті қысым; жіктерді сынау тәсілдері, герметикалық жіктер кезінде шегендеу саңылауларының шектері, қол жетпейтін жерлерді шегендеуде қолданылатын айлабұйымдардың құрылымы; шегендеу кезіндегі бұзылуларының себептері; рұқсат беру шегі мен отырғызу.
Жұмыс үлгілері
1. Қысыммен істейтін қазандықтардың, құбырлардың аккумуляторлары, әуе резервуарлары – пневматикалық шегендеу.
2. Бактар мен резервуарлар – шегендеу.
3. Кильдер мен борттық стрингерлер – шегендеу.
4. Құю шөміштері – қолмен немесе пневматикалық шегендеу.
5. Крандарды, металл бағаналарының құрылымдары, рама жаймалары, ілмектер мен арбалары – тұрақты дәнекерлеу жіктерін тойтармалармен ыстықтай шегендеу.
6. Илектеу стандары тоңазытқыштарының құрылымдары – шегендеу.
7. Жартылай вагондардың түсіргіш люктері – шегендеу.
8. Ватержелілерден жоғары қаптау, кемелердің орта бөлігіндегі төсемдер – шегендеу.
9. Радиаторлар келте құбырлары, желдеткіштердің қалақтары – шегендеу.
10. Ұшақтардың стрингерлері, шпангоуттары мен кронштейндер – шегендеу.
11. Болат стеллаждар – шегендеу.
12. Жүк көтергіштігі 15 тоннаға дейінгі крандардың тілдері – шегендеу.
13. Грейфтердің тұмсықтары – шегендеу.
14. Кокс шығаратын штангтер – шегендеу.
§ 30. ШЕГЕНДЕУШІ
4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Диаметрі 22 мм-ден асатын тойтарма шегелермен қысымсыз жұмыс істейтін және диаметрі 22 мм-ге дейінгі 800-ден 1200 кПа (8-ден 12 атм-ға дейінгі) сыналатын металл құрылымдар мен қазандық бөліктерінің герметикалық жіктерін түрлі тәсілдермен ыстықтай және суықтай шегендеу. Алюминий қорытпалардан жасалған корпустардың герметикалық жіктерін тіке және кері шегендеу. Тығыздағыштарды, аспаптар мен айлабұйымдарды баптау және реттеу.
Білуге тиіс: түрлі үлгідегі шегендеу және гидравликалық тығыздағыштардың құрылымы, баптау ережесі мен кинематикалық тәсімдері; қыздыру, соғу және сығымдау кезінде металлдың бұзылуы; серпінді және бұзылу қалдығы; металға ауыспалы кернеуліктің әсері; рұқсат және отырғызу шектері.
Жұмыс үлгілері
1. Жота және шүберін арқалықтары, орап байлайтын бөренелер, швеллер және буфер бөренелер, қысатын құрамдағы ағаш тірек кронштейндер – түзету және шегендеу..
2. Қыспақтағы барабандар – шегендеу
3. Иллюминаторлар – рамаларды шегендеу.
4. Ұшақ бөліктерінің корпустары – шегендеу.
5. Қысымда істейтін қазандықтар, барабандардың түбі, құрғақ булағыштар мен басқа да резервуарлар – шегендеу.
6. Пластина ілмектер – шегендеу.
7. Рамалардың лонжерондары, кузовтардың алдыңғы бөліктері, автомобильдің алдыңғы және артқы дәнекерлік қаптары - құрастыру және шегендеу.
8. Кеменің сыртқы су астыңғы бөліктерін қаптау, жапсырма жаймалары мен стрингер бұрыштары – шегендеу.
9. Шахталық кілеттердің рамалары мен корпустары, шахталық көтергіштердің скиптері – шегендеу.
10. Қозғалып тұратын құрамдағы арбаның рамалары мен жүк көтергіш крандары – шегендеу.
11. 15 тоннадан асатын көтергіш крандардың бұрмасы – шегендеу.
12. Алюминий қорытпалардан жасалған сүйекті және кильді бұрыштықтары – шегендеу.
13. Жоғары қысымдағы бу құбыржолдары құбырларының фланецтері – шегендеу.
14. Су және мұнай цистерналар – шегендеу.
§ 31. ШЕГЕНДЕУШІ
5-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Диаметрі 22 мм-ден асатын тойтарма шегелермен 1,2 МПа (12 атм) жоғары қысымда сыналатын ірі металл құрылымдар мен қазандық бөліктерінің күрделі герметикалық жіктерін түрлі жабдықтарды пайдаланып ыстықтай және суықтай шегендеу. Механикалық өңдеуге жататын құрылымдарды отырғызып және ось желісін сақтай отырып, шегендеу. Монтаждаудағы көтергіш құрылыс құрылымдарын шегендеу.
Білуге тиіс: түрлі үлгідегі қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылымы мен дәлдігін тексеру ережесі; шегендеу құрамалары мен жіктерінің сыныптауышын; қолданылатын айлабұйымдар мен жұмыс аспабының құрылымы.
Жұмыс үлгілері
1. Бағаналардың арқалықтары, төлемдері – монтаждап шегендеу.
2. Домна пештерінің газ құбыржолдары, скруббер қаптары – шегендеу.
3. Кеме штевендерінің құлыптары – шегендеу.
4. Зәкір клюздары – шегендеу.
5. Вагон аударғыштардың, көпір крандарының және кен артық жүк тасығыштарының металл құрылымдары – шегендеу.
6. Кеменің шеттеріндегі жапсырма жаймалары бар сыртқы қаптама – шегендеу.
§ 32. ШЕГЕНДЕУШІ
6-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Аспалы алаңшалары, төсемелері және аспалары бар тығыз төзімді жікті болат күрделі құрылыс құрылымдарының түрлі жабдықтарын пайдалана отырып ыстықтай шегендеу. Күрделі құрама сызбалар бойынша бірегей металл құрылымдарды шегендеу. Жіктердің герметикалығын тексеру.
Білуге тиіс: тығыз төзімді жіктерге қойылатын талаптар; тығыз төзімді жіктерді шегендеу тәсілдері; құрылымдардың төзімділігі мен шегенделген құрамалардың төзімділігін тексеру ережесі.
Жұмыс үлгілері
1. Ірі көлемді антенналар – тораптарды шегендеу.
2. Болат көпірлердің құрылымдары – тораптарды шегендеу.
3. Мұнай өнімдеріне арналған резервуарлар – монтаждау кезінде шегендеу.
4. Жабын фермалары – монтаждау кезінде шегендеу.
§ 33. ҚАЗАНДЫҚ, СУЫҚТАЙ ҚАЛЫПТАУ ЖӘНЕ ҚЫСЫМДАУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ БАҚЫЛАУШЫСЫ
2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Ұсақ қарапайым бөлшектерді операциялық және түпкілікті қабылдау, түрлі маркадағы болаттан жасалған орташа күрделіктегі ірі бөлшектер мен тораптарды, түсті металлдар мен олардың қорытпаларын қазандық, суықтай қалыптау және қысымдау жұмыстарын орындағаннан кейін бақылау және қабылдау. Бөлшектер мен тораптарды сыртқы түріне қарай және бақылау-өлшеу аспаптары мен айлабұйымдардың көмегімен тексеру. Орташа күрделіктегі бөлшектер мен тораптардың сызбаларын оқу. Қалыптауда қолданылатын материалдардың сапасын көзбен айқындау.
Білуге тиіс: қарапайым бөлшектер мен тораптарды тексеру ережесі мен тәсілдері; қазандық, суықтай қалыптау және қысымдау жұмыстарын орындағаннан кейін орташа күрделіктегі қабылданатын бөлшектерге техникалық шарттар мен мемлекеттік стандарттар; металл сертификаттары, қазандық, суықтай қалыптау және қысымдау жұмыстары технологиялық процесінің негіздері; қалыптар мен басқа да қазандық, суықтай қалыптау және қысымдық жабдықтау құрылымдары; бақылау-өлшеу аспаптарының қызметі мен пайдалану шарттары, қазандық, суықтай қалыптау және қысымдау жұмыстарын орындаудағы бөлшектер мен тораптардағы қолданылатын металдардың механикалық қасиеттері; тоттанудың түрлері мен себептері; негізгі операциялар бойынша ақаулықтардың сыныптауышы мен түрлері; кедір-бұдырлықтың шегі мен отырғызу, квалитеттер мен параметрлерінің жүйесі.
Жұмыс үлгілері
1. Түрлі қоспалары бар аппараттар – құрастырғаннан кейін қабылдап алу.
2. Қосалқы қазандықтардың ауа жіберетін құрылымдары – құрастырғаннан кейін қабылдап алу.
3. Капсюль өндірісі бұйымдары – қалыптағаннан кейін бақылау.
4. Байланыстар мен жапырақшалары – қалыптаудан кейін бақылау және қабылдап алу.
5. Илемдеу стандары тоңазытқыштарының құрылымдары – шегендеуден кейін бақылау.
6. Тіркесу муфталарының корпустары – қалыптағаннан кейін бақылау.
7. Таздардың, шайғыштардың, кастрюльдердің корпустары – жаншығаннан кейін бақылау.
8. Электр машиналарының статорлары, роторлары мен зәкірлерінің сегменттері – қалыптағаннан кейін бақылау.
9. Грейфтің жақтары – шегендегеннен және құрастырғаннан кейін бақылау.
§ 34. ҚАЗАНДЫҚ, СУЫҚТАЙ ҚАЛЫПТАУ ЖӘНЕ ҚЫСЫМДАУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ БАҚЫЛАУШЫСЫ
3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Қазандық құрылғыларының күрделі бөлшектері мен тораптарын; түрлі маркадағы болаттан жасалған металл құрылымдар мен аппараттарды, түсті металлдар мен олардың қорытпаларын қазандық, суықтай қалыптау және қысымдау жұмыстарын орындағаннан кейін сыртқы түріне қарай және ықтимал бақылау-өлшеу аспаптары мен айлабұйымдардың көмегімен бақылау және қабылдап алу. Жекелеген тораптарды, қазандық цилиндрлерін пневматикалық, гидравликалық және вакуум сынамаларымен, түрлі рұқсат берілген қысымда және түрлі вакуумда герметикалығын тексеріп қабылдап алу. Бөлшектер мен бұйымдарды жасауға кететін материалдарға мемлекеттік стандарттарды пайдалану. Орындалатын жұмыстың шегінде сызбаларды оқу. Қабылданатын және іріктелген өнімнің сапасына және санына қарай есебін және есептілігін жүргізу.
Білуге тиіс: қазандық, суықтай қалыптау және қысымдау жұмыстарын орындағаннан кейін күрделі бөлшектер мен тораптарды өңдеудің негізгі түрлеріне техникалық шарттар мен мемлекеттік стандарттар; қабылданатын бұйымдардың қызметі, оларды сынау және тексеру тәсілдері; кедір-бұдырлықтың шегі мен отырғызу, квалитеттер мен параметрлерінің жүйесі; орташа күрделіктегі белгілеу жұмыстарының тәсілдері; бақылау-өлшеу аспаптарының құрылымы; ақаудың алдын-алу әдістері, өңделетін материалдардың негізгі қасиеттері.
Жұмыс үлгілері
1. Баллондар, бойлерлер – құрастырғаннан кейінгі бақылау.
2. Бензобактар – қалыптағаннан кейінгі бақылау.
3. Қысқыштар – кескеннен кейін бақылау және қабылдап алу.
4. Қосалқы қазандықтар, құрғақ булағыштар имен резервуарлар – шегендегеннен кейін бақылау және қабылдап алу.
5. Тежегіш дискілер – қалыптағаннан кейінгі бақылау.
6. Пластиналы ілмектер мен траверстер – шегендегеннен және құрастырғаннан кейінгі бақылау.
7. Прожекторлардың рефлекторлары мен рамалары – қысымдағаннан кейін қабылдап алу.
8. Диффузордың тыстары – қысымдағаннан кейін қабылдап алу.
§ 35. ҚАЗАНДЫҚ, СУЫҚТАЙ ҚАЛЫПТАУ ЖӘНЕ ҚЫСЫМДАУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ БАҚЫЛАУШЫСЫ
4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Жоғары қысымдағы қазандық құрылғыларының, металл құрылымдар мен аппараттардың күрделі тораптарын бақылау, сынау және түпкілікті қабылдап алу. Ақаулардың себептерін зерттеу және олардың алдын-алу жөніндегі іс-шараларды әзірлеу. Ақаулардың түзетуге болатындарын және түпкілікті сыныптау. Тораптардың, қазандық құрылғыларын, металл құрылымдары мен аппараттарды қабылдауға ақаулық ведомостілері мен актілерін құру.
Білуге тиіс: қазандық құрылғылары мен агрегаттарын құрастыруға техникалық шарттар; металлдың құрылымы мен шөгуіне қызу температурасының әсері, бақылау-өлшеу аспаптарының құрылымы, қызметі мен пайдалану шарттары, күрделі белгілеу жұмыстарын орындау тәсілдері, кедір-бұдырлықтың шегі мен отырғызу, квалитеттер мен параметрлерінің жүйесі.
Жұмыс үлгілері
1. Негізгі және күрделі қазандықтардың арматурасы – монтаждағаннан кейін бақылау және қабылдап алу.
2. Домна пештерінің газ құбырлары – құрастырғаннан кейін бақылау.
3. От құбыр қазандықтары – құрастырғаннан кейін бақылау және қабылдап алу.
4. Автомобильдің төбелері - қалыптағаннан кейін қабылдап алу.
5. Автомобильдің лонжерондары, көлденеңдіктері мен күшейткіштері – қалыптағаннан кейін қабылдап алу.
6. Мартен пештерінің табандықтары – құрастырғаннан кейінгі бақылау.
7. Көпір крандарының электр фермалары – шегендегеннен және құрастырғаннан кейін бақылау.
8. Цистерналар – сынағаннан және құрастырғаннан кейін қабылдап алу.
9. Экономайзерлер – құрастырғаннан кейін қабылдап алу.
§ 36. ҚАЗАНДЫҚ, СУЫҚТАЙ ҚАЛЫПТАУ ЖӘНЕ ҚЫСЫМДАУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ БАҚЫЛАУШЫСЫ
5-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Жоғары қысымдағы көп ажырайтын және жекелеген бөлшектерін дәл тықсырып, қазандық құрылғыларының, металл құрылымдар мен аппараттардың күрделі тораптарын бақылау, сынау және түпкілікті қабылдап алу. Тораптардың, қазандық құрылғыларын, металл құрылымдары мен аппараттарды қабылдауға ақаулық ведомостары мен актілерін құру.
Білуге тиіс: күрделі тораптардың, металл құрылымдардың, аппараттардың, қазандық құрылғылары мен автоматикасын қабылдауға және сынауға техникалық шарттары мен мемлекеттік стандарттары; техникалық бақылау әдістері; түзету және дәнекерлеуде металлдың бұзылуы; тоттанудың түрлері мен олардың алдын алу шаралары; дәлме-дәл бақылау-өлшеу аспаптарын теңшеу және реттеу ережесі.
Жұмыс үлгілері
1. Автоклавтар, рекуператорлар, жіберетін муфтасыз және шыңдайтын агрегаттар – монтаждаудан кейін бақылау және қабылдап алу.
2. Тікелей токты қазандық агрегаттары – монтаждаудан кейін бақылау және қабылдап алу.
3. Күрделі құрылымды тәжірибелік қазандықтар – құрастырғаннан кейін бақылау және қабылдап алу.
4. Қозғалтқыш соплолары – қалыптағаннан кейін қабылдап алу.
§ 37. ҚАЗАНДЫҚШЫ
2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Қарапайым бөлшектерді слесарлық өңдеу. Қазандық жабдықтарының бөлшектері мен тораптарына арналған толтыру-тығыздау материалдарын дайындау, оларды сіңдіру, майлау және т.б. Қазандық жабдықтарының қарапайым тораптарын бөлшектеу және құрастыру, бөлшектердің бетін қалайылауға және дәнекерлеуге тазарту, жұмыс аспабымен толтыру. Тойтармаларды қыздыру және оларды тойтару үшін жіберу. Бақылау жабдықтары тораптарын жылжыту жөніндегі жұмыстарға қатысу. Жоғарылай білікті қазандықшының басшылығымен қазандық агрегаттарының тораптары мен бөлшектерін жөндеу және өңдеу жөніндегі күрделірек жұмыстарды орындау. Қазандық жабдықтары бөлшектерін жасау жөніндегі қарапайым слесарлық жұмыстарды орындау. Арнайы шаблондар мен айлабұйымдарды пайдаланып сұрыптық жайма металлдан жасалған қазандық жабдықтарының қарапайым бөлшектерін жасау. Жылжымалы механизацияланған аспаппен саңылауларды тесу және ұңғылау. 300 кПа-ға дейінгі (3 атм) қысымда жұмыс істеуге арналған құятын ыдыстар мен аппараттарды тойтару станоктарында, тығыздағыштарда, пневматикалық балғалармен немесе қолмен ыстықтай және суықтай шегендеу. Бөлшектер мен тораптарды бұрандалармен және суықтай шегендеумен біріктіру. Қалыңдығы 10 мм-ге дейінгі жайпақ металдан жасалған бөлшектерді суықтай және 20 мм-ге дейінгі жайпақ металды ыстықтай түрлі біліктер мен тығыздағыштарда біліктеу, түзету және ию. Жиектерін кейіннен сызғыш және шаблон бойынша түзетіп біліктеу. Илемді және басқа да металдан жасалған күрделі емесе бөлшектер мен бұйымдарды 1 м ұзындықта 1-ден асатын 2 мм-ге дейінгі саңылау шегімен шаблон, бұрыштық және сызғыш бойынша ыстықтай және суықтай күйінде плитада қолмен түзету. Көміртекті болаттан жасалған күрделі емес тораптарды құрастыру процесінде дәнекерлеп ұстату. Қазандық құбырларын олардың кесіктерін өңдей отырып және бүршіктерін алып кесу. Қарапайым қазандық аппаратурасын орнату.
Білуге тиіс: қысымен істейтін қазандықтар мен сыйымдықтардың құрылымы және істеу қағидаты; қазандық жасауда қолданылатын материалдар мен құбырлардың маркалары; қазандық жабдықтарының бөлшектері мен тораптарын құрастыру, тексеру және түзету жолдары; тораптар мен бұйымдарды құрастыруға қойылатын техникалық талаптар; қызмет көрсетілетін жабдық пен жұмыс аспабының құрылымы; шегендеуге және дәнекерлеуге бөлшектерді біріктіру тәсілдері; тойтармаларды сығу және көрінбейтін тойтарма шегелермен шегендеу тәсілдері, металдарды суықтай және ыстықтай біліктеу және ию кезіндегі қасиеттері, ыстықтай және суықтай біліктеу әдіптері; біліктеу, түзету, ию және бұрғылап тесуге арналған айлабұйымдар мен аспаптардың қызметі мен пайдалану шарттары; түзетудің технологиялық кезектілігі; жайма металды белгілеу ережесі, кедір-бұдырлықтың шегі мен отырғызу, квалитеттер мен параметрлерінің жүйесі; толтыру-тығыздау және төсеу материалдарының түрлері мен қасиеттері, бөлшектерді слесарлық өңдеу жолдары, такелажды жұмыстарда қазандық жабдықтарын ілмектеу ережесі мен жолдары.
Жұмыс үлгілері
1. Шахта вагоншалары – түптерін шегендеу.
2. Бекіткіштер мен фланецтер – төсемдерді таңдау, орнату.
3. Тойтарма шегелер – кесу.
4. Күл салғыштар, бағаналар, крандар, құбырлар – қолмен және пневматикалық шегендеу.
5. Экран камералары, бу қыздырғыштар мен экономайзерлер – люктарды саңылауларға орнату.
6. Төрт бұрышты немесе бұрыштық металдан жасалған сақиналар – қолмен жеткізіп ию.
7. Қарапайым және ілмелі кронштейндер – жасау.
8. Бу камераларының жаймалары – біліктерде ию.
9. Түптері – жаймаларды ию.
10. Түтік жолдар – жасау және орнату.
11. Экономайзер құбырлары – құбырлары бар жүзгіштерді дәнекерлеуге құрастыру.
12. Диаметрі 1500мм-ге дейін жайма металдан жасалған цилиндрлер – түзете отырып ию.
13. Ауа оқшаулағыш қалқандары – жасау және құрастыру.
§ 38. ҚАЗАНДЫҚШЫ
3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Жайма және сұрыптық металдан жасалған орташа күрделіктегі қазандық жабдықтарының тораптары мен бөлшектерін сызбалар және эскиздер бойынша жекелеген бөліктерін тойтарып дәнекерлеуге белгілей және қиыстыра отырып жасау, жөндеу және құрастыру. Қазандық жасауда 300-ден жоғары 800 кПа-ға дейінгі (3-тен жоғары 8 атм-ға дейінгі) қысымда жұмыс істеуге арналған сыйымдылықтар мен аппараттардың тойтару станоктарында, сығымдағыштарда, қолмен, пневматикалық балғалармен, сондай-ақ тойтару қапсырмаларымен герметикалық жіктерді ыстықтай және суықтай шегендеу. Түсті металдардан жасалған тойтармалардың күрделі бөлшектерін шегендеу. Шаблон бойынша қиыстырып жіктерінің жиектерін кесу. Түрлі дәнекерлермен дәнекерлеу. Қалыңдығы 10-нан жоғары 20 мм-ге дейін суықтай және 20-дан жоғары 30 мм-ге дейін ыстықтай жайма металдан жасалған бөлшектерді түрлі біліктер мен сығымдағыштарда біліктеу, түзету және ию. Жиектерін біліктерде, сығымдағыштарда және қолмен ию. Жайма металдан жасалған цилиндр және коникалық ернеушелерді ию. Жиектерін сығымдағыштарда және қолмен жеткізу, ернеушелерін шаблон және сызғыш бойынша түзету. Қазандық жасауға арналған жайма болаттан жасалған күрделі конфигурациялы бұйымдарды шаблон және сызбалар бойынша ию және жиектеу. Құбыр иетін станоктарда түрлі жазықтықтарда қазандық құбырларын ию. Ішкі және сыртқы диаметрі бойынша құбырларды калибрлеу. Біліктер мен иетін сығымдарды реттеу. Жаймалық және кескінді металдан жасалған орташа күрделіктегі қалыпталған бөлшектерді плитада бақылау сызғышы бойынша және 1 метрлік ұзындықта 1 мм-ге дейінгі рұқсат етілген саңылау бойынша ыстықтай және суықтай қолмен түзету. Су, май және жылу жүйелері құбыржолдарын түзеу және жапырылған жерлерін жою. Қазандықты гидравликалық сынауға дайындау. Сызғыштарды, бұрыштықтарды, циркульдарды, шаблондарды, даяр үлгілер мен қажетті бақылау-өлшеу аспабын пайдалана отырып сызбалар бойынша бөлшектерді белгілеу. Орташа күрделіктегі көміртекті және қоспаланған болаттан жасалған тораптарды құрастыру процесінде дәнекерлеп ұстату.
Білуге тиіс: түрлі үлгідегі қазандықтардың, біліктердің және тығыздағыштардың құрылымы мен жұмыс істеу қағидаты; орташа күрделіктегі қазандық жабдықтарының тораптарын құрастыру процесі; жиналған және орнатылған бөлшектерді, тораптар мен бұйымдарды құрастыру және бекіту кезектілігі мен тәсілдері, тойтармалардың стандартты өлшемдері; жіктерді сынау тәсілдері, герметикалық жіктердің тойтарма саңылауларына арналған шектері, қол жетпейтін жерлердегі тораптарда қолданылатын айлабұйымдар; жайма металдың қалыңдығына, иілу радиусына және болаттың маркасына қарай біліктерді реттеу тәсілдері; бөлшектерді ыстықтай және суықтай ию және біліктеу жолдары; түзеу режимі, су құбырлары және от құбырларын қазандықтарының құрылымдары; қазандықтардағы арматураның қызметі мен орналасуы; қазандық құбырларын ию және рұқсат етілетін доғалықты ию ережесі; қазандық құбырларын орнату және өңдеу жолдары, игенде және сорғанда білінетін металдың физикалық және механикалық қасиеттері, әмбебап және арнайы айлабұйымдар мен бақылау-өлшеу аспаптарының құрылымы; орындалатын жұмыс шегіндегі электр техникасы негіздері, кедір-бұдырлықтың шегі мен отырғызу, квалитеттер мен параметрлер.
Жұмыс үлгілері
1. Жаймалардан жасалған дәнекер барабандар – ыстықтай және суықтай түзету және біліктеу.
2. Шахталық желдеткішке, фидерлік кабиналарға арналған металл есіктер – жасау.
3. Паровоздардың бөлшектері (оттықтар, оттық арқалықтар, есікшелер мен түтін қораптары есіктерінің жұдырықшалары) – ауыстыру.
4. Мойнының диаметрі 500 мм-ге дейінгі дәнекер сферикалық түптер – түзету.
5. Сынама қысымдағы жіктері тығыз бұйымдар – қолмен немесе пневматикалық шегендеу.
6. Коллекторлар – құбыр саңылауларында ор кесу.
7. Көміртекті болаттан жасалған кіші қуаттылықтағы тұтас дәнекерленген бу қазандықтары – элементтерді құрастыру.
8. Баспалдақтар, алаңқайлар, ауыспалы көпірлер, қоршаулар – жасау.
9. Өлшегіштер, тұндырғыштар, жинағыштар – құрастыру, жамау салу.
10. Үлкен бұрышты коникалық келте құбырлар – ию.
11. Домна пештерінің скиптері мен құйғыштары – жөндеу.
12. Үш жерінен иілген су жылытатын құбырлар – шаблон бойынша тексеру, түзету, жеткізу және гидравликалық тексергеннен кейін шарикпен илемдеу.
13. Түтін құбырлар – жасау және орнату.
14. Диаметрі 1500 мм-ден асатын жайма металлдан жасалған цилиндрлер – ию және түзету.
15. Отын салатын цистерналар мен резервуарлар – дәнекерлеуге құрастыру.
§ 39. ҚАЗАНДЫҚШЫ
4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Жайма және сұрыптық металлдан жасалған қазандық жабдықтарының, қосалқы қазандықтардың, сыйымдылықтар мен аппараттардың күрделі тораптарын жекелеген бөлшектерін қиыстырып жасау, жөндеу және құрастыру. Қысыммен жұмыс істейтін қазандықтардың, аппараттар мен қазандық құрылғыларының цилиндрлік бөліктерін құрастыру. Қазандықтың күрделі тораптары мен бөлшектерін белгілеу. Қазандық бөліктерінің герметикалық жіктерін пневматикалық балғамен және қолмен, сондай-ақ қазандық жасауда 0,8 –ден жоғары 1,2 МПа-ға дейінгі (8-ден жоғары 12 атм-ға дейінгі) қысымда жұмыс істеуге арналған стационарлық сығымдағыштар мен аспалы шегендеу қапсырмаларында ыстықтай және суықтай шегендеу. Қол жетпейтін және ыңғайсыз жерлерін екі қолмен шегендеу және нақыштауды орындау. Түрлі құрылымдағы станоктарда бір жазықтықтағы түрлі иірімді бу қыздырғыштардың қазандық құбырлары мен ілмектерін ию. Құрастыру процесінде бөлшектер мен тораптарды қармап ұстау. Қарапайым құрылымды қосалқы қазандықтарда құбырларды қадам сайын тексере отырып орнату. Жарамсыз құбырларды кесу, жаңамен ауыстыру және құбыр саңылауларындағы тығыздау орларын түзете отырып әдіптерін жою. Қалыңдығы суықтай 20 мм-ден жоғары және ыстық күйде 30 мм-ден жоғары жайма металлдан жасалған түрлі құрылымдағы біліктер мен тығыздағыштардың күрделі және ірі бөлшектерін біліктеу, түзету және ию. Жиектерін біліктерде қолмен дәл ию. Үш, төрт және одан да көп иілетін бөлшектерді ию. Үлкен жаймалар мен түрлі құбырларды түзету. Біліктерді түзетудің, июдің және біліктеудің түрлеріне баптау.
Білуге тиіс: түрлі үлгідегі қазандықтар мен жылу алмастыру аппараттарының құрылымы мен жұмыс істеу қағидаты, күрделі қазандықтар мен резервуарлар жасау және құрастыру жолдары; жиналған бұйымдарды қабылдаудың техникалық шарттары; жіктерді біріктірудің барлық түрі; қазандықтарға және олардың жекелеген тораптарына қойылатын талаптар; шегендеу және гидравликалық сығымдағыштардың құрылымдық ерекшеліктері мен құрылымы, шегендеу бірікпелері мен жіктерінің сыныптамасы (төзімді, тығыз төзімді, бір қатарлық, көп қатарлық, бір жерден кесілген, екі жерден кесілген); көтергіш механизмдердің құрылымы, бақылау-өлшеу аспаптарының құрылымы, қызметі және пайдалану шарттары; арнайы және әмбебап айлабұйымдардың құрылымы; күрделі дәнекер кешендер мен құрылым айлабұйымдарында шаблондарды пайдаланып және сызба бойынша түзету тәсілдері; орындалатын жұмыстың шеңберінде металл механикасы мен технологиясының негіздері, кедір-бұдырлықтың шегі мен отырғызу, квалитеттер мен параметрлер.
Жұмыс үлгілері
1. Қосалқы қазандықтар арматурасы – қазандықта монтаждау, демонтаждау.
2. Баллондар, бойлерлер – корпусты біліктеу және құрастыру.
3. Ауа жинағыштар – құрастыру.
4. Түрлі бұранда саңылауларының есіктері – жөндеу.
5. Сферикалық, мойнының диаметрі 500 мм-ден асатын дәнекер түптер – түзету.
6. Қаптар мен торлар – рама бойынша және тойтарма шегелермен біріктіру бойынша шегендеу.
7. Қосалқы қазандықтар, құрғақ булағыштар мен қысыммен істейтін резервуарлар – шегендеу.
8. Болат кескіннен жасалған сақиналар –қабырғаларын біліктерде ию.
9. Кіріп-шығатын жапқыштардың қақпақтары – жағасына қарай қиыстыру.
10. Пластиналы ілмектер мен траверстер – жасау.
11. Сыртын қаптауға арналған күрделі пішіндегі жаймалар – ию.
12. Коникалық ауыспалы келте құбырлар – шаблон бойынша ию.
13. Желдеткіш клапандарының тартпалары, бункерлер, қимылдап тұратын оттықтар – жөндеу.
14. Қазандық түптері – құрастыру.
15. Жылжымалы арбалардың, рольгандардың, жиектеу машиналарының рамалары – жасау.
16. крекингтердің, құбыр пештері мен бу қазандықтарының бу шығаратын және су жылытатын құбырлары – біліктеумен ауыстыру.
17. Ыстық және түтін шығаратын паровоз құбырлары – жөндеу.
18. Экономайзер құбырлары – құрастыру.
19. Фахверктер, кронштейндер, жүгіртпелер, байланыс – жасау және құрастыру.
20. Жоғары қысымдағы бу құбыржолдары құбырларының фланецтері – шегендеу.
21. Шахта астындағы ғимараттардың конвейер эстакадалары, каркастары, бағаналары – жасау.
§ 40. ҚАЗАНДЫҚШЫ
5-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Күрделі қазандықтарды, аппараттарды, реакторларды, жылы алмастырғыштарды, бағаналарды түрлі болаттан және түсті металдан жасалған жекелеген бөлшектерін дәл қиыстырып сызбалар және эскиздер бойынша жасау, құрастыру, шегендеу және жөндеу. Технологиялық процесті тоқтатпай тоттану ортасында қысыммен жұмыс істейтін күрделі технологиялық жабдықты жөндеу. Күрделі герметикалық жіктердің ірі бөлшектерін пневматикалық балғамен және қолмен, сондай-ақ қазандық жасауда 1,2 МПа (12 атм) жоғары қысымда жұмыс істеуге арналған стационарлық сығымдағыштар және аспалы шегендеу скобаларда ыстықтай және суықтай шегендеу. Қазандықтардың күрделі және дәлме-дәл тораптары мен бөлшектерін белгілеу. Түрлі қалыңдықтағы жайма болаттан жасалған цилиндрлер мен конустарды ию. Қазандық болатының жиектерін басуға және дәнекерлеуге қиыстыру. Құрастыруға түсетін күрделі тораптар мен бөлшектердің жарамдылығын айқындау. Қазандықтар мен аппараттардың герметикалығын қысымда сынау. Қазандықтар мен механизмдердің орнатудан алдын тұғырларын тексеру. Жоғары қысымдағы қазандықтарда барлық құбыр қою жұмыстарын орындау.
Білуге тиіс: жоғары қысымдағы күрделі қазандықтар мен жылу алмастыратын аппараттардың құрылымы мен конструкциясы; күрделі құрылымды қазандықтарда құбырларды орнатудың барлық тәсілдерінің кезектілігі, күрделі құрылымды қазандықтарды құрастырудың, сынау және тапсырудың техникалық шарттары, металды қыздырғанда, дәнекерлегенде және түзеткенде бұзылуының себептері; жылу техникасының негіздері, күрделі ұңғыларды белгілеу тәсілдері, бақылау-өлшеу аспаптарының номенклатурасы, қызметі және реттеу тәсілдері; қазандықтардың, реакторлардың, жылу алмастырғыштар мен аппараттардың гидравликалық, бу және ауа сынама тәсілдері.
Жұмыс үлгілері
1. Күрделі қазандықтар арматурасы – қазандықта монтаждау, демонтаждау.
2. Сферикалық газгольдер түптері, үштіктер мен компрессорлар – құрастыру.
3. Жылу алмастырғыш аппараттардың иректемелері – станокта көп қабатты толтыру.
4. Ауа жылытқыш иректемелері – жасау және құрастыру.
5. От құбыр қазандықтары – түбі бар және от камерасымен корпустарды құрастыру.
6. Бу қыздырғыштардың ілмектері мен құбырлары – орнату және біліктеу.
7. Түтін камераларының, төбелердің торлары және паровоздың от қораптарының қабырғалары – ию, қиыстыру, орнату.
8. Жылжымалы және табанды байланыстар мен паровоздың циркуляциялық құбырлары – бөлшектеу, құрастыру.
9. Қазандық агрегаттарының негізгі құбырлары – орнату және біліктеу.
10. Циклондар – жасау және құрастыру.
11. Қазандықтарға арналған экономайзерлер – құрастыру.
Достарыңызбен бөлісу: |