М мәслихат мінбері тұЛҒатану өнер-өмір бай ыпта ма «алматы —2050»



жүктеу 1,96 Mb.
Pdf просмотр
бет1/10
Дата14.02.2020
өлшемі1,96 Mb.
#29019
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10


  

  

  

10-11

2

М

МӘСЛИХАТ  МІНБЕРІ

9

ТҰЛҒАТАНУ

6

ӨНЕР-ӨМІР

БАЙ ЫПТА МА

«АЛМАТЫ  —2050»

Смағұл ЕЛУБАЕВ,

жазушы, кинодраматург:

–  Қала  əкімі  Бақытжан

Сағынтаевтың  басшылығы-

мен  қала  үшін  тарихи

маңызы  бар  «Алматы  –

2050»  атты  бағдарлама

өмірге келді. Оқып шықтық.

Қала  дамуының 30 жылға

арналған  жан-жақты  даму

концепциясы 

жазылған

екен.  Бір  қарағанда  ес-

керілмеген  нəрсе  жоқтай.

Бағдарламаның  бүйрек  жылытатын  тұстары  көп.

Əсіресе,  жоспарланған  барлық  қадамдардың  адамдар

үшін,  алматылықтар  үшін,  олардың  бүгіні  мен

болашағы  үшін    жасалатыны  жанға  жылу  ұялатады.

Бағдарламаға  «Іске  сəт!»  дей  отырып,  өз  тара-

пымыздан аз ғана  пікір қосқанды жөн көрдік.

Біріншіден,  бағдарламадағы  «Алматы – елдің

бірегейлігін білдіретін  ұлттық коды  бар қала  болады»

деген  сөйлемдер  осы  құжаттың  алтын  арқауына

айналса екен дейміз. Өйткені, Алматы кешегі кеңестік

кезеңде 70 жыл  ұдайы    Қазақстан  астанасы  бола

тұрып,  отарлық    озбырлық  тоқпағынан  таяқ  жеген

қала.  Орыстанған  қала.  Əлі  күнге  көшедегі

жарнамалар  орыс  тілінен  аударылған  калька  күйінде

қазақ  тілін  мазақ  қылып  тұрғандай.  Қазақ  тілін

қорлаудың  советтік  ізі  көшелерде    сайрап  тұр.

Алматы  өзінің  ұлттық  бірегейлігін  қалыптастыруға

тиіс.  Екіншіден,  мемлекеттік  балабақшалар  түгел

мемлекеттік  тілде  тəрбие  беруге  тиіс.  Үшінші,

Алматының  өмірін  жазатын,  насихаттайтын  көркем

əдебиет  қалыптасуға  тиіс.  Жыл  сайын  Алматы

туралы  жазылған  роман,  хикаяттарға  бəйге

жарияланып  тұрса,  құба-құп.  Төртіншіден,  Алма-

тының  өмірін  насихаттайтын  жаңа  киножобалар

қаржыландырылуға  тиіс.  Бесіншіден,  Алматыда

кеңестік  кезеңде  орыстанған  қазақтар 2050 жылға

дейін  қазақтануға  тиіс.  Ол  үшін  қалада  осы  бағытта

ашық  жұмыс  жүргізілуі  керек.  Орыстанған  қазақтар

түгел    қазақтанғанда  ғана    Алматыда    Тəуелсіздіктің

шынайы    салтанатын  сеземіз.  Яғни  отарлық  заман-

ның  рухани  ойраны  қалыпқа  келгенін  сезетін

боламыз.  Бағдарламада  ұлттық  Тəуелсіздігіміздің

рухына  сай  осындай  рухани  жаңғырулар  да    көрініс

тапса  екен  дейміз.

Бақытжан  Əбдірұлы  Алматыға  қызметке  келгенде

алғашқы  қадамын  Райымбек  əулие  кесенесі  мен

Алланың  үйі – мешітке  кіріп,  Жаратушыдан  жақсы

тілектер  тілеумен  бастады.  Бұл  оның  үлкен  мемлекет

қайраткері  ғана  емес,  үлкен  азаматтық,  адами

келбетінен  де  шынайы  хабар  берген  еді.  Осындай

көрнекті    тұлғаның    алып  қала  Алматының  тізгінін

ұстаған  жылдар  қала  тарихында    ұлттық,  рухани

жаңғырудың  да  жарқын    жылдары  болып  із  қалдырса

екен  дейміз.

7-бетті қараңыз.

АЛМАТЫНЫҢ

ӨМІРІН ЖАЗАТЫН,

НАСИХАТТАЙТЫН

КӨРКЕМ ƏДЕБИЕТ

ҚАЛЫПТАСУҒА ТИІС



«БАСПАСӨЗ  —  2020

Ұтсаңыз да,

ұтпасаңыз да ұтылмайсыз!

12

Желтоқсандықтар

150  мың  теңгеден

алатын  болды

Президент

Додонның

дегені  болды...

ӨНЕРДІҢ

СҰЛТАНЫ  —

СҰЛТАНҒАЗИН

АПАЙДЫҢ

АМАНАТЫ

Қаланың  коммуналдық  қызметтері  түн

мезгілінде  көктайғаққа  қарсы  материалдар  сеуіп,

бірнеше  рет  құм  шашатын  техникамен  қаланың

жолдары мен көшелеріне құм шашты. Таңнан бері

қар  тазалау  жұмысына 508 техника  бірлігі

жұмылдырылып, 1788 жол  қызметкері  жұмысқа

шықты.


«АҚШАМ-АҚПАРАТ».

ҚАР  ТАЗАЛАУ  ҚАРҚЫНДЫ

Қаланы қардан тазалайтын

мекемелердің қызметкерлері тыным

таппай жұмыс істеп жатқанына бір

тəуліктен асты. Жауған қардың

қалыңдығы қалада 8-13 сантиметр

болса, таулы аймақта

18 сантиметрге дейін жеткен. Қар

тазалау жұмысы əлі тоқтаусыз

жүріп жатыр.


almaty-akshamy.kz

almaty-aksham@mail.ru

МƏСЛИХАТ  МІНБЕРІ

№142 (5805) 26 ҚАРАША 2019 жыл



2

Форумда 7 панельдік  сессиядағы  пікірталастар

ұйымдастырылады.  Оған 500-ден  астам  адам – ірі

əлемдік  жəне  қазақстандық  компаниялардың,  ҚР

министрліктерінің, қаржы институттарының басшылары

жəне халықаралық ұйымдардың өкілдері, т.б. қатысады.

«Аталған форумның мақсаты – бизнесті дамытуды

ынталандыру, Алматыға шетелдік инвесторларды тарту

жəне  жаңа  жұмыс  орындарын  ашу  болып  табылады.

Алматы  шет  елден  келген  инвесторлар  үшін  ең

тартымды өңірлердің бірі болды жəне болып қала береді.

Almaty Investment Forum – бұл  Алматы  кəсіпкерлері

мен  əлеуетті  инвесторлар  диалог  орнатуға,

қызықтыратын сұрақтар мен қойылған міндеттерді шешу

жолдарын талқылауға мүмкіндік беретін алаң»,  – дейді

форум ұйымдастырушылары.

Талқыланатын  тақырыптарға  Алматының

инвестициялық  тартымдылығы, «ақылды  қала»

тұжырымдамасын  қолдану  нысандары  мен  құрылыс

Мəншүк БЕКБОСЫН

Жиында алғаш болып Қалалық əлеуметтік

əл-ауқат  басқармасы  басшысының  орын-

басары Айнұр Мұқажанова баяндама жасады.

Оның ҚР Тəуелсіздігі қарсаңында 1986 жылы

Желтоқсан  оқиғасына  қатысып,  Заңда

(Қазақстан    Республикасының  1993 жылғы

14  сəуірдегі  «Жаппай  саяси  қуғын-сүргін

құрбандарын  ақтау  туралы»  Заңында)

белгіленген  тəртіпке  сəйкес  ақталған

тұлғаларға  бір  жолғы  əлеуметтік  көмек

мөлшерін 50 мың теңгеден 150 мың  теңгеге

дейін  көтеру  туралы  ұсынысын  мəслихат

бірауыздан  қолдады.

Бүгінде    Алматыда    аталған    санатта

350 тұлға  бар. Қосымша  бөлінетін   қаражат

35  млн.  теңгені  құрайды.  Сонымен  қатар,

қасында  көмекшісі  болмаса,  жүріп-тұруы

қиын бірінші  топтағы мүгедектердің  (зағип

жəне  тірек-қимыл  аппараты  аурулары  бар

тұлғалар)  санаторлық-курорттық  емдеуге

баруы  қиын.

–  Қасындағы  көмекшілері,  күтушілері

дегеніміз – көбінесе  жақын  туыстары.

Санаторийлер  күтуші  адамды  кіргізбейді.

Күтушісіз жүре алмайтын мүгедек азаматтар

тиісті  қаражаттың  жоқтығынан  санаторий-

курорттық  емдеуден  бас  тартуға  мəжбүр.

Бүгінде  Алматыда  өзіне  қарайласып  жүруді

қажет ететін бірінші топтағы 500 мүгедек бар.

Бұл ретте күтуші адамның тамағы мен жолы-

Ж

Желтоқсандықтар 150 мың теңгеден

алатын  болды

на 12 күнге 60 мың теңге шығады. Бұған ем-

дом шарасы енбейді. Осыған қосымша 30 млн.

теңге  бөлуді  сұраймыз, – деді      Айнұр

Мұқажанова.

Қалалық мəслихат  депутаттары басқарма

тарапынан  түскен  бұл  ұсынысқа  да  қолдау

білдірді.

Бұдан  өзге,  қалалық  Стратегия  жəне

бюджет басқармасының басшысы Н.Қайы-

ров  та  баяндама  ж асад ы.  Ол  қаланың

басым  инвестициялық  жобалары  мен  іс-

шараларын  іске  асыру  үшін  ішкі  қайта

бөлу  есебінен 8,8 млрд.  теңге  көлемінде

қаражат бөлуді  сұрады.

–  Білім беруге – 594,6 млн. теңге  керек.

Бұл – жалпы білім беретін мектеп оқытушы-

ларының еңбекақысын  төлеуге жəне  ыстық

тамақпен қамтамасыз ету үшін керек. Сондай-

ақ,  №25  мектептің  ашылуы  мен  оны

рəсімдеуге қажет.  Бұдан өзге, 2,1 млрд. теңге

№1  арнайы  əлеуметтік  қызметтер  көрсету

орталығында ыстық  тамақ беру  қызметтерін

төлеуге,  мүмкіндігі  шектеулі  тұлғаларды

тасымалдау  бойынша  өтінімдер  санының

көбеюіне байланысты инватаксидің қызметіне,

тұрақтандыру қорларын құруға қажет, – деді

Н.Қайыров.

Сонымен қатар, мəдениет саласы бойынша

2,1 млрд. теңге қаражат жыл сайынғы ұлттық

телевизиялық  «Жыл  таңдауы – 2019»

марапатын табыстау іс-шарасын өткізуге, «Ел

Үміті»  марафонын ұйымдастырып,  өткізуге,

«Алматы»  каналының 20 жылдығына

арналған  іс-шараның  ұйымдастырылуына,

Жастар  жылы  шеңберінде  жыл  сайынғы

мерекелік концертті өткізуге, сондай-ақ «Жас

Star»  жастар  фестивалін  өткізуге  қажет.

Спорт саласы бойынша 305,3 млн. теңге, оның

ішінде:  халықаралық  жəне  республикалық

сайыстарға құрама командаларды дайындауға

жəне  қатысуға  «Айсұлу»  əйелдер  хоккей

клубына, «Алматы»  əйелдер  волейбол

клубына,  сондай-ақ, «Буревестник  Алматы»

ерлер  волейбол  клубына,  аутистикалық

спекторы  бұзылған  балаларды  тау

шаңғыларында сырғанау негіздеріне үйретуге

қажет.  Тұрғын  үй-коммуналдық  шаруа-

шылық – 1,6 млрд. теңге, оның ішінде: ЖРК

құрылысы үшін Момышұлы көшесі бойымен

инженерлік  желілерді  қайта  жаңалауға,

Наурызбай  ауданы, «Шұғыла»  ықшамау-

данында  жəне  Түрксіб  ауданындағы  «Жас

қанат»  ықшамауданындағы көппəтерлі  тұр-

ғын  үйлер үшін  жалпы ұзындығы – 3,7 ша-

қырым болатын 10кВ электрмен  жабдықтау

желілерінің 

құрылысын 

аяқтауға,

«Құрылысшы»  ықшамауданында су  құбыры

жəне  кəріз  желілерінің  құрылысын  аяқтауға

(Алатау  ауданының  батыс  бөлігі;  Көлік

инфрақұрылымы – 1,4 млрд.  теңге,  оның

ішінде:  зияткерлік  басқарумен  жол  қозға-

лысын  басқарудың  автоматтандырылған

жүйесінің  құрылысына,  жеңілдіктері  бар

жолаушылардың жолақысын өтеуге, «Ұлжан-

2», «Алғабас» «АЗТМ»  ықшамаудандарында,

«Шаңырақ-2» ықшамауданында  жолдардың

құрылысына ЖСҚ  əзірлеуге керек.  Қаланың

8 ықшамауданындағы «Алғабас», «Ұлжан-2»,

«Трудовик», «Əйгерім-1, 2», «Шаңырақ-2»,

«Ұлжан-1», «Дархан», «Байбесіктегі»

жолдардың құрылысына керек. Абаттандыру

бойынша 447,5 млн.теңге – Орталық мешіттің

аумағын күрделі  жөндеуден өткізуге,  Құлжа

тас  жолы  бойымен,  Тіксай  өзенінен

Халиуллин көшесіне дейін жаяу жүргіншілер

аймағының  ағымдағы жөндеу  жұмыстарына

бағытталған. Жалпы, Алматының əлеуметтік-

экономикалық  дамуының  барлық  көр-

сеткіштері оң динамиканы көрсетіп отыр.

Айта  кету  керек,  Алматы  қаласының

Қоғамдық  кеңесін  қалыптастыру  жөніндегі

жұмыс тобы  Қоғамдық  кеңес  мүшелерінің

сандық  құрамын 30-дан 37 адамға  дейін

арттыру туралы  шешім қабылданды.  Жұмыс

тобы отырысының хаттамасына сəйкес ашық

дауыс беру арқылы кеңес құрамына 10 жаңа

мүше  сайланды.  Олардың  үшеуі  шығып

кеткен дерд ің  орны на  ж əне  жеті  мү ше

жаңадан  құрылған  орынға  сайланды.

Нəтижесінде  Алматы  қаласының  қоғамдық

кеңесі 37 адамнан  тұратын  болды.  Соның

ішінде мемлекеттік органдардан 3 адам жəне

азаматтық қоғамнан 34 адам бар.

материалдарының  экологиялық  қауіпсіздігіне  жаңа

талаптар  мен  қала  құрылысына  инновациялық

көзқарастар  əсерінен  өзгеретін  жылжымайтын  мүлік

нарығындағы үрдістер кіреді.

Жаңа Жібек жолындағы көлік-логистикалық орталық

позициясын  күшейтуі  тиіс.  Алматының  инфра-

құрылымдық  дамуы  талқылаудың  жеке  тақырыбы

болады. Almaty Investment Forum – 2019 сессиясы

аясында  Алматының  жаңа  халықаралық  туризм

орталығы ретінде тұсаукесері жоспарланған.

Инновациялық  даму  мəселесі  дөңгелек  үстел

форматына шығарылып отыр: IT-бизнес капитандары

мен  сарапшылар  Алматыдағы  стартаптар  мен

инновациялардың  болашақ  өсу  секторларын

талқылайды.  Форум  сессияларында  беделді

саясаткерлер,  белгілі  экономистер  мен  қаржыгерлер,

əлемдік стартап-жобалардың негізін қалаушылар жəне

жергілікті think-tank өкілдері сөз сөйлейді.



Қалалық əкімдіктің мəжіліс

залында VI сайланған Алматы

қаласы мəслихатының кезектен

тыс LVII сессиясы өтті. Сессияда

«V сайланған Алматы қаласы

мəслихатының XLI сессиясында

«Алматы қаласында əлеуметтік

көмек көрсетудің, оның

мөлшерлерін белгілеудің жəне

мұқтаж азаматтардың жекелеген

санаттарының тізбесін

айқындаудың қағидаларын бекіту

туралы» 2015 жылғы 23 шілдедегі

№ 347 шешіміне өзгерістер енгізу

туралы», «VI сайланған Алматы

қаласы мəслихаты XXХVІІІ

сессиясының «Алматы

қаласының 2019-2021 жылдарға

арналған бюджеті туралы»

2018 жылғы 13 желтоқсандағы

№297 шешіміне өзгерістер енгізу

туралы» жəне «Алматы қаласы

мəслихатының «Алматы қаласы

Қоғамдық кеңесінің құрамын бекіту

туралы» 2019 жылғы

18 наурыздағы №325 шешіміне

өзгерістер мен толықтырулар

енгізу туралы» мəселелер

қозғалды.

ҚАЛАЛЫҚТАР  ҚАПЕРІНЕ

Almaty Investment Forum – 2019 хедлайнерлері –

Түркияның  бұрынғы  вице-премьері  Мехмет

Шимшек, McKin sey  жаһ андық  институтының

басшысы  Джонатан  Вотцель, TiE Global қауым-

дастығының  президенті  Шарма  Махавир  Пратар,

орталық жəне Шығыс Еуропа, Орталық Азия елдері

бойынша Nokia вице-президенті  Микко  Лаванти,

Кат ар   С ауда -Өнер кə сі п  па л ата сы ны ң  вице-

президенті  Мохаммед  Бин  Тауар  Аль-Кавари,

сондай-ақ жетекші қазақстандық компаниялардың

топ-менеджерлері.

Форум  бағдарламасында  коммерциялық  келі-

сімдерге қол қою рəсімі де жоспарланған.



Күні мен уақыты: 27 қараша, 2019 ж., 10.00 –

іс-шараның басталуы.

Мекен-жайы: «Ritz Carlton Almaty» қонақүйі

(əл-Фараби даңғылы,  77/7).

Almaty Investment Forum өтеді



27 қарашада Алматыда 2019 жылғы Алматы инвестициялық форумы өтеді.  Оның басты

тақырыбы Қазақстанның оңтүстік астанасының инвестициялық тартымдылығын арттыру

болып табылады.


жүктеу 1,96 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау