21-тақырып.
Жеке және заңды тұлғалар.
Заңды тұлға ұғымы және негізгі белгілері.
Заңды тұлғалардың түрлері мен нысандары. Мемлекеттік кәсіпорындар.
Кәсіпорындар мен мекемелердің әкімшілік-құқықтық жағдайының негіздері.
Кәсіпорындар, мекемелер және коммерциялық емес ұйымдардың түрлері.
ҚР мемлекеттік кәсіпорындарын басқару органдары.
Шаруашылық жүргізу құқығындағы кәсіпорындар түрлері.
Қазыналық кәсіпорын ұғымы және тағайындалуы.
Еншілес мемлекеттік кәсіпорын. Шаруашылық серіктестік ұғымы және нысандары.
Заңды тұлға – заң бойынша азаматтық құқықтар мен міндеттердің субъектісі болып табылатын кәсіпорын‚ мекеме‚ ұйым‚ фирма, т.б. Ол өз атынан мүліктік және жеке беймүліктік құқықтар мен міндеттемелерді сатып ала алады‚ сотта‚ төрелік сотта (арбитражда) талапкер немесе жауапкер бола алады. Әрбір заңды тұлға заңда‚ әкімшілік актіде немесе өзінің жарғысында көзделген міндеттерді жүзеге асырады‚ сол тәртіппен реттелетін ішкі құрылымы болады‚ меншігінде, шаруашылық жүргізуінде немесе оралымды басқаруында оқшау мүлкі бар және осы мүлікпен өзінің міндеттемелері бойынша жауап береді. Заңды тұлғаның фирмалық атауы‚ дербес балансы мен сметасы‚ банктерде есеп айырысу шоттары, сондай-ақ мөрі болады. Ол дербес салық төлеуші ретінде әрекет етеді. Заңды тұлға мүлкінің құралуына қатысуына қарай оның құрылтайшыларында осы заңды тұлғаға қатысты міндеттемелік құқықтары не оның мүлкіне заттық құқықтары болады. Құрылтайшыларының міндеттемелік құқықтары бар заңды тұлғаға жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер мен акцион. қоғамдар, өндірістік кооперативтер мен тұтыну кооперативтері жатады. Мүлкіне құрылтайшыларының меншік құқығы немесе өзгедей заттық құқығы бар заңды тұлғаға мемл. және жергілікті (муниципалдық) кәсіпорындар, соның ішінде еншілес кәсіпорындар, сондай-ақ, меншік иесі қаржыландыратын жекеменшік кәсіпорындар (фирмалар) жатады. Құрылтайшыларының мүліктік құқықтары жоқ заңды тұлғаға қоғамдық және діни ұйымдар (бірлестіктер), қайырымдылық және өзгедей қорлар, бірлестіктер (қауымдастықтар мен одақтар) жатады. Сондай-ақ, өз қызметінің негізгі мақсаты ретінде пайда алуды көздейтін коммерциялық ұйымдар мен табыс алуды көздемейтін және алынған табысты құрылтайшылар арасында бөліспейтін коммерциялық емес ұйымдар да Заңды тұлғаға жатады 1. Меншiк, шаруашылық жүргiзу немесе жедел басқару құқығындағы оқшау мүлкi бар және сол мүлiкпен өз мiндеттемелерi бойынша жауап беретiн, өз атынан мүлiктiк және мүлiктiк емес жеке құқықтар мен мiндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйым заңды тұлға деп танылады. Заңды тұлғаның дербес балансы немесе сметасы болуға тиiс. 2. Заңды тұлғаның өз атауы жазылған мөрi болады. Заңды тұлғалардың түрлерi мен нысандары 1. Өз қызметiнiң негiзгi мақсаты ретiнде табысын келтiрудi көздейтiн (коммерциялық ұйым) не мұндай мақсат ретiнде пайда келтiре алмайтын және алынған таза табысын қатысушыларына үлестiрмейтiн (коммерциялық емес ұйым) ұйым заңды тұлға бола алады. 2. Коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлға мемлекеттiк кәсiпорын, шаруашылық серiктестiк, акционерлiк қоғам, өндiрiстiк кооператив нысандарында ғана құрылуы мүмкiн. 3. Коммерциялық емес ұйым болып табылатын заңды тұлға мекеме, қоғамдық бiрлестiк, акционерлiк қоғамдар тұтыну кооперативi, қоғамдық қор, дiни бiрлестiк нысанында және заң құжаттарында көзделген өзге де нысанда құрылуы мүмкiн. Коммерциялық емес ұйым кәсiпкерлiк қызметпен өзiнiң жарғылық мақсаттарына сай келуiне қарай ғана айналыса алады. 3-1. Коммерциялық емес ұйым болып табылатын және мемлекеттiк бюджеттiң есебiнен ғана ұсталатын заңды тұлға тек қана мемлекеттiк мекеме нысанында құрылуы мүмкiн. 4. Заңды тұлғалар бiрлестiк құра алады (Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі 110-бабы). 5. Заңды тұлға осы Кодекстiң, заңды тұлғалар нысандарының әрқайсысы туралы Заңның, өзге де заң құжаттары мен құрылтай құжаттарының негiзiнде жұмыс iстейдi.
Заңды жауапкершіліктің түсінігі және белгілері.
Құқық теориясында заңи жауаптылықтың түсiнiгiмен байланысты мәселе пiкiр таласты болып табылады. Ол туралы көптеген анықтамалар мен көзқарастар бар. Жалпы алғанда, заңи жауаптылық түсiнiгiнiң ең көп таралған екi нұсқасы туралы айтуға болады.
Заңи жауаптылық – бұл құқықтық нормалармен көзделген құқық субъектiсiнiң өзi үшiн жағымсыз құқықбұзушылықтың салдарына ұшырау мiндеттi.
Заңи жауаптылық – бұл жасалған құқықбұзушылық үшiн кiнәлi тұлғаның жеке және мүлiктiк сипаттағы айыруларға ұшыраумен байланысты мемлекеттiк күштеу шараса.
Шаралар мынадай сипатта болуы мүмкін:
а) жеке сипаттағы шаралар (бас бостандығынан айыру);
ә) мүліктік сипаттағы шаралар (айыппұл);
б) ұйымдастырушылық сипаттағы шаралар (жұмыстан босату).
Заңды жауапкершіліктің белгілері:
- оны мемлекет құқықтық нормаларды орнықтырады;
-мемлекеттік мәжбүрлеуге негізделеді;
-арнайы өкілетті мемлекеттік органдар қолданады;
-жаңа қосымша міндетті жүктеумен байланысты;
- жеке, мүліктік және ұйымдастырушылық сипаттағы белгілі бір теріс салдардан көрініс табады;
-іс жүргізушілік нысанда жүктеледі;
- тек жасалған құқықбұзушылық үшін ғана туындайды.
Егер заңды жауапкершіліктің іс жүзіндегі негізі болып оның құрамын құрайтын белгілердің жиынтығымен сипатталатын құқықбұзушылық табылса, оның заңды негізі болып құқық нормасы мен сәйкес құқыққолданушы акт табылады. Құқыққолдану актісінде құзіретті орган нақты бір құқықбұзушыға қатысты мәжбүрлеу шараларының нақты көлемі мен нысанын анықтайды. Мұндай құқыққолдану актісі ретінде әкімшілік бұйрығын, сот үкімін немесе шешімін және т.б. атауға болады.
Мемлекеттік кәсіпорын — мүлкі мемлекетке тиесілі және салымдар, үлестер, акциялар бойынша бөлінбейтін кәсіпорын. Оны құрған кезде жарғылық капитал теңгерімде бөліп көрсетілмейді. Мемлекеттік кәсіпорындардың басшыларын мемлекеттік органдар келісімшартқа сәйкес жалдайды және жұмыстан босатады. Бюджеттік кәсіпорын смета бойынша бюджеттен қаржыландырылады. Мемлекеттік кәсіпорындарға жедел басқару құқығына негізделген кәсіпорындар (қазыналық кәсіпорын, мекеме), шаруашылық жүргізу құқығына негізделген кәсіпорындар жатады.
Мемлекеттік басқару аясында өзінің мақсат-міндеті мен әкімшілік
құқықтық мәртебесі жөнінен әр түрлі болатын көптеген мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдар қызмет етеді.
Ұйым деп өзінің басқару органы басшылық ететін және меншігінде шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болатын әртүрлі саны бар (бірнеше адамнан бірнеше мыңға дейін) қызметкерлер ұжымы.
Ұйымның басқару органы оның әкімшілігі болып табылады. Бұл жеке-дара басшы (директор, бас директор) және оның орынбасарлары, не бір мезгілде жеке-дара және ұжымдық (директорлар кеңесі, басқарма, дирекция) немесе басқа тағайындалатын орган, не қызметкерле ұжымының ұйымды басқару жөнінде уәкілеттік берген органы болуы керек.Әкімшілік басқару функцияларын өзіне берілген өкілеттіктер шегінде өз ұйымының ішінде жүзеге асырады. Бұлар еңбек ұжымының жұмысын ұйымдастыру, еңбек және мемлекеттік тәртіпті қамтамасыз ету жөніндегі өкілеттіктер.
Ұйымдардың әкімшілік-құқықтық мәртебесін белгілейтін құқық нормалары әртүрлі заңдарды және өзге де нормативтік-құқықтық актілерде қаралған.
Ұйымдардың әрқайсысының әкімшілік-құқықтық мәртебесін жекелеп дұрыс және жан-жақты сипаттау үшін оларды топтастырудың үлкен маңызы бар. Бұл олардың қызметінің мақсаттары, ұйымдық-құқықтық нысандарыөздеріне жататын мүлікке билік ету өкілеттіктерінің көлемі мен сипаты бойынша, сондай-ақ бағыныштылығы немесе ведомстволық қарастылығы бойынша жүргізіледі.
Ұйымдар өзінің қызметінің мақсаты бйынша: коммерциялық және коммерциялық емес болып бөлінеді.
Қызметінің түрі бойынша кәсіпорындар, мекемелер, азаматтардың қоғамдық бірлестіктері ажыратылады.
Меншік түрлері бойынша мемлекеттік және мемлекеттік емес болып бөлінеді.
Кәсіпорын – бұл қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру және пайда табу мақсатында өнім өндіру, жұмыс атқару және қызмет көрсету үшін құрылған шаруашылықпен айналысатын субъект.
Кәсіпорындарды мемлекеттік органдар, құрылтайшылар, мүлікті меншіктенушілер не оған мүлік меншік иелерінің уәкілеттік берген органдары құра алады.
Кәсіпорын өзінің қызметін дербес жүзеге асырады, шығарған өніміне тапқан пайданың, салықтар менөзге де міндетті төлемдерді төлегеннен кейін, қалғанына билік етеді.
Мемлекеттік және мемлекеттік емес кәсіпорындардың әкімшілік құқық субъектілігі әр түрлі.
Мемлекеттік кәсіпорындардың құрылтай құжаты оның жарғысы болып табылады, оны кәсіпорынның құрылтайшысы бекітеді. Мұндай уәкілетті органдарға республикалық мемлекеттік кәсіпорындар жөнінде республика министрліктері, агенттіктері, ведомствалары және Үкімет сол үшін уәкілеттік берген өзге де мемлекетік органдар, сондай-ақ ҚР Ұлттық Банкі, ал коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындар жөнінде – жергілікті әкім сол үшін уәкілеттік берген жергілікті атқарушы органдар жатады.
Мемлекеттік кәсіпорындар мемлекеттің меншігі болып табылады. Мемлекеттік роганның қарауына: мемлекеттік кәсіпорынды құру; олардың қызметінің мақсат-міндеттерін, оларды орналастыратын орнын айқындау; жарғысын бекіту; кәсіпорындарды басқару; олардың басшыларын конкурстық негізде қызметке тағайындау және қызметтен босату; белгіленген жағдайда олардың өніміне мемлекеттің тапсырысын жеткізу; мемлекеттік кәсіпорындарды қайта құру және тарату жатады.
Мемлекеттік кәсіпорындар қызметінің негізгі міндет-мақсаты қоғам мен мемлекеттің қажетіне арай айқындалатын мынандай әлеуметтік-экономикалық міндеттерді шешу:
1) мемлекеттің қорғаныс қабілетін материалдық жағынан қамтамасыз ету және мүддесін қорғау;
2) экономиканың жеке меншік секторы қамтылмағаннемесе жеткіліксіз қамтылған қоғамдық өндірістің салаларында бірінші қажетттіліктегі тауарларды өндіру (жұмыс атқару, қызмет көрсету);
3) мемлекеттік монополияға жатқызылған немесе мемлекеттің функциясы болып табылатын салалардағы қызметті жүзеге асыру.
Мүліктің құқықтық режиміне байланысты мемлекеттік кәсіпорындар екі түрге бөлінеді. 1) шаруашылық жүргізу құқығына негізделген кәсіпорын ҚР АК 102-бап, 1-т. 2) жедел басқару құқығына негізделген қазыналық кәсіпорын ҚР АК 104-бап.
Мемлекеттік емес кәсіпорындар өз қызметін жарғының немесе құрылтай шарты мен жарғысының не тек құрылтай шарты негізінде жүзеге асырады. Құрылтай құжаттарында заңды тұлғаның тиісті түрі үшін заңмен қаралған мағлұматтар болуы тиіс.
Мемлекеттік емес кәсіпорындарға мемлекеттің ықпалы шектеулі. Мемлекет оларды басқармайды. Басқаруды мемлекеттік-биліктік өкілеттіктері жоқ меншік иелері немесе олардың уәкілеттік берген органдары жүзеге асырады.
Мемлекет мемлекеттік емес кәсіпорындардың әкімшілігін құруға қатыспайды. Мемлекеттің бұл кәсіпорындар жөніндегі рөлі барлық кәсіпорындарға олардың ұйымдық-құқықтық нысандарына қарамастан, жалпы бірдей болатын әкімшілік-құқықтық тәртіп белгілеу және сол белгіленген тәртіптің сақтауына бақалау жасау болып табылады. Мемлекеттік емес кәсіпорындарды басқарудың тәртібі заңнамалармен және кәсіпорыннның жарғысымен айқындалады.
Мекеме дегеніміз – басқарушылық, әлеуметтік-мәдени немесе өзге де коммерциялық емес сипаттағы қызметтерді жүзеге асыру үшін құрылтайшы құрған және қаржыландыратын ұйым.
Мемлекеттік мекеме – Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына сәйкес мемлекет құрған немесе егер заң актілерінде өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің,облыстар (республикалық маңызы бар қалалар) астана , аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімдіктерінің нормативтік құқықтық актілерімен құрылған және тек қана мемлекеттік бюджет есебінен ұсталатын мекеме.
Басқару функцияларын жүзеге асыратын мекемелерге заң шығарушы, ст органдарының, прокуратураның аппараттары жатады.
Әлеуметтік-мәдени функцияларын білім, ғылым, мәдениет, денсаулық сақтау және басқа да мекемелер атқарады.
Мемлекеттік мекемелерге, мемлекеттік кәсіпорындарға сияқты, айтарлықтай дербестік берілген, олардың күнделікті қызметін атқарушы биліктің тиісті органдары үйлестіріп, бақылап отырады.
Мекеменің құқықтық жағдайы басқарудың жекелеген салалары мен аяларындағы қатынастарды реттейтін бірнеше құқықтық актілермен белгіленген.
Өз қызметінің негізгі мақсаты кіріс түсіруді көздемейтін және алынған таза кірісті қатысушылар арасында бөлмейтін ұйым коммерциялық емес ұйым болып табылады. Коммерциялық емес ұйымдардың қызметін АК, «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» ҚР Заңы, коммерциялық емес ұйымдардың жекелеген түрлері туралы заңдар және заңға тәуелді нормативтік актілер реттеп отырады. Коммерциялық емес ұйым болып табылатын заңды тұлға мекеме, қоғамдық бірлестік, акционерлік қоғам, тұтыну кооперативі, қоғамдық қор, діни бірлестік нысанында құрылуы мүмкін (АК-ның 34-бабының 3-тармағы). Коммерциялық ұйымдардың тізбесіне қарағанда, бұл тізбені толық деуге болмайды. Заң актілерінде коммерциялық емес ұйымдардың өзгеше нысаны белгіленуі мүмкін. Коммерциялық емес ұйымдар туралы заңның 17-бабының 2-тармағына сәйкес нотариалдық; палаталар, адвокаттар алқалары, сауда-өнеркәсіп палаталары, аудиторлар палаталары, меншік пәтер иелері кооперативтері және басқа да коммерциялық емес ұйымдар өзге де ұйымдық-құқықтық нысанда құрыла алады. Коммерциялық емес ұйымдар әлеуметтік, мәдени, ғылыми, білім беру, қайырымдылық, басқару мақсаттарына қол жеткізу; азаматтардың және ұйымдардың құқықтарын, заңды мүдделерін қорғау; даулар мен жанжалдарды шешу; азаматтардың рухани және өзге қажеттіліктерін қанағаттандыру; азаматтардың денсаулығын сақтау, қоршаған ортаны қорғау, денешынықтыру мен спортты дамыту; заң көмегін көрсету үшін, сондай-ақ қоғамдық игіліктерді және өз мүшелерінің (қатысушылардың) игіліктерін қамтамасыз етуге бағытталған басқа да мақсаттарда құрылуы мүмкін.
Қазыналық кәсіпорын - жедел басқару құқығымен мемлекет мүлкіне ие болған кәсіпорын Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергілікті атқарушы органның шешімі бойынша құрылып, құрылтайшы бекіткен қазыналық, кәсіпорынның жарғысы оның құрылтай құжаты болып табылады. Мұндай кәсіпорынның фирмалық атауында кәсіпорынның қазыналық болып табылатындығы көрсетілуге тиіс.
Қазыналық кәсіпорынның міндеттемелері бойынша, Қазақстан Республикасы немесе әкімшілік-аумақтық бөлініс жәрдем беру жауаптылығын өз мойына алады.
Өз мүлкiнiң есебiнен басқа мемлекеттiк кәсiпорын құрған заңды тұлға еншiлес мемлекеттiк кәсiпорын болып табылады.
Еншiлес мемлекеттiк кәсiпорындар құру құқығын шаруашылық жүргiзу құқындағы кәсiпорындар ғана пайдалана алады.
Еншiлес мемлекеттiк кәсiпорын шаруашылық жүргiзу құқығындағы кәсiпорын нысанында құрылады және аталған кәсiпорындардың түрi үшiн осы Заңмен берiлген өкiлеттiктi пайдаланады.
Еншiлес кәсiпорынның өз мiндеттемелерi бойынша жауапкершiлiгi, сондай-ақ негiзгi кәсiпорынның еншiлес кәсiпорынның мiндеттемелерi бойынша жауапкершiлiгi осы Заңның 30-бабында белгiленген ережелерге сәйкес туындайды.
Еншiлес мемлекеттiк кәсiпорындар:
1) негiзгi кәсiпорынды, оның iшiнде монополияға қарсы заң талабы күшiндегi кәсiпорынды ықшамдау;
2) негiзгi кәсiпорынның филиалдарын дербес заңды тұлға етiп қайта құру;
3) негiзгi өндiрiстiң тиiмдiлiгiн арттыру үшiн қосымша және мамандандырылған өндiрiс құру;
4) негiзгi өндiрiстi оған тән емес қызмет пен функция түрлерiнен босату мақсатында құрылады.
Республикалық мемлекеттiк кәсiпорынға жататын еншiлес кәсiпорын уәкілетті орган мен монополияға қарсы органның келiсiмiмен негiзгi кәсiпорынды мемлекеттiк басқарудың жоғары тұрған органының ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң рұқсатымен құрылады.
Коммуналдық мемлекеттiк кәсiпорынға жататын еншiлес кәсiпорын уәкiлдi орган мен монополияға қарсы органның аумақтық бөлiмшесiнiң келiсiмiмен негiзгi кәсiпорынды мемлекеттiк басқарудың жоғары тұрған органының ұсынуы бойынша жергiлiктi атқарушы органның рұқсатымен құрылады.
Негiзгi кәсiпорын еншiлес кәсiпорынның құрылтайшысы болады.
Еншiлес кәсiпорынның жарғысын оның құрылтайшысы (негiзгi кәсiпорын) өзiнiң жоғары тұрған мемлекеттiк басқару органының келiсуi бойынша бекiтедi.
Еншiлес кәсiпорын басқа еншiлес кәсiпорын құруға құқылы емес.
Шаруашылық серіктестік (ағыл. business unit; нем. Wirtschuftsgenossenschaft f) – жарғылық капиталы құрылтайшылардың (қатысушылардың) үлесіне (салымдарына) бөлінген коммерциялық ұйым.
Құрылтайшылардың (қатысушылардың) салымдары есебінен құрылған, сондай-ақ шаруашылық серіктестік өз қызметі үрдісінде өндірген және алған мүлік меншік құқығы бойынша серіктестікке тиесілі болады.
Шаруашылық серіктестікті бір тұлға құра алады, ол оның жалғыз қатысушысы болады.
Шаруашылық серіктестіктер толық серіктестік, сенім серіктесгігі, жауапкершілігі шектеулі серіктестік, қосымша жауапкершілігі бар серіктестік нысандарында құрылуы мүмкін.
Шаруашылық серiктестіктің мынадай нысандары белгiленген:
1) толық серiктестiк;
2) сенiм серiктестiгi;
3) жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiк;
4) қосымша жауапкершiлiгi бар серiктестiк;
5) акционерлiк қоғам.
Шаруашылық серіктестіктер толық серіктестік, сенім серіктестігі, жауапкершілігі шектеулі серіктестік, қосымша жауапкершілігі бар серіктестік нысанында құрылуы мүмкін. Азаматтық кодекстің 58‑бабының 2‑тармақшасында шаруашылық серітестіктің осы төрт түрі көрсетілген. Шаруашылық серіктестікті серіктестік қарыздары бойынша қатысушылардың жауапкершілік дәрежесіне байланысты екі топқа бөлуге болады. Бірінщі топқа толық және сенім серіктестігі жатады, толық серіктестіктің жауапкершілік сипаттамасын есепке ала отырып, олар біріншіден жеке тұлғалардың бірігуімен құрылды және ережеге сай жоғары капиталды тартумен байланысты емес, жеке қатысуға негізделген кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру үшін құрылады. Бұл шаруашылық серіктестіктердің қызметі Азаматтық кодекспен қатар шаруашылық серіктестіктер туралы заңмен реттеледі. Екінші топқа жауапкершілігі шектеулі серіктестік пен қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер жатады, олар бір немесе бірнеші тұлғалардың кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру үшін капиталдарын біріктіру арқылы құрылып, олардың құрылтайшылары өздерінің қосқан салымдарының құны шегінде ғана тәуекел етеді. Бұл серіктестік қызметі Азаматтық кодекспен қатар жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер туралы заңмен реттеледі.
Достарыңызбен бөлісу: |