18-тақырып. Әкімшілік құқықтың пәні мен әдістері



жүктеу 142,86 Kb.
бет2/16
Дата04.01.2022
өлшемі142,86 Kb.
#31654
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Қазақстан Республикасының әкімшілік құқығы - 458771

19-тақырып.

Әкімшілік-құқықтық реттеу механизмі

Әкімшілік-құқықтық нормаларды жүзеге асырудың ұғымы және нысандары (тәсілдері). Әкімшілік-құқықтық қатынастар ұғымы және олардың сипаттамасы. Әкімшілік-құқықтық қатынастардың элементтері. Әкімшілік-құқықтық қатынастарды топтастыру негіздері.

Әкімшілік құқықтың мағынасы мен әлеуметтік тағайындалуы, қоғамдық қатынастары, әкімшілік құқықтық реттеу ерекшеліктері осы құқықтық саланың мазмұнын құрайтын құқықтық нормаларды талдау кезінде ашылады және оның Қазаңстан Республикасының құқықтық жүйесіндегі орнын анықтауға мүмкіндік береді.

Құқықтық нормалар өзінің заңдылық мағынасы жағынан белгілі бір мінез-құлық ережелері, оларды сақтау, әр түрлі ұйымдастырушылық, түсіндірушілік және ынталандыратын құралдарымен кепілденеді, сонымен бірге оларды сақтамайтындарға заңды мәжбүрлеу (тәртіптік, әкімшілік, материалдық, қылмыстық жауаптылық) шаралары қолданылады. Осылардың бәрі әкімшілік-құқықтық нормаларға тән.

Аталғандарға байланысты әкімшілік-құқықтық нормаларды мемлекет белгілеген мінез-құлық ережесі деп анықтауға болады, оның мақсаты атқарушы билік және (кең мағынада) мемлекеттік басқару механизмінің қызмет істеу аумағында болатын, өзгеретін және аяқталатын қоғамдық қатынастарды реттеу болып саналады.

Әкімшілік-құқықтық нормаларда әкімшілік құқықтың реттеушілік рөлі нақты кескінделеді, олар:

— әкімшілік-құқықтық нормалар барлық атқарушы билік органдары жүйесінің қажетті деңгейінде ұйымдастырылуы мен қызмет етуін қамтамасыз етуді мақсат етіп қояды;

— әкімшілік-құқықтық нормалар мемлекеттік басқару аумағында нақты әрекет жасайтын және қандай да болмасын функцияны орындайтын немесе қандай да болмасын әрекеттермен осы аумақ мүдделеріне қажетті (мысалы, қоғамдық бірлестіктер, азаматтар), барлық тұлғалар мен ұйымдардың құқықтық мемлекет мүдделеріне сәйкес келетін мінез-құлықтарын анықтайды. Қандай әрекеттерді жасау (рұқсат етілген), қандай қажетті әрекеттерді жасамау (тыйым салынған), қажет екендігін анықтайды;

— әкімшілік-құқықтық нормалар мемлекеттік басқару аумағында қызмет ете отырып, оның ең басты тағайындалуы, атқарушы биліктің механизмін конституциялық тағайындалуына байланысты, тиімді түрде жүзеге асыруын қамтамасыз етуге, яғни заңдарын орындау және жүзеге асыруға тағайындалған;

— әкімшілік-құқықтық нормалар — мемлекеттік басқару аумағында қажетті деңгейдегі мінез-құлықты анықтай отырып, мемлекеттік тәртіптің нақты режимін орнату мен қамтамасыз ету мүддесіне қызмет етеді;

— әкімшілік-құықтық нормалардың көпшілігі қорғаушы түрінде ғана емес, басқа да қоғамдық қатынастарды реттеуші рөлін атқарады: оларда салықты алу, жинау тәртібі белгіленеді, табиғатты қорғау, еңбек, т.б. заңдарының сақталуына мемлекеттік бақылау жүзеге асырылады және т.б.

— әкімшілік-құқықтық нормалар, көбінесе, атқарушы билікті нақты субъектілер жүзеге асыруы кезінде белгіленеді.

Әкімшілік-құқықтық нормаларының жалпы сипаттамасының жекелеген ерекшеліктеріне көңіл бөлу қажет. Ең алдымен құқықты орындау (құқықты қолдану) және құқықты орнықтырудың (құқық шығармашылық) қатынастылығы туралы сұраққа бөлу қажет.

Қандай да болмасын құқықтық норма — құқық шығармашылық актісі, сондықтан әкімшілік құқық нормалары да соған жатады. Атқарушы билік субъектілеріне жеке өздерінің құқықтық нормаларын бекіту құқығы заңмен белгіленеді.

Аталғандарға байланысты әкімшілік-құқықтық нормаларының түсінігін, анықтамасын құруға болады. Әкімшілік-құқықтық норма — бұл мемлекеттік басқару аумағындағы қатынастарды және де мемлекеттік қызмет саласында болатын басқа да басқарушылық сипаттағы қатынастарды реттеудің құқықтық нормасы.

Әкімшілік-құқық нормаларының алдында мынандай келесі міндеттер бар:

— мемлекеттік басқару, атқарушы қызмет жүйелерінің әр түрлі компоненттерін реттеу;

— басқару және басқарылатын жүйелердің арасында ғылыми түрде негізделген және айрықша мақсаттағы қарым-қатынастарды бекіту;

— әр түрлі басқару саласындағы мемлекеттік органдардың кәсіпорын, мекеме, ұйымдар және азаматтармен, яғни, заңды және жеке тұлғалармен қарым-қатынас байланыстарын регламенттеу.

Әкімшілік-құқықтық реттеудің мағынасы — басқарушылық қатынастарды реттеу және әкімшілік құқық нормаларының көмегімен осы қатынасқа қатысушылардың заңды құқықтары мен міндеттерін бекіту. Қоғамның жетілуі, мемлекет саясатының және адамгершілік нормасының объективтік заңдылығына байланысты, әкімшілік-құқықтық норма басқарушылық қатынас субъектілерінің мінез-құлығының қандай болуын (болу керегін) бекітеді.

Әкімшілік-құқықтық реттеу мемлекеттік сипатта болады, сондықтан әкімшілік құқық нормаларымен белгіленген ережелерді орындауға, пайдалануға, сақтауға мәжбүрлеу шараларымен кепілдік беріледі. Әкімшілік-құқық нормаларының шығармашылық рөлі тек қана қоғамдық қатынастарды реттеуінде ғана емес, сонымен қатар адамдарда құықтық сананы қалыптастыруға тәрбиелік әсер етуінде.

Әкімшілік-құқықтық нормаларының мақсаты — әкімшілік құқық субъектілерінің ерікті түрде оны сақтауында. Көндіру, тек, әкімшілік-құқықтық норманың талаптарын орындамағанда немесе бұзу кезінде пайда болады. Құқықтық реттеудің жалпы ұғымын басшылыққа ала отырып, мынадай қорытынды жасауға болады, яғни әкімшілік-құқықтық реттеудің мазмұны мынада:

— басқару аясында айрықша мақсатты айқындалған қоғамдық қатынастарды реттеу және бекіту;

— құқықпен реттелген қоғамдық қатынастарды қорғау;

— біздің қоғамымыздың жетілуінің объективті заңдар талаптарына сәйкес келетін жаңа қоғамдық қатынастардың туындауы және жетілдірілуі;

— қазіргі заманға сай келмейтін қоғамдың қатынастарды басқару саласынан шығару.

Әкімшілік құқық нормалары басқару саласында қалыптасатын қатынастарды ұйымдастыруға, реттеуге және әрі қарай жетілдіруге бағытталған. Әкімшілік-құқықтық нормалардың көмегімен басқару органдарының, көптеген атқарушы билік органдарының құқықтық жағдайы және өкілеттіктері айңындалады және олардың қызметі, оның нысандары және тәсілдері, басқа басқару субъектілерімен қарым-қатынасының тәртібі реттеледі.

Әкімшілік құқық нормалары, сонымен бірге, мемлекеттік басқару саласында жеке және заңды тұлғалардың құқықтық жағдайын анықтайды. Әкімшілік заңдар әкімшілік-құқықтық қатынастарды бұзылу мүмкіндігінен қорғауды қамтамасыз ететін нормаларды қамтиды. Қорғау нормалары құқыққа қарсы әрекеттерді жасаудан бой тартуға ұйғарымды шартты қояды. Сонымен бірге, әкімшілік-құқықтық нормалар басқа құқық салаларымен реттелетін қоғамдық қатынастарды да қорғайды.

Әкімшілік-құқықтық норманың басқа да құқықтық нормалар сияқты өзінің құрылымы бар. Бұл норманың ішкі құрылымы — бір-бірімен қатынасының, құрамдас бөліктерінің бір-біріне тәуелділігінің, норма элементтерінің белгіленген тәртібі. Айрықша кең тараған пікірлерге байланысты әкімшілік-құқықтық норма мына элементтерден тұрады: гипотеза, диспозиция, санкция және мадақтау.

Әкімшілік құқықтық қатынастар дегеніміз – мемлекеттік басқару саласында пайда болатын әкімшілік құқықтық нормалармен реттелген қоғамдық қатынастар. Әкімшілік құқықтық қатынастардың өзіне тән белгілері бар. Олар:

1. Әкімшілік құқықтық қатынастардың бір тарабы міндетті түрде билік субъектісі болуы тиіс. Азаматтар арасында әкімшілік құқықтық қатынас тууы мүмкін емес, өйткені оларға басқару не атқару құқығы мен міндеті берілмеген.

2. Әкімшілік құқықтық қатынастар атқарушы билік қызметінің аясында ғана пайда болады.

3. Әкімшілік құқықтық қатынастар көп кездесетіндігімен сипатталады, өйткені қоғамда басқарылмайтын сала жоқ.

Әкімшілік құқықтық қатынастардың құрылымы мынадай 3 элементтен тұрады:

- әкімшілік құқықтық қатынас субъектісі;

- әкімшілік құқықтық қатынас объектісі;

- заңды маңызы бар айғақтар (заңды фактілер).

Әкімшілік құқықтық қатынас субъектілері: ҚР азаматы, шетел азаматы, азаматтығы жоқ тұлғалар; мемлекеттік органдар, қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктер, мемлекеттік қызметшілер мен қоғамдық ұйымдар қызметшілері.

Әкімшілік құқықтық қатынас субъектілері субъективтік құқықтар мен заңды міндеттерге ие болады.

Әкімшілік құқықтық қатынас объектісі: әкімшілік құқықтық қатынас бағытталған мақсаты оның мазмұнын құрайды, сол бағытталған мақсатқа жету барысында құқықтық қатынастар туындайды.

Заңды фактілер - әкімшілік құқықтық қатынастардың пайда болуына, өзгеруіне немесе тоқтатылуына әсер ететін мән-жайлар. Заңды фактілер 2 түрге бөлінеді: оқиға және іс-әрекет. Оқиға адамдардың еркінен тыс болатын мән-жайлар. Мысалы: адамның туылуы, белгілі бір жасқа толуы; жер сілкінісі, су тасқыны,т.б. Іс-әрекет адамдардың еркімен байланысты. Іс-әрекет заңды және заңсыз болып екіге бөлінеді.

Әкімшілік құқықтық қатынастардың түрлері.

Әкімшілік құқықтық қатынастар байланысы сипаты бойынша - тік және көлбеу болып бөлінеді.

Мазмұны бойынша – материалдық және процессуалдық болып бөлінеді.

Құқықтың функциялары бойынша – реттейтін және қорғайтын.

Заңды фактілерінің сипаты бойынша – заңды іс-әрекеттер туғызатын, заңсыз іс-әрекеттер туғызатын, оқиғалар туғызатын болып бөлінеді.

Қорғау тәсілі бойынша- әкімшілік тәртіппен қорғалатын, сот тәртібімен қорғалатын болып бөлінеді.

Әкімшілік құқықтық қатынастар мен нормалар болмаса қоғамның дамуы мүмкін емес, өйткені әкімшілік құқықтық нормалар бекітілуі арқылы қоғамда тәртіп орнайды. Ал әкімшілік құқықтық қатынастар тек биліктік өкілеттікке ие болып қоймастан, сонымен бірге әкімшілік құүқық субъектілерінің түрлі қажеттіліктері мен мүдделерін қорғап, құқықтық қатынастарды тұрақтандырады.

Әкімшілік-құқықтық қатынастардың элементтері болып табылатындар: Субъект; Объект; Заңды факт. Заңдық нысан құқықтар мен міндеттер берген қоғамдық қатынастардың қатысушылары: ҚР азаматтары; шетел азаматтары; азаматтығы жоқ адамдар; мемлекеттік органдар, олардың құрылымдық бөлімдері, кәсіпорындар, мекемелер және т.б. мемлекеттік ұйымдар; қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктер; мемлекеттік органдардың және қоғамдық ұйымдардың қызметкерлері; әкімшілік құқықтар мен міндеттер берілген қоғамдық ұйымдардың өкілдері. Әкімшілік-құқықтық қатынастардың объектісі болып басқару аясындағы адамдардың әрекеттері табылады. Олардың көмегімен мынадай қоғамдық қатынастар қарастырылады: жалпы объект – мемлекеттік басқару аясындағы қоғамдық қатынастар; тікелей объект – субъект адамдардың әрекеттері.Мұндай әрекеттер өзінің сипаты бойынша әр түрлі болуы мүмкін.олар материалдық игіліктерде қолданылуы мүмкін (мысалы: азаматтардың денсаулығын, ар-намысын, қадір-қасиетін қорғау және т.б.).Әкімшілік-құқықтық қатынастар әкімшілік құқық нормаларымен анықталған жағдайлар болғанда ғана пайда болады және тоқтатылады, яғни заңды фактілер негізінде. Заңды факт болып әрекеттер мен оқиғалар танылады. 6сұрақ.Әкімшілік құқықтың жүйесі. Әкімшілік құқық айтып кеткендей әр түрлі қоғамдық қатынастарды реттейді. Бұл құқықтық нормаларды жүйелеуге әкеліп соқтырады.Әкімшілік құқық екі бөлімнен тұрады: жалпы және ерекше. Әкімшілік құқықтың жалпы бөлімінің жүйесі – мемлекеттік басқару саласының жалпы сұрақтарын реттейтін нормалар. Ол келесідей көрінеді: мемлекеттік басқарудың жалпы қағидаларын бекітетін нормалар; әкімшілік құқықтың субъектілерінің құқықтық қатынастарын бекітетін нормалар; мемлекеттік қызметтің негіздері мен қағидаларын бекітетін нормалар; мемлекеттік басқарудың құқықтық нысандары мен әдістерін бекітетін нормалар; мемлекеттік басқаруда заңдылықты қамтамасыз ету тәсілдері мен тәртібін бекітетін нормалар; әкімшілік іс-жүргізу және ықпал ету шараларын қолдану шарттары. Әкімшілік құқықтың ерекше бөлімі әкімшілік құқықтың институттарын біріктіретін және бөлек сфераларда әрекет ететін нормалардан тұрады. Оларға: мемлекеттік меншікті басқару; монополияларға қарсы қызметті басқару; өндірісті басқару; көлікті және коммуникацияларды басқару; ауылшаруашылығын басқару; сауданы басқару; қаржыны және несиені мемлекеттік басқару; халықаралық және сыртқы экономикалық қызметті басқару; білім беруді басқару; мәдениетті және ғылымды басқару; еңбекті, әлеуметтік қамтамасыз етуді басқару; жастар істерін, туризмді және спортты басқару; денсаулық сақтауды басқару; қорғанысты мемлекеттік басқару; ұлттық қауіпсіздікті басқару; ішкі істерді басқару; сыртқы істерді басқару; әділетті басқару нормалары жатады.

Әкімшілік-құқықтық қатынастарды әртүрлі белгілері бойынша түрлеп топтастыруға болады. Бұлардың ішінде олардың қатысушыларының өзара қатынасының заңдық сипаты бойынша топтарға бөлудің ерекше назар аударарлық маңызы бар. Осы белгіге сәйкес тіке және көлбеу құқықтық қатынастар бөлінеді.

Тіке әкімшілік-құқықтық қатынастар әкімшілік-құқықтық реттеудің және мемлекеттік басқару қызметіне тән басқарудың субъектісі мен объектісінің арасындағы бағыныстылық байланыстардың мәнін едәуір мол дәрежеде білдіреді. Бұл ылғи да биліктік қатынастар деп аталатынның дәл өзі. Олар біріне-бірі бағынысты тараптардың арасында пайда болады, бұл азаматтық-құқықтық қатынастардан айыратын басты белгі, оларда тараптардың тепе-теңдігі болмайтынын дәлелдейді. Шындығында тіке қатынаста бір тараптың заңдық-биліктік өкілеттіктері болады, басқа тарапта олар болмайды, мысалы, азаматта немесе олардың көлемі аз болады (мысалы, басқарудың төменгі органында).

Көлбеу әкімшілік-құқықтық қатынастар болып, солардың шеңберінде тараптардың шындығында және заңды түрде тең құқылы болатындығы танылады. Оларда, осыған сәйкес, бір тараптың екінші тарапқа міндетті болатын заңдық-биліктік өкімі болмайды.

Көлбеу қатынастары мемлекеттік басқар саласында, тікелік қатынастар сияқты, соншалықты кең қолданылмайды.


жүктеу 142,86 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау