18-тақырып.
Әкімшілік құқықтың пәні мен әдістері.
Құқықтық реттеу әдістері. Құқықтық реттеу тәсілдері. Қоғамдық қатынастарды басқаруды әкімшілік-құқықтық реттеудің ерекшеліктері.
Әкімшілік құқық үшін тән құқықтық реттеу әдістері:
1) Билік әдісі – бағындыру, немесе тура бұйыру әдісі (қатынастар әкімшілік құқықтың шегінде біреуінің екіншісіне бағынуына тұрғызылады);
2) Ұсыну әдісі (басқару субъектісінің ұсыныстары егерде оны басқару екінші қатысушысы қабылдаған жағдайда заңды күшке ие болады);
3) Келісу әдісі (өзара бағыныштылықта болмайтын қатысушылар арасында);
4) Теңдік әдісі (мемлекеттік механизмнің бір деңгейінде тұратын субъектілер әкімшілік келісімшарт түрінде бірлескен әрекеттерді қабылдайды).
Әкімшілік құқық өзінің пәнінің шеңберінде ең алдымен атқарушы субьектілерін олардың конститутциялық міндеттеріне толығынан сәйкес етіп ұйымдастыру мен қызметтеріне, сондай-ақ реттелінетін басқарушылық қатынастарға басқа қатысушылардың мінез – құлқына белгілі құықтық режим (тәртіп) орындатады. Қазақстан құқығының бұл саласының атқаратын қызмет рөлінің негізгі көрінісі, оның реттеу функциясы осыған саяды.
Оған тағы бір басқа – тағайындалған құқықтық режимді сақтауды да, реттелінетін басқарушылық қатынастар шеңберінде тараптардың заңды құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз ететін құқық қорғау (юрисдикция) функциясы қосылады.
Сонымен, әкімшілік құқық – атқарушы билікті(тым кеңірек ұғым бойынша – мемлекеттік-басқару қызметін) нақтылы жүзеге асыруға байланысты және сол туралы пайда болатын қоғамдық қатынастарды реттеуге арналған құқықтық нормалардың жиынтығы болып табылатын Қазақстанның құқықтық жүйесінің саласы.
Әкімшілік құқық реттеу функциясын жүзеге асырып отыр басқару қатынасарына, оларға қатынасушылардың мінез-құлқына өз нормаларының реттеушілік ықпал жасайтын құқытық құралдарының немесе тәсілдерінің белгілі бір жиынтығын пайдаланады. Бұл – қоғамдық қатынастардың құқықтық реттеудің әдістері болып табылады.
Қазақстан құқығының қай саласы болмасын құқықтық реттеудің құралы реттінде мынадай үш заңдық мүмкіндіктерді пайдаланады: тапсырма беру, тиым салу, ерік беру. Олар тұтас алғанда қоғамдық қатынастарға құқықтық ықпал жасау құралдарының мазмұнын құрайды:
а) тапсырма беру – құқытық нормада қаралған жағдайда осы не басқа іс – қимыл жасауға тікелей заңды түрде міндет жүктеу (нақ осылай істеу керек, басқаша емес). Мысалы, жұмысқа алу органының, мекеменің немесе кәсіпорынның бастығының бұйрығымен жүзеге асырылады. Бұл мәселенің шешудің басқа тәртібі белгіленбеген;
б) тиым салу- құқықтық нормада қаралған жағдайда осы не басқа іс қимылды тікелей заңды түрде міндет жүктеу. Мысалы, әкімшілік құқық бұзушылық туралы нормалардың барлығы.
в) ерік беру- құқықтық нормада қаралған жағдайда осы не басқа іс-қимылды өзінің қалауы бойынша жасауға заңды түрде рұқсат ету (мысалы, азаматтардың құқықтарын бұзатын іс-қимылдармен шешімдерге олардың шағым жасау құқығы).
Әкімшілік – құқықтық реттеудің ерекшеліктері ең алдымен мемлекеттік органдардың ерекше түрімен жүзеге асырылатын заңдық биліктік қызмет ретіндегі мемлекеттік басқарудың өзгешелігімен айқындалады. Ол басқарушылар мен басқарушылар арасындағы қатынастарды заңды түрде байланыстырушы болып табылады, сол себепті реттеу құқықтық құрал рөлін атқарып отырып, мақсатты басқарушылық ықпалмен өте тығыз байланысты. Ал бұл ықпал ету әрқашанда басқарушылардың бірыңғай еркіне бағынуын болжайды.
Сондықтан, әкімшілік – құқықтық реттеу мына сияқты қоғамдық қатынастарды арналған: олардағы тараптардың жағдайлары олардың заңдық тепе-теңдігін болдырмайды, олар субординациялық (төмендегілердің жоғарғыларға қатаң баңыныстылық) қатынастарда болады.
Қоғамдық қатынастардың әкімшілік-құқық нормаларының реттеудің ерекшеліктерін оны қатысушылары тепе-теңдікке негізделген қатынастарды реттеудің азаматтық – құқықтық әдісімен салыстыру арқылы айқындауға болады.
Әкімшілік құқық нормаларының әрекеттілігі маңызды ерекшеліктерімен өзгешеленеді, олардың мәні мыналарға келіп тіреледі:
1. Әкімшілік- құқықтық реттеу механизміне өкілетті басқару органының немесе лауазымды адамның шығарған міндетті тапсырмалары (өкімдері) тән болып табылады.
2. Әкімшілік құқықтық реттеу қатынасқа қатысушылардың біреуінің бір жақта ерік білдіруін болжайды. Бұл ерік білдірушілік заңды түрдегі өктемдік, сондықтанда оның шешуі маңызы бар.
Сонымен, басқару органының өз еркін білдіруі бір жақты және міндетті болатыны белгілі болды, ол мемлекеттің атынан іс-қимыл жасайды немесе заң бойынша оған биліктік өкілеттіктер берілген, сонымен қатар басқа негіздер бойынша да мысалы, белгілі бір аймақтың халқымен сыйланған жергілікті өзін-өзі басқару органы.
Достарыңызбен бөлісу: |