18-тақырып. Әкімшілік құқықтың пәні мен әдістері


-тақырып. Әкімшілік мәжбүрлеу



жүктеу 142,86 Kb.
бет6/16
Дата04.01.2022
өлшемі142,86 Kb.
#31654
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Қазақстан Республикасының әкімшілік құқығы - 458771

23-тақырып.

Әкімшілік мәжбүрлеу.

Әкімшілік мәжбүрлеудің мақсаттары мен негіздері.

Әкімшілік мәжбүрлеуді топтастыру.

Әкімшілік құқықтық әдістер ішінде еріксіз сипаттағы құралдар бар, олар атқарушы билік органдары реттейтін қоғамдың қатынастарға ықпал етуді қамтамасыз етеді. Басқарылатындардың мінез-құлықтарын еріксіз түрде қамтамасыз ету үшін қолданылатын шараларды мемлекет белгілейді, оның жиынтығын әкімшілік мәжбүрлеу институты құрайды.

Әкімшілік мәжбүрлеуге мынадай сипаттар тән, ол ең алдымен өзіндік мақсат емес, мемлекеттік көндірудің бір түрі бола отырып, мемлекеттік басқару аясында құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету мен қорғаудың қажет құралы ретінде қолданылады, яғни жазалау функциясын орындайды.

Бірақ оның мәні осымен шектелмейді. Әкімшілік еріксіз шаралар құқық қорғау мақсатымен бірге басқа да функцияларды орындайды, яғни құқық бұзушылықты жасағаны үшін жазалау (тәртіптік және әкімшілік) ретінде ғана емес және олардың алдын алу, ескерту, сонымен бірге жолын кесу үшін қолданылады. Оларды қолдану әкімшілік-құқықтық нормалардың санкциясын жүзеге асырудың құралы деп түсіну қажет. Олар қоғамдық тәртіпті және қоғам қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

Әкімшілік мәжбүрлеу әкімшілік-құқықтық нормаларда көрсетілген мінез-құлық ережелерін орындауды қамтамасыз етеді. Оны еріксіз шаралар деп атаудың өзі оларды соттан тыс тәртіпте қолдану сипатының куәсі, яғни оларды соттың қарауынсыз, өз қызмет процестерінде нақты жүзеге асырып пайдалану белгіленген атқарушы органдардың (лауазымды тұлғалардың) өкілеттігіне жатқызылған. Бірақ ҚР заңдарында белгіленген жағдайларда әкімшілік мәжбүрлеудің жекелеген шараларын соттар қолданады. Ол әкімшілік құқық бұзушылықтарды жасағандарға әкімшілік жазаның аса қатаң түрін салумен байланысты (мысалы, әкімшілік қамауға алу).

Әкімшілік мәжбүрлеуге мыналар тән:

Әкімшілік мәжбүрлеу — мемлекеттік басқару аясындағы қоғамдық қатынастарға қол сұғушылықтан қорғаудың кепілдігі және құралы. Ол құқық бұзушылықтың алдын алу және жолын кесу, құқық бұзушыларды әкімшілік жауаптылыққа тарту, кінәлілерді жазалау, қоғамдық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында қолданылады.

Заң және заңнан туындайтын әкімшілік-құқықтың нормаларда көзделген еріксіз шараларды биліктік өкілеттікке ие атқарушы органдар (лауазымды тұлғалар) соттан тыс қолданады.

Еріксіз шараларды барлық атқарушы органдар (лауазымды тұлғалар) қолданбайды, тек әкімшілік билікті жүзеге асыруға арнайы өкілеттікке иеленгендер қолданады.

Әкімшілік мәжбүрлеу шараларын барлық әкімшілік-құқықтық нормаларды сақтауды қамтамасыз ету мақсатында қолданбайды, тек мемлекеттік басқару аясында ведомстволық, жалпы міндетті мінез-құлықты реттеуге қолданады. Мысалы, жол қауіпсіздігі, санитарлық қауіпсіздік ережелері, рұқсат беру жүйесін қамтамасыз ету және т.б.

Әкімшілік мәжбүрлеу шараларын әкімшілік-құқықтық нормаларда көзделген реттер бойынша, мемлекеттік басқару аясында, құқық қорғаушының функцияларын жүзеге асыруға өкілеттенген атқарушы органдар (лауазымды тұлғалар) қолданады.

Әкімшілік мәжбүрлеу басқару әдісі ретінде адамдардың санасы мен мінез-құлқына психикалық, материалдық немесе күш көрсету түрінде әсер етеді. Психикалық мәжбүрлеу ерікке, эмоцияға әсер етеді, яғни жеке тұлғаның психикасын, оның еркін қалыптастырады және де жеке тұлғаға қолайсыз зардаптарды тудыру мүмкіндігіне қарай, қандай да болмасын әсер ету шараларын қолдану қаупін туғыза отырып, міндеттеуі қоғамдық мінез-құлықты мойындату болып саналады.

Психикалық мәжбүрлеуге мыналар жатады: мысалы, ішкі істер органдары қызметкерінің құқыққа қарсы мінез-құлыққа жол берілмеуі туралы ресми талабы, белгіленген нысанда әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны туралы ескерту және т.б.

Материалдық мәжбүрлеу жеке тұлғаның, лауазымды тұлғаның және заңды тұлғаның ақшалай сомалары мен мүлкі арқылы мінез-құлқына әсер ету. Ол — мүлікті иеленуге пайдалануға және қолдануға белгілі бір шектеулер қою; мүлікке ие тұлғаны материалдың игіліктерден айыру; құқық бұзушыдан ақшалай соманы, яғни салынған әкімшілік жазаны, айыппұлды өндіріп алу.

Күш көрсету түріндегі мәжбүрлеу шаралары құқыққа қарсы мінез-құлықтың жолын кесе отырып, жеке тұлғаның әрекет бостандығын шектейді. Мысалы, ішкі істер органдарының қызметкері әкімшілік құқық бұзушылық жасаған адамды ұстау арқылы, заңда белгіленген мерзім ішінде жүріп-тұру бостандығын шектейді; құқық бұзушыға арнайы құралдарды, күш жұмсау мен атыс қаруын қолдану арқылы құқыққа қарсы әрекетінің жолы кесіледі.

Басқарушылық қызметте қолданылатын әкімшілік мәжбүрлеу жеке тұлғаға күш көрсету арқылы зиян келтіру немесе оның мәртебесін кемітуді мақсат етпейді. Бірақ, ол үрей туғызушылық және жазалаушылық әдістерден кем емес. Әкімшілік мәжбүрлеу шаралары құқық бүзушымен қатар, құқық бұзушылық жасамаған адамдарға (құқық бұзушылықты ескерту) табиғи апаттар, індеттер мен жұқпалы аурулардан келетін қоғамға қауіпті зардаптарды ескерту мақсатында қолданылады.

Әкімшілік мәжбүрлеу түрлері. Қолдану, құқықтық тәртіпті және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету әдістеріне, пайда болатын құқықтық қатынастардың ерекшеліктеріне, мақсаттарына және әкімшілік мәжбүрлеу шараларын қолдану ерекшеліктеріне байланысты, әкімшілік мәжбүрлеу шаралары төрт топқа болінеді. Сөйтіп, әкімшілік мәжбүрлеу мақсатты тағайындауына байланысты:

— әкімшілік ескерту шаралары;

— әкімшілік бұлтартпау шаралары;

— әкімшілік жауапкершілік шаралары болып бөлінеді. Ал, әкімшілік мәжбүрлеудің төртінші түрі ҚР ӘҚБ туралы кодексінде әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізуді қамтамасыз ету шаралары деп аталады (618-бап). Бірақ олар жеке заңдың мағынаға ие емес, ол аталған күш көрсету шараларын қамтиды (мысалы, әкімшілік ұстау). Еріксіз сипаттағы әкімшілік ескерту шаралары мемлекеттік басқару аясында болуы мүмкін және қоғамдық қауіпсіздік режіміне зиянды, басңа да құқық бұзушылықтарды ескерту сипатында қолданады. Мысалы, олар табиғи зілзалаларды, жайсыз жағдайларды, азаматтардың денсаулығы және өмірінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, кәсіпорын жөне мекеменің жұмыс жағдайларының қалыпты болуына байланысты қолданылады. Осы шаралардың айқын профилактикалық сипатына қарай, бұндай шараларды еріксіз түрде, яғни құзыретті атқару органдар (лауазымды тұлғалар) заңды-биліктік өкілеттіктерін жүзеге асыру процесінде қолданады.

Әкімшілік мәжбүрлеу басқару әдісі ретінде адамдардың санасына және мінез – құлықтарына психикалық, материалдық немесе физикалық ықпал етуді білдіреді. Мемлекеттік басқару сферасында құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету және қорғау құралы, амал – тәсілі ретінде пайдаланылады, жазалау функциясын атқарады. Мемлекеттік мәжбүрлеу, бұл оның жекеленген түрлеріне белгілі дифференциация жасамайды. Құқықпен реттелетін қоғамдық қатынастардың алуан түрлілігі оларды қорғау мақсатында мемлекеттік мәжбүрлеудің әртүрлі түрлерін қолдану қажеттілігімен байланыстырады. Мәжбүрлеудің осы түрлері бір-бірінен өз мазмұны бойынша, негіздері бойынша, жүзеге асырылы тәртібі бойынша ажыратылады. Қалыптасқан практика бойынша мемлекеттік мәжбүрлеудің 4 негізгі түрі бар: қылмыстық — құқықтық; азаматтық-құқытық; тәртіптік; әкімшілік-құқықтық. Әкімшілік мәжбүрлеу – бұл құқыққа қайшы әрекеттерді тоқтату, әкімшілік теріс қылықтар үшін жауапкершілікке тарту немесе қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында азаматтардың, лауазымды тұлғалардың заңды міндеттерін орындауға итермелейтін, мәжбүрлеуден тұратын заңмен белгіленген шараларды мемлекеттік басқару органдарының (соттардың, судьялардың), сонымен қатар осындай мемлекеттік биліктік өкілеттіліктерді делегирлеген жағдайда – қоғамдық ұйымдардың қолдануы. Негізгі белгілері:

1) Мемлекеттік басқару сфераларында қалыптасқан қоғамдық қатынастарды қорғау үшін арналған мемлекеттік мәжүрлеудің ерекше түрі. Әкімшілік мәжбүрлеу шаралары мемлекеттік – биліктік сипатта болады.

2) Әкімшілік мәжбүрлеуді қолдану негіздері болып, ереже бойынша, әкімшілік құқық бұзушылық мазмұны немесе әкімшілік мәжбүрлеу шаралары қандайда болмасын қауіпті салдарлардың туындауының алдын алу, ескерту үшін пайдаланатын, құқық нормасында көзделген ерекше жағдайлардың (мысалы, індет, (эпидемия), эпизоотия, табиғи апаттар немесе басқа да табиғи апаттар) басталуы болып табылады.

3) Оны қолдану қызметтік бағынушылық қатынастарымен байланысты емес. Әкімшілік билік субъектісі мен құқық бұзушы бір еңбек ұжымының мүшелері болып табылмайды, құқық бұзушы қызмет бабы бойынша оған әкімшілік мәжбүрлеу шараларын қолданатын тұлғаға бағынышты болмайды. Егер тұлға ұжымда қызметтік — әскери, еңбектік немесе өзге де мемлекеттік тәртіпті бұзған жағдайда, оған тәртіптік мәжбүрлеу шаралары қолданылар еді.

4) Әкімшілік мәжбүрлеу шараларын қолдануды реттейтін актілерді көптеген мемлекеттік басқару органдары шығаруға құқылы: Парламент, Президент, Үкімет, маслихаттар, әкімшіліктер. Бірақ әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін санкциялар тек заңдармен немесе заңды күші бар Президенттің жарлықтарымен белгіленеді.

5) Әкімшілік мәжбүрлеуді нормативті – құқықтық актілермен белгіленген топтағы осыған өкілеттілігі бар органдар мен олардың лауазымды тұлғалары ғана қолданады. Осындай органдардың толық тізімі Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы” Кодексінің 17 тарауында берілген.

6) Мемлекеттік мәжбүрлеудің өзге шараларын (қылмыстық, азаматтық іс жүргізу) қолданудың іс жүргізушілік тәртіптерімен салыстырғанда әкімшілік мәжбүрлеу шараларының қолданудың іс жүргізушілік тәртібі өте қарапайым, күрделі процедура тән емес. Әкімшілік мәжбүрлеу шараларын қолдану мәселелері іс жүзінде болған мән – жайлардың әдеттегі дәлелді жағдайында шешіледі, күрделі дәлелдеу материаклдарын талап етпейді, сондықтан да күрделі іс жүргізушілік регламенттіде қажет етпейді. Әкімшілік – іс жүргізушілік әрекеттер жеделдігімен, салыстырмалы қарапайымдылығымен және үнемділігімен ерекшеленеді.

Әкімшілік мәжбүрлеу – біртекті ұғым емес, керісінше құқықтық тәртіпті қорғау мақсатында өкілетті құқық қолданушы субъектілермен қолданылатын мәжбүрлеу ықпал етудің әкімшілік – құқықтық амал – тәсілдердің, құралдардың жиынтығынан құралатын күрделі ұғым. Әкімшілік мәжбүрлеуді қолдану негізі болып, ереже бойынша, әкімшілік құқық бұзушылықты жасау немесе әкімшілік мәжбүрлеу шаралары қандайда болмасын қауіпті салдарлардың туындауының алдын алу үшін, ескерту үшін пайдаланатын, құқық нормасында көзделген ерекше жағдайлардың (мысалы, індет, (эпидемия), эпизоотия, табиғи апаттар немесе басқа да табиғи апаттар) басталуы болып табылады. Әкімшілік мәжбүрлеу шараларының кешені алуан түрлі. Олардың барлығын мақсаттары бойынша, негіздері бойынша және қолданылу тәртібі бойынша бөлуге болады, осы аталғандардың барлығы әкімшлік мәжбүрлеу шараларын топтау үшін объективті алғы шарттар болып табылады.Қандайда болмасын шаралардың мәжбүрлеу жүйесіндегі орны ең алдымен, оның сәйкес қоғамдық қатынастарға ықпал ету тәсіліне байланыстырлыған оның мақсатымен анықталады. Құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету мақсаты мен тәсіліне байланысты барлық әкімшілік мәжбүрлеу шараларын үш топқабөлуге болады:

Әкімшілік – ескерту шаралары - мемлекеттік басқару сферасында мүмкін болатын құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында, сонымен қатар табиғи апат жағдайлары, авариялар, бақытсыз жағдайлар кезінде қоғамдық қауіпсіздік қамтамасыз ету мақсатында қолданылатын мәжбүрлеу шаралары. Бұлар көбінесе құқық бұзушылықтармен байланысты емес, яғни құқық бұзушылық болмаған кездерде, азаматтардың денсаулықтары мен өмірлері үшін төнген қауіпті жою үшін пайдаланылады. Бұл шаралар айқын көрсетілетін ескерту, алдын – алу сипатта болады. Олардың мәжбүрлеушілік сипаты оларды өкілетті органдар (лауазымды тұлғалармен) әкімшілік – құқықтық нормалардың шегінде бұйырылған әрекеттерді орындауға немесе қандайда болмасын әрекеттерден бас тартуға міндетті екінші тараптың келісімінсіз қолдануында көрінеді. Басқару органдарының (лауазымды тұлғалардың) әкімшілік – ескерту (алдын алу) шараларын қолдану бойынша өкілеттіліктері заңдарда немесе заң күшіндегі әкімшілік –құқықтық нормаларда анық белгіленген, тіпті қай субъекті қандай шараны қолданатындығына дейін нақты анықталған. Ереже бойынша бұл бақылаушы – қадағалаушы органдар және олардың өкілдері (полиция қызметкерлері, санитарлық қадағалау органдары, кедендік және өзге де органдар). Осы облыста халық бақылаушылары да осындай тиісті өкілеттіліктер көлемі берілген.


жүктеу 142,86 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау