32-тақырып.
Ішкі істер облысындағы және ҚР ІІМ ішкі әскерін басқару
Тапсырма: тақырыптың мәнін ашу және нормативтік құқықтық актілерге талдау жасау.
Жоспары:
Ішкі істер органдарының қызметі.
Ішкі істер.
Жол қауіпсіздігіне мемлекеттік бақылау.
Ішкі істер органдары қызметінің принциптері.
Ішкі істер органдарының қызметі Қазақстан Республикасының мемлекеттік және құқық қорғау қызметтерінің принциптеріне және ішкі істер органдарының арнайы принциптеріне сәйкес жүзеге асырылады.
Жеке тұлғалардың құқықтары мен бостандықтарын, қоғамның, мемлекеттің, заңды тұлғалардың заңды мүдделерін; қоғам мен мемлекеттің заңды мүдделерін сақтау және құрметтеу; ашықтық және жариялылық; ішкі істер органдары жүйесінің біртұтастығы ішкі істер органдары қызметінің арнайы принциптері болып табылады.
Ашықтық пен жариялылық.
Ішкі істер органдарының қызметі Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына қайшы келмейтін шамада қоғам үшін ашық болып табылады.
Жеке және заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен ішкі істер органдарынан өздерінің құқықтары мен мүдделерін тікелей қозғайтын ақпарат алуға құқылы.
Ішкі істер органдары Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өзінің қызметі туралы мемлекеттік органдар мен халықты хабардар етеді. Адам мен азаматтың жеке өміріне қол сұғылмаушылықты қозғайтын мәліметтерді, жеке, отбасылық, коммерциялық, банктiк және заңмен қорғалатын өзге де құпияны, сондай-ақ заңдарда тікелей көзделген жағдайларды қоспағанда, жұмысты орындау барысында мәлім болған мемлекеттік құпияларды жариялауға тыйым салынады.
Жеке және заңды тұлғалар туралы ішкі істер органдары таратқан мәліметтер шындыққа сәйкес келмейтіні анықталған жағдайда, ішкі істер органдары бір ай мерзімнен кешіктірмей, бұл мәліметтерді жоққа шығаруға тиіс.
Жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жүйесi.
Жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жүйесi мемлекеттiк саясатты iске асыру құралы болып табылады және ол жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету саласындағы қатынастарды айқындайтын құқықтық нормаларды, орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың, меншiк нысанына қарамастан, заңды тұлғалардың, жол жүрiсiне қатысушылардың, жол жүрiсi қауiпсiздiгiн және жол-көлiк оқиғаларының зардаптарын жоюды қамтамасыз ететiн құралдар мен шаралардың жиынтығын қамтиды.
Жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң негiзгi бағыттары.
Жол жүрiсi қауiпсiздiгi мыналар арқылы қамтамасыз етiледi:
- Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң, орталық және жергiлiктi атқарушы органдарының жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету саласындағы өкiлеттiгi мен жауапкершiлiгiн белгiлеу;
- жол-көлiк оқиғаларының алдын алу және олардың зардаптарының ауырлығын азайту мақсатымен орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың, заңды және жеке тұлғалардың қызметiн үйлестiру;
- автомобиль, қалалық жерүсті рельстік көлікте және жол шаруашылығында жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi қызметтi реттеу;
- жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мәселелерi жөнiндегi нормативтiк құқықтық актiлердi белгiленген тәртiппен әзiрлеу және бекiту;
- жол жүрiсiн ұйымдастыру;
- жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi шараларды бағдарламалық-мақсатты жоспарлау;
- жол жүрiсi қауiпсiздiгi жөнiндегi шараларды ғылыми, материалдық-техникалық және қаржы жағынан қамтамасыз ету;
- көлiк құралдарының жүргiзушiлердi даярлауды ұйымдастыру және азаматтарға жүрiс қауiпсiздiгiнiң ережелерi мен талаптарын оқытып-үйрету;
- жол жүрiсi қауiпсiздiгiн медициналық жағынан қамтамасыз ету жөнiнде шаралар кешенiн жүргiзу;
- жол жүрiсi қауiпсiздiгін қамтамасыз ету саласында техникалық реттеу;
- көлiкте сақтандыру саласында әлеуметтiк бағдарланған саясат жүргiзу;
- жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету саласында заңдардың, өзге де нормативтiк актiлердiң, ережелер мен стандарттардың орындалуын мемлекеттiк қадағалау мен бақылау.
Жол жүрiсi қауiпсiздігі жөнiндегi орталық атқарушы органның құзыреті.
Жол жүрiсi қауiпсiздiгi жөнiндегi орталық атқарушы органның құзыретіне мыналар жатады:
- жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету саласында мемлекеттiк саясатты iске асыру;
- көлiк құралдарын жүргiзушiлердi даярлау қағидаларын әзірлеу;
- алдын алу шараларын жүргiзу және халыққа жол жүрiсi қауiпсiздiгiнiң ережелерi мен талаптарын оқытып үйрету тәртiбiн белгiлеу;
- жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мемлекеттік бақылауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;
- Қазақстан Республикасының жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету саласындағы халықаралық шарттарын жасасуға қатысу;
- жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі қызметті үйлестіру;
- жолдарды жобалау, салу, жөндеу, күтіп ұстау және басқару кезінде тапсырыс беруші ұсынған нормативтік, жобалық және техникалық құжаттаманы келісу;
- автомобиль жолдарын, жол құрылыстарын, теміржол өтпелерін, қалалық рельстік көлік желілерін пайдалануға қабылдау жөніндегі комиссиялардың жұмысына қатысу;
- техникалық регламенттердi әзiрлеу;
- Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісім бойынша, Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген міндеттерді банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың орындауы үшін оларға көлік құралының сәйкестендіру нөмірі бойынша деректерді ұсыну тәртібін айқындау және ұсыну;
- осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.
Көлік және коммуникация саласындағы уәкілетті органның құзыреті.
Көлік және коммуникация саласындағы уәкілетті органның құзыретіне:
1) халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында жол қызметін басқару;
2) халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында жол жүрісін реттеудің техникалық құралдарын салу, реконструкциялау, жөндеу, енгізу және күтіп-ұстау жөніндегі жұмыстардың орындалуын қамтамасыз ету;
3) техникалық байқау операторларының механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық байқаудан өткізу тәртібін сақтауына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
4) міндетті техникалық байқаудан өткені туралы куәлік бланкілерінің нысандарын әзірлеу және бекіту;
5) техникалық байқау операторларының тізілімін жүргізу;
6) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бюджет кірісіне түсетін, бланк өнімін өткізу қызметін көрсету төлемінің төленгенін растайтын құжаттар ұсынылғаннан кейін жүзеге асырылатын, механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерінің міндетті техникалық байқаудан өткені туралы куәліктердің бланкілерін техникалық байқау операторларына беру;
7) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті ведомстволық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдерін, тексерулер жүргізудің жартыжылдық жоспарларын әзірлеу және бекіту.
Достарыңызбен бөлісу: |