13-тақырып. Инклюзивті тәжірибе субъектілеріне пcиxoлoгиялық- пeдaгoгикалық
қолдау көрсету
Сұрақтар:
1. Инклюзивті білім беру үдерісіне қатысушыларды атаңыздар.
Қазіргі инклюзивті тәжірибеде бүкіл әлемде осы процеске қатысатын субъектілерді
психологиялық-педагогикалық қолдаудың әртүрлі модельдері жасалды. Оның ішінде
қазақстандық мектептерде қолдану үшін неғұрлым жақын немесе оңтайлы модель С.В.
Алехина мен М. М. Семаго ұсынған моделі.
Осы модельге сәйкес психологиялық-педагогикалық қолдау балаға мектеп ортасында
туындаған қиындықтарды жеңуге немесе білім беру бағдарламасын игеруге, білім беру
процесін ұйымдастыруда кездесетін мәселелерді шешуге көмектесу ретінде
сипатталады. Сондай-ақ, бұл білім беру ортасына сәтті бейімделу үшін жағдай жасау
және
қалыптастыру, осы психологиялық-педагогикалық қолдауды жүзеге асыратын
әртүрлі профильдегі мамандардың топтық жұмысын қамтамасыз ету.
Психологиялық-педагогикалық қолдаудың мәні шетелдік гуманистік психология
идеясына сәйкес келеді. Сөз "сүйемелдеу" туралы болған кезде мұны тек БАҚЕ балаға
немесе мүгедектік мәртебесі бар балаға ғана қатысты деп түсіну керек, сонымен қатар
инклюзивті білім беру процестеріне қатысатын басқа балалар психологиялық-
педагогикалық сүйемелдеуде де қажет. Яғни, осы инклюзивті білім
беру кеңістігінің
барлық субъектілері - сыныптың немесе топтың басқа балалары, барлық балалардың
ата- аналары, сондай-ақ осы білімді жүзеге асыратын педагогикалық ұжымның барлық
өкілдері психологиялық-педагогикалық қолдау қажет адамдар санатына жатады.
2. Әрбір маманның жұмысының мазмұнына сипаттама беріңіздер.
Мүмкіндігі шектеулі баланың оқудағы жетістігі қолдаудың әрбір маманының онымен
жүргізген жұмысының тиімділігімен ғана анықталмайды. Баланы оқыту мен тәрбиелеу
үдерісіне қатысқан барлық ересектердің қызметінің үйлесімділігі; баланың мәселесін
түсінудегі және
оларды шешудегіынтымақтастық; практикадағы өзара түсіністік пен
өзара әрекеттену де өте маңызды болады.
Жалпы білім беру жағдайындағы әр түрлі бейінді мамандардың өзара әрекеттену
тәсілдері қазіргі кезде әдістемелік тұрғыда толық қамтамасыз етілмеген, соған орай
практикада да әлсіз жүзеге асырылады. Мамандар кей кезде бірін-бірі қайталайды,
кейбір жағдайда олардың әрекеттері түзете дамыту міндеттеріне сәйкес келмейді, ал
кейбір
жағдайда қайшы келеді.Сол себепті жалпы білім беру жағдайындағы мүмкіндіктері
шектеулі балаларды психологиялық-педагогикалық қолдау идеясын жүзеге асыру
мамандардың жұмыс командасын ұйымдастырмай,
мамандардың атқарымдары
нормативтік тұрғыда бөлінбей және бекітілмей мүмкін болмайды (Б қосымшасы).
Командалық тәсілдемені қалыптастырудың негізгі бір мәселесіне жалпы білім беру
үдерісіндегі әр түрлі бейінді мамандардың өзара әрекеттенуінің алгоритмін әзірлеу
жатады. Мамандардың осындай өзара әрекеттенуі мүмкіндігі шектеулі баланың
бірыңғай даму стратегиясын әзірлеу және жүзеге асыруға, оның жанұясына, сондай-ақ
жалпы білім беру ұйымдарының педагогтарына
көмек көрсету қызметін
ұйымдастыруға бағытталуы қажет. Команда мүшелерінің өзара әрекеттену ержелері:
команданың барлық мүшелері жағынан өзара сыйласымдылық, өзара түсіністік,
адалдық, өзара көмек көрсетуге дайындықтары;
- команданың барлық мүшелерінің атқарымдарының айқын бөлінуі және олардың
нақты педагогикалық міндетті шешуге қатысуының басымдылығын сақтау;
- команданың барлық мүшелерінің түзету және оқу-тәрбие үдерісіне қатысуға тең
құқықтығы, өзінің және ортақ жұмыс нәтижелері үшін жауапкершілігі.
Қолдау қызметінің негізгі бағыттары:
- мектепке келген балалардың оқуға дайындығын, қолдауға
қажеттілігін анықтау
мақсатында, оларды кешенді тексеру;
- дене бітімінде, зерде және эмоциялық дамуында ауытқушылықтары,
оқуда және
мектепке бейімделу қиындықтары бар оқушыларды дер кезінде анықтау, қажет болған
жағдайда оларды кеңес алу үшін ПМПК-ке жіберу;
- ПМПК-тің тұжырымдамасы (сөйлеу тілі, зейіні, жұмысқа қабілеттілігі және басқа да
психикалық атқарымдарда) бар оқушылардың танымдық әрекетінің даму деңгейі мен
ерекшелігін анықтау, оқудағы табыстылықпен қамтамасыз ететін профилактикалық,
түзету
психологиялық-педагогикалық
және әлеуметтік шараларды анықтау үшін олардың эмоциялық ерік саласы мен жеке
тұлғалық дамуын зерттеу;
- мүмкіндігі шектеулі баланың мүмкіндігі мен қажеттілігіне сайма сай жеке түзете
дамыту бағдарламасын әзірлеу және жүзеге асыру; жекеше, шағын топтық,
топтық
түзете дамыту жұмысын жүргізу;
- психологиялық-педагогикалық мониторингіні жүзеге асыру;
- жалпы және арнайы сынып жағдайындағы оқушыларға жекеше және сараланған
тәсілімді қамтамасыз ету үшін мұғалімдерге ұсынымдарды әзірлеу;
- дене тұрғысынан, зерде және эмоциялық күш түсу мен күйзелістің алдын алу, емдік-
сауықтыру шараларын ұйымдастыру;
- кеңес беруші және ағартушы әрекеттер.
Достарыңызбен бөлісу: