3. Психологиялық-педагогикалық қолдаудың негізгі бағыттары.
Бала дамуының ерекшеліктеріне, сондай-ақ ПМПК ұсынымдарына сәйкес ерекше
қажеттіліктері бар оқушыларды қолдаудың бағыттылығы, қарқыны және ұзақтығы
анықталады. Жалпы білім беру мектебі оқушыға оның қажеттілігіне сәйкес қолдау түрін
ұсынуға міндетті. Бұл қолдау қысқа мерзімді, орташа мерзімді немесе ұзақ мерзімді
негізді болуы мүмкін.
Қысқа мерзімді қолдау оқуда шамалы және уақытша қиындықтары бар, логопедпен,
психологпен түзету сабақтарының қысқа мерзімді кезеңін қажет ететін оқушыларға
көрсетіледі (жарты жылға дейін). Бұл кезде оқушы әдеттегі сыныпта жалпы білім беру
бағдарламасы бойынша құрдастарымен бірге оқиды және аптасына бірнеше рет
оқушының дамуының жеке ерекшелігін (сөйлеу тілінің дамуындағы кемшіліктер,
эмоциялық-тұлғалық жетілмеуі) дамыту немесе өтемі бойынша мамандармен өткізетін
жекеше немесе топтық сабақтарға барады.
Орташа мерзімді қолдау арнайы дайындалған педагогтар мен мамандардың қарқынды
қолдауын қажет ететін және дамуындағы ерекшеліктерге байланысты оқуда тұрақты
қиындықтарға кездесетін оқушылар үшін ұйымдастырылады. Жалпы білім беру
ұйымдарының (бастауыш, негізгі орта және жалпы орта) қызметінің Типтік ережелеріне
сәйкес жалпы білім беру мектептеріндегі бұндай оқушылар үшін білім берудің
бастапқы
деңгейінде
арнайы
сынып
жағдайындағы
сараланған
оқыту
ұйымдастырылады. Бұл жағдайда ҚР БҒМ бекіткен арнайы оқу жоспарлары мен
бағдарламалары, оқытудың арнайы әдіс-тәсілдері, техникалық құралдар мен жабдықтар
пайдаланылады. Денсаулықты сақтаудың педагогикалық түзімімен қамтамасыз етіледі:
ұзартылған күнді ұйымдастырумен бірінші аусымда оқиды. Оқушылармен
психологиялық-педагогикалық қолдау қызметінің мамандары мен дайындалған
мұғалім жұмыс жүргізеді. Мамандармен жүргізелетін жекеше түзете дамыту сабақтары
күннің екінші жартысында өтеді. Түзете дамыту сабақтарының түрлері, оларды
өткізудің жиілігі арнайы оқу жоспарымен анықталады. Оқыту үдерісінде оқушыларға
қатыстыжекеше және сараланған тәсілдеме жүзеге асырылады. Оқушыларды
қолдаудың негізгі міндетіне МББС оқу бағдарламаларының мазмұнын меңгерудегі
және оқудағы қиындықтардың себебін жою жатады. Оқыту үдерісінде оқушыларға
ұсынылатын талаптардың олардың даму деңгейіне, әлеуетті мүмкіндіктеріне және
оқытудың өткен кезеңдеріндегі оқуда қол жеткен жетістіктеріне сәйкестігін бақылауға
бағытталған педагогикалық диагностика жүзеге асырылады.
Оқыту мамандармен (психологпен, дефектологпен, логопедпен) түзете дамыту
сабақтары қарастырылатын арнайы оқу жоспарына сәйкес жүзеге асырылады.
Оқушыларды бағалау оқу үдерісіндегі жүзеге асырылатын бағдарламалар аясында
жүреді.
Мүмкіндіктері шектеулі оқушылардың барлық сыныптан тыс және оқудан тыс
әрекеттері (үйірмелік, факультативтік, тәрбиелік) әдеттегі сынып оқушыларымен бірге
өтеді.
Мүмкіндігі шектеулі баланы психологиялық-педагогикалық қолдаумен қамтамасыз
ететін білім беру ұйымының мамандары ата-аналармен жұмысын ұйымдастырады. Бұл
жұмыстың негізгі мақсаты – мүмкіндігі шектеулі баланы оқытудағы және тәрбиелеудегі
жанұяның әлеуетті мүмкіндіктерін жүзеге асыру.
|