Командалық тәсілдемені қалыптастырудың негізгі бір мәселесіне жалпы білім беру
үдерісіндегі әр түрлі бейінді мамандардың өзара әрекеттенуінің алгоритмін әзірлеу
жатады. Мамандардың осындай өзара әрекеттенуі мүмкіндігі шектеулі баланың
бірыңғай даму стратегиясын әзірлеу және жүзеге асыруға, оның жанұясына, сондай-ақ
жалпы білім беру ұйымдарының педагогтарына көмек көрсету қызметін
ұйымдастыруға бағытталуы қажет. Команда мүшелерінің өзара әрекеттену ержелері:
команданың барлық мүшелері жағынан өзара сыйласымдылық, өзара түсіністік,
адалдық, өзара көмек көрсетуге дайындықтары;
- команданың барлық мүшелерінің атқарымдарының айқын бөлінуі және олардың
нақты педагогикалық міндетті шешуге қатысуының басымдылығын сақтау;
- команданың барлық мүшелерінің түзету және оқу-тәрбие үдерісіне қатысуға тең
құқықтығы, өзінің және ортақ жұмыс нәтижелері үшін жауапкершілігі.
Қолдау қызметінің негізгі бағыттары:
- мектепке келген балалардың оқуға дайындығын, қолдауға қажеттілігін анықтау
мақсатында, оларды кешенді тексеру;
- дене бітімінде, зерде және эмоциялық дамуында ауытқушылықтары, оқуда және
мектепке бейімделу қиындықтары бар оқушыларды дер кезінде анықтау, қажет болған
жағдайда оларды кеңес алу үшін ПМПК-ке жіберу;
- ПМПК-тің тұжырымдамасы (сөйлеу тілі, зейіні, жұмысқа қабілеттілігі және басқа да
психикалық атқарымдарда) бар оқушылардың танымдық әрекетінің даму деңгейі мен
ерекшелігін анықтау, оқудағы табыстылықпен қамтамасыз ететін профилактикалық,
түзету
психологиялық-педагогикалық
және әлеуметтік шараларды анықтау үшін олардың эмоциялық ерік саласы мен жеке
тұлғалық дамуын зерттеу;
- мүмкіндігі шектеулі баланың мүмкіндігі мен қажеттілігіне сайма сай жеке түзете
дамыту бағдарламасын әзірлеу және жүзеге асыру; жекеше, шағын топтық, топтық
түзете дамыту жұмысын жүргізу;
- психологиялық-педагогикалық мониторингіні жүзеге асыру;
- жалпы және арнайы сынып жағдайындағы оқушыларға жекеше және сараланған
тәсілімді қамтамасыз ету үшін мұғалімдерге ұсынымдарды әзірлеу;
- дене тұрғысынан, зерде және эмоциялық күш түсу мен күйзелістің алдын алу, емдік-
сауықтыру шараларын ұйымдастыру;
- кеңес беруші және ағартушы әрекеттер.
Достарыңызбен бөлісу: