11-тақырып. Инклюзивті (интеграцияланған) білім беруді енгізудің ұйымдастырушылық шарттары Сұрақтар


ЖОБ құрудың әдістері мен қағидалары



жүктеу 233,58 Kb.
Pdf просмотр
бет6/11
Дата29.11.2022
өлшемі233,58 Kb.
#40389
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
С ра тар О ушыларды инклюзивті мектепке абылдау а идалары

2. ЖОБ құрудың әдістері мен қағидалары.
Психологиялықпедагогикалық қолдау қызметінің мамандары оқушының ата- 
аналарына қалалық (облыстық) психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес 
беру (ПМПК) мамандарынан кеңес алуды ұсынады. ПМПК мамандары оқыту 
бағдарламасын – жалпы білім беру, ЕБҚ бар балаларға арналған арнайы немесе арнайы 
қосалқы бағдарламаны анықтайды. Оқу нысанын таңдау қажет. Бұл жағдайда оқу 
жоспары мен оқу бағдарламаларын өзгерту қажет болуы мүмкін: бағдарламаны 
қысқарту, жеке бағдарлама. Сондай-ақ оқытудың вариативті, арнайы және баламалы 
әдістерін пайдалану, оқушының оқыту нәтижелерін бағалауда жеке көзқарас қажет 
болады. Бағдарламада оқушының жетістіктерін бағалау тәсілдерін (бақылау, өзіндік 
жұмыстар, практикалық жаттығулар, тесттер, ауызша немесе жазбаша жауаптар, АҚТ-
ны пайдалану және т.б.) бейімдеу нұсқаларын көрсету қажет.
Үшінші кезең - психологиялық-педагогикалық қолдау бағдарламасын әзірлеу: - 
бағдарламаны іске асырудың уақытша шекараларын анықтау (ай, тоқсан немесе жарты 
жыл). Бұзылулар неғұрлым күрделі болса, уақыт аралығы да қысқа болады, өйткені 
түзету-дамыту қызметін талдау және жетістіктерге байланысты келесі міндеттерді қою 
қажет; - қолдау бағдарламасын іске асыру шеңберінде мұғалім мен мамандардың 
міндеттері шеңберін, қызмет бағыттарын анықтау; - бағдарламаның мазмұнын анықтау 
– білім беру, түзету компоненттері; - түзету жұмысының тиімділігін анықтау. Мектептің 
инклюзивті білім беру жөніндегі үйлестірушісі (немесе оқу ісі жөніндегі оқу 
меңгерушісі) және мұғалімдер қажет болған жағдайда жеке оқу жоспарын жасайды – 


егер оқушының оқу бағдарламасы сынып оқу бағдарламасынан өзгеше болса, яғни оқу 
жоспары пәндерінің тізбесін анықтайды.
Психологиялық-педагогикалық қолдаудың жеке бағдарламасында міндетті түрде 
ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар МЖБС негізіндебейімделген/қысқартылған 
бағдарлама немесе МЖБС-ға бағдарланбаған бағдарлама көрсетіледі. Пән мұғалімдері 
пәндер бойынша оқу бағдарламаларының мазмұнын анықтайды. Жеке оқу жоспарына 
сәйкес бағдарламалардың мазмұны мен түрі көрсетіледі. Егер оқушы ауытқулары 
бойынша оқушылар үшін типтік оқу бағдарламасына сәйкес, мысалы, психикалық 
дамуы тежелген оқушылар үшін математика бойынша білім алса, онда оған тиісті 
бағанда нұсқау жасалады. Егер бағдарлама үлкен өзгерістерге, қысқартуларға ұшыраса, 
оларды нақты көрсету керек.
Мамандар (психолог, логопед мұғалім, дефектолог мұғалім) өзінің жұмыс бағыттарын, 
оқушылармен түзету-дамыту қызметінің мақсаты мен міндеттерін анықтайды. 
Мұғалімдерге, ата-аналарға, қосымша білім беру педагогтарына ұсыныстар жасайды.
Төртінші кезең – психологиялық-педагогикалық қолдау бағдарламасын жүзеге асыру. 
Әзірленген бағдарлама мен түзету жоспарына сәйкес мұғалім мен психологиялық- 
педагогикалық қолдау мамандарының қызметі ұйымдастырылады. «Инклюзивтік 
сыныпта» сабақ беретін мұғалімдер бүкіл сыныпқа жалпы сабақ жоспарын жасайды. 
Бірақ жоспарда ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар оқушы үшін жеке тапсырмалар, 
жеке мақсаттар, міндеттер, бағалау критерийлері және т.б. көрсетіледі. Тар мамандар 
өткізетін сабақтар үшін оқушылардың есіне, зейініне, ойлауына, сөйлеуіне, кеңістіктік-
уақытша бағдарына, қоршаған ортамен танысуға, қолдың ұсақ моторикасын дамытуға 
немесе жетілдіруге арналған кешенді тапсырмалар іріктеледі. Ерекше білім берілуіне 
қажеттілігі бар оқушылармен жеке сабақтар аптасына екі-үш рет 20-25 минут 
(бұзушылықтардың ерекшелігі мен күрделілігіне, түзету әсерінің жеке міндеттеріне, 
оқушылардың психоэмоционалдық жағдайына байланысты) сабақтан тыс уақытта кесте 
бойынша өткізіледі. Сабақтар баланың жеке даму бағдарламасына сәйкес жасалған 
жоспар бойынша өткізіледі және мектептегі оқытудың барлық негізгі пәндерімен 
тікелей байланыста болады, осылайша пәнаралық байланыс жүзеге асырылады.
Бесінші кезең – жеке бағдарламаны талдау және түзету. Психологиялық- педагогикалық 
қолдау қызметінің отырысында мұғалімдердің қатысуымен мамандардың түзету-
дамыту жұмысының тиімділігіне, оқушының оқу жетістіктеріне, әртүрлі қызмет 
саласындағы тоқсан/жартыжылдықтың соңына қарай дамудың жалпы динамикасына 
талдау жүргізіледі. Деректер психологиялық-педагогикалық қолдаудың жеке 
бағдарламасының тиісті бағандарында тіркеледі. Психологиялық-педагогикалық 
қолдаудың бағдарламасына түзетулер енгізіледі. Жасалған кесте бойынша ӘППҚ 
отырыстары өткізіледі. Инклюзивті білім беруді іске асыратын білім беру ұйымының 
педагогикалық кеңесі Жеке оқу жоспарларын және жеке оқу бағдарламаларын, ерекше 
білім берілуіне қажеттілігі бар балаларды психологиялықпедагогикалық қолдаудың 
жеке бағдарламаларын бекітеді.
Осылайша, орта мектеп педагогтары аталмыш жобаны жүзеге асыра отырып, 
психологиялық-педагогикалық қолдаудың жеке бағдарламасы жалпы білім беру 
процесіне инклюзивті тәжірибені енгізу кезінде ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар 


оқушының ерекше білім алу қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін жағдай жасау кезінде 
негізгі фактор болып табылады деген қорытындыға келді. Қазіргі уақытта елімізде 
инклюзивті білім беру саласындағы бірқатар нормативтік құқықтық актілер болған 
кезде әрбір баланың ерекше білім алу қажеттіліктерін қанағаттандырудың барлық 
тетіктері әлі пысықталмаған. Бұған қарамастан, тәжірибе көрсеткендей, көптеген 
мектептер мәселелерді шешу жолдарын табуда. Елімізде инклюзивтік саясатты дамыту 
барысында аталған мектептердің инклюзивтік практикасының тәжірибесі тек осы 
бағытта жұмыс істейтін ұйымдар үшін үлгі болуы тиіс. Бұдан бөлек, инклюзивті ортаны 
құру тәжірибесі бар еліміздің мектептерінен алынған бірқатар практикалық 
материалдар бар.

жүктеу 233,58 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау