маусымдық қызметкерлер
МӘСҚ-қа аударымдарды
қалай жасайды?
төлейді, табыс жоқ кезеңде ол өз бетінше екінші деңгейдегі банктер арқылы
әлеуметтік сақтандыру қорына 1 төменгі жалақынің 5%-ы көлемінде аударымдар
енгізе алады.
59.
Мен жұмыс беруші ретінде өз
қызметкерлеріме медициналық
ұйымды таңдай аламын ба?
Жоқ, таңдай алмайсыз. Әлеуметтік сақтандыру кезінде медициналық қызметтерді алу
үшін жұмыскер медициналық ұйымды өзі таңдайды.
Жұмыс берушінің медициналық ұйымдарды таңдауы ерікті медициналық
сақтандыру кезінде жүзеге асырылады.
60.
Менің жұмыскерлерім ерікті
сақтандыру есебінен жеке
медициналық компаниядан
қызмет алады. Тағы МӘМС-ке
төлеудің керегі неде?
Жұмыс беруші өз жұмысшыларына ерікті медициналық сақтандыруға (ЕМС)
шарт жасайды, ол жұмыс берушінің аударымдар сомасымен шектелген медициналық
көмектің белгілі бір көлемін алуды көздейді. Бұдан артық ерікті медициналық
сақтандыру шеңберінде медициналық көмек көрсетілмейді. Міндетті әлеуметтік
сақтандыру көрсетілетін медициналық көмектің көлемі мен сомасын шектемейді.
Сонымен қатар, міндетті әлеуметтік сақтандыру пакетіне кірмейтін медициналық
қызметтердің тізбесі ерікті медициналық сақтандыру шартында атап
айтылады.Әлеуметтік сақтандыру пакетіне кірмейтін жеке медициналық қызметтердің
түрі ерікті сақтандыру арқылы төлене алады, мысалы: ересектерге арналған
стоматология, зиянды өндірістердің жұмысшыларына арналған міндетті мерзімдік
медициналық тексерулер, санаторий-курорттық ем, косметология және т.б.
Одан басқа, ерікті медициналық сақтандыруда жеке емханалар тарапынан
көрсетілген қызметтерге жоғарылатылған шоттардың қатері бар, ол жұмыс
берушілерге ақталмаған шығындар әкеледі. Сондай-ақ ерікті медициналық
сақтандыруда тапсырыс берушіде (қазіргі жағдайда – жұмыс берушіде) жеткізуші
көрсететін медициналық көмектің сапасын бақылаудың тетігі жоқ. Міндетті
медициналық сақтандыру жүйесінде Қор медициналық көмектің сапасын бақылауды
қамтамасыз етеді, сақтандырылған азаматтардың құқықтары мен мүдделерін
қорғайды.
61.
Жұмыс берушілер,
салықтардан құтылып,
жұмыскерлердің санын
жасырмайды ма?
Өкінішке орай, табысты және «көлеңкелі» жалақыны жасыру қатері, салықтан
құтылу тәсілі ретінде кез келген экономикада бар. Бұл мәселені шешу үшін фискалдық
органдар тарапынан әртүрлі күресу әдістері бар.
Біріншіден, жұмыскер медициналық ұйымға электрондық жүйе арқылы жүгінген
кезде жұмыс берушінің (2017 жылдан бастап) және жұмыскердің өзінің (2019 жылдан
бастап) салымдары, ол үшін қаншалықты уақтылы аударылғаны салыстырылады.
Солайша жұмыскер жұмыс берушіден келген түсімдерді бақылай алады.
Екіншіден, салық қызметінің органдары міндетті сақтандыруға салымдар туралы
декларация қабылдайды, олардың негізінде қарыздарды бақылау және өндіріп алу
жүзеге асырылады.
Бүгінгі таңда біз экономикадағы жұмыспен қамтудың елеулі өсімін
белгілейтінімізді атап өту керек. Отандық кәсіпорындарда 6,5 млн.-нан астам
жалданған жұмыскерлер еңбек етуде, ай сайын жұмыс берушілер Бірыңғай
жинақтаушы зейнетақы қорына 53 млрд. теңге және өз жұмыскерлерінің пайдасына
Әлеуметтік сақтандыру қорына 23 млрд. теңге аударады. Белсенді емес халық үшін
әлеуметтік сақтандыру қорында салымдарды төлеу бойынша міндеттемелерді
мемлекет өз мойнына алатынын атап өткен жөн. Осының барлығы, жалпы, енгізіліп
отырған медициналық сақтандыру жүйесінің тұрақты қызмет етуінің алғышарттарын
қалыптастырады.
62.
Жұмыскерлер жыл бойы МҰ-
ға жүгінбесе, онда төленген
салымдарды қайтару жұмыс
берушілерге қарастырылған
ба?
Жоқ, қарастырылмаған. Жұмыскерлері жыл бойы медициналық ұйымға жүгінбеген
жұмыс берушілердің төленген салымдары қайтарылмайды. Бұл әлеуметтік сақтандыру
жүйесінің негізгі принциптеріне қайшы келеді – жүйенің барлық қатысушыларының
ортақтастығы және жүйенің барлық қатысушыларының теңдігі. Төленген қаражаттар,
осы кезеңде медициналық қызметтерге жүгінген қолданушыларға медициналық
көмекті төлеуге жұмсалады.
63.
Біздің кәсіпорында жеке
Қолданыстағы «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» заңға
ведомстволық медициналық-
санитариялық бөлім бар, онда
біз кәсіпорын есебінен ем
аламыз. Онда не үшін біз тағы
МӘСҚ-ға жарналар төлейміз?
сәйкес қорға аударымдар мен жарналарды енгізу барлығына міндетті болып
табылады және Сіз оны медициналық әлеуметтік сақтандыру қорына уақтылы төлеуге
тиіссіз. Сіздің медициналық-санитариялық бөлімге қатысты болса, онда ол қосымша
ақша таба отырып, Қор өткізетін амбулаториялық-емханалық және стационарлық
көмек көрсетуге арналған конкурсқа қатысуға құқығы бар.
Медицина қызметкерлерінің сұрақтары
64.
МӘМС қалай жұмыс істейді?
Қызметкер, жұмыс беруші, жеке кәсіпкер мен мемлекеттің экономикалық
белсенді емес тұрғындары үшін енгізген барлық жарналары мен аударымдары
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына (Қор) түсетін болады.
Қорға түсімдерді бақылау Мемлекеттік кіріс комитетіне бекітіледі, ал
дербестендірілген есеп «Үкімет азаматтар үшін» мемлекеттік бірлестігінде сақталады.
Қор
медициналық
ұйымдардан
медициналық
қызметтердің
бірыңғай
стратегиялық сатып алушысы болып табылады. Сатып алу конкурстық негізде
жүргізіледі. Конкурс екі кезеңде өтеді.
Бірінші кезеңде, медициналық ұйымдардың ресурстық қамтамасыз етуін
орнатылған мемлекеттік минималды стандарттарға сәйкестігіне бағалау жүргізіледі
(ғимараттар, медицина техникасы, кадрлар).
Оң баға беру жағдайында медициналық ұйым екінші кезеңге жіберіледі, онда
көрсетілетін қызметтердің көлемін, құнын және орнатылған критерийлер бойынша
сапасын бағалау жүргізіледі.
Осылайша, тиісті ресурстық қамтамасыз ету мен білікті көмек көрсететін
тәжірибелі мамандары бар үздік мемлекеттік және жеке емханалар медициналық
көмек көрсету мүмкіндіктерге ие болады.
65.
Денсаулық сақтау саласының
қызметкерлері
сақтандырылған мәртебесін
Барлық медициналық ұйымдар ҚР сақтандырылған азаматтарының бірыңғай
тізбесіне қолжетімділікке ие болады.
Азамат медициналық қызметкерге жүгінген кезде тек оның жеке сәйкестендіру
Достарыңызбен бөлісу: |