100 СҰРАҚтар мен жауаптар № Сұрақтар Жауаптар Халықтың сұрақтары



жүктеу 375,93 Kb.
Pdf просмотр
бет10/12
Дата14.05.2018
өлшемі375,93 Kb.
#13207
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12

қалай анықтайды? 

 

номерін енгізіп оның сақтандыру дәрежесін алуға болады.  



Егер аударымдар жүргізілген болса, онда өтініш білдірген азамат сақтандырушы 

ұсынатын  қызметтердің  барлық  спектрін  ала  алады.  Егер  олай  болмаса,  онда  тегін 

медициналық  көмектің  кепілдік  берілген  көлемі  шеңберінде  көмек  көрсетіледі 

(ТМККК). 

 

66. 


 

Медициналық ұйымдар 

МӘМС енгізуден не алады? 

 

Көрсетілген қызметтер көлемі үшін сәйкес қаржыландыру; 



Медициналық  персоналға  еңбекақыны  арттыру  мүмкіндігі  және  жұмыс 

нәтижелері бойынша еңбекақы төлеу жүйесін енгізу; 

Тарифке  амортизациялық  аударымдарды  енгізудің  есебінен  медициналық 

техниканы жаңарту мүмкіндігі; 

Жеке инвестицияларды, тәжірибелі отандық және шетел мамандарын тарту. 

 

67. 



 

Медициналық ұйымдар 

МӘМС жағдайында 

медициналық көмекті қалай 

ұсынады? 

 

Қор  медициналық  қызметтерді  тегін  кепілдендірілген  көмек  шеңберінде  де  



медициналық әлеуметтік сақтандыру  бойынша да конкурс негізінде мемлекеттік және 

жеке клиникалардан сатып алады.  

Конкурс екі кезеңде өтеді.  

Бірінші  кезеңде  әрбір  медициналық  ұйым  қызметтер  берушілердің  Бірыңғай 

тізбесіне өзінің техникалық-экономикалық және медициналық деректерін енгізеді. 

Ұсынылған  деректерге  сәйкес  Қор  олардың  белгіленген  ең  төменгі 

стандарттарының сәйкестігіне баға береді.  

Оң  нәтиже  болған  жағдайда  медициналық  ұйым  конкурстың  екінші  кезеңіне 

өтеді.  

Екінші кезеңде Қор ұсынылған қызметтердің көлеміне, оның құнына және өткен 

жылы көрсетілген қызметтердің сапасына баға береді (белгіленген критерийлер).  

Егер медициналық ұйымның ресурстық қамтамасыз етілуі белгіленген ең төменгі 

стандарттарға,  ал  көрсетілетін  қызметтер  белгіленген  сапа  критерийлеріне  сәйкес 

келетін болса, онда медициналық ұйым әлеуетті қызмет беруші ретінде таңдалады. 




 

68. 


 

МӘМС жағдайында қандай 

медициналық көмектің түрлері 

көрсетіледі? 

 

Медициналық қызметтердің екі пакеті болады. 



Бірінші  –  елдің  барлық  азаматтары  үшін  мемлекет  кепілдік  беретін  пакет.  Оның 

ішінде: 


•  Жедел жәрдем және санитариялық авиация; 

•  Әлеуметтік  мәні  бар  аурулар  және  шұғыл  жағдайлар  кезіндегі  медициналық 

көмек;  

•  Профилактикалық егулер;  

•  Амбулаториялық-дәрілік  қамтамасыз  ету  арқылы  амбулаториялық-емханалық 

көмек (2020 жылға дейін).  

Екінші  пакет  –  Сақтандырылған  азаматтар  үшін    міндетті  сақтандыру 

жағдайларында ұсынылатын медициналық қызметтердің пакеті мыналарды қамтиды: 

•  Амбулаториялық-емханалық көмек: 

•  Емханадағы емдеу; 

•  Дәрігерлердің қабылдауы; 

•  Зертханалық қызметтер; 

•  Диагностика және манипуляциялар; 

•  Стационарлық көмек – жоспарлы тәртіпте ауруханаларда емдеу; 

•  Стационарды алмастыратын көмек – күндізгі стационарда ем қабылдау; 

•  Жоғары  технологиялық  медициналық  қызметтер  –  күрделі  және  бірегей 

медициналық технологияларды пайдалану арқылы орындалатын медициналық көмек; 

•  Дәрі-дәрмекпен  қамтамасыз  ету  –  амбулаториялық-емханалық  көмек  көрсету 

кезінде; 

•  Мейіргерлік  күтім  –  басынан  кешкен  аурудың  салдарынан  өз-өзіне  қызмет 

көрсетуге  мүмкіндігі  жоқ,  бөгде  адамдардың  тұрақты  күтімін  немесе  қарауын  қажет 

ететін  адамдар; 

•  Паллиативтік  көмек  –  емдеуге  келмейтін,  өміріне  қауіпті  және  ағымы  ауыр 

аурулары бар пациенттердің өмір сүру  сапасын адам үшін мүмкін болатын ең жоғары 




қолайлы деңгейде  ұстап тұру; 

•  Қалпына келтіріп емдеу және медициналық оңалту. 

 

69. 


 

Медициналық ұйымдарға 

МӘМС шеңберінде 

қызметтерге ақы төлеу тәртібі 

қандай? 

 

Бірыңғай  ақпараттық  жүйе  арқылы  келісімшарт  жасаған  барлық  медициналық 



ұйымдар, көрсетілген қызметтері туралы ақпаратты Қорға күн сайын ұсынады. 

Көрсетілген  қызметтердің  көлемі  мен  сапасын  сараптауды  Қордың  өңірлердегі 

аумақтық бөлімшелері жүргізеді. 

Ай  сайын  Қор  аумақтық  бөлімшелерден  төлем  қажеттілігін  алады  және  оның 

негізінде медициналық ұйымдардың есебіне қаражатты аударуды жүзеге асырады. 

Қор, 


Бірыңғай 

ақпараттық 

жүйе 

деректерінің 



негізінде, 

келешекте 

келісімшарттың  іске  асырылуына  әсерін  тигізетін  медициналық  ұйымдардың 

рейтингін үнемі анықтайды. 

 

70. 


 

Медицина қызметкерлері үшін 

жалақының мөлшері артады 

ма? 


 

Міндетті  түрде,  медицина  қызметкерлерінің  жалақылары  артады.  Елдің 

экономикасында медицина қызметкерлерінің жалақысын кемінде орта деңгейге дейін 

кезең бойынша арттыру жоспарлануда. 2030 жылға дейін медицина қызметкерлерінің 

(дәрігерлердің) жалақысы республика бойынша орташа жалақыдан 2 есе артуға тиіс. 

Осы  барлық  есептеулер  даярланып  қойған.  Одан  басқа,  2024  жылға  дейін  бірінше 

буынның  және  ауылдық  денсаулық  сақтау  қызметкерлерінің  жалақыларын  арттыру 

көзделген. 

 

71. 


 

Медицина қызметкерлерінің 

еңбекақысын арттыру тетігі 

қандай? Қандай көздерден 

бұны жасау болжамдалған?  

МӘМС  жағдайында  әрбір  медициналық  ұйым  еңбекке  ақы  төлеу  мәселесінде 

сараланған  әдісті  енгізе  алады,  персоналдың  материалдық  ынталандыру  үлгісін  өз 

бетінше қалыптастыра алады. 

Бұл  танылған  кәсіпқойлар,  тәжірибелі  жоғары  білікті  дәрігерлер,  қазіргіге 

қарағанда,  көбірек  еңбекақы  алады  дегенді  білдіреді.  Медициналық  ұйым 

менеджменті  емханалардың  табысты  қызметі  мен  қаржылық  әл-ауқаты  жоғары 

санатты  мамандарды  тартуға  байланысты  болатынын  түсіну  керек.  Осындай еңбекке 




жүктеу 375,93 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау