(1-50 – халыққа арналған,
51-63 – жұмыс берушілерге арналған,
63-100 – медициналық қызметкерлерге арналған)
ҚР-да міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу бойынша
100 СҰРАҚТАР МЕН ЖАУАПТАР
№
Сұрақтар
Жауаптар
Халықтың сұрақтары
1.
Ел азаматы ретінде, МӘМС-
тің мен үшін тиімділігі?
Біріншіден, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру арқылы Қазақстан
аумағында Сіз өзіңіз таңдаған кез келген емханадағы медициналық көмек ала аласыз.
Бұл жағдайда, емхананың шығыстарын Қор толығымен өзі өтейді;
Екіншіден, тегін медициналық кепілдендірілген көмек және әлеуметтік
медициналық сақтандыру пакеттері шеңберінде қарастырылған медициналық көмекке
жұмсалатын қосымша төлемдердің барлық түрінен босатыласыз;
Үшіншіден, Сізге елдің кез келген дәріханасында ұсынылатын дәрілік заттардың
құрамы бойынша кеңейтілген және жақсартылған тізбесіне толық қолжетімді болады
(Қорда фармацевтикалық қызметтердің жеткізушілері ретінде тіркелген);
Төртіншіден, қор Сіздің пайдаңызға аударылған жарналар туралы және Сізге
медициналық ұйымдарда көрсетілетін қызметтер туралы ай сайын ақпарат алуға
мүмкіндігіңіз бар;
Бесіншіден, сапасыз қызмет көрсетілсе немесе әлеуметтік медициналық
сақтандыруға қатысушы ретінде құқықтарыңыз бұзылған жағдайда Қор Сіздің
сақтандырылған азамат ретінде құқықтарыңызды және мүдделеріңізді қорғайды.
2.
1996-1998 жылдарда құрылған
Міндетті сақтандыру қорының
Қоғамда жүзеге асырылатын кез келген өзгерістердің өзінің дұрыс жақтары да
сонымен қатар теріс жақтары да бар.
тәжірибесі
бізге
мәлім.
Осындай жағдай қазір де
қайталанбасына кім кепілдік
ете алады?
1996-1998 жылдарда сақтандыру медицинасын құру тәжірибесін сын көзбен ғана
қабылдауға болмайды, оның дұрыс жақтары да болды.
Бұл реформаның ең басты нәтижесі экономикадан қосымша қаражатты тарту
есебінен денсаулық сақтау жүйесі объектілерінің желісін және медициналық көмектің
ел халқына қолжетімділігін сақтау болып табылады.
Мысалы, осындай мамандандырылған бағдарламаның болмауы мектепке дейінгі
мекемелерді жекешелендіруге әкеп соқты, оның салдары осы күнге дейін сезіледі.
Одан басқа, 90-жылдардағы экономикалық дағдарысты ағымдағы жағдаймен
салыстыруға болмайды. 20 жыл бұрын көптеген кәсіпорындар күрделі қаржылық
қиыншылықтарға тап болғаны бәріміздің есімізде, сол кезеңдерде кәсіпорындардың
басым көпшілігі банкротқа ұшырады, еңбекақы бойынша үлкен қарыздары болды.
Экономикалық дағдарыс жаппай төлем жүргізбеу, оның ішінде медициналық
сақтандыру қорына төлем жүргізбеу негізгі себеп болды.
Қордың жағдайы экономикалық белсенді емес халық үшін тұрақты аударымдарды
қамтамасыз етуге тартылған жергілікті атқарушы органдардың да қиын жағдайға тап
болуына байланысты қиындады.
Бүгінгі таңда біз экономикадағы жұмыспен қамтудың елеулі өсімін байқап
отырмыз. Отандық кәсіпорындарда 6,5 млн-нан астам жалданған жұмыскерлер еңбек
етуде, ай сайын жұмыс берушілер Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына 53 млрд.
теңге және өз жұмыскерлерінің пайдасына Әлеуметтік сақтандыру қорына 23 млрд.
теңге аударады. Экономикалық тұрғыдан белсенді емес халық үшін ӘМС қорына
жарналарды төлеу бойынша міндеттемелерді мемлекет өзіне алатынын атап өткен
жөн.
Осының барлығы, жалпы, енгізіліп отырған медициналық сақтандыру жүйесінің
тұрақты қызмет етуінің алғышарттарын қалыптастырады.
3.
МӘМС енгізу медицина
қызметкерлерін
Медицина қызметкерлерін«ынталандыру» немесе қосымша бейресми төлемдердің
себебі, бірінші кезекте, еңбекке ақы төлеуді теңестіру болып табылады.
«ынталандыру» мәселесіне
қалай септігін тигізеді?
Қазір таңда біліктілігі, тәжірибесі, дағдылары мен білімдеріне қарамастан бір
мамандандық дәрігерлерінің жалақысы бірдей.
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жағдайында пациенттердің өздері
таңдаған дәрігер көрсетілетін қызметтердің көлемі мен сапасына сәйкес (немесе
адекватты) жалақы алады.
Азаматтар жарналарды аудара отырып, өздерінің емдеуге жатуын немесе емханаға
жүгінуін төлеп отыр. Осыған байланысты, жүйенің қатысушылары, МӘМС жүйесі
белгілеген жарналардан басқа қосымша төлемдерді төлемеуі керек.
Осылайша, сақтандыру медицинасының біртіндеп дамуы медициналық көмекке
бейресми төлемдердің проблемасының өзектілігін жояды.
4.
Мен үш баланың анасымын,
ажырасқанмын, ресми түрде
жұмыс істемеймін, алимент
алмаймын, қосымша табыстар
болып тұрады. МӘМС қалай
төлеймін?
Біріншіден, Сіздің балаларыңыз үшін 18 жасқа дейін мемлекет Әлеуметтік
медициналық сақтандыру қорына аударымдарды жасайды.
Екіншіден, егер Сіз жұмыс істемесеңіз және 3 жасқа дейінгі баланы күтумен
айналыссаңыз, онда мемлекет сол кезеңге Сіз үшін де міндетті әлеуметтік
медициналық сақтандыру жүйесіне жарналарды төлейді.
Басқа жағдайларда медициналық көмек алу мүмкіндігін сақтап қалу үшін Сізге:
а) тұрғылықты жеріңіз бойынша жұмыспен қамту орталығына хабарласуыңыз
қажет, ол жерде сіздің біліктілігіңіз бен жұмыс тәжірибеңізге сәйкес жұмысқа
орналасуға болатын мүмкіндіктерді ұсынады. Егер ұсынылған ұсыныстармен
келіскіңіз келмесе, онда Сіз жұмыссыз деген статус аласыз және бұл жағдайда
мемлекет, белгіленген уақыт ішінде, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына Сіз
үшін аударымдар жасауды өзіне алады.
б) жеке кәсіпкер ретінде салық органдарында тіркеліп, 2017 жылдың 1 шілдесінен
ең төменгі екі жалақы мөлшерінен 5 пайыз жарна төлей аласыз;
в) егер Сізге алдындағы екі ұсыныс та келмесе, онда Сіз өзіңіз екінші деңгейдегі
банктер арқылы 2018 жылдың 1 қаңтарынан ең төменгі бір жалақыдан 5 пайыз
Достарыңызбен бөлісу: |