қарастыруға тиіс.
80.
Жаңа тарифтік саясат өзін-өзі
өтеушілік және медициналық
ұйымдарды одан әрі дамыту
үшін жағдайлар жасайды ма?
Ия, өйткені амортизациялық құрамдас бөлікті тарифтерге кезең бойынша қосу
жоспарлануда. Ол МС және қаражатты ұтымды үлестіру кезінде диагностиканың және
емдеудің жаңа технологияларын жаңартуға мүмкіндік береді.
81.
Біздің ауылдық жерлердегі
медициналық ұйымдар жаңа
жүйенің енгізілуіне дайын ба?
Міндетті әлеуметтік сақтандыру енгізумен ауылдық медицина деңгейінде түбегейлі
өзгерістер күтілмейді. Құрылымдық өзгерістер шеңберінде барлық ауылдық
медициналық ұйымдар, Міндетті әлеуметтік сақтандыру қоры үшін медициналық
қызметтерді беруші болып табылатын бір заңды тұлғаны ұсынады. Ауылдық
медицинаның амбулаториялық-емханалық бөлімі белгіленген КТС негізінде,
стационарлық – КШТ қолдану арқылы қаржыландырылады.
82.
МӘМС жүйесіне өту кезінде
стационарлардың ауруларды
қабылдау бөлмесі қалай
қаржыландырылады?
Ауруларды қабылдау бөлмесінің қызметтері, пациенттің келу уақытына және оның
денсаулығы күйіне байланысты екі санат бойынша төленеді. Біріншісі, ауруларды
қабылдау бөлмесінде көрсетілген қызметтерді сағат 3-ке дейін, екіншісі – 24 сағатқа
дейін орналасуға төлеуді көздейді.
83.
Айтыңызшы, медициналық
ұйымдарды жергілікті
атқарушы органдар деңгейінде
қаржыландыру сақталады ма
және қандай бағыттар
бойынша?
Жергілікті атқарушы органдар деңгейінде қоғамдық денсаулық және міндетті
сақтандыру және міндетті әлеуметтік сақтандыру қоры арқылы тегін медициналық
көмек көлеміне жүйесіне кірмейтін кейбір басқа да медициналық ұйымдарды
қаржыландыру сақталады.
84.
Жабдықтарды сатып алу мен
күрделі жөндеуге шығыстар
Қазақстан Республикасының 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық»
мемлекеттік денсаулық сақтауды дамытуға арналған бағдарламасына сәйкес
қалайша өтеледі?
медициналық қызметтердің тарифтерге негізгі қаражатын жаңартуға шығыстарды
кезең бойынша қосу жоспарлануда. Құны 100 млн. теңгеден астам құралдарға төлем
және күрделі жөндеу жергілікті атқарушы органлар есебінен жүргізілетін болады.
85.
Елімізде барлық халықтың
бірыңғай деректер базасы бар
ма?
Ия бар. Бұл мемлекеттің жеке және заңды тұлғаларының деректер базасы, сондай-
ақ Бекітілген халық тіркелімі. Жоғарыда атап өтілген базалардағы деректердің
негізінде міндетті сақтандыру жүйесі кезінде Сақтандырылған адамдар тізілімі
қалыптасады.
86.
МӘМС енгізу кезінде жеке
медицинаны дамыту мүмкін
бе?
2016 жылға республикалық бюджет қаражатынан 246 жеке меншік нысанындағы
медициналық ұйымдарымен шарт жасалған. МӘМС енгізумен, бәсекелестік ортаны
дамытуды ескере отырып, медициналық қызметтерді көрсетуге жеке медициналық
ұйымның басым бөлігі қатысады деп болжамдаймыз.
87.
МӘМС-тің қандай
халықаралық тәжірибесі бар?
Аралас сақтандыру моделін әлемнің 30 елі таңдады (Германия, Франция,
Жапония, Корея, Шығыс Еуропа елдері).
Мысалы, Чехияда денсаулық сақтауға жұмсалатын шығыстардың 80%-ы міндетті
медициналық сақтандыруға жарналар есебінен өтеледі, Францияда – 75%, Эстонияда
– 72%, Германияда - 66% және т.б.
Жұмыс берушілердің Міндетті әлеуметтік сақтандыру қорына жарналар
мөлшерлемесі Германияда 7,3%-ды, жұмыскерлер – 8,2%-ды құрайды, Словакияда,
сәйкесінше, 10% және 4%, Литвада 3% және 6%.
МӘМС енгізу Қазақстанға денсаулық сақтау шығыстарын 2017 жылы 28%-ға,
2018 жылы 54%-ға, 2019 жылы 58%-ға өтеуге мүмкіндік береді.
88.
Қазіргі кезде көптеген
мемлекеттік медициналық
Тегін медициналық кепілдендірілген көмек пакеттерінің және міндетті
сақтандыру шеңберіндегі медициналық көмек пакетінің шеңберінде қызметтер қазір
ұйымдар белсенді түрде
бизнеспен айналысуда:
медициналық қызметтердің
басым бөлігі, әсіресе
стационарлар ақшалай
көрсетіледі. Бұл қызметтер
ТМККК тізбесіне кірсе де,
бақылау жоқ, халық төлеп
жатыр, мемлекет керісінше
ақшалай табыстарды
мемлекеттік кәсіпорындарға
ынталандырады. МӘМС енгізу
кезінде жағдай қалай өзгереді?
де, міндетті әлеуметтік сақтандыру енгізумен де ақылы негізде көрсетілмеуі тиіс.
Барлық қажеттілік кепілдендіріліп, қамтамасыз етіледі. Алайда сұраныс ұсынысты
туындатады. Азаматтар нақты медициналық сақтандыруға жарналар төлеумен МӘМС
жүйесіндегі медициналық қызметтер спектрі мен көлемінің бір мезгілде артатынын
көргенде, ақылы қызметтерді тұтыну азаяды. «Міндетті әлеуметтік медициналық
сақтандыру туралы» Заңның 7-бабына сәйкес сақтандыру пакетіне, оның ішінде
амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді, жоғары технологиялық
қызметтерді қоса алғанда, жоспарлы стационарлық көмек, амбулаториялық-
емханалық көмек кіретінін еске саламыз.
Медициналық көмек түрлерін қайта бөлу Міндетті әлеуметтік сақтандыру
шеңберінде экономикалық белсенді емесхалық үшін мемлекеттің жарна мөлшерлерін
кезең бойынша арттыруды ескере отырып, тегін кепілдендірілген көмектен әлеуметтік
сақтандыру аясында жүзеге асырылады.
89.
Ертең барлық медициналық
ұйымдар МӘСҚ-пен
келісімшарт жасай алады ма?
Бұндай кепілдікті ешкім бере алмайды. Мысалы, егер бір қалада кардиология
бөлімшесі бар үш аурухана жұмыс істесе, онда Қор, біріншіден, қызметтерді сатып
алудың ең төменгі стандарттары мен талаптарына сәйкес келетін, және екіншіден, ең
сапалы және жоғары технологиялық медициналық қызметтерді көрсететін, заманауи
жабдықтарды, жоғары санатты мамандары бар және пациенттерге үздік жағдай
жасайтын медициналық ұйымды таңдауға құқылы.
Осылайша, Қор осы өңірдегі медициналық көмек түрлеріндегі нақты
сұраныстарға байланысты денсаулық сақтау объектілерінің желісін оңтайландыруды
және шығындарды азайту және олардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында
медициналық
ұйымдардың
ішінде
шеберлік-жоспарларды
оңтайландыруды
ынталандырады.
90.
Белгілі тұрғын орны жоқ
адамдар (БТЖА) қандай
Егер бұл санаттың адамдары медициналық көмекке жүгінсе, онда олардың
тарапынан Медициналық сақтандыру қорына аударымдары жоқ болса, олар тегін
медициналық көмекке сене
алады?
кепілдендірілген көмек шеңберіндегі медициналық көмекті алуға құқықтары бар.
2020 жылға дейін нәтижесіз жұмыспен қамтылған халық үшін бұл пакетке
амбулаториялық-емханалық және амбулаториялық-дәрілік көмек кіретін болады.
91.
Мамандандырылған
медициналық көмекке және
жоғары мамандандырылған
медициналық көмекке (ММК-
ке және ЖММК-ке) баға
белгілеу қаншалықты
өзгереді?
Мамандандырылған медициналық көмекке және жоғары мамандандырылған
медициналық көмек тарифтері, есептеудің халықаралық практикасын ескере отырып,
клиникалық-шығындық топтардың негізінде жетілдірілетін болады.
92.
Пациенттер басқа аудандарға
жүгінетін болса, Бекітілген
халықтың тіркелімі (бұдан әрі
– БХТ) рөл атқарады ма?
Пациенттерді ағымдағы бекіту және босату ережелеріне сәйкес, пациенттер
бекітілу орнын мынадай жағдайларда ауыстыра алады:
- Тұрақты немесе уақытша тұрғын орны, бір әкімшілік-аумақтық бірліктен тыс
жұмыс немесе оқуы ауысқан кезде;
- Медициналық-санитарлық алғашқы көмек ұйымын қайта құру немесе тарату
кезінде;
- Азаматтың дәрігерді және медициналық ұйымды еркін таңдауы кезінде жылына
бір реттен жиі емес;
- Жыл сайын 15 қыркүйектен 15 қарашаға дейін халықты медициналық-
санитарлық алғашқы көмек ұйымына тіркеу бойынша өткізілетін кампания
кезінде.
Егер пациент басқа өңірлерге жүгінсе, бірақ басқа өңірде тіркелсе, оған тек шұғыл
көмек көрсетіледі.
Сонымен қатар, тіркелмеген азаматқа медициналық көмек көрсету үшін медициналық
ұйымдардың арасында өзара есеп айырысуды іске асыру жоспарлануда.
93.
ММ меншік нысаны бар
Медициналық
көмек
көрсету
бойынша
қызметтерді
сатып
алу
медициналық ұйымдар қалай
қаржыландырылады және
шаруашылық жүргізу
құқығына (ШЖҚ) ауысу
қажеттілігі бар ма?
ұйымдастырушылық-құқықтық нысанындағы ұйым – мемлекеттік мекеме үшін жүзеге
асырылуы мүмкін емес. Осыған байланысты ұйымдастырушылық-құқықтық нысанын
өзгерту қажеттілігі бар.
Сонымен қатар, медициналық ұйымдарды ұйымдастырушылық-құқықтық
нысанға – шаруашылық жүргізу құқындағы мемлекеттік кәсіпорындарға ауысуы
медициналық ұйымдарда басқару мен менеджменттің жаңа корпоративтік тәсілдерін
енгізуді ынталандыруға көмектеседі (дербестікті дамыту).
94.
Егер жергілікті пациенттер өз
қалауы бойынша Алматы
қаласының медициналық
ұйымдарын таңдаса, онда
аудандық ауруханалармен не
болады?
Әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі кезінде қолданыстағы медициналық
ұйымдарды ерікті таңдау тетігі және «сапалы емге қомақты қаржы» принципі
сақталады. Бұл жағдайда, Алматы қаласында көмек көрсетілетін пациенттер үшін Қор
көмек көрсеткен медициналық ұйымға төлем жүргізеді. Сондай-ақ, ұсынылатын
қызметтер көлемінің өзгерістеріне байланысты шарттың құнын көбейту немесе азайту
тетігі көзделген. Аудандық ауруханалар тек осы мекемеде медициналық көмек алған
сақтандырылған адамдарға ғана төлем алады.
95.
Медициналық жабдықтарды
қалай және кім сатып алады
және бөледі?
Әлеуметтік медициналық сақтандыру енгізумен тарифтер қайта қаралады.
Құрамына, негізгі қордың жаңаруына жұмсалатын шығыстар, яғни амортизациялық
салымдар кезең бойынша енгізіледі. Медициналық техниканы сатып алу жөніндегі
тұжырымдамаға сәйкес, медициналық ұйым 5 млн. теңгеге дейін қажетті медициналық
жабдықты өз бетінше сатып ала алады, құны 5 млн.теңгеден 100 млн.теңгеге дейін
медициналық жабдықты «Қазмедтех» акционерлік қоғам арқылы лизингіге сатып
алуға болады (лизинг төлемдерін өтеумен), ал 100 млн-нан астам теңгеге сатып алулар
мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен бір орталықтан жүзеге асырылады. Одан
басқа, медициналық жабдықтарды жеткізушілерден медициналық жабдықтарды жалға
алу көзделуде.
96.
МӘМС жағдайында
медициналық көмектің көлемі
қалай жоспарланады?
Әлеуметтік медициналық сақтандыру жағдайында медициналық қызметтердің
көлемін жоспарлау, халықтың медициналық көмек түрлеріне деген қажеттіліктерінің
негізінде, Міндетті әлеуметтік сақтандыру қорының аумақтық бөлімшелерімен
бірлесіп, жергілікті атқарушы органдар деңгейінде жүзеге асырылады. Сонымен қатар,
демографиялық болжамдар және макроэкономикалық модельдер қолданылады, ҚР
стратегиялық құжаттарының артықшылықтары және Қордың қаржылық мүмкіндіктері
ескеріледі.
97.
Сақтандыру жағдайының құны
қалай өтеледі? КШТ бойынша
ма, әлде нақты шығыстар
бойынша ма?
Медициналық қызметтерді жеткізушілерге бәсекелестік ортаны құруға
бағыттықты және жалпы денсаулық сақтау жүйесінің қаржылық тұрақтылығын
қамтамасыз етуді ескере отырып, әлеуметтік сақтандыру жағдайында медициналық
қызметтерді төлеудің қолданыстағы тәсілдерін, оның ішінде стационарлық
қызметтерді төлеу тәсілін одан әрі жетілдіру.
Ынталандырушы компонентімен қоса, жан басына шаққандағы қаржыландыру
жүйесі амбулаториялық деңгейде дамытылады, пациенттердің ықыласында
медициналық қызметтердің кешенділігі мен мұрагерлігін қамтамасыз ету үшін
қызметтердің аралас тарифтерін қалыптастыру үйретіледі;
– Стационарлық деңгейде, есептеудің халықаралық практикасын ескере отырып,
клиникалық-шығындық топтардың негізінде тарифтері жетілдірілетін болады;
– Сондай-ақ, ауруларды басқарудың енгізілетін тұжырымдамасы шеңберінде,
кейбір жағдайларда медициналық көмек көрсетудің барлық деңгейі біріктірілген
тарифтер
қарастырылады:
медициналық
–санитарлық
алғашқы
көмектен
стационарлық емдеуге және одан кейінгі оңалтуға дейін, әсіресе, қымбат тұратын
диагностика және емдеу технологиясын қолдану жағдайларында.
98.
1996-1998 жылдардағы
ММСҚ-ның сәтсіз жұмыс
тәжірибесі біздің есімізде.
Қоғамда жүзеге асырылатын кез келген өзгерістердің өз жағымды және жағымсыз
жақтары бар.
1996-1998 жылдарда сақтандыру медицинасын құру тәжірибесін сын көзбен ғана
Осындай жағдай қазір де
қайталанбайтынына кепілдік
бар ма?
қабылдауға болмайды, оның сөзсіз жақсы жақтары бар.
Бұл реформаның ең басты нәтижесі экономикадан қосымша қаражатты тарту
есебінен денсаулық сақтау жүйесі объектілерінің желісін және медициналық көмектің
барлық ел халқына қолжетімділігін сақтау болып табылады.
Мысалы, осындай мамандандырылған бағдарламаның болмауы мектепке дейінгі
балалар мекемелерін жекешелендіруге әкеп соқты, оның салдары осы күнге дейін
сезіледі.
Одан басқа, 90-жылдардағы экономикалық ахуал ағымдағы жағдаймен
салыстыруға келмейді.
20 жыл бұрын көптеген кәсіпорындар күрделі қаржылық қиыншылықтарға тап
болғаны бәріміздің есімізде, олардың көбісі банкротқа ұшыраған, еңбекақы бойынша
үлкен қарыздар жинаған. Экономикалық дағдарыс жаппай, оның ішінде медициналық
сақтандыру қорына төлемеудің негізгі себебі болды.
Қордың жағдайы экономикалық белсенді емес халық үшін тұрақты
аударымдарды қамтамасыз етуге қаратылған жергілікті атқарушы органдардың да
қиын жағдайға тап болғанына байланысты күшейе түсті.
Бүгінгі таңда біз экономикадағы жұмыспен қамтудың елеулі өсімін белгілейміз.
Отандық кәсіпорындарда 6,5 млн-нан астам жалданған жұмыскерлер еңбек етуде, ай
сайын жұмыс берушілер Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына 53 млрд.теңге және
өз жұмыскерлерінің пайдасына Әлеуметтік сақтандыру қорына 23 млрд. теңге
аударады. Белсенді емес халық үшін Қорға салымдарды төлеу бойынша
міндеттемелерді мемлекет өз мойнына алатынын атап өткен жөн.
Осының барлығы, жалпы, енгізіліп отырған медициналық сақтандыру жүйесінің
тұрақты қызмет етуінің алғышарттарын қалыптастырады.
99.
ҚР-да жұмыс істейтін
шетелдіктерге, еңбекші
мигранттарға медициналық
«Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасы
Заңының 2-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында
тұратын шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар, сондай-ақ оралмандар, егер
көмек қалай қамтамасыз
етіледі?
басқасы
қолданыстағы
заңмен
көзделмесе,
Қазақстан
Республикасының
азаматтарымен бірдей құқықтарды қолданады және міндетті әлеуметтік медициналық
сақтандыру жүйесінде міндеттемелерді атқарады. Еңбекші мигранттарға медициналық
көмек мемлекетаралық келісімдер шеңберінде көрсетіледі. Егер мұндай келісімдер
болмаса, онда еңбекші мигранттар ерікті медициналық сақтандыру шеңберінде және
ортаға қауіп төндіретін аурулар кезінде тегін медициналық көмек алады.
100.
Патент бойынша жұмыс
істейтін жеке кәсіпкерлер
МӘСҚ-қа жарналарды қалай
төлейді?
Патент негізінде арнайы салық режимін қолданатын жеке кәсіпкерлер жарналарды
санауды және төлеуді өз бетінше, Қор шотына екінші деңгейдегі банктер арқылы
қаражатты тікелей аудару жолымен, патенттің құнын төлеу үшін Қазақстан
Республикасының салық заңнамасы қарастыратын мерзімде жүзеге асырады.
Патент негізінде арнайы салық режимін қолданатын жеке кәсіпкерлердің жарнасы
2017 жылдың 1 шілдесінен бастап 2 төменгі айлық жалақыдан 5 пайызды құрайды.
101.
Әлеуметтік-мәні бар аурулар
санатына не кіреді және олар
қалай қаржыландырылады?
Әлеуметтік-мәні бар ауруларға мыналар жатады: туберкулез, адамның иммун
тапшылғы және оны тасушысынан туындаған ауру, В, С вирустық гепатиті, қатерлі
ісіктер, қант диабеті, психикалық бұзылу және мінез-құлықтың бұзылуы, балалардың
церебралдық параличі, миокард инфаркті (алғашқы алты ай), ревматизм, дәнекер
тіндердің жүйелік зақымдалуы, орталық нерв жүйесінің тұқым қуалайтын-
дегенерациялық аурулары, орталық нерв жүйенің демиелиндену аурулары.
Сондай-ақ, айналадағылар үшін қауіп төндіретін аурулар санаты бар. Оларға
жататындар: адамның иммун тапшылығы вирусы және оны тасушысынан туындаған
аурулар, Конго-Крым геморрагиялық қызбасы, дифтерия, менингококтық инфекция,
полиомиелит, жыныстық жолымен берілетін инфекциялар, алапес, безгек, күйдіргі
(жеңіл түрі), туберкулез, тырысқақ, оба, іш сүзегі, вирустық гепатит, психикалық
бұзылу және мінез-құлықтың бұзылуы.
Әлеуметтік-мәні бар аурулармен ауыратын азаматтарға медициналық ұйымдардағы
медициналық көмек тегін кепілдендірілген медициналық көмек шеңберінде
көрсетіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |