көлемінде салым жасай аласыз.
5.
Айтыңызшы, ҚР барлық
аумағы бойынша кез келген
өңірде сақтандырылған
азаматтарға, мысалы, іссапарға
келгендер, демалыстағы
адамдарға медициналық
қызметтер көрсетіле ме? Әлде
тек тіркелген тұрғылықты жері
бойынша ғана көрсетіле ме?
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру пакеті шеңберінде көрсетілетін
медициналық қызметтер, сақтандырылған азаматтың тұрғылықты жері бойынша ғана
емес, республиканың кез келген аумағында көрсетіледі.
6.
Маусымдық жұмыстарда
немесе тұрақты жұмысы жоқ
азаматтардың, еңбекші
мигранттардың табыстары
қалай есептеледі?
Азамат жұмыс жасаған кезеңінде өзінің табысынан аударым жасап отырады,ал
жұмыс болмаған кезде:
2018 жылдың 1 қаңтарынан ең төменгі жалақының 5 пайызы мөлшерінде жарна
аударады,
не тұрғылықты жері бойынша Жұмыспен қамту орталығына жұмыссыз ретінде
тіркелу үшін жүгінуге тиіс. Бұл жағдайда оның орнына жарналарды мемлекет
аударады.
7.
ҚР-да жұмыс істейтін
шетелдіктер, дипломатиялық
өкілдіктерде, шетелдік
мемлекеттердің
консулдықтарында,
хлықаралық және мемлекеттік
мекемелерінде, шетелдік және
«Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасы
Заңының 2-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында
тұратын шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар, сондай-ақ оралмандар, егер
басқасы
қолданыстағы
заңмен
көзделмесе,
Қазақстан
Республикасының
азаматтарымен бірдей құқықтарды қолданады және міндетті әлеуметтік медициналық
сақтандыру жүйесінде міндеттемелерді атқарады. Еңбекші мигранттарға медициналық
көмек мемлекетаралық келісімдер шеңберінде көрсетіледі. Мысалы, Еуразиялық
қазақстандық үкіметтік емес
ұйымдарда жұмыс істейтін
тұлғалар, еңбек
мигранттарына медициналық
көмек қалай қамтамасыз
етіледі?
кеңістіктің бес елінің (Ресей, Қазақстан, Қырғызстан, Армения және Беларусь)
аумағында шұғыл және кезек күттірмейтін медициналық көмек тегін негізде
көрсетіледі. Егер осындай келісімдер болмаса, онда еңбекші мигранттар ерікті
медициналық қызмет аясында көмек алады, ал айналасындағыларға қауіп төндіретін
аурулар кезінде тегін медициналық көмек алады.
Дипломатиялық өкілдіктерде және оған теңестірілген шетелдік консулдықтарда
жұмыс істейтіндер 2017 жылдың 1 шілдесінен аударылған табысының 5 пайызын
төлейді.
Халықаралық келісімдерге сәйкес салық агенті болып табылмайтын, халықаралық
және мемлекеттік ұйымдарда, шетелдік және қазақстандық үкіметтік емес ұйымдарда
және қорларда жұмыс істейтін тұлғалар 2017 жылдың 1 шілдесінен табысының 5
пайызын төлейді.
8.
Жұмыссыздарға, өзін-өзі
нәтижесіз жұмыспен
қамтығандарға және елдің
экономикалық белсенді емес
халқының басқа да санатына
медициналық көмек қалай
қамтамасыз етіледі? Елімізде
олардың саны қанша?
Статистикалық деректер бойынша, өзін-өзі нәтижесіз жұмыспен қамтыған
азаматтардың саны ҚР-да қазіргі таңда 500 мыңнан астам адамды құрайды. Бұл халық
санаты 2020 жылға дейін, амбулаторлық-емханалық көмек пакетін алады. Бірақ оған
жоспарлы госпитализация кірмейді, яғни адамның өмірі мен денсаулығына қауіп
төнген жағдайларда ғана медициналық көмекке иек арта алады.
Сонымен қатар, бұл халықтың санатына төмендегідей мүмкіндіктер ұсынылады:
а) тұрғылықты жері бойынша жұмыспен қамту орталығына хабарласуына болады,
ол жерде сіздің біліктілігіңіз бен жұмыс тәжірибеңізге сәйкес жұмысқа орналасуға
болатын ұсыныстар болады. Егер ұсынылғандар сәйкес келмесе, онда Сіз жұмыссыз
деген статус аласыз және бұл жағдайда мемлекет, белгіленген уақытқа Әлеуметтік
медициналық сақтандыру қорына Сіз үшін жарналарды төлеу бойынша міндеттемені
өз мойнына алады.
б) жеке кәсіпкер ретінде салық органдарында тіркеле аласыз және Сіз мәлімдеген
табыстың немесе табыс болмаған жағдайда 2 ең төменгі жалақының 5%-ы
мөлшерінде 2017 жылдың 1 шілдесінен салымдар жасай аласыз.
в) егер Сізге алдындағы екі ұсыныста келмесе, онда Сіз өзіңіз екінші деңгейдегі
банктер арқылы 2018 жылдың 1 қаңтарынан бір төменгі жалақы мөлшерінен 5 %-ы
мөлшерінде Медициналық сақтандыру қорына аударымдар жасай аласыз.
9.
МӘМС кезінде төлеуші
қайтыс болған жағдайда
жиналған қаражатты
туыстарына беру
қарастырылған ба?
Жоқ, қарастырылмаған, әлеуметтік медициналық сақтандыру жинақтаушы жүйе
болып табылмайды. Әрбір төлеуші жарналарының сомасына қарамастан, халықтың
барлық санатына медициналық қызметтерге бірдей жұмсалады.
10.
МӘМС шеңберінде Адамның
иммун тапшылығы вирусы
инфекциясына қатысты:
механизмі қандай, сақтандыру
тізбесіне кіреді ме,
қаржыландыру және т.б.
(қаншалықты әсер етеді)?
Әлеуметтік мәні бар аурулардың тізіміне кіретіндіктен, адамның иммун
тапшылығы инфекциясына байланысты көрсетілетін медициналық қызметтердің
шығынын өтеу тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде
ұсынылады және сақтандыру пакетінің кеңеюіне қарай Қорға беріледі.
11.
Балалар неше жасқа дейін
ММС жүйесіне төленетін
жарналардан босатылады?
18 жасқа дейінгі балалар, жоғарғы оқу орнының студенттері және оқу аяқталғанға
дейін техникалық және кәсіби білімнің күндізгі оқудағы оқушылар Міндетті
әлеуметтік сақтандыру қорының жарналарынан босатылған.
12.
МӘМ сақтандыруда
санаторийлік-курорттық ем
алу қарастырылған ба?
Жоқ, санаторийлік-курорттық ем көзделмеген. Бірақ, әлеуметтік медициналық
сақтандыру шеңберінде, сақтандыру қаражаты есебінен бірқатар аурулар (инсульт,
инфаркт, онкология, трансплантология) бойынша оңалту көмегін кеңейту болжануда.
13.
Қазақстанның медициналық
сақтандыру қорымен аумақтық
белгісі бойынша шарт жасаған
медициналық ұйымдар туралы
Медициналық сақтандыру қорының ресми сайтында Қормен келісім-шарт жасаған
медициналық ұйымдардың тізбесі орналастырылатын болады, қордың ақпараттық
қызметтерінде де ақпарат алуға болады.