Қолданылған әдебиеттер:
Негізгі (1-7);
Қосымша (1-4).
6-ТАҚЫРЫП ҚҰРЫЛЫСТАҒЫ ШЫҒЫНДАР ЕСЕБІ ЖƏНЕ ҚҰРЫЛЫС-МОНТАЖДАУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ӨЗІНДІК ҚҰНЫН КАЛЬКУЛЯЦИЯЛАУ
6.1. Шығындар есебінің мәні және жіктелуі
Жалпы кəсіпорын немесе оның бөлімшелері өндірісінің тиімділігін сипаттайтын көрсеткіштер жүйесінде басты орынды өнімнің өзіндік құны алады. Өзіндік құн құрамы оны құрайтын шығындармен анықталады.
Құрылыс саласында өндіріс шығындарын басқару — күр-делі процесс. Өзінің мəні жағынан ол кəсіпорынның бүкіл қызметін басқаруды білдіреді, өйткені болып жатқан өндіріс процестерінің барлық жақтарын қамтиды.
Шығындар есебі мəнінің көпшілік қабылдаған анықтамасы, бұл — шығындар есебі кəсіпорында белгілі уақыт аралығында болған жабдықтау, өндіріс жə не өнім өткізу процестерін, оларды сандық өлшеу, заттай жəне құнды көрсеткіштермен тіркеу, топтастыру жəне талдау арқылы көрсетуге бағытталған шаралар жиынтығы болып табылады. Мұндай көрсету кəсіпорынды (немесе кəсіпорындар бірлестігін) басқару мен оның қызметін қаржы нəтижелерін анықтау арқылы бағалауға қажетті мəлімет алуды қамтамасыз етеді.
Бірақ , мұндай тəсіл басқару есебінің даму барысында жəне дамыған өндірістік есеп теориясында пайдалану бағыттары бойынша шектелген. Біздің ойымызша , өндіріске жұмсалған шығындар есебінің маңызын анықтау, техникалық жағынан басқа, өндіріске жұмсалған шығындар есебін түрлендіруді немесе басқару есебінің өндірістік қызметін ұйымдастыруға əр-түрлі тəсілдерді қамтуы тиіс. Осылайша , шығындар есебінің мазмұнын анықтау кəсіпорындарда оны ұйымдастыруды үл-гілеудің шынайы алғышарттарын жасайды. Басқарудың кері процесіне сəйкес, есеп ақпараттық жүйе ретінде тек қана іс-əре-кетті ғана емес, сондай-ақ болашақта кəсіпорын экономикасын белгілі бір бағыт үшін ақпараттар дайындайды.
Егер өндіріске жұмсалған шығындар есебі басқару үлгісіне сəйкестендіріліп бұрынғы, қазіргі жəне болашақтағы өндірістік қызметі нəтижелері мен шығындарын пайдалануды көрсету процесі ретінде қарастырылса, онда есептің мұндай жүйесі өзіндік құнды басқарудың негізгі міндеттеріне сəйкес келеді.
Нақты бір кəсіпорынның өндіріске жұмсалған шығындары есебінің негізгі міндеттері:
кəсіпорын əкімшілігін басқару шешімдерін қабылдау үшін ақпаратпен қамтамасыз ету;
болашақтағы экономикалық стратегияны қалыптастыру мен ауыртпашылықтарды табу мақсатында нақты шығын дең-гейін мөлшерлі жəне жоспарлы шығындармен салыстыра оты-рып бақылау;
дайын өнімді бағалау жəне қаржылық нəтижелерді есептеу үшін шығарылатын өнімнің өзіндік құнын есептеу;
құрылымдық бөлімшелердің өндірістік қызметінің эконо-микалық нəтижелерін анықтау жəне бағалау;
ұзақмерзімді сипатқа ие, өндірістік жəне технологиялық бағдарламалардың өзін-өзі ақтауы, өнім түрлерінің пайдалы-лығы, негізгі қорлар мен өндірістік қосалқыларға салынған күр-делі салымдардың тиімділігі туралы шешімдер қабылдау үшін өндірістік қызметті басқару есебінің ақпараттарын жүйелендіру.
Кез келген өнімді (жұмыс, қызмет) өндіру белгілі бір шы-ғындармен байланысты. Сондықтан да шығындарды жіктеу өн-дірістік есептің маңызды элементі болып табылады. Əдетте, топ-тау қағидаларына калькуляция баптарының номенклатурасы сəйкес келеді. Өзіндік шығындарды дұрыс есептеу үшін оның ғылыми негізделген жіктелімі аса қажет. Құрылыс саласында шығындарды өндірістік үрдістің барлық жағын қамти отырып, яғни оның ерекшеліктеріне қарай белгілі бір топқа жатқыза отырып, орындау қажет.
Өндірілген өнімді калькуляциялау жəне бағалау үшін шы-ғындар былай топталады:
— негізгі — өндірістің технологиялық процесімен тікелей байланысты (шикізатты, технологиялық қажеттіліктерге кеткен материалдық шығындар, негізгі өндірістік жұмысшыларға жа-лақы төлеу, машиналар мен құрал-жабдықтарды ұстау мен пай-далануға кеткен шығындар т.б.);
— үстеме шығындар (өндірісті ұйымдастыру, оған қызмет ету жəне басқарумен тікелей байланыста пайда болады);
— тікелей — өнімнің нақты бір түрін өндірумен байланысты жəне оның өзіндік құнына тікелей кіреді;
— жанама шығындар жекелеген өнім түрлерінің құнына тікелей емес, жанама түрде бөлінеді. Олар өнімнің өзіндік құ-нына əртүрлі əдістердің көмегімен (ставка, пайыз, коэффи-циенттер) жанама жолмен қосылады;
— кірістік шығындар — қолда бар жəне сатып алынған ресурстар, келешекте табыс əкелуі ықтимал;
— өткен шығындар, олар келешекте табыс əкелу қабілетін жойған ресурстар.
Тəжірибеде шығындар келесідей топтастырылады:
— құрамы бойынша;
— түрлері бойынша;
— өндіріс процесіндегі экономикалық рөлі бойынша;
— өнімнің өзіндік құнына жатқызу тəсілі бойынша;
— өндіріс көлемі бойынша;
— шығындардың тиімділігі бойынша.
Құрамы бойынша бірэлементті жəне кешенді шығындар деп жіктеледі. Бірэлементті шығындар — бір элементтен тұратын шығындар (еңбекақы, материалдар, ақша аударулар). Кешенді шығындар — бірнеше элементтен тұратын шығындар (барлық элементтер кіретін цехтық шығындар).
Шығындардың түрлері бойынша шығындар екі топқа топ-тастырылады — шығындар элементі бойынша жəне кальку-ляция баптары бойынша.
Шығындардың экономикалық мазмұнына сəйкес, құрылыс кəсіпорынының өндірістік жəне коммерциялық қызметтерде орын алатын шығындары келесі элементтері бойынша топтасты-рылады:
— материалдық шығындар;
— еңбекті өтеуге жұмсалатын шығындар;
— əлеуметтік қажеттіліктерге ақша аударулар;
— құрал-жабдықтардың тозуы (амортизация);
— басқа да шығындар.
Сонымен, пайда болу орны бойынша жіктелетін шығындар жиынтығы нақты өндіріс көлемінің шығындар сметасын құруға, құрылыс кəсіпорынының қызметінің сапалық көрсеткіштерін анықтауға, сондай-ақ өнімнің (жұмыстың, көрсетілген қызмет-тің) өндірістік өзіндік құнын белгілеуге мүмкіндік береді.
Мердігерлік құрылыс кəсіпорынының шығындары келесі баптар бойынша топтастырылады:
— материалдар;
— жұмысшының еңбегін өтеуге кеткен шығындар;
— құрылыс машиналары мен тетіктерін ұстау мен пайдалану бойынша шығындар;
— үстеме шығындар;
— өндірістік жұмысшылардың еңбекақысы.
Өндіріс процесіндегі экономикалық рөлі бойынша шығын-дар негізгі жəне қосымша деп екіге бөлінеді:
— негізгі шығындар — өндірістің технологиялық процесі-мен тікелей байланысты негізгі шығындар (шикізат пен мате-риалдар, қосалқы материалдар);
— қосымша шығындар — өндірісті ұйымдастыру мен оған қызмет етуге оны басқарумен байланысты пайда болатын шы-ғындар. Үстеме шығындар өз кезегінде өндірістік жəне өнді-рістік емес, тұрақты жəне айнымалы шығындар деп бөлінеді.
Өндірістік үстеме шығындарға: өндірістік құрылыс жайлар мен құрылыс-жабдықтарды, ағымдағы күтумен, жөндеумен байланысты шығындар, қосалқы материалды қалпына келтіру бойынша шығындар, жұмысшылардың əлеуметтік салықтық аударымдары бар еңбекақы шығындары, құрылыс кəсіпоры-нының өндірістік бөлімшелерін жылумен, жарықпен қамтама-сыз етумен байланысты шығындар жəне ақау жатады.
Өнімнің өзіндік құнына жатқызу тəсілі бойынша тікелей жəне жанама деп бөлінеді. Тікелей шығындар — өнімнің белгілі бір түрін өндіруге байланысты, оның өзіндік құнына тура жəне тікелей кіруі мүмкін (шикізат, материалдар, аударымдар). Жана-малар — өнімнің жеке түрлерінің өзіндік құнына тікелей енгізіл-мейтін жəне жанама түрде болып бөлінеді.
Құрылыс кəсіпорынындағы бекітілген əдіснама негізінде анықталып, белгілі бір мөлшерде өнімнің өзіндік құнына жат-қызылады.
Өндіріс көлеміне байланысты айнымалы (өзгермелі) жəне тұрақты деп бөлінеді. Айнымалы шығындар — мөлшері өндіріс көлемінің өзгеруіне тура сайма-сай (пропорционалды) өзгеретін-дер (өндірістік жұмысшылардың еңбекақысы, технологиялық энергия, жəне т. б.). Əдетте, айнымалы шығындарға шикізаттар мен негізгі материалдардың шығындарын, негізгі өндірістік жұмысшылардың еңбекақысын, айнымалы өндірістік шығын-дарды жатқызуға болады. Тұрақты шығындар — өнім өндірісі көлемінің өзгеруіне байланысты емес шығындар (жылыту, өн-дірістік бөлмеге жарық беру, амортизация).
Осыған байланысты өнімнің өзіндік құнының үш түрі бар:
— толық өндірістік өзіндік құн — баға белгілеу мен жедел шешімдерді қабылдағанда қолданылады;
— тікелей (жартылай) өндірістік өзіндік құн — белгілі бір жағдайда бағалық саясатты жүргізгенде жəне жедел шешімдерді қабылдағанда қолданылады;
— жауапкершілік орталықтары бойынша өзіндік құн — жауапкершілік атқарушылар қызметін жоспарлау мен бақылау жүргізгенде қолданылады.
Құрылыс өнімдерінің толық өзіндік құнына өндіріске кеткен барлық ресурстар кіреді. Ол есеп объектісіне келетін тікелей шығындардың сомасы мен объектіге қатысты жанама шығындар сомасынан құралады.
Құрылыс өнімдерінің тікелей (жартылай) өндірістік өзіндік құнын анықтағанда тікелей шығындар негізге алынады. Бұл шығындарды бағалау əдісін қолданғанда, тікелей шығындар дайын өнімдердің өзіндік құнына кіреді, ал жанама шығындар толық ағымдағы жылдың жалпы қаржылық нəтижелеріне апа-рылады. Осылайша, тұрақты шығындар аяқталмаған өндірісті бағалауға кірмейді.
Құрылыс кəсіпорындарының барлық жауапкершілік орта-лықтары бойынша өзіндік құн жауапкершілік атқарушылар қыз-метін жоспарлау мен бақылау жүргізгенде қолданылады. Негізгі есептің бірлігі мен шығындарды бағалау объектісі ретінде жа-уапкершілік орталық болып табылады.
Өндіріс шығындарының аналитикалық есебі өнімнің бір өл-шемінің іс жүзіндегі өзіндік құнын есептеуді қамтамасыз етуге арналған. Бұл əрбір калькуляциялық (есептік) объектіге ашыл-ған карточкалар немесе арналған ведомост арқылы жүзеге аса-ды. Осы ведомостарда (карточкаларда) шығындардың баптары, ал баяндауыш ведомостарда айдың басы мен соңындағы цехтар бойынша аяқталмаған өндіріс қалдықтары, ай ішіндегі шығын-дар, дайын өнімді, түпкілікті ақауды, аяқталмаған өндіріс жетіспеушіліктерін, қайтымды қалдықтарды есептен шығару жəне басқа да есептен шығарулар көрсетіледі . Ведомостарға (кар-точкаларға) тиісті мəліметтерді жазу үшін қажетті құжаттар мен талдамалық кестелер негіз болады. Ведомостар (карточкалар) бойынша жиынтық əр цех бойынша көрсетіледі, ал аяқталмаған өндіріс қалдықтарының сомасы бас кітапта көрсетілген 8010 шоты бойынша қалдықтарға тең болуға тиіс. Өндіріске жұм-салған шығындарды есепке алу ведомостарының (карточкала-рының) деректері бойынша шығарылған өнімнің нақты өзіндік құны айқындалады. Соңғысын өнімге қоса тіркелген қағаз (накладной ) арқылы қоймаларда кіріске алады. Өндірілген өнім-нің құнына 1320 «Дайын өнім» шоты дебеттеледі жəне 8010 шо-ты кредиттеледі. Ал көрсетілген қызметке 7010 шоты дебетте-леді де, 8010 шоты кредиттеледі.
Достарыңызбен бөлісу: |