Қолданылған әдебиеттер:
Негізгі (1-7);
Қосымша (1-4).
5-ТАҚЫРЫП МЕХАНИЗАЦИЯЛАНҒАН ҚҰРЫЛЫС-МОНТАЖ ЖҰМЫСТАРЫ ШЫҒЫНЫНЫҢ ЕСЕБІН ҰЙЫМДАСТЫРУ
5.1. Негізгі құрылыс нысанындағы аяқталмаған өндіріс
Құрылыс-монтаж жұмысындағы аяқталмаған өндіріске мер-дігерлік кəсіпорынмен орындалып, есепті кезеңнің соңында тап-сырушыға өткізілмеген құрылыс-монтаж жұмысы жатады. Аяқ-талмаған өндіріс құрамы тапсырушының қабылдап алған ке-зеңіндегі жасалған есептеулерімен тығыз байланысты.
Құрылыс-монтаж жұмыстарының, кезекті айналымдық жұ-мыстардың толық аяқталғанымен тапсырыс беруші мемлекеттік қабылдау комиссиясының қабылдау туралы актісіне қол қойыл-ғанға дейін өндіріс аяқталмаған болып табылады.
Жалпы бас мердігердің есебінде аяқталмаған құрылыс жұ-мыстарының көлемімен бірге, субмердігерлердің өткізілген жұ-мысының көлемі бірге болуы бас мердігердің құрылыс-монтаж жұмысын тапсырушыға өткізген күнге дейін жұмыс көлемінде тұруы шарт.
Егер бас мердігермен жасаған келісімде тапсырушы кезең ішіндегі аяқталмаған жұмысты аяқталған жұмыс түрінде қабыл-даса, онда ол тапсырыс берушінің есебінде аяқталмаған өндіріс болып табылады. Аяқталмаған өндіріс есебіне құрылыс-монтаж жұмыстарының бас мердігердің еркімен қойылған көтеріңкі ба-ғасы немесе келісімде жоқ жұмыс көлемінің құны жатқызыл-майды. Бұл жағдай құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталып өткі-зілген кездегі қорытынды есепте қаралады. Ал кезең ішіндегі құрылыстағы ақау үшін шеккен зиян сомасы бөлек есептелу керек, өйткені ол сома сметалық құнның ішінде қаралмаған. Əр-бір құрылыс кəсіпорыны аяқталмаған өндіріс сомасының көле-мін нақты бағасымен есептейді. Осыған байланысты бас мерді-гер аяқталмаған өндірісті əртүрлі бағамен есептеуі мүмкін. Яғ-ни, өз күшімен істелген жұмыс бағасымен, субмердігерден қа-былданған бағасымен жəне сметалық бағасымен есептейді.
Егер құрылғы желілері немесе монтаждау жұмыстары баста-лып, есепті кезеңде аяқталмаған жағдайда құрылыс-монтаж жұмысының аяталмаған өндірісіне түгендеу актісі толтырылып, құрылғы желілері немесе монтаждау жұмыстарының түрлері көрсетіледі. Орындалған құрылыс-монтаж жұмыстары жөнін-дегі оперативтік есепті жəне түгендеу актісін негізге ала отырып сол кезеңге № 3 үлгідегі орындалған құрылыс-монтаж жұмыста-рының сметалық құнына анықтама толтырылады. Анықтамада есепті кезең ішіндегі орындалған құрылыс-монтаж жұмыста-рының жалпы көлемі жəне есепті айдағы көлемі əрбір құрылыс нысандары бойынша таратылып көрсетіледі. Бұл анықтаманы əрбір ай сайын субмердігер бас мердігерге, бас мердігер тап-сырушыға есеп жүргізу тəртібіне орай, келісілген мерзімде өт-кізіп отыруы шарт.
Достарыңызбен бөлісу: |