1-тақырып қҰрылыстағы бухгалтерлік есепті ұйымдастыру


«Құрылыс машиналары мен механизмдерін пайдалану шығындары» бабы бойынша шығын есебі



жүктеу 442,5 Kb.
бет15/29
Дата12.09.2020
өлшемі442,5 Kb.
#31401
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   29
6. Краткое содержание лекций

5.2. «Құрылыс машиналары мен механизмдерін пайдалану шығындары» бабы бойынша шығын есебі
Құрылыс жұмыстарының қарқындылығы оның механиза-циялануы мен автоматизациялануына тəуелді. Технологиялық процестің өсуіне байланысты құрылыс объектілерінің жалпы өзіндік құнында жұмысшылардың еңбекақысының азаюы есе-бінен құрылыс машиналарын ұстау мен пайдалану үлесі өседі.

Осының бəрі құрылыс машиналарын пайдалану бойынша шығындарды бөлек бапта есептеуді талап етеді. Құрылыс ма-шиналары мен механизмдерін ұстау жəне пайдаланудың есебін бөлек жүргізу осы мақсатқа жұмсалған шығындарды қадағалап отыру мен оларды объектілер арасында дұрыс бөлуге мүмкіндік береді.

Құрылыс машиналары мен механизмдерін пайдаланудың əртүрлі формалары бар. Құрылыс машиналары мен механизм-дері құрылыс кəсіпорындарының жеке меншігі болып, оның балансында саналуы мүмкін. Бұл жағдайда оларды пайдала-нудың шығындары 1 ай ішінде жиналып, 8030 «Көмекші өн-діріс» шотының «Құрылыс машиналары мен механизмдері» де-ген субшотында — əр құрылыс бөлімшелерінде, ай соңында осы құрылыс бөлімшелерінің орындаған жұмыстарының өзіндік құнына апарылып, «Құрылыс машиналары мен механизмдерін пайдалану бойынша қор» деген бапта есептеледі.

Кейбір мердігер кəсіпорындарда құрылыс машиналары мен механизмдерін пайдалану үшін басқа, өз бетінше жұмыс атқа-ратын құрылымдық бөлімше құрылады. Осындай машиналар құрылыс-монтаждау бөлімдеріне берілгеніне қарамастан, маши-нистер механизация бөлімшесіндегі персоналдар құрамында бо-лып саналады. Сондықтан, машиналарды пайдалану бойынша шығындар деңгейіне механизациялау бөлімі жауапты.

Құрылыс-монтаждау бөлімшесі оған берілген техниканы то-лығымен пайдаланып, оның сол объектіде болу уақытын азай-туға тырысады, сонда ол бөлімше машиналарды пайдалану бойынша өз шығындарын азайтады. Бұл жағдайда 8030 шоттың «Құрылыс машиналары мен механизмдерін пайдалану» субшо-тында соған сəйкес шығындар жиналып, сол бөлімнің құрылыс-монтаждау жұмыстарының өзіндік құнына, олар механизация бөлімінің қызмет көрсетуі ретінде жоспарлы өзіндік құны түрінде апарылады. Ең соңында жоспарлы өзіндік құн болып жазылады.

Құрылыс машиналарын қолдануды жақсарту мақсатында олар механизация басқармасына (трест) біріктірілуі мүмкін. Мердігер кəсіпорындар механизация басқармасының қызметінің құнын 8010 шоттың дебетінде «Құрылыс машиналары мен ме-ханизмдерін пайдалану шығындары» бабында, 3310 шоттың кредитінде көрсетеді.

Егер мердігер к əсіпорын машиналарды жалға алса, онда жалдың есебі 8030 «Көмекші өндіріс» шотының «Құрылыс машиналары мен механизмдерін пайдалану» субшотында жəне басқа шығындарына қосылып, осы машинаның қызметінің құ-нына апарылады.

Егер механизация жұмыстарын субмердігер орындаса, онда олар машиналарды пайдаланумен байланысты барлық шығын-дарды өз шотында есепке алады. Құрылыс кəсіпорындары механизмдерді басқару шотының негізінде, оның қызметінің құнын 8010 «Негізгі өндіріс» шотының дебетінде, 3310 «Жаб-дықтаушылар мен мердігерлердің қысқамерзімді кредиторлық берешегі» шотының кредитінде, «Субмердігерлерден қабылдан-ған жұмыстың құны» бабында есепке алады.

Жеке меншік құрылыс машиналары мен механизмдерін пай-далану шығындарын басқа жақтың механизмдерінің қызметінің құнын объектілердің өзіндік құнына тікелей апаруға болады. Бірақ, кей кездері құрылыс машиналары мен механизмдері бір мезгілде бірнеше объектіде немесе бір объектіде бірнеше жұ-мыстарды атқаруы мүмкін. Мысалы, құрылыс-монтаждау жұ-мыстарын, материалдарды тасу, грунт, қарларды шығару жəне тағы басқа. Бұл жағдайда құрылыс машиналары мен механизм-дерін объектілер жəне шоттар бойынша жанама жолмен бөлу қажет. Оның бөлу негізі нақты орындалған жұмыс көлемі немесе смета құны, кейде жұмыстардың нормативті құны не машиналардың жұмыстарының сағат саны алынады. Материал-дарды тасу шығыны дайындау-қойма шығындары ретінде оның құнының деңгейін көтереді.

Сметалық анықтама бойынша жұмыстары есептелмейтін ма-шиналарды пайдалану шығындары объектіде əр машинаның түріне машина-смета құнын қоса жұмыс істеген машиналардың жұмыстарының ұзақтығы туралы механиктің есебі негізінде бөлінеді.

1985 жылға дейін құрылыс-монтаж жұмыстарынада «Басқа тікелей шығындар» деген бап бөлек алынған. Бұл бапта құры-лыс соңында қоқыс пен қарды шығару , грунттарды тасу жəне де құрылыс ішіндегі конструкцияларды, детальдар мен материал-дарды объект қоймаларынан жұмыс орнына дейін апару шы-ғындары есепке алынған. Сметада бұндай баптар бөлінбейді. Жоспарлау мен құрылыс-монтаждау жұмыстарының өзіндік құнын есептеу (1985 жылдан бері қарай енгізілген ережелердің негізінде бұндай бап қарастырылмаған) үшін шығындар құры-лыс машиналары мен механизмдерін пайдалану шығындарының құрамында болуы шарт.


жүктеу 442,5 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   29




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау