1 тақырып. Қоғам дамуында экономикалық теорияНыҢ орны мен рӨлі



жүктеу 1,53 Mb.
бет11/11
Дата17.02.2018
өлшемі1,53 Mb.
#9995
түріУчебник
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

 



Ұлттық табыс (ҰТ) = ТҰӨ - жанама салықтар




 

 



 

немесе



ҰТ= жалақы + пайда+ капитал %+ жер рентасы




 

 



 


Жеке табыс (ЖТ) = табыстар - трансферттік төлемдер




 

 



 


Орнықталған табыс (ОТ) = ЖТ - салықтар.




 

 



ОТ - тұрғындардың билігінде болатын табыс. Оның мөлшері жеке табыстан дара дербес салықты игеру арқылы анықталады.

 

 



 

Макроэкономикалық тепе-теңдік – бұл жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныстың тепе-теңдік көрінісі. Жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныс сызықтарының қиылысуының мағынасы – бұл баға дәрежесінің теңдігі мен ұлттық өндірістің тепе - теңдігі.

 

 



 

 

 



 

 

График 7.1. Макроэкономикалық тепе-теңдік.



 



Р

АS

Е

Ре




АD

 

 



Qе Q

 

1. Егер АД>AS, бұл жағдайда 2 ұйғарымға тоқтауға болады:

- өндіріс көлемін өзгертпей, бағаны көтеруге болады;

- өндіріс көлемін кеңейту, сонда ұлттық табыс өседі.

2. Егер АД<АS, бұл жағдайда:

- өндірісті қысқарту қажет болады;

- өндіріс көлемін өзгертпей, бірақ бағаны төмендетуге болады, сонда ұлттық табыс азаяды.

 


Мұнда, Р – бағаның жалпы дәрежесі, Q – тауардың жалпы көлемі, Ре - баға дәрежесінің тепе-теңдігі, Qе - өндіріс көлемінің тепе-теңдігі.

 




Жиынтық сұраныс (АД) – бұл қоғамдағы үй шаруашылықтарының, кәсіпорындардың және үкіметтің берілген баға деңгейінде жалпы өндірілген тауарлар мен қызметтерді сатып алу қажеттілігінің көрінісі.

 

График 7.2. Жиынтық сұраныстың қисығы.




Жиынтық сұранысқа бағалы және бағасыз факторлар әсерін тигізеді. Бағалы факторлардың әсері жиынтық

Сұраныс көлемінің өзгеруіне әкеледі және сызық өз бойымен жылжиды. Бағасыз факторлардың әсері жиынтық сұраныс қисығының оңға (АD2 - өсуі) немесе солға (АD1 - азаюы) жылжуына әкеледі.

 


Жиынтық сұранысқа (AD) әсерін тигізетін факторлар

 

 

Бағалы Бағасыз

 

1 2 3 4 5 6 7



 

 


  1. 1.    Байлық эффектісі (Пигу эффекті) - бағаның жалпы дәрежесі өскенде (азайғанда) жиналған қаржылық активтердің нақты құны төмендейді (өседі). Сондықтан, жиынтық сұраныс (AD) азаяды (өседі).

 

 


  1. 2.    Пайыз мөлшерлемесі эффектісі (Кейнс эффекті) – бағалар өскенде, ақшаға сұраныс өседі және пайыз мөлшерлемесі де өседі, сондықтан жиынтық сұраныс (AD) қысқарады.

 

  1. 3.    Айырбас курсының эффектісі (Манделл - Флеминга эффекті)- бағалар төмендегенде, ақшаға сұраныс азаяды, % мөлшерлемесі төмендейді, ұлттық валютаның нақты айырбас курсы төмендейді, таза экспорт өседі және жиынтық сұраныс (AD) өседі.

 

 


  1. 4.    Тұтыну шығындарының өзгеруі:

Тұтынушылардың табыс деңгейі.

Тұтынушылардың күтуі

Тұтынушылардың қарызы.

Салықтар.

 


  1. 5.    Инвестициялық шығындардың өзгеруі:

Пайыз мөлшерлемесі.

Инвестициядан пайда күту

Кәсіпорындар салықтары.

Өндірістің күш - куатының артуы.

 


  1. 6.    Мемлекет шығындарының өзгеруі.

 

  1. 7.    Экспорт пен импорттық шығындардың өзгеруі.

Жиынтық ұсыныс (АS) – бұл бағаның әрбір мүмкін болатын деңгейінде ұсынылатын жалпы тауарлар мен қызметтердің көлемі.

 

 



 

График 7.3. Жиынтық ұсыныстың қисығы



 



 

Жиынтық ұсынысқа мерзім аралықтары әсерін тигізеді: қысқа мерзімде – АS –көлденең сызық, ұзақ мерзімде - АS - тік сызық.

1 – кейнсиандық сызық, қысқа мерзім

2 – аралық мерзім

3 – классикалық сызық, ұзақ мерзім.

 


 

 

Жиынтық ұсынысқа бағасыз факторлар әсерін тигізеді:



Өндіріс ресурстар бағаларының деңгейі.

Нарықтың құрырылымы

Өнімділік.

Құқық заңдылық нормалардың өзгеруі.

Жиынтық сұраныстың ұлғаю нәтижелері жиынтық ұсыныс қисығының әр бөлігіндегі өзгерістерге байланысты болады.

 


График 7.4. Кейнсиандық сызықта AD өзгеруі.

График 7.5. Аралық сызықта AD-ның өзгеруі.





Бағалардың тұрақты жағдайында жиынтық сұраныстың өсуі өндіріс көлемінің өсуіне әкеледі.

Жиынтық сұраныстың өсуі баға мен өндіріс көлемінің өсуіне әкеледі

 


График 7.6. AD- ның классикалық сызықта өзгеруі.

 




 

 



Жиынтық сұраныстың өсуі классикалық сызықта өндіріс көлемі тұрақты, бірақ бағаның өсуіне әкеледі

 

 

НЕГІЗГІ ТҮСІНІКТЕР МЕН ТЕРМИНДЕР


Жалпы ішкі өнім

Жалпы ұлттық өнім

ЖҰӨ-нің дефляторы

Тұтыну бағаларының индексі

Жеке табыс

Макроэкономика

Ұлттық табыс

Орнықталған табыс

Ұлттық есеп жүйесі

Жиынтық ұсыныс

Жиынтық сұраныс

Таза ұлттық өнім.


БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ


 

  1. 1.    Макроэкономика пәні.

  2. 2.    ҰЕЖ негізгі макроэкономикалық көрсеткіш.

  3. 3.    ЖҰӨ-ді өлшеу тәсілдері.

  4. 4.    ЖҰӨ-нің дефляторы.

  5. 5.    Макроэкономикалық тепе-теңдік.

  6. 6.    Жиынтық сұраныс.

  7. 7.    Жиынтық ұсыныс.

 

 

 



8 тақырып. Жұмыссыздық жӘне инфляция

 

Қазіргі кезеңдегі экономикадағы және Қазақстандағы жұмыссыздықтың негізгі формалары.


Жұмыссыздықтың зардаптары.

Инфляция: оның себептері мен түрлері. Инфляцияның экономикалық және әлеуметтік зардаптары.

Инфляция мен жұмыссыздықтың байланысы. Филлипстің қисығы.

 

Жұмыссыздық - еңбек нарығының біртұтас элементі болып табылады. Экономикада жұмыссыздық өте күрделі құбылыс. Қоғамдағы жұмыс жасындағы халық саны – жасына, денсаулығына қарай еңбекке қабілеті бар жұмыс күші болып табылады.

Халықты бірнеше категорияға бөлуге болады:

  1. 1.    Институциялық халық - бұлардың қабілеті экономиканың нарықтық емес құрылымына бағытталған (мемлекеттік институттар, яғни армия полиция, мемлекеттік аппарат т.б.)

  2. 2.    Институцияалық емес халық, - яғни нарықтық құрылымға бағытталған жұмыс күші.

Жұмыссыздық - бұл халық шаруашылығында жұмыспен қамтамасыз

етілмеген еңбекке қабілеті бар жұмыс күші.



Жұмыссыздық – бұл жұмыс күшіне деген сұраныс пен оның ұсынысының арасындағы айырмашылықтан туындайтын нәтиже.

Экономикада жұмыс күші жұмыспен қамтылған және жұмыспен қамтылмаған (жұмыссыздардан) құралады.



Жұмыссыздықтың деңгейі жұмыссыздар санының қоғамдағы барлық

жұмыс күшіне қатынасымен анықталады. (% пен есептеледі)



 

Жұмыссыздықтың негізгі формалары:

Фрикциондық жұмыссыздық – адамдар бір жұмыстан басқа жұмысқа, бір жерден басқа жерге жұмыс іздеумен ауысуын айтады.

Құрылымдық жұмыссыздық - өндірістік қуаттың жетпеуінің нәтижесінде туындайды: жеке саланың дамуының кері пропорциональды болуынан және ескі саланы жабу мен жаңа саланы дамытудың нәтижесі ретінде қарауға болады.

Циклдық жұмыссыздық - өндірістің құлдырауынан туындайды.

Қазақстанда экономикалық реформалардың бастауынан ашық жұмыссыздық өсе бастады, бірақ онымен қатар жасырын жұмыссыздық та орын ала бастады.

Қазақстандағы еңбек нарығында ағымдағы, құрылымдық, циклдық жұмыссыздықтың түрлерін көруге болады. Ағымдағы жұмыссыздық фрикциональдық жұмыссыздыққа сәйкес келеді, яғни халықтың көпшлігі жыл бойы кәсіпорындардағы жұмыстан шығып, және уақытша жұмысқа орналаса алмады.

Құрылымдық және циклдық жұмыссыздық ұзақ мерзімдегі сипатта болады да, олар жұмыссыздықтың тұрақты формасына әкеледі, яғни жұмыссыз адам ұзақ уақыт жұмыс таба алмағандықтан өзінің біліктілігін жоғалтады, еңбек нарығында бәсекелік қабілетін жоғалтады.

Толық жұмысбастылық деген мағынаның экономикада жоқтың қасы, себебі барлық жұмыс күші жұмыспен толық қамтылған жағдайда да жұмыссыздықтың белгілі бір деңгейі болуы қалай да болса қажетті және заңды процесс.

Жұмыспен толық қамту жағдайындағы қарқынды инфляцияға әкеліп соқпайтын жұмыссыздықтың ең төменгі дәрежедегі нормасын жұмыссыздықтың табиғи нормасы деп аталады. Егерде жұмыссыздықтың нақты деңгейі табиғи деңгейден артып кетсе, онда бұл жағдай жалпы ұлттық өнімнің азаюына әкеледі.



Оукен заңы бойынша жұмыссыздықтың нақты деңгейі, табиғи деңгейіне қарағанда, 1 %-ке өсуі нақты ЖҰӨ-нің потенциальдық мүмкіндігімен салыстырғанда орташа 2,5%-ке төмендеуіне әкеледі. Потенциальды ЖҰӨ толық жұмыспен қамту жағдайында өндірілетін өнім көлемі.

 

Жұмыссыздықтың зардаптары:



  1. 1.      Жұмыссыздық (циклдық) жағдайында - өндіріс мүмкіншілігін толық пайдаланбағандықтан ұлттық байлықтың азаюына келеді. Бұл жағдайда:

халықтың сатып алу қабілеті төмендейді,

қазына – қор қысқарады.

инвестицияға сұраныс қысқарады.

өндіріс құлдырайды.

  1. 2.      Ұзақ мерзімде болатын жұмыссыздық жағдайында жұмыссыз адамдардың біліктілігі жоғалады.

  2. 3.      Жұмыссыздықтың өсуі қоғамда қылмысты істердің өсуіне және халықтың әлеуметтік жағдайының төмендеуіне әкеледі.

Еңбек нарығын мемлекеттің реттеуі:

жаңа жұмыс орнын құру және еңбек биржасы арқылы жұмыссыз адамдарға басқа жаңа мамандықтарды игеруге біліктілікті көтеруге көмектесу.

Икемді еңбек нарығын ұйымдастыруға қолдау жасау және барлық әлеуметтік топтардың ерекшеліктерін ескере отырып толық есепке енгізу.

Еңбек катынастарын заңдылық құқылық нормалармен камтамасыз ету.

Жұмыссыздарға әлеуметтік қорғау жасау.

Макроэкономикалық тұрақсыздықтың тағы бір көрінісі – ол инфляция. Инфляция – айналымдағы ақша массасының нақты ұсынылған тауар санынан артып кетуі. Бұл жағдай ақшаның сатып алу қабілетінің төмендеуіне және тауарлар мен қызметтер бағаларының өсуіне әкеледі. Инфляцияның бірнеше түрі бар.

Инфляцияны ашық және басылыңқы түрге бөлуге болады:



Ашық инфляция еркін баға құрылымы экономикасына тән және тауар мен қызмет көрсетуде үнемі бағаның өсуін байқатады.

Басылыңқы (жасырын) инфляция – бағаны реттейтін экономикаға тән, яғни мемлекеттің жалпы бағаны бақылауымен жүзеге асатын инфляция.

Ашық инфляция өз кезегінде бірнеше формаға бөлінеді:

Сұраныс инфляциясы – ол жұмыспен толық қамту жағдайында пайда болады, ақшамен қамтамасыз етілген сұраныс баға өсуін тудырады.

Шығын инфляциясы – ол өндіріс факторлары қымбаттаған жағдайда пайда болады. Бұл жағдайда өндіріс шығындарының өсуі өнім бағасының өсуіне әкеледі.

Құрылымдық инфляция (баланстанбаған инфляция) – ол саларалық баланстың бұзылу жағдайында туады. Бір сала нарықты толық қанағаттандыра алмағандықтан бұл саладағы тапшылық тауарлардың қымбаттауына әкеледі.

Болжау арқылы инфляция бөлінеді:

Күткен инфляция – ол болжамдалынған инфляция.

Күтпеген инфляция – ол кенеттен тосын пайда болады, бағалардың кенеттен күрт өсіп кетуі.

Бағаның өсу қарқыны тұрғысынан инфляция бөлінеді:

Баяу инфляция. Бұл инфляция кезінде бағалар баяу (жылына 10% -тен аз) өседі.

Қарқынды инфляция. Бұл инфляция кезінде баға жылдам (жылына 20-дан 200% -ге дейін) өседі.

Ұшқыр инфляция. Бұл инфляция кезінде айналымдағы ақшаның саны мен баға өте күрт жылдамдықпен (500-1000%-дейін) өседі.

Инфляция деңгейі баға индексі көмегімен өлшенеді. Ағым кезіндегі тұтыну баға индексінен өткен кезеңдегі тұтыну баға индексі алынып, өткен кезеңдегі тұтыну баға индексіне бөлінеді.

 

Ағым кезіндегі тұтыну баға индексі - өткен кезендегі тұтыну баға индексі



Баға индексі = ——───────────────────────────────

өткен кезеңдегі тұтыну баға индексі



 

 

 



Инфляция себептері:

Мемлекеттік бюджеттің тапшылығы, яғни шығындардың түсімдерден асып жатуы. Егер мемлекет мұндай тапшылықты ақша эмиссиясы арқылы жоятын болса, айналымдағы ақша көлемі молаяды.

Тауарлар мен қызмет өндіру көлемінің қысқаруы.

Өндіріс шығындарының өсуі, яғни шикізат, материалдар, жалақы шығындарының өсуі.

Елдің экономикасының ашықтығы, оның әлемдік байланыстарының өсуі инфляцияны шеттен әкелу қаупін молайтады.

Инфляцияның экономикалық және әлеуметтік зардаптары:

  1. 1.    Елдің ұлттық табысы мен байлығы қоғамның әр түрлі топтарының арасында қайта бөліске түседі.

  2. 2.    Инфляцияның жоғары қарқынмен өсуі ұзақ мерзімге жоспар жасауды қиын жолға қояды, кәсіпкерлердің тәуекелін өсіреді.

  3. 3.    Қоғамның саяси тұрақтылығы бұзылады, әлеуметтік шиеленісті күшейте түседі.

  4. 4.    Ұлттық тауарлардың бәсеке қабілеттілігі төмендейді, экспорт азаяды, жұмыссыздық өседі.

  5. 5.    Шетелдің тұрақты валютасына сұраныс өседі, ол - капиталдың шет елге ауысуына әкеледі.

Инфляцияға шалдыққан мемлекеттер экономикалық саясат жүргізуге мәжбүр болады. Инфляцияға қарсы саясаттың теорияда екі бағыты бар: кейнсиандық және монетарлық бағыт.

Кейнсиандық бағыттың шаралары:

Ақшаға сұранысты шектеу (пайыз бен салық мөлшерлемесін өсіру арқылы).

Ақша массасын және мемлекеттік шығындарды азайту.

Табыстар саясаты: баға мен жалақыға бақылау жүргізу.

Монетарлық бағыттың шаралары:

- Экономикалық өсуді ынталандыру (бәсекені ынталандыру үшін салықты төмендету)



Ақша - несие саясатын жүргізу (ашық нарықта операция жүргізу,банк пайызын және резервтік норманы өзгерту арқылы).

 

 



График 8. Филлипс қисық сызығы.

 

 



Жұмыссыздық пен инфляцияның өсу қарқыны арасында тұрақты өзара байланыс болады. Экономикалық теорияда бұл құбылыс Филлипс қисық сызығы деп аталады (ағылшын экономисі А.Филлипстің атымен аталған және жұмыссыздықты қысқарту салдарынан болатын бағаның жедел өсуінің «заңдылығын» ол алғаш рет 1958 жылы график түрінде бейнелеген болатын). Филлипс қисық сызығы экономикадағы жұмыссыздық пен инфляция деңгейінің өзара өзгеруін көрсетеді.

 


 

Мұның мағынасы: Жоғары жұмыссыздық жағдайында инфляция төмен болатынын білдіреді және керісінше, жұмыссыздықтың азаюы жиынтық сұранысты арттырады, бағаның өсуіне итермелейді. Басқаша айтқанда, төмен жалақы жағдайында жұмыссыздық өседі, керісінше жалақы өскен сайын жұмыссыздық азаяды.

 

НЕГІЗГІ ТЕРМИНДЕР МЕН ТҮСІНІКТЕР

 

Филлипстің қисық сызығы



Жұмыс күші

Жасырын жұмыссыздық

Стагфляция

Құрылымдық жұмыссыздық

Фрикциондық жұмыссыздық

Циклдық жұмыссыздық



 

БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ


 

  1. 1.    Жұмыссыздық, оның негізгі түрлері.

  2. 2.    Оукен заңы.

  3. 3.    Жұмыссыздықтың зардаптары.

  4. 4.    Инфляцияның мағынасы.

  5. 5.    Инфляцияның себептері мен зардаптары.

  6. 6.    Инфляция мен жұмыссыздықтың арасындағы байланыс.

 

 

 
жүктеу 1,53 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау