14-15 сабақтар
Сабақтың тақырыбы: Нысан және олардың қасиеттерi (құрамы).
Сабақтың мақсаты:
оқушыларды нысанның құрамды бөлiктерi ұғымымен таныстыру.
оқушыларды нысанның құрамын анықтауға дағдыландыру.
оқушыларға құрамды бөлiктерi бойынша нысанды анықтау мен сипаттау әрекеттерiн үйрету.
оқушылардың ынтасы мен шығармашылық ойлау қабiлетiн дамыту.
Әдiстемелiк нұсқаулар:
Бүтiн нысанды құрамды бөлiктерге бөлу арқылы бастауыш сынып оқушыларының ойлау әрекеттерiн қалыптастыруға болады. Нысанды құрамды бөлiктерге бөлу, бiрiншiден, оқушылардың ойлау қабілетін дамытады, екiншiден, қарапайым нысандарды, құбылыстарды және процестердi талдаудан олардың арақатынасын талдауға өтуге қоршаған ортадағы құбылыстардың негiзгi түсiнiгiн қалыптастыруға мүмкiндiк бередi. Бұл тақырыпты әңгiме түрiнде және жұмыс дәптерi бойынша түсiндiруге болады.
Мұғалiмге арналған мазмұндық бөлiм:
Барлық қоршаған ортадағы нысандардың iшiндегi қарапайымының өзiн талдау өте көп қиындық келтiредi. Нысанды жан-жақты үйрену үшiн олардың қандай бөлiктерден тұратыны туралы мәліметті бiлу керек. Мысалы, кiтап қағаз бен парақтардан, жүк машинасы кабинадан, жүксалғыштан және дөңгелектен, үстел ағаш аяқтардан және ағаш қақпақтан құралады, ал орындықтың қосымша ағаш арқасы бар, терек тамырдан, бұтақтардан және жапырақтардан құралған.
Ендi, балалар, компьютер қандай бөлiктерден тұратынын есiмiзге түсiрейiк. Ол жүйелiк блоктан, монитордан, пернетақтадан және тышқаннан тұрады. Ал ендi үй, сөмке, пернетақта, компьютер, қалам, шәйнек, қаламұштың қандай бөлiктерден тұратынын айтыңдар?
Ұқсас құрама бөлiктерден тұратын нысандарды атаңдар (үстел – саңырауқұлақ, сағат– компас, машина – түймелі коньки, ұлу – тасбақа, құс - ұшақ).
Төмендегi берiлген ертегiлер кейiпкерлерiнде қандай ерекшелiктер бар:
- Мақта қыз бен мысық;
- Түлкi мен бөдене;
- Ақ тиiн мен қасқыр;
- Арыстан мен тышқан
- Қасқыр мен Қызыл телпек
Төмендегі заттардың қандай нысанның (жанды немесе жанды емес) құрамды бөлiктерi болып табылатынын анықта:
- аяқтар (үстел, орындық, адам, аңдар);
- жапырақ (ағаштар, гүлдер);
- дөңгелек (машина, ұшақ, паровоз);
- парақтар (кiтап, дәптер, альбом);
- телпекше (шеге, саңырауқұлақ).
14-сабаққа арналған тапсырмалар:
Төменде берілген нысандар қандай денелерден құралған?
Суреттердi бояп, не артық екенiн айт.- Үстел.
а)Үлкен дене қандай жай денелерден тұрады?
ә) Үлкен денені құраған жай денелерді тауып, қорша.
Берiлген денелерден нысанды құрастырып, суретін сал.
15-сабаққа арналған тапсырмалар:
Нысанды толықтырып сал.
Жұмбақтарды шеш:
Үй үстінде ұсақ тас (Жұлдыз)
Көк лағым көгенде жатып семіреді (Қарбыз)
Екi ұшы мен екi құлағы бар
Ортасында пышағы бар (Қайшы)
3. Шарлардағы әріптерден сөз құрастыр және оны боя (Компьютер)
Сергiту сәтi
16-сабақ
Сабақтың тақырыбы: Қайталау
Сабақтың мақсаты:
Өткен материалдарды қайталау арқылы оқушылардың бiлiмiн бекiту.
Тапсырмалар.
1. Бұл нысандар қандай белгiлері бойынша бiрiктірілген.
2. Суреттер қандай бөліктерден құралған? Боя.
Оқушылар олардың қатарына тiктөртбұрыш, үшбұрыш, дөңгелек, шаршы, трапеция, сызықты салу керек.
3.Қандай сезім мүшелерінің көмегімен ақпараттар аламыз?
Есту
Көру
Дәм сезу
Иіс сезу
Сипап сезу
4.Тапсырманы оқып, ИӘ немесе ЖОҚ деп жауап бер.
Компьютерде ойнауға болады - ИӘ
Компьютер сыныбында ойнауға болады - ЖОҚ
Компьютер көмегімен сурет салуға болады – ИӘ
Сымға және токқа тиісуге болмайды – ИӘ
5. Бұл нысандар бір сөзбен қалай аталады? Өсiмдiк, ойыншықтар, киiм, аңдар.
17-сабақ
Сабақтың тақырыбы: Қайталау.
Сабақтың мақсаты:
Өткен материалдарды қайталау арқылы оқушылардың бiлiмiн бекiту.
Тапсырмалар.
Пішіндері бірдей нысандарды сызықтар арқылы қос? Боя.
Не артық?
Суреттер қандай нысандардан құралған. Боя.
Нысандардың ортақ белгісі қандай?
Моншақтар тізбегін жалғастыр.
Шарлардан қандай сөздер құрастыруға болады? КІТАП ҚАЛАМ
Мына нысандарды сал:
А) жасыл инелері бар (ШЫРША)
ә) ұзын құлақты
кішкене құйрықты,
өзі сұр,
сәбізі бар. (ҚОЯН)
8. Суретші нені салуды ұмытты? ТЫШҚАН
18-сабақ
Сабақтың тақырыбы: Нысан және оның қасиеттерi (ортақ және қарама-қарсы белгiлерi).
Сабақтың мақсаты:
нысанның қасиеттерiн қайталау.
оқушыларды нысанның белгiлерiн анықтауға, бөлiп алуға және қарама-қарсы қоя бiлуге дағдыландыру.
Әдiстемелiк нұсқаулар:
Бұл сабақ нысан қасиеттерi бойынша жалпылама болып табылады. Аты, түсi, көлемi, пішіні және құрамы деп аталатын қасиеттерi бар екенiн атап өту қажет. Нысан белгiлерiнiң қарама-қарсы ұғымын енгiзу. Сабақты әңгiме түрiнде өткiзуге болады.
Мұғалiмге арналған мазмұндық бөлiм:
Сонымен, кез келген нысанның өзiндiк аты бар. Бiрақ бiз оның атын естiп, көз алдымызға елестететiн жағдайлар да мүмкiн болмай қалады. Мысалы, гүл үлкен немесе кiшкентай, қызыл, ақ немесе көгiлдiр болуы мүмкiн. Сонда бiз нысан туралы түсiнiктi қалыптастыруымыз үшiн оны белгiлерi бойынша анықтауды үйренуiмiз керек.
Балалар, нысанның ортақ белгiлерiн анықтай бiлуiмiз керек, мысалы, доп, қарбыз және алма – дөңгелек пішінді берсе, ал қияр, айдаһар және бақалардың ортақ белгiсi – жасыл түстi болып келеді.
Нысанмен әрi қарай жұмыс жасау үшiн бiз олардың ортақ қарама-қарсылық қасиеттерiн ажырата бiлуiмiз керек, мысалы:
Суық сүңгiлер – ыстық тоқаштар.
Сулы қолшатыр – құрғақ құм.
Қараңғы түн – жарық күн.
Мықты көпiр – жұқа жаңа қатқан мұз.
Әйнек құмыра – ағаш ыдыс.
Темiр балға – резіңке доп.
Жейтiн жемiс – жемейтiн саңырауқұлақ.
Ауыр балға – жеңiл қауырсын.
Ортақ және қарама-қарсылық белгiлерiне мысалдар келтiрiңдер.
Тапсырма.
Нысандардың ортақ белгiсін анықта. Оқу құралдары, гүлдер, сары гүлдер, жасыл гүлдер, металдан және ағаштан жасалған.
Мына топтағы артық суретті көрсет. Боя. Аяз ата костюмiн киген қоян.
Мағынасы қарама-қарсы сөздердi жаз. Үлкен – кіші, ЫСТЫҚ – СУЫҚ, КЕҢ - ТАР
Не артық? Кiтап, Қызыл телпек, саңырауқұлақ, қарындаш, парашют (тек төмен қарай ұшады).
Сергiту сәтi
Достарыңызбен бөлісу: |