Ақпараттық мәдениет негiздерi. 1 сынып.
күнтiзбелiк-тақырыптық жоспарлау Сабақтар нөмiрi | Мазмұны | Сағаттар саны | Уақыты | 1 | «Ақпараттық мәдениет негiздерi» пәнімен танысу | 1 | | 2-3 | Қоршаған әлемдегi және табиғаттағы ақпарат. Дыбыстық және көру ақпарат түрлерi. | 2 | | 4-5 | Қоршаған әлемдегi және табиғаттағы ақпарат. Дәмдiк, иiс сезу және сипап сезу ақпарат түрлерi | 2 | | 6-7 | Нысан және оның қасиеттерi (атауы, түсi). | 2 | | 8 | | 1 | | 9 | Компьютермен танысу. Техника қауiпсiздiгi және компьютерлiк сыныпта тәртiптi сақтау ережелерi. | 1 | | 10 | Пернетақтамен танысу. | 1 | | 11 | Қарапайым жаттығу. | 1 | | 12-13 | Нысан және оның қасиеттерi (көлемi, пiшіні). | 2 | | 14-15 | Нысан және олардың қасиеттерi (құрамы). | 2 | | 16 | Қайталау | 1 | | 17 | Қайталау | 1 | | 18 | Нысан және оның қасиеттерi (ортақ және қарама-қарсы белгiлерi). | 1 | | 19 | Ұқсас және әр түрлi нысандар. Нысанмен жұмыс жасау. | 1 | | 20 | Нысандардың жұмыс жасау әрекеттерi. | 1 | | 21 | Берiлген қасиеттерi бойынша нысан құрастыру. | 1 | | 22 | Тiзбектер | 1 | | 23 | Тiзбектегi әрекеттер реттiлігі. | 1 | | 24 | Қайталау | 1 | | 25 | Жиын | 1 | | 26 | Жиындарды салыстыру | 1 | | 27-28 | Жиын және оларды топтау | 2 | | 29 | Iшкi жиындар | 1 | | 30 | Қайталау | 1 | | 31 | | 1 | | Барлығы | 34 | | 1-сабақ
Сабақтың тақырыбы: «Ақпараттық мәдениет негiздерi» пәнімен танысу
Сабақтың мақсаты:
оқушыларды «Ақпараттық мәдениет негiздерi» пәнімен таныстыру.
оқушыларға «ақпарат» және «ақпараттық мәдениет» ұғымдарының мағынасын түсiндiру.
оқушыларды жұмыс дәптерiмен және онымен жұмыс істеуге қойылатын талаптармен таныстыру.
Әдiстемелiк нұсқаулар:
Жаңа сабақпен таныстыруды жұмыс дәптерiн пайдалана отырып, әңгiме түрiнде өткiзуге болады. Әңгiмелесу барысында сабақтың ақпараттық технология болып табылатыны жөнiнде мағлұмат берiледi. Әрi қарай әңгiме желiсi балалардың компьютердi қай жерде көргенiн, онда кiмдердiң жұмыс жасайтынын және оның адам еңбегiн жеңiлдететiн жақтарын айқындайтын ақпараттарды тыңдаумен жалғасады. Ақпараттық технологияның адам көмекшiсi екенiне оқушылардың назарын аудару керек. Ал егер онымен дұрыс жұмыс жасамай қойсаң, онда оның пайдасынан зияны көбейетiнiн ескерткен орынды. Оқушылардың “ақпарат” ұғымымен бала кездерiнен таныс екендiгiн естерiне сала отырып, ақпараттың өмiрдегi түрлi жағдайлардан хабардар ететiндiгi жөнiнде әңгiме жүргiзiледi. Оқушылар жұмыс дәптерiмен, онымен жұмыс iстеу ережелерiмен және Аруна мен Әлім атты жаңа достарымен танысатын болады. Жұмыс дәптерiндегi боялмаған суреттердi бояуға арналған тапсырманы орындауға нұсқау берiп, үлгермегенiн үйден орындап келуге тапсыруға болады.
Мұғалiмге арналған мазмұндық бөлiм:
Құрметтi балалар! Сендер «Информатика» әлемiне саяхатқа аттанатын боласыңдар. Бұл саяхат мектептегі оқудың барлық кезеңдерiнде жүрiп жатады. Сол сияқты мектептi бiтiргеннен кейiн де жалғасатын болады. Бұл тамаша әлем өте кең, сондықтан онда адасып кетуiң де мүмкiн. Сондықтан, мұндай қауiптен құтылу үшiн осы әлемдегi жасайтын саяхатқа қажеттi тәртiп ережелерiн үйренiп алуың қажет. Бұл тәртiп ережелерiн “Ақпараттық мәдениет негiздерi” сабағын өту кезiнде үйренiп аласың. Саяхат-сабақ барысында түрлi достар тауып, бiр-бiрiңе көмектесетiн сәттерге тап боласыңдар.
Ендi бiздi қоршаған тамаша әлемге қарап, жан-жағымызға зер салайық. Айналамыздағы түрлi заттарға назар аударайық: гүлдер жайқалады, құстар сайрайды, күн шығып тұр, жаңбыр жауып тұр, ыстық жаз өтiп, күз келедi де, ол қарлы қысқа ұласады. Бiз ақпаратты гүлдiң иiсiн сезу, сiркiреп жауған жаңбыр тамшысының тырсылын есту, күннiң шыққанын көру сияқты әрекеттер арқылы аламыз. Оны кiтап оқу, теледидар көру арқылы алу мүмкiндiгiмiз бар. Ал теледдидардан көрген ертегiңдi досыңа айтып беретiн болсаң, онда сен досыңа ақпарат бересiң. Ертегiнi бейнемагнитофонға жазу арқылы бұл ақпаратты сақтай аласың. Ақпараттық қоғам жағдайында сендер оны Интернет арқылы алуларыңа және электрондық пошта арқылы алыстағы туыстарыңа хат жазуларыңа болады. Сондықтан осы айтылғандардың барлығын бiз бiртiндеп үйренуiмiз керек. Ақпараттық қоғам жағдайында кез келген адам ақпарат көздерiмен жұмыс жасай бiлудi, оны сақтауды, өңдеудi және дұрыс қолдана бiлу сияқты әрекеттердi үйрену арқылы ақпараттық мәдениетiн қалыптастыра алады.
Сонымен, мынадай қорытынды жасауға болады: ақпарат – бұл қоршаған орта туралы мәлiмет болса, ал ақпараттық мәдениет - бұл ақпарат көздерiн (анықтамалармен, сөздiктермен, энциклопедиямен, ұшақ кестелерiмен және теледидар бағдарламаларымен) қолдана бiлудi үйрену. Ақпараттық мәдениет - бұл дұрыс сөйлей бiлу, теледидарды орынды көре бiлу, компьютермен жұмыс тәртiбiн игеру және достарыңмен жақсы қарым-қатынаста болу сияқты әрекеттердi қамтиды. Осы бағытта сендерге қолұшын беретiн достарың бар. Олар: Аруна мен Әлім. Сәттi қадам тiлейiк!
Тапсырмалар:
Компьютердiң қайда қолданылатынын Әлімге әңгiмелеп бер. Суреттерді боя.
Компьютермен не iстеуге болады?
а) сурет салу
ә) ойнау
б) есептеу
в) ақпаратты сақтау және тарату.
Оқушылармен талқылай отырып, суреттердi боя.
3-4. «Сатылар» және «Батырмалар» сияқты жаттығу ойындары оқушылардың компьютерде жұмыс жасау жылдамдығын дамытуға арналған. Ойын тәртiбi бойынша батырманы қанша рет басу ұсынылса, саусақты сонша рет басу керек. Жаттығу, ең алдымен, бiр қолмен орындалса, содан кейiн екi қолмен бiрге орындалады. «Сатылар» және «Батырмалар» жаттығу ойындарын әрбiр сабақтың соңында қайталап ойнауға болады.
“Батырмалар” ойыны. Батырмаларды алдымен, бір қолмен, содан кейін екінші қолмен, соңынан екі қолмен бірдей бас. Батырмаларда қандай сан жазылса, саусақтарыңмен сонша рет бас.
“Сатылар” ойыны. Саусақтарыңды перне сатыларымен жоғары және төмен жүргіз. Батырмаларда қандай сан көрсетілсе, оны саусақтарыңмен сонша рет бас.
Сергiту сәтi
Достарыңызбен бөлісу: |